Негізгі және туынды зат есім 3ә сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Негізгі және туынды зат есім 3ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі және туынды зат есім 3ә сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Оқу-ісінің меңгерушісі Дүйсембиева А.


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: «№188 мектеп-гимназия» КММ

Мерзімі:21.01

Мұғалімнің аты-жөні:Ертаева Д.М.

Сынып:3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық

әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Негізгі және туынды зат есімді анықтай алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Зат есім туралы 2-сыныпта игерген білімдеріне негізделіп

меңгертіледі.

Сабақ барысы


Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың

зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер құрып

тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне

жылы лебіз айтады.

(Ө; Қ) Миға шабуыл

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға

жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген

білімдерін пысықтайды:

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

Дара зат есем дегеніміз не?

Күрделі зат есім дегеніміз не?

Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы есім дегеніміз не?















Сабақтың ортасы

30 минут

3.2.3.1 (МК; Ө) Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл

арманы» мәтіні тыңдатылады. Түсіндірме

сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар

құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға

бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша

сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап

беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ

қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін

алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша

сұрақтар құрастырады. Екінші топ мәтін

мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай

шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші

топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауапбереді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

(Т; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

(Ж; Қ) Мәтін кейіпкерлерін сипаттау.

Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді анықтап, олардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, мінездеме береді. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіреді.

(Ө; Қ) Пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды толықтыру.

Мұғалімнің басшылығымен мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды оқып, толықты-рады. Орындаған жұмыстарын топта жариялайды.

(Ө; Ұ; Қ) Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдайды. Оқулықта берілген жаңа ақпарат оқытылып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Негізгі және туынды зат есімдер туралы түсінік беріліп, игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы бекітеді.

3.1.3.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Мақалды қатесін түзеп көшіріп жазу.

22-жаттығу. Оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Детектив»стратегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың назары мақалға аударылады. Мақалды оқып, қатесін тауып, қайта құрастырып жазады. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

3.1.2.1 (МК; Ө; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өз ойын жүйелі жеткізіп, сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс қолдану.

23-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Күн кілем тоқи ала ма? сұрағына жауап беру арқылы өз ойларын білдіреді. Өлеңнің алғашқы шумағында неліктен солай айтылғанын топта талқылайды. Өз кілеміне қандай өрнектер салатынын айтады.



Оқулық




Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім



Стикерлер




















Интерактивті

тақтадан тірек

сызба көрсету





Физминутка

Сабақтың соңы

5 минут

(Ө; Ж; Қ ) Жасырынған мақалды табу.

Мағынасын талдау.

Құпия жазылған мақалды сағат тіліне қарсы

бағытта оқиды.

Шешуі: Өнерлінің өрісі кең.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мақалдың

мағынасына талдау жасайды. Бір-бірінің қатесін

тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің

басшылығымен бағалайды.

(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтан не үйрендіңдер?

Саған не ерекше қызықты болды? –

сұрақтарына жауап береді.

Егер оқушыларға сабақта бәрі түсінікті болса – , түсінбеген жерлері болса – , бәрі

түсініксіз болса, көтереді.

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес

өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта

жариялап, дәлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату

мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысың-ды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші

тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем

жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыс-тарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштар -мен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі