жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Негізгі ұғымдар алгоритмдеу, алгоритм қасиеттері
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Молдахмет Э.Н..
Сабақ жоспары
№ ___ Сабақ. Күні: ______
Тобы: __________________
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Негізгі ұғымдар алгоритмдеу, алгоритм қасиеттері.
Сабақ типі, түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылар алгоритмдеу негіздері және алгоритм қасиеттері бойынша алған білімдерін тексеру;
2. Дамытушылығы: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, жұмыс дәптері.
Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Жаңа сабақ:
Негізгі ұғымдар алгоритмдеу.
Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.
Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негізгі ұғымдар беріліп отыр. Оны келесі схема түрінде көрсетуге болады:
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез - келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Қазіргі дамыған заман талабына сай адамдар атқаратын жұмыстарын (жазу, математика- лық есептер шығару, суреттер салу, модельдер құруды т.б.) компьютерді пайдалану ар- қылы орындайды. Сондықган кез келген атқаратын жұмыстың алдын ала жазылған алго- ритмі болуы қажет. Алгоритм арқылы істің нәтижесіне жетуге болады жэне алгоритмнің негізінде программа құрылады. Программалаушылар программаны орындау кезінде, ал- дын ала алгоритмді ойластырып алады. Негізгі үғымдар:
Орындалатын іс-әрекеттің немесе алға қойылған мақсаттың нәтижеге жету жолын рет- телген тізбектер түрінде орындау алгоритм деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз - кұрастырылған алгоритмді басқарушы адам неме- се машина.
Программа - алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады. Программалау тілі - алгоритмдерді жэне алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. Алгоритм орындалуын қарай бірнеше қасиеттерге бөлінеді:
Алгоритмнің үзіктілігі.
Алгоритмнің анықтылығы.
Алгоритмнің нәтижелілігі.
Алгоритмнің жалпыламалығы.
1) Алгоритмнің үздіктілігі - мұнда алгоритм жеке қадамдардан құрылады. Орындалу кезін- де әрбір кадамы анық және аяқталған болу керек. Орындаушы алдыңгы қадамды аяқтап барып келесі қадамға өте алады.
2) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы - белгіленген қадамдардан кейін алгоритм нәтиже беру керек. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
3) Алгоритмнің жалпыламалығы - алгоритм бір ғана мәселені емес, барлық біртипті мәселені шеше алады. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.
4) Алгоритмнің нәтижелігі - белгіленген қадамдардан кейін алгоритм нәтиже беру керек. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.
Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:
сөзбен ауызша беріледі.
блок-схема түрінде.
алгоритмдік тілде.
Блок-схема дегеніміз - информацияны өңдеу алгоритмін МЕСТ
(мемлекеттік стандарт) - те бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық түрде жазу:
Алгоритмнің тілдері:
Табиғи тіл - алгоритмді сөз тіркестері арқылы қарапайым тілде жазу (орындаушысы адам).
Графикалық тіл - алгоритмді блок-сызба түрінде көрсету (орындаушысы адам).
Алгоритмдік тіл - табиғи тіл арқылы берілген әмірлік сөздер арқылы беріледі (орын- даушысы адам).
Программалау тілі - программа тілінің әмірі (орындаушысы компьютер).
3. Бекіту:
Алгоритм дегеніміз?
Алгоритм орындаушысы дегеніміз?
Программа дегеніміз?
Алгоритм қасиеттері нешеге бөлінеді?
Алгоритмнің тілдері нешеге бөлінеді?
4. Сабақты қорытыдылау және бағалау: Сабаққа жақсы араласып отырған, қойылған сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
5. Үйге тапсырма: Негізгі ұғымдар алгоритмдеу, алгоритм қасиеттері.
Оқытушы: Измуханова М.Б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген