жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі және туынды зат есім .3 сынып
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты:
|
|
Білімділік: негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін тереңду; сөз таптарына дұрыс сұрақ қоя білу машықтарын кеңейту; сауатты, таза жазуға дағдылану. Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың зат есімді сатылай кешенді талдау, дербес жұмыс істеу, алған білімдерін тиімді пайдалана білу қабілеттері дамытылады. |
Тәрбиелік: ұйымщылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиеленеді;
өз ана тілінің мәртебесін көтере білу қабілеттері артады.
|
Оқу нәтижелері |
Зат есім және оның сұрақтарын меңгерген, жалқы және жалпы есім, негізгі және туынды зат есімдерді ажырата білетін, сөздерді сөз құрамына талдай алатын сауатты жазатын, ұйымшыл, тілін сүйетін оқушы тәрбиеленеді. |
|
Түйінді идеялар |
Білу: Зат есім сұрақтарын, сөзді сөз құрамына талдау. Түсіну: Негізгі және туынды зат есімді ажыратады. Қолдану: Анықтайды, талдайды, ашады, дәлелдейді. |
|
Топ ережесі |
|
Оқыту әдістері: «Ыстық үстел», «Бағдаршам», «Басбармақ»
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
Психологиялық дайындық.
Тіл арқылы биіктерге жетеміз,
Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.
Ана тілді қастерлесек қадірлеп,
Болашақта самғай ұшып кетеміз.
ІІ. Топқа бөлу.Постер қорғау
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
23- жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрау.Әр топтан 1 оқушыға оқыту.
ІҮ. Өткен сабақты бекіту.
«Қар лақтыру» ойыны.Сұрақтарға жауап береді.
Ү. Жаңа сабақ.
Көркем жазу: Бб әрпін жазу
Оқулықпен жұмыс.
24 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.Сөздерді сөз құрамына талда.Түбір сөзге сұрақ
қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықта.Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлем құра.
І топ – адалдық, астық, ұзындық
ІІ топ – көрік, жолдас , сызғыш
ІІІ топ – қырат, өшіргіш, татулық
25 – жаттығу. Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша арқылы бөліп жаз. Түбір сөз қай сөз табына жатады деп ойлайсың? Неге? Сол сөздермен сөйлемдер құрайды.
Әділ – әділдік батыр – батырлық дос - достық
Сөз – сөздік бала – балалық сый – сыйлық
26 – жаттығу.
1 топ өлеңді оқып кім туралы екенін айтып,туынды зат есім екенін дәлелде.
2 топ.Сөйлем құрап жаз.
3 топ.Құрылысшы сөзінен сөздер жасап жаз.
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай қаладым.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
( Шекербек Садықанов)
Автор туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті
27 – жаттығу. Жұптық жұмыс. Мақалды жатқа жаз. Туынды зат есімді тауып, сөз құрамына талда.
Талант қартаймайды,
Білім ортаймайды.
Семантикалық картамен жұмыс
|
сөздер |
күйші |
іскер |
ән |
өнерпаз |
көл |
ана |
жер |
|
Негізгі зат есім |
|
|
|
|
|
|
|
|
Туынды зат есім |
|
|
|
|
|
|
|
Ү. Сабақты бекіту
28 – жаттығу. Ойын «Кім тапқыр?»
Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасау.Қай топ бірінші және көп сөз табады .
Бас –қыш, айт –қыш,ескерт –кіш, кес – кіш, сыз-ғыш,сыпыр- ғыш, ұш –қыш,іл – гіш,
бала – лық, батыр – лық, би – лік, ер – лік,сөз- дік,бас –қыш, айт –қыш.
Зат есім тобына – «Бас» сөзі орысша – голова, ағылшынша-head
Негізгі зат есім тобына – «Оқу» сөзі –считывание-read
Туынды зат есім тобына – «Бала» сөзі – ребенок- child
Түбір сөз туынды сөздердің айырмашылығын талқылайды.
30 – жаттығу. Ребусты шеш.
1 топ. «Білім» сөзін талдау.
2 топ. Сөйлем құра.
3 топ. Мақал айт.
« Ыстық орындық» әр топтан 1 оқушы шығару.
ҮІ.Қорытындылау:
Туынды зат есім мен негізгі зат есімді Венн диаграмасы арқылы ұқсастығы
мен айырмашылығын ажыратып жазу.
ҮІІ.Бағалау:Топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды
ҮІІІ.Үйге тапсырма: 153 беттегі 30-жаттығуды беріп, қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Ашық сабақ. Математика 2 «ж» сынып
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1) Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып және сәйкес шығару алгоритімін пайдаланып, қосуды, азайтуды орындау.
2) Ақыл- ойын, ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап ойын
Сабақтың көрнекілігі слайдтар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылар, назарымызды сабаққа аударып, құрал- жабдықтарымызды реттейміз.
Қызығушылықты ояту:
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып
Математика – қызықты тоймайтұғын
Олай болса біз бүгінгі сабағымызда «Білім теңізінде» жүзе отырып , математика еліне саяхат жасаймыз.Математика деген сөзді оқығанда көз алдарыңа не елестеп , қандай ой келеді?
-Ғылым оқулық , есеп , сандар , цифрлар ,қосу , азайту ,теңдеу. « Математика» деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Сол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден өтуіміз керек .
2. Үй тапсырмасын сұрау
-
Бізге теңізде жүзу үшін не қажет?
-
Кеме
-
Егер үй тапсырмасын дұрыс оқысаңдар кеме дайын болады.
Үй тапсырмасы N 6
Сандарды кему ретімен жазу :
98,89,87,78,64,52,46,25,
91,84,71,48,32,23,19,17.
3 Жаңа сабақ :
Біз кемемен теңізге жүзіп келеміз.
Аралға тез жету үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
Тірек білімді еске түсіру:
10-5 5+5 6+4 10-4 7+3 10-7
Мінеки «Сандар аралына» келіп жеттік .
Бұл аралда біз екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды үйренеміз.Мына кестедегі сандардың жазылуы туралы не айтуға болады ?
-
Жүздіктер
Ондықтар
Бірліктер
7
8
2
2
-
Жүздіктер
Ондықтар
Бірліктер
1
0
0
2
2
78
100
22 22
100 78
Дәптерге жазғызу
-
Қане балалар енді келесі аялдамаға аялдайық. «Өрнектер аралы» Балалар сендердің «Сандар» аралында не үйренгендеріңді тексеруге тапсырмалар орындайық .
47+53 54+46 29-71 38+62 55+45
41+59
100-47 100-54 100-71 100-38 100-45
100-59
«Есептер аралы» № 5
Ш
ынжыр табанды трактор – 9
Д
оңғалақты
трактор - ? 4 артық ?
Ш : (9+4) +9= 22
Ж : барлығы 22 трактор
Ә ) Шынжыр табанды трактор – 9
Д
оңғалақты
трактор - ? 4 артық
9+4 =13
Ж: 13 доңғалақты трактор
«Демалыс аралы» сергіту сәті
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді
Топылдатып аяқты ,
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып , бір тұрып
Орнымды мен табамын
Әдемі етіп жазамын
«Сан жұмбақтар аралы»
1 – деңгей : Мысалды сызық арқылы жауабымен қос :
А) 8+6 14 9 13-8
14-5 5 18 9+9
Ә) 9+8 12 4 7+5
12-6 17 6 11-7
2 –деңгей : Өрнектерді жаз , мәнін тап .
А ) 13+9=22 7 және 8 сандарының қосындысынан 3 – ті азайт.
Ә )16 және 9 сандарының айырмасына 4 – ті қос.
3 – деңгей : Есепті оқы , шығар :
-
Бір үйде 90 пәтер , ал келесі үйдегі пәтерлердің 10 – ы артық . Екі үйде барлығы неше пәтер бар ?
Ә ) Жоғары сөреде 6 , ал төменгі сөреде 7 кітап бар еді . 4 кітап алынды . Екі
сөреде неше кітап қалды ?
Сабақты қорытындылау:
«Олжа аралы»
Бүгінгі сабағымызда не үйрендік , не білдік ?
Үйге тапсырма : № 6 138 – бет
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру. Еркін сөйлеу, терең ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, логикалық тапсырмалар
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ, Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаған. Шоқан Уалиханов атамыз айтқандай «Халықтық кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім қажет» - дегендей бүгін сыныбымызда өткелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты білімділер сайысымызды бастаймыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Біліммен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.
1.Олжабай Нұрай
2.Рахимжан Ришат
3.Сағынтай Ақжан
4.Ермекбаева Айдана
5. Мейірхан Айгерім
6. Орынбасар Еркебұлан
Ойынның әділ бағасын беретін әділ қазыларды сайлап алайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім,терең ой саналады.
Баға берер әділ қазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
1.
2.
3.
Сайыскерлер бүгінгі ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
1- кезең «Мәнерлеп оқу»
2-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»
3-кезең «Бәйге»
4-кезеңт «Мың бір мақал»
5-кезең «Жас қалам»
Сайыскерлер дайын болса ,сайысымызды бастайық.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиынынан қиыстырар ер данасы,- демекші
1-кезең «Мәнерлеп оқу»
Оқушылар өздерінің үйден дайындап келген «Отан», «Туған жер»,Тіл туралы» өлең,тақпақтарын айтады. Дауыс ырғағымен,мәнеріне көңіл аударады.Айтқан өлеңдерінің авторларымен тақырыбынан бастайды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
2-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»
Қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндері бойынша сұрақ-жауап.
1.Ұяң дауыссыздарды ата
2.Ахмет Байтұрсыновтың туылған жері,ол кісі туралы не білесің?
1.Мәтін дегеніміз не?
2.Ертегінің түрлерін ата
1.Қатаң дауыссыздарды ата?
2.Шоқан туралы көп жазған жазушы?
1.Үнді дауыссыздарды ата?
2.Бес жаман істі ата?Авторы кім?
1.Сөйлем дегеніміз не?Қандай тыныс белгілер қойылады?
2.Төрт түлік малды ата?Олардың пірлерін ата?
1.Буын,тасымал дегеніміз не?
2.Аңыз дегеніміз не?Аңыздағы кейіпкерлерді ата?
1.Мәтін неше бөліктен тұрады?
2. «Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер»-қай бидің сөзі?
1.Сөз неден қүралады?Сөйлем ше?
2. «Сүймесе зердесіз сүймес,жүрегі шерсіз,тілеуі бөлек, жетесіз сүймес»қай мәтіннен үзінді?
1.Сөздерді буынға бөл, қауын,жаңалық,қайық.
2.Ата-енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса-
Сүйеу болар бұл оқу-қай өлеңнен үзінді?
1.У дыбысы қандай дыбыс?Қай кезде жуан,қай кезде жіңішке айтылады?
2.Жалы жібектей,
Саны білектей-өлең жолдары қай малға арналған?
Сергіту сәті:
3-кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде интерактивтік тақта арқылы суреттер беріледі.»Қазақтың салт дәстүрлері»,»Қазақтың ұлттық ойындары».Әр оқушы сурет бойынша сөйлейді.
Асық ату Тұсау кесу
Теңге ілу Бесікке салу
Көкпар тарту Бет ашар
Қыз қуу Сүндетке отырғызу
Арқан тарту Қырқынан шығару
4-кезең «Мың бір мақал»
Бұл кезеңнің шарты оқушылардың алдарына мақал-мәтелдер жазылған парақшаларды тастаймын. Әр парақшада 5 мақалдан берілген. Мақалдарды оқи отырып сәйкестендіреді.
1.Ердің көркі елімен, Отпен ойнама күйерсің.
2.Өнерлінің қолы алтын, Тіл кеспек жоқ.
3.Сумен ойнама батарсың, Арың үшін алыссаң өлмейсін.
4.Отан үшін отқа түс күймейсің, Отан көркі елімен.
5.Бас кеспек болсада, Өлеңшінің сазы алтын.
5-кезең «Жас қалам»
Бұл кезеңде мәтіннің түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндеріне 5-6 сөйлем жазады. Хатты таңдау арқылы қандай мәтіннің түрін жазатындығы шығады.
Әңгімелеу: «Біздің сынып»
«Менің досым»
«Біздің отбасымыз»
«Әдепті бала»
Сипаттау: «Шырша»
«Түлкі»
«Алма»
«Аққу»
Пайымдау: «Қоян»
«Құмырсқа»
Қорытынды: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайысымыздың жеңімпаздары анықталады.
Арнайы мақтау қағаздары беріледі.
Сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік – рухани байлық»
Мақсаты: Адамгершілік сана мен
мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік
қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамгершілік таңдауын
жүзеге асыра білу .
Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып
үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды
үйрету.
Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау,
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Жүру барысы:
Мұғалім:
Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?
Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.
Нәпсі деген не?
Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.
Жаман қасиеттерге нелер жатады?
Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.
Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?
Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.
Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.
Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.
Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.
Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.
Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.
Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.
Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.
Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.
Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.
«Ситуациялық сұрақтар»
-
Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдыңшетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-
Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болыпжатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?
Мектептегі әдептілікке нелер жатады?
Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.
Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?
Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.
«Ситуациялық сұрақтар»
-
Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебінөтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.
-
Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығысыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.
Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.
Сабақтың тақырыбы: Рухани
жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы
ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында
ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет,
сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың
кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру
болашаққа бағдар
Мұғалімнің іс - әрекеті: «Достық торы» әдісі арқылы бір - бірлеріне
сәттілік тілейді. Оқушылар ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа
бөлінеді
Топтың ережесін еске түсіру
Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30
елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден
озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз
алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым
заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы
өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.
1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас
халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге
мүмкіндік алады.
2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға
сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта
түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды
нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен
кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі
ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз,
тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен
айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі,
басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде
елімізде белгілі бір жаңғыру болды.
6. Сананың ашықтығы Оқушының іс - әрекеті: Бір - бірлеріне сәттілік
тілейді.
1 - топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені
2 - топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер - ай
3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға
4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым
Оқушылар сабақтың тақырыбын
ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік
«Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін
шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. Тапсырма: 1 -
Қазақстан - Еуразия жүрегінде
2 - Қазақ халқының салт - дәстүрі
3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері 4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары
3 - топ: туралы айту; «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру -........» «Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту»
Тақырыбы: ҰСТАЗ – ҰЛЫ
ТҰЛҒА
Сабақтың мақсаты:Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді,
ұстазды
сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы
арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани
тәрбие беру.
Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер.
Мұғалім сөзі:
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының
қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп
жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай біздің сыныптың оқушылары
барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы
мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.
Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа,
өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни
ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына
білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл
тұлға.
Тәрбие сағатын «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен бастаймыз.
1-жүргізші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер
мерекесіне жиналып отырмыз.
2-жүргізуші:
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар
сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға
береке,шығармашылық табыстар тілейміз.
1-жүргізуші:
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына
бөлене беріңіздер!
1-2-жүргізуші бірге:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық
Аяулы ұстаздардың мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі
ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын
да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер
айтпаған./1/
1-ж:
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім.
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған
жерін,
Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде
мұғалімнің
Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз.
1-оқушы:Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды.
2-оқушы:
Үйретіп өмір ұстамын,
Үлгілі іске нұсқадың
Ақ көңіл іскер қашанда
Ақылшым менің –ұстазым
3-о:
Көзімдегі шырағым
Ол – өзіңсің мұғалім
Сенен жиған білім-нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым
Жүрек жылы жыр-әнім.
Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)/2/
4-о:
Тек биіктер шығарым
Ақылшы бек мұғалім
Жаныма серік еткенмін
Білімнің қайнар бұлағын.
Кеңейтіп сана түлеткен,
Өшер ме есімің жүректен?
5-о:
Құйылады жыр ағын
Көптен дара пырағым
Құтты болсын мерекең
Заңғар тұлға мұғалім!
1-ж:Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық.
Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік!
М - мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ- ғазиз
А- ақылды
Л- лайықты
І- іскер
М- маман
1-о:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғалым дана да.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
2-о: Шәкірттерін азамат қып саналы
Ұстаз-ана , дана бола алады
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтеік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
3-о: Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
1-ж: Көріністі тамашалаңыздар!
Мұғалім:
Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп
жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын
естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің
емі қыздың дертіне дауа болмайды.
- Биші де келеді
- Күйші де келеді
- Әнші де келеді
- Дәрігер де келеді
- Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты
ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын
ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін
ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да
сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге
тәрбиелеуде.
Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» әнін орындайды.
2-ж:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен жақсы күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер
адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. «Ұстазым менің ұстазым»
әні орындалады./2/
1-о:
Әр адамға құрметпенен қараған
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
1-ж:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған,
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. Ендеше ұстаз апайларға,яғни
екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Ана туралы жыр»
сөзі: Ғ.Қайырбеков, әні:Ш.Қалдаяқов
1-о:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман./6/
2-о:
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің- мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн
3-о:
Сабақтан еш қалмаймыз,
Сонда гүлдей жайнаймыз.
Ұстаздардан үйреніп,
Биіктерге самғаймыз.
4-о:
Білімін құйған санама,
Ұқсайтын асыл анама.
Мектептегі бар ұстаз,
Лайық ең зор бағаға.
5-о:
Ұстаз деген бір тұлға,
Ең қадірлі мамандық.
Мұғалімге, ұстазға
Біз тілейміз амандық.
6-о:
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі
Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды.
Екеуі хормен:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Мұғалім:
Қорытынды:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн щуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған
еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін
өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты
мерекелік сабағымыз аяқталды.
Тақырыбы: Еңбектің наны тәтті
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Халық мақалы
Мақсаты : Балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
• еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту;
• еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар, қайшы.
Шаттық шеңбері ( оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Төмендегі өлең жолдарын хормен дауыстап айтады)
Біз бақытты балдырған. М. Дауылбаев
Жайнатар кең өлкені, Біз бақытты балдырған -
Болашықтың ертеңі, Ата -ананың өркені.
- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.
* Әңгімелесу
- Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?
- Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?деген сауалнама жүргізіледі.
* Оқулықпен жұмыс. Маңдай тер Б. Досымов.
- Мәтін толық мазмұндалады.
Сұрақтар арқылы мәтінді пысықтау.
-Атасы Хамитке «маңдай тер » дегенді қалай түсіндірілді ?
-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?
• Сергіту сәті. Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Еңбек. Н. Жанаев
Қырға шықсаң, өрлеп,( Қолдарын кезек -кезек жоғары көтереді)
Мұның аты -Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең , зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты -Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең - Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек ( Екі қолын жаяды.)
* Дәйексөз
Тақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық мақалының мағынасы түсіндіріледі.
- Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді.әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
• Тапсырма
Сабақта оқушылардың білім -біліктерін дамыту мақсатында тапсырмалар беріледі. Сурет бойынша өз ойларын әңгімелеп айтады.
* Жаңа ақпарат.
Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.
«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.»
• Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі.Бір топ бала қол ұстасып,шеңбер жасап тұрады да, үш -төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар -аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір -бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе , тығылма !» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл -қозғалыстар жасайды:
Топ -топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй -әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында беріледі.
Тапсырма: Дәптерге берілген Ертай Ашықбаевтың «Маңдай тердің жемісі» өлеңін оқып, мазмұнына сәйкес сурет салыңдар.
Қорытындылау
- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
Тапсырма
«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті ?» деген сұраққа жауап алу.
- Өйткені өз қолымен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені қиналып. Шыдап көресің.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады.
Бір -біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына тілек білдіріңдер.
Хормен «Болайықшы осындай» өлеңін үнтаспаға қосылып айту.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы , досым - ай.
Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл
қасиет»
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық:
Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік
бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік
қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру,
таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани
адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,
қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға
тәрбиелеу.
2. Тәрбиелігі: Балалардың
ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға,
адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді,
сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге
дағдыландыру.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға
үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал-
мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Барысы:
Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.
Адамгершілік бастауы неде?
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Адамгершілік туралы ойшылдар не дейді соған назар салыңдар/ слайд/
Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін оқитын Ақбота
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқитын Ұлпан
Ал енді осы жерде ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Шеңбер – бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық
тілейміз. «Жақсы немесе жаман қасиеттер» тренингі . — Абай
атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі. Алла
мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз
батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез
келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап
ойланамыз. Енді осы қалпымызда тұрып өзіміздің бір жағымды , бір
жағымсыз қасиетімізді айтайық. Оқушылар барлығы айтып өтеді. Жаман
қасиеттеріңнен арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман
қасиеттеріңді үйге барғаннан кейін қағазға жазып алып «менің
бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып
ұсақтап жыртып тастаймыз. Ал енді орнымызға , тобымызға отырайық,
топтарға тапсырма. бірінші топқа- адам бойында кездесетін жағымды
қасиет екінші топқа - адам бойында кездесетін жағымсыз қасиет
үшінші топқа- жағымсыз мінезден арылу жолдары ал ата – аналар
сіздерге де тапсырма әрқайсыңыз мына параққа өз балаңыздың
бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттерін жазып
беріңіздер.
|
Жағымды қасиеті |
Жағымсыз қасиеті |
|
|
|
Ал енді осы топтық жұмысты , сендердің пікірлеріңмен келісе отырып мына «Маржан сөздермен» қорытындылайық. / слайд/ Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп , пікір білдірейік. Сендердің бұл ойларыңды мына мақал – мәтелдермен қорытындылағым келіп тұр , осы мақалдардың мәніне үңіліп көрейікші. Келесі тапсырма «суреттегі адамгершілік сыры» мына экрандағы суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар. Адамгершіліктің қарапайым құпиялары Келесі тапсырма мен тақтаға төрт сөз жазамын «адамгершілік, қайырымдылық , жасаймын, Топта талқылау және бір шығарманы оқу.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын
ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес
пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады
демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
«Жұлдыздар» ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін
керек. Мен сендерге қазір түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді
алып, ортасына атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды
сөздер жазасыңдар.
Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан
қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың
түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді
толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның
мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге
қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан
қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына
үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы –
адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала
мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі
таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды
Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына
ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін
тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып,
олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан
қазынасына үңілуін таразыладық .
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы – ең қымбат қазына"
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін түсіндіру, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу, логикалық ойлау, өз пікірлерін еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту
Тәрбиелік: оқушыларға отбасы қасиетін, қадірін түсінуге, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау
Тәрбие сағатының түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының әдісі: баяндау, интерактивті әдіс, топпен жұмыс, ой толғау, пікір алмасу
Тәрбие сағатының көрнекілігі: отбасы суреттері, бейнематериал, ватман, стикер, маркер, нақыл сөздер
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды тақырыппен таныстыру
2. Топқа бөліну
ІІ. Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе.
Құрметті оқушылар! Бүгін біз сендермен отбасы тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.
1. Шаттық шеңбері.
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.
2. Ой қозғау.
Әрбір топ ватманға "Отбасы" сөзіне өз ассоциацияларын жазып, тақтаға іледі, түсініктеме береді.
Отбасы
3. Бақытты отбасы қандай болу керек? деген бейнематериалды көрсету.
4. Шығармашылық жұмыс.
1. Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.
І топ
1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл.
2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.
3. Апам үйі – ………………ақ жайлау.
4. Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
5. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.
6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
8. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз.
9. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.
10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.
11. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі.
12. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.
ІІ топ
1. Аға әдепті болса, іні әдепті,…………………Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.
2. Ағадан – ақыл,………………..Ініден – ізет.
3. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең……….Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең.
4. Бала тәрбиесі…………………….. – бесіктен.
5. Әжемді тыңдағаным –……………….Өзімді танығаным.
6. Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет.
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
8. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.
9. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.
10. Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ.
11. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.
12. Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін.
ІІІ топ
1. Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада.
2. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.
3. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің.
4. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,……….Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
5. Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді…………………Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді.
6. Адам болатын ……………………бала алысқа қарайды.
7. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.
8. Бала – көңілдің гүлі,………………… көздің нұры.
9. Жақсы бала – еліне бас болады,………….Жаман бала – еліне қас болады.
10. Балам – балым,…………….. баламның баласы – жаным.
11. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер.
12. Сенің табаныңа кірген тікен ……………………..менің маңдайыма кірсін..
5. «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)
Құндылық құнын ұғындар
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
6. «Бақытты отбасы суретін» салу.
ІІІ. Қорытынды.
"Бақытты отбасы" ұғымына түсінік беру арқылы жүрек стикерлерді тақтаға жапсыру.
IV. Үй тапсырмасын беру.
1. Өтілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптар тізбесін жасап келіңіздер.
2. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан- жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, үнтаспа, көрме материалдары, портфолиолар,банерлер,буклеттер.
Барысы
Мұғалім.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! 2012-2013 оқу жылын қорытындылау мақсатында өткелі отырған «Біздің сыныптың бір жылдығы» аясында «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.
Сайыста екі тап сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Ойын 7бөлімнен тұрады
І. Жедел жауап
ІІ.Тіл- өнер
ІІІ.Бәрін білгім келеді
ІV.Қызықты ұйқастар
V.Мықты болсаң, тауып көр
VІ. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
VІІ. «Әнді сүйсең менше сүй»
І топ: «Бәйтерек»
Ұраны: «Бірлікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»
ІІ топ «Сұңқар»
Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.»
Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.
-
_________________________________________________________________
-
_________________________________________________________________
-
_________________________________________________________________
Ал, қанекей, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.
І бөлім: Жедел жауап
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.
І топқа:
-
Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
-
Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
-
Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
-
Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
-
1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
-
ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
-
Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
-
2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
-
Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
-
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
ІІ. топқа:
-
Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
-
Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)
-
Қажыл қай жыл? (Жылан)
-
Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
-
Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
-
Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
-
Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
-
6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
-
2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
-
Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
ІІ бөлім: Тіл- өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
І топқа:
-
Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
-
Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
-
Өнер алды… (қызыл тіл)
-
Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
-
Тіл қылыштан … (да өткір)
-
Отан … (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
-
Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
-
Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
-
Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
-
Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
-
Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
-
Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
ІІІ.Бәрін білгім келеді
Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.
Қазақ тілі
10. Фонетика нені зерттейді. (Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала)
20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
30. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атап бер. (Дара сан есім және күрделі сан есім)
40.
Әдебиеттік оқу
10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер)
20. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
30. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Бұл өлең қалай аталады және авторы кім? (Қыс. Абай)
40. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
Математика
10.Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? (4+4*4=20)
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (0+1+2+3+4+5+6+7+8+9=45)
30. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд кетеді)
40. Әлияның жасы қазір 10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады? (50 жас)
Дүниетану
10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)
20. Жердің нақты үлгісі (Глобус)
30. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)
Тақырыптар ұяшығы. Тақырыптарды таңдау оқушының өз еркінде.
Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
«Қазақстан»
10 ұпай. Қазақстан Елтаңбасының түсі қандай? (алтын, көгілдір)
20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? (1993)
30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? (16 млн. астам)
40 ұпай. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? (Бурабай)
«Грамматикалық ереже»
10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (бас әріп)
20 ұпай. Көптік жалғауларын ата. ( -лар, -лер, -дар, -дер,- тар, -тер)
30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер (антоним)
«Ұлы адамдар»
10 ұпай. Ұлы жүздің биі (Төле би)
20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. ( Шоқан)
30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
40 ұпай. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
«Телехабарлар»
10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна («Қазақстан»)
20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. ( «Айгөлек»)
30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы («Екі жұлдыз»)
40 ұпай. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Шәкен Айманов)
ІV бөлім: Қызықты ұйқастар
Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топқа
-
Жизнь- өмір, уголь- (көмір)
-
Число- сан, кровь- (қан)
-
Молоко- сүт, жди- (күт)
-
Человек- адам, шаг- (қадам)
-
Таможня- кеден, пол- (еден)
-
Зуб-тіс, дело- (іс)
ІІ топқа
-
Возьми-ал, мед- (бал)
-
Рыба- балық, народ- (халық)
-
Дверь- есік, колыбель- ( бесік)
-
Город- қала, ребенок- (бала)
-
Лето- жаз, гусь- (қаз)
-
Игра-ойын, шея- (мойын)
V бөлім: Мықты болсаң, тауып көр
Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.
І топқа
-
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста])
-
Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])
-
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])
-
Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. ( бір; один; one [уан])
-
Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эйпл])
ІІ топқа
-
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])
-
Айдағаны … ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])
-
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])
-
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen [пен])
VІ. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Әр топтың қатысушылары өлең оқиды әр өлең бір ұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
VІІ. «Әнді сүйсең менше сүй»
Әр топтың қатысушылары ән айтады, әр ән бір ұпай болып есептеледі. Олар әнді нақышына келтіріп орындап беруі тиіс. Бұл кезеңде сахна мәдениеті, дауыстың тазалығы бағаланады.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.
VІІІ. Жұлдызды сәт
І) Жеңімпаздарды марапаттау
ІІ) Жыл қорытындысы бойынша оқушылар мен ата- аналарды марапаттау.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Осымен бүгінгі «Біздің сыныптың бір жылдығы» аясында «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Тақырыбы: Жүзден жүйрік
Мақсаты: 1. Оқушылардың математика пәні бойынша алған білімдерін тексеру.
-
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
-
Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер
Сайыстың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
-Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік өрендерге талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер!
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!-дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
2 «а» сынып оқушылары: ____________________________________________
2 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________
3 «а» сынып оқушылары:_____________________________________________
3 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________
4 «а» сынып оқушылары:_____________________________________________
4 «ә» сынып оқушылары:_____________________________________________
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Ал осы сайыскерлеріміздің білімін сараптап әділ баға берушілермен таныстырып өтейін. (Әділқазылар алқасымен таныстыру).
-
________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
-
________________________________________________________________
Олай болса, сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І-кезең: «Кім шапшаң?»
ІІ-кезең: «Тапқырлар» сайысы
ІІІ-кезең: «Адасқан әріптер»
ІҮ-кезең: «Жорға»
Сайыстың кезеңдері түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
І кезең- «Кім шапшаң» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға 1 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1 дм неше см бар? 10 см бар.
1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
1 жылда неше күн бар? 365 н/е 366 күн бар.
1 жылда неше ай бар? 12 ай бар
1 айда неше күн бар? 30 н/е 31. Ақпанда 28 н/е 29 күн.
1 аптада неше күн бар? 7 күн.
1 сағатта неше минут бар? 60 минут
1 минутта неше секунд бар? 60 секунд бар?
1 тәулікте неше сағат бар? 24 сағат бар.
Ең үлкен бір таңбалы, ең кіші екі таңбалы, ең үлкен үш таңбалы санды ата
1 кг неше грамм бар? 1000 грамм
Екі нүктенің арасындағы түзу? Кесінді.
1 аптада неше тәулік бар? 7
2 жылда неше ай бар? 24 ай бар.
1 жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл
4 ғасырда неше жыл бар? 400 жыл
ІІ кезең: «Тапқырлар» сайысы. Бұл кезеңде әр қатысушыға логикалық есеп беріледі? әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша болады? 3 кг
Ұстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
Төрт қойдың неше аяғы бар? 16 аяғы бар
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? 3 минутта
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық отыр? 4 мысық
ІІІ кезең: «Адасқан әріптер» деп аталады. Адасқан әріптерден сөз құрау керек және сол фигураны сызу керек.
Ы Р Ш А Ш- ШАРШЫ
Ш Ұ Ү Ш Р Б Ы- ҮШБҰРЫШ
Ш Ұ Б Р Ы- БҰРЫШ
Е І Д К Н С І- КЕСІНДІ
Ш Т К Р Ұ Ш І Т Б Ы Ө- ТІК ТӨРТБҰРЫШ
Қ Ы С И Ы З Қ С С Ы- ҚИСЫҚ СЫЗЫҚ
Қ Ы З Ы С У Т З Ү- ТҰЗУ СЫЗЫҚ
Қ Ы З Ы С Е К И Р- ИРЕК СЫЗЫҚ
Қ Ы З Ы С Ы С Н Қ Ы –СЫНЫҚ СЫЗЫҚ
Ш К Ө Ұ Р Б П Ы- КӨПБҰРЫШ
ПАРАЛЛЕОГРАМММ, ПАРАЛЛЕПИПЕД
ІҮ-кезең: «Жорға» деп аталады. әр қатысушыға мысалдар беріледі. Сол мысалдарды 5 минуттын ішінде шығару керек.
Осымен сайыс кезеңдері аяқталды.
Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша көрермендерге математикалық жұмбақтар жасырып көрейік.
Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
(5қаз)
6 аламаның 2
- ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
(12алма)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-дей отырып, жеңмпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Сайысқа қатысушыларды марапаттау.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!-де келе сайысымызды
аяқтаймыз!



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген