Күні: 19.
02.14.
Пәні: Химия
Сыныбы: 10
«Б»
Сабақтың
тақырыбы: «Негізгі топша металдарына»
тәжірибелік есептер шығару.
Cабақтың
мақсаты: Негізгі топша металдар мен
олардың қосылыстары туралы оқушылардың алған білімдерін практикада
қолдана білулерін тексеру.
1.Білімділігі
: Негізгі топша металдардың
химиялық қасиеттерін, иондық теңдеулерін гидролизге дұрыс жаза білу
және білімдерін одан әрі жетілдіру.
2.Дамытушылығы: Ион алмасу реакция, иондық
теңдеу, гидролиз, электролиз, білім дағдыларын
дамыту.
3.Тәрбиелігі: Оқушылардың практикалық
дағдыларын, пәнге қызығушылықтарын
арттыру.
Сабақтың
түрі: практикалық жұмыс
№1.
Керекті құрал-
жабдықтар: интерактивті тақта,
зертханалық құрал- жабдықтар, реактивтер.
I.Сабақтың
жоспары
1.Ұйымдастыру.
1 кезең:
сәлемдесу
2 кезең: оқушыларды журнал
бойынша түгендеу.
II. Үй тапсырмасын
сұрау.
1.s- элементтер периодтық
жүйеде қалай орналасқан?(s- элементтер негізгі топта
орналасқан.)
2. Сыртқы электрондық қабаты
3s1,4s1
аяқталатын қандай
элементтер?(Na,K)
3.Cыртқы электрондық қабаты
4s2,
3s2
аяқталатын қандай
элементтер?(Mg,Ca)
4. Күнделікті өмірде негізгі
топша металдарының қандай қосылыстары бар?(NaCl- ас тұзы,
Na2CO3- ас содасы,
KNO3- калий нитраты ( cелитра),
K2CO3- сақар
(поташ).
5. Тұздар гидролизі дегеніміз
не?
6. Ион алмасу реакциясы
дегеніміз не?
7. Электролиз дегеніміз
не?
III. Сабақ
барысы. Cабақта №1 практикалық жұмыс
орындалады.
Берілген :I, II, III нұсқада 3
эксперименттік тапсырмалар беріледі.
I-нұсқа
1.I-сынауыққа
Na2CO3
ерітіндісін құйыңдар.
II-сынауыққа NaCl ерітіндісін құйыңдар.Индикатор қолданып ерітінді
ортасын анықтап, гидролиз теңдеуін жаз.
2. Екі сынауықта тұздың
ерітіндісі берілген, соны AgNO3
реактиві арқылы анықта. I
cынауықта қандай зат, ал II cынауықта қандай зат түзілді? Реакция
теңдеуін толық және иондық түрде жазып
көрсет.
3.Na,K,Li cумен әрекеттестіру.
Активтілігін анықта.
Кестені
толтыр.
|
Реакция
теңдеуі(қысқартылған,
толық)
|
Байқау(түсі, тұнба,
ерітінді)
|
Жалпы
қорытынды
|
|
|
|
|
II-нұсқа
1.I сынауыққа
КNO3
ерітіндісін, ал II сынауыққа
К2CO3
ерітіндісін құйыңдар.Индикатор
қолданып ортаны анықта, гидролиз теңдеуін
жаз.
2.Екі сынауықта тұздың
ерітіндісі берілген, соны BaCl2
реактиві арқылы анықтап: I-
сынауықта қандай зат?
II- сынауықта қандай
зат?
3.Айналымды жүзеге асыр:
K
K2O
KOH
K2CO3
Кестені
толтыр.
|
Реакция
теңдеуі(қысқартылған,
толық)
|
Байқау(түсі, тұнба,
ерітінді)
|
Жалпы
қорытынды
|
|
|
|
|
III-нұсқа
1. I - сынауықта LiCl
ерітіндісі берілген. II- сынауықта
Li2CO3
ерітіндісін индикатор қолданып
ортаны анықта, гидролиз теңдеуін жаз.
2. Екі сынауықта тұз
ерітінділері берілген. NaOH қосқанда қандай зат тұнбаға түседі? HCl
қосқанда қандай зат түзілді? Түсі қандай? Реакция теңдеуін
жаз.
3. NaCl
ортасын электролиздеу. Реакция
теңдеуін жаз. Қандай заттар түзіледі?
Кестені
толтыр.
|
Реакция
теңдеуі(қысқартылған,
толық)
|
Байқау(түсі, тұнба,
ерітінді)
|
Жалпы
қорытынды
|
|
|
|
|
IV.Үй тапсырма
беру. Негізгі топша» металдар
тақырыбын қайталау.§6.§6.1- 6.6 оқып келу.