400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Негізгі және туынды зат есім" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жанартылған білім беру мазмұнына сәйкес құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:қазақ тілі

Сынып: 3

Мектеп: Бірік ОЖББМ

Күні: 22.01.2019ж

Мұғалімніңаты-жөні: Ғиззатова А.Б.

Бөлім: Өнер

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды зат есім

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақ мақсаттары:

1.мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап беру;

2.негізгі, туынды зат есімді анықтау;

3.жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзету;

Бағалау критерийі

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді.

-негізгі, туынды зат есімді анықтайды.

-жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Тілдік мақсаттары

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Зат есім,сөз таптары,сөз құрамы, түбір, қосымша, жұрнақ, негізгі, туынды зат есімдер

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Өнердің киелілігі адамды қандай сезімге бөлейді?

Негізгі, туынды зат есімдердің айырмашылықтары қандай?(саралау сұрағы)

Құндылықтарды дарыту

өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары

интербелсенді тақта

Алдынғы білімдері

оқушылар зат есім туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Оқушылар кішкене қағаз жүрекшелерге тілектерін жазыпбір-біріне ұсынады.

«Топтастыру» әдісі бойынша зат есім, оған қандай сұрақ қойылатыны, зат есімнің түрлері, олардың емлесі туралы өтілген тақырыпты қайталау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар дөңгелене тұрып, зат есім туралы білімдерін бірінен соң бірі кезектесе ортаға салады.

Топқа бөлу. Суреттер немесе қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.

күйші әнші қобызшы

Әр топ өз суреттеріне байланысты топтарын қысқаша таныстырады.

1-топ:Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алды. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Назым», «Балқаймақ», сияқты күйлері бар.

2-топ:Роза Рымбаева әнші, профессор, актриса.  Қазақстанның халықәртісі,  халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрметжәне Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегеріболған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанныңхалықәртісі атанды.

3-топ:Молықбай Байсақұлы – қобызшы, бақсы, жыр дүлдүлі. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған.  Халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған.

«Ой бөліс»әдісі бойынша әр топ сөздерді сызба негізіндесөз құрамына талдайды.

түбір + жұрнақ= туынды сөз

Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 7 Дуга 5

Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанын анықтайды.Қорытынды жасайды.Әнші, қобызшы, күйшісөздерін сөз құрамына талдай отырып,қорытынды жасайды.

қобыз-қобызшы қобыз- түбір, -шы-жұрнақ

ән-әнші ән- түбір, - ші-жұрнақ

күй-күйші күй- түбір,- ші-жұрнақ

Оқушыларғанегізгі, туынды зат есім туралы түсінік беріледі.

Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есімдейді:ана, бала, кесте, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді:іскер, суретші, оқулық.

Бағалау дескрипторы:

-негізгі, туынды зат есімдіажыратады;

-олардың жасалу жолдарын біледі.

ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы:

Жарайсыңдар! Тамаша! Керемет!

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

жүрек



сұрақтар



Интерактивті тақта




суреттер









мәлімет













ереже

Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдатылады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бер.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды жалғастырып көр:

  • Әйел барлық ақшасына әдемі суретті сатып алу себебі неде деп ойлайсың?

  • Ұлбалалар анасының үш жыл бойы кестелеген орамалына неге аң-таң болды?

  • Өнердің киелілігі адамды қандай сезімге бөлейді?

«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, сандықшаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді.Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді.

ҚБ: «Қол соғу» арқылы бағалау

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

көгал-газон– біркелкі, тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, көп жылдық өсімдіктер алаңы. 

шебер-өнері дамыған, іскер адам.

кестеленген-мата бетіне жіппен тігіп түрлі өрнек салу.

Сөздерді салыстырып оқы. Өнер-өнерпаз Сурет-суретші Шебер-шеберлік

Сый-сыйлық

  • Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.

  • Туынды зат есімді сөз құрамына талда.

Бағалау дескрипторы

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге сұрақ құрастырады;

  • сұрақтарға өзіндік пікірін білдіріп, жауап береді;

  • негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

ҚБ: «Қол шапалақтау» арқылы бағалау

Сергіту сәті

Дене қимыл жаттығулары жасалады.

22-жаттығу Мақалдың қатесін түзеп, көшіріп жаз.

«Өлеңшінің қолы алтын,

Өнерлініңсөзі алтын».

-Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар топқа бөлініп, мақалдың қатесін түзеп, мағынасын ашады.Туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Бағалау дескрипторы:

  • мақалдың қатесін түзейді;

  • туынды зат есімдерді табады;

  • сөз құрамына талдайды;

  • мақалды қатесіз, сауатты жазады.

ҚБ: «От шашу» арқылы бағалау

Топтық жұмыс: Семантикалық картамен жұмыс ( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады) Сәйкес сөздерді белгіле. 

Сөздер

Негізгі

зат есім

Туынды зат есім

ойыншық



дәрігер



әділдік



білім



ақыл



оқушы



тілші



жұмысшы



Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, шешеді. Неліктен негізгі, туынды зат есім екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрап айтады.

Бағалау дескрипторы:

  • сөздерді сөз құрамына талдап, негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

  • туынды зат есімнің жасалу жолын түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы:

Жарайсыңдар! Тамаша! Керемет!

Саралау. Шығармашылық үзіліс.

  • Түбірге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.

  • Туынды зат есімдермен сөйлем құрап жаз.

Кітап, егін, мал, таза, шебер, сый, дос, орын, саз.

- лық,- лік, - хана,- шы, - ші,-дық,-тық, - гер,

Бағалау дескрипторы:

-тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасайды; туынды зат есімдермен сөйлем құрайды;

-құраған сөйлемдерін қатесіз жазады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

оқулық







интербелсенді тақта








оқулық







слайд




сергіту сәті






Оқулық, жұмыс
дәптері










интерактивті тақта












интерактивті тақта








саралау тапсырмасы

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 23-жаттығу.

Рефлексия «Мұғалімге хат»әдісі арқылы түсінбегенсұрақтарынжазып, почта жәшігінесалады.

күнделік


парақшалар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ: «Қол соғу» арқылы бағалау

ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы:

Жарайсыңдар! Тамаша! Керемет!

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдауа және сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтауға көңіл бөлінеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушыларым нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?








Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпаын тигізер (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралды менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі