400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нейрожаттығу – бала үшін таптырмас тәсіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Нейрожаттығулар (ми гимнастикасы) — мидың жұмысын жақсартуға, зейінді тұрақтандыруға, есте сақтауды, қиял мен қол моторикасын дамытуға бағытталған арнайы дене қимылдары мен техникалық әдістер жиынтығы. Олар 2 жастан бастап балалардың физикалық және эмоционалды жағдайын реттеп, тепе-теңдік пен координацияны дамытуға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нейрожаттығу – бала үшін таптырмас тәсіл

Балаларға дене жаттығуын ғана емес, ми жаттығуын да жасатып тұрған абзал. Бұл жаттығулардың көмегімен баланың миы тынығып, ойы дамиды әрі жұмыс істеуі жақсарады. Ми жаттығуларының түрлі атаулары бар. Олар ми гимнастикасы, нейрогимнастика, нейрожаттығу және кинезилогиялық жаттығулар деп аталады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқа да органдарға оң әсер етеді. Негізі кинезиология ғалымдарының айтуынша, жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Нейрожаттығуды 2 жастан асқан балаларға жасата беруге болады.

Оны неден бастау керек? Алдымен балаларға саусаққа, қолға, аяққа арналған тақпақтарды, ертегілерді айтқызып үйреткен дұрыс. Әбден жаттыққан соң 4 жастан бастап, барлық жаттығуларды оң қолмен жасауды үйретеміз, кейін сол қолмен, екі қолын жаттықтырып алғаннан кейін екі қолмен қатар жасатасыз. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін дамытамыз, шығармашылық қабілетін ашамыз.

Ми дұрыс дамуы үшін мидағы «екі жартышарды» дамыту маңызды. Кейбір адамдардың сол жақ жартышары көбірек дамыса, кейбір адамдарда оң жақ жартышарының дамуы басымдау болады. Екі жартышарды да бірдей дамытудың тиімді әдістерінің бірі – екі қолмен сурет салу. Бұл жерде салынған суреттің қандай екендігі емес, тың тапсырманың болуы маңызды. Себебі, ми жартышарларының арасында байланыс орнату барысында баланың оқу қабілеті жоғарылайды, яғни білім алу айтарлықтай жеңіл және тиімді болады.

Адамның сол жақ ми бөлігі сөйлеуге, логикаға, сандарға, анализ жасауға, оқуға, жазуға, дененің оң жағына себеп-салдар байланысын орнатуға, жалпылауға, уақыт шамасына жауап береді. Сол жақ жартышарды қалай дамытамыз? Стратегиялық ойындар (үстел ойындары) ұйымдастырып, ребустар, жұмбақтар, сөзжұмбақтарды көбірек шешкен дұрыс. Сонымен қатар математикалық тапсырмаларды шешу де артықтық етпейді. Уақытты цифрлы емес, тілі бар сағат бойынша үйрету керек.

Ал, оң жақ ми қиялға, дыбыстарды қабылдау (жан-жануарлар, құстардың дыбыстары, көше немесе үй дыбыстары), интонацияға, символдар мен бейнелер, эмоциямен байланыс, бет әлпет пен түсті қабылдау, шығармашылық, толық қанды бейнелер (суреттер), яғни бөлшектеп емес, арманға, өлшемге, көрген түстерге, музыкаға жауап береді.

Оны дамыту үшін не істейміз? Ең алдымен тыңдауға үйретеміз, яғни айналадағы дыбыстарға назар аударту қажет, бұл кейін сөйлеуіне ықпал етеді. Музыка тыңдатқан да дұрыс. Заттардың құрылымын зерттейміз (ұстап көреміз, иіскейміз, дәмін көреміз), аттарын атап, пассивті сөз қорына қосамыз. Суреттерді қарап, зерттейміз. Қимыл-қозғалысқа мән беріп, (секіреміз, жүгіреміз, еңбектейміз) өз денемізді зерттейміз. Кинезиологиялық жаттығулар баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін, яғни барлық таным процестерін дамытады. Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді кинезиологиялық жаттығулар арқылы жетілдіруге болады.

Осы жаттығулардың нәтижесінде бала мидың екі жартышарлары арасында байланыс түзеді, ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады, оқу және жазу процестері жеңілдейді, қол мен көзді үйлестіру жақсарады, кеңістіктегі ойлауы дамиды.

Қорытындылай келе, бұл жаттығуларды әр педагог сабақтарында дұрыс қолданса, сабақ процесі әлдеқайда қызықты, балаға жеңіл болады. Баладағы барлық таным процестерінің қалыптасып дамуына кинезиологиялық жаттығулардың пайдасы зор және оны әрбір педагог сабақта ұтымды қолданса, нұр үстіне нұр болар еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.02.2026
16
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі