400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? 5-сынып НИШ

Материал туралы қысқаша түсінік
Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? тақырыбындағы оқу мақсатына сай жасақталған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып НИШ Дүниежүзі тарихы Авторлары: Б:С.Букаева, Г.Б.Зикирина, Ж.С.Макашева, Д.Н.Мукатаева, И.А.Тен


Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады?


5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

Тапсырма 1 Тұлғаны таны

С уреттегі кім?




Тапсырма 2 Мағынасын аш

Скифтер-

Фаланга-

Отарлар-

Тапсырма 3 Картамен жұмыс

Македония қайда орналасқан?



Тапсырма 4 Сұрақтар мен жауаптар Иә-жоқ

А.Македонский қолбасшы, билеуші

А) Иә Б) Жоқ

2. Ұстазы әл-Фараби болған

А) Иә Б) Жоқ

3. Александр өмірінің 5 жылын жорықтарға арнады

А) Иә Б) Жоқ

4. Ұлы қолбасшы Египетке, Алдыңғы Азияға, Орта Азияға, Солтүстік Үндістанға жорықтар жасады

А) Иә Б) Жоқ

5. Гректер жаулап алған халықтардан түрлі жетістіктер үйренді

А) Иә Б) Жоқ

6. Александр қайтыс болғаннан кейін ұлы державасы гүлдене түсті

А) Иә Б) Жоқ


Тапсырма 5 ОйТалқы


Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы

Үзіндіні оқып, Александр Македонскийді суретте


Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Тапсырма 6 Шығармашылықпен жұмыс

Егер мен Александр Македонский болсам...







Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Тұлғаны таны

Суреттегі кім? Александр Македонский немесе Ескендір Зұлқарнайын – адамзат тарихындағы ең әйгілі қолбасшылардың бірі. Ол аз уақыттың ішінде, Азияның көптеген жерлерін жаулап алған. Александр – б.з.д. 356 жылы Пелла қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Филипп II – сол кездегі Македонияның патшасы болды

Тапсырма 2 Мағынасын аш

Скифтер- грек деректерінде сақтарды осылай атаған

Фаланга-әскерлердің тығыз жиналма сапы

Отарлар-тәуелді аумақтар

Тапсырма 3 Картамен жұмыс

Македония Грекияның солтүстігіндегі Балкан түбегінде орналасқан

Тапсырма 4 Сұрақтар мен жауаптар Иә-жоқ

1 А 2Б 3Б 4А 5А 6Б

Тапсырма 5 ОйТалқы


Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы

Үзіндіні оқып, Александр Македонскийді суретте

Ескендір Филиптің баласы, патша болған. Мақтаншақ, қызғаншақ болған. Жаугершілікпен, көрші елдерді басып алумен айналысты. Аяушылық болған жоқ, барлығын қырып жойды. Бүкіл дүниежүзін жаулап алуды ойлады


Тапсырма 6 Шығармашылықпен жұмыс Оқушылар орындайды

Егер мен Александр Македонский болсам...











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі