400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Египеттегі ғылымдардың пайда болып, дамығанын біледі, түсінеді; Оқушылардың басым бөлігі:ғылымдардың дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтайды;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1 бөлімі Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

5.2.4.2- ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Египеттегі ғылымдардың пайда болып, дамығанын біледі, түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі:ғылымдардың дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтайды;

Кейбір оқушылар: ғылымдарының пайда болу ерекшеліктерін салыстыра отырып, ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды

Бағалау критерийі

Египеттегі ғылымдардың пайда болуы шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістерге қалай әсер еткендігін анықтайды.

Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

арифметика(грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) — сандар (бүтін және бөлшек);

геометрия(көне грекше: μετρέω — «өлшеу») — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды зерттейтін сала);

астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң»);

медицина(лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік).

Оқылым: берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Айтылым, тыңдалым: берілген ақпаратқа назар аударып, әңгімелейді.

Жазылым:негізгі ұғымдарды жазады.

Құндылықтарға баулу

Ғылыми білімдерді адам игіліктеріне пайдалануға баулу.

Пəнаралық байланыс

География пәнінің дүниежүзілік саяси карталарын қолдану.

Алдыңғы білім

Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастағандығы жөнінде білімі қалыптасқан.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Топқа бөлу

(5 мин)






2.«Кері байланыс»

Үй тапсырмасын тексеру(8 мин)





Мұғалімнің іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.

Топты конверт арқылы бөлу

«Сұрақ жауап» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеремін. Оларға төмендегідей сұрақтар қоямын

Сұрақ

1.Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

2.Адамдар егіншілік пен мал шаруашылығын қалай дамытты?

3. Ежелгі египеттіктердің өнерінің дамуына сипаттама беру.

Бағалау:Білімдерін тұжырымдай келе «бағдаршам әдісін» қолданамын.Мақсаты: Түсінгендерін білу үшін бағдаршамның түстерін пайдаланамын сұрақтарға жауап берген топты бағалаймын.

Мұғалім қорытындысы: Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін тексердім

Түрлі-түсті стикерлер.

Конверт




Оқулық, 49-51 бет

Слайд материалдары.


Сабақтың ортасы


4.«Болжау» әдісі,

«Миға шабуыл »

(20 мин)





















Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың алдына гүл отырызылған ыдысты қоямын.Оқушылардан не себепті бұл гүл қара топыраққа отырызылған?,-деп сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбының мәнін ашамын.

«Болжау» әдісін қолданамын, әдістің мақсаты фото суреттерді интербелсенді тақтаға шығарамын, тақтадағы фото бейнелерге қарату арқылы тақырыптың мәнін ашамын.

Тақырыпты айтып өтемін.

Олай болса оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз:

«Неліктен ежелгі Египет қара жер деп аталған?» Ал қанекей оқушылар осы бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді?,-деп оқушыларды сабаққа деген құштарлығын оята отырып, мақсатын айқындап аламыз.

Тақырыпты анықтап алғаннан кейін, әр топқа мәтінмен жұмыс тапсырмасын беремін.

1.Топ Ғылымдардың пайда болуына не себеп болды?

2.Топ Арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарын ажырату.

3.Топ «Египеттіктердің Нілді марапаттау өлеңі»дерегімен жұмыс

Бағалау: Оқушылардың мәтінмен жұмысын тексеру үшін әрбір топ бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.

2.Тапсырма:

Білімдерін жүйелеу мақсатында әрбір топқа конвертте дайындалған сұрақтар таратылады:

1.Бір орталыққа біріккен Мысыр мемлекеті қалай құрылды?

2.Мысырда әлеуметтік жіктелуге не себеп болды?

3.Ніл өзені мысырлықтар үшін қандай маңызы бар?

Бағалау:берілген жауаптарына байланысты смайликтер арқылы бағалау.



Интербелсенді тақта, слайд, электронды оқулық, флипчарт, оқулық 40-43 беттер, карта.

Конверт,турлі түсті маркерлер,

Сабақтың соңы

(7 мин)




























7.Бағалау (5 мин)



8.Үй тапсырмасы


5 R маңыздылық кестесі:

Есте

қалатыны


Тарих атасы Египетті «Нілдің сыйы» деп атаса,Египеттіктер өз жерін «Кемет»- «Қара жер» деп атады

Нəтижелі

лігі


Египет шаруашылық жүргізуге қолайлы аймақ болды,ежелден адамдар көп қоныстанған аймаққа айналды.

Айрықша

мəнділігі


Алғашқы күнтізбені ойлап табудың маңыздылығы неде?Астрономия,арифметика,геометрия ғылымдары пайда болуының мәні қандай?

Жаңғырығы


Қазіргі заманда ғылым адам игілігіне жұмыс жасайды ма? Мысал келтіріңдер

Айқында

йтын\басқа да қырларды

түсінуге жол

ашатындығы

Ежелгі өркениет пен қазіргі өркениетті елдерді салыстыр.

Дескриптор:

1.Египет жерінің географиялық ерекшелігін ,қайда орналасқанын біледі.

2.Шаруашылық жүргізуге қолайлы аймақ болғанын біледі

3.Алғашқы күнтізбе Египетте ойлап табылғанын біледі.

4.Ғылым адам игілігі үшін жұмыс жасайтынын біледі.Мысал келтіреді.

5.Ежелгі өркениетті елдер мен қазіргі заманғы өркениетті елдерді біледі.

Бүгінгі өтілген сабақ бойынша әр топ мүшелері өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің қандай деңгейге жеткенін айқындайды. «Білім ағашы»


Египет мемлекетінің өркениеттері жайлы 10 сұрақтан тұратын тест дайындау.

Стикерлер,

суреттер, бағалауға арналған қиықшалар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындалған болатын. Соның ішінде саралаудың 7 тәсілін негізге ала отырып, оқушылар алған білімдерін саралап, бөлісу мақсатында топтасады, берілген мәтін мен дерек көздеріне мән беріп, топ ішінде жұптасып, топтасып берілген тапсырмаларды анықтайды, сипаттайды.

«Сұрақ жауап» әдісі

«Бас бармақ» тәсілі

«Жарайсың!»

«Бүгінгі сабақта жақсы жауап бердің!»

«Өте жақсы!»;

Өзін-өзі бағалау

Смайликтер


Сабақ өткізетін бөлме ұйымдастырылған, топпен жұмыс жасауға ыңғайлы.

Интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
14216
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі