400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған? 5 сынып дүниежүзі тарихы қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сабаққа дайындық кезінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1С бөлімі Ежелгі Египет тарихы

Күні:

Сынып: 5-сынып Дүниежүзі тарихы

Мектеп: «Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдуалиева Индира Сайлауовна

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.2-ғылымдардың (арифметика, геометрия, астраномия, медицина) пайда болып, дамуына, шаруашылық,іс-әрекетпен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.4.1.3-ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар: Ежелгі Мысыр елінде арифметика, геометрия, астраномия, медицина ғылымдардың неліктен болуын атайды, ғылымның пайда болу шаруашылық жүйесіне тигізген әсерін анықтау.

Оқушылардың басым бөлігі : Шаруашылық жүйесіндегіөзгеріс Ежелгі Мысыр еліне ғылымның дамуына әсерін сипаттау.

Кейбір оқушылар: Ежелгі Мысыр елінің ғылымның дамуына мысал келтіреді,әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау.

Бағалау критерийлері

Египеттегі ғылымдардың пайда болуы,шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістерге қалай әсер еткендігін анықтайды.

Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар Неліктен Египеттің Қара жер деп аталғанын анықтайды.

Тыңдалым: Ежелгі Египет ғылымның пайда болуы және шаруашылыққа әсері туралы «Борт журналы» әдісі арқылы негізгі ойды анықтайды.

Оқылым: Неліктен Египеттіктер нілге табынғанын зерделейді.

Жазылым,айтылым: Ежелгі Египеттің шаруашылығын, кәсібін сипаттау, әлеуметтік, экономикалық, саяси мәдениеттері болып табылады.

Берілген ақпаратқа назар аударып, негізгі ұғымдарды жазады, әңгімелейді.

Термин сөздер: арифметика, медицина, геометрия, астраномия, бөгет, арық, папирус.

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Неліктен,тарих атасы Геродот Египетті «Нілдің сыйы» деп атаса,ал египеттердің өздері өз елін Кемет- «Қара жер» деп атады?


Құндылықтарға баулу

Осы тақырыпта өркениеттердің шаруашылық жүйесін талдау барысында Мемлекетіміздің «Мәңгілік ел идеясының құндылықтарының бірі Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығына баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

Қосөзен өркениеттері туралы түсінік қалыптасқан, сол арқылы Египет ғылымы, шаруашылығын оқуда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспрланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут







8 минут

Ұйымдастыру шаралары

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

б) Ынтымақтастықты қалыптастыру

Топқа топтастыру

Топты тақырыпқа сай суреттер арқылы бөлу

1 топ:бөгет

2топ: канал

3 топ:папирус

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеремін. Оларға төмендегідей сұрақтар қоямын.

Сұрақ

1.Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

2.Адамдар егіншілік пен мал шаруашылығын қалай дамытты?

Бағалау :Білімдерін тұжырымдай келе «Бағдаршам» тәсілін қолданамын.

Мақсаты:түсінгендерін білу үшін бағдаршам түстерін пайдаланамын,сұрақтарға жауап берген топтарды бағалаймын.

Мұғалім қорытындысы:өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін тексердім.





суреттер










Бағдаршам

Сабақтың ортасы 20 минут


Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың алдына өсімдік отырғызылған ыдысты қоямын.Не себепті бұл өсімдік қара топыраққа отырғызылғанын оқушылардан сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбының мәнін ашамын.2017 жылы Астана қаласында бүкіл әлемдік маңызы бар ЭКСПО көрмесі өткендігін білеміз. Мемлекетіміздің «Мәңгілік ел идеясының құндылықтарының бірі Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсуге бағыттау жұмысы негізінде жасыл эко жүйесін таза ұстау үшін жаңа технологияларға басымдыққа көшу мәселесін шешу жолдары көрсетілді.

1 тапсырма

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталғанын және оқу мақсаттарымен таныстырамын.

Мәінді оқып, «Борт журналы» бойынша







Берілген тақырып бойынша Мәтінді оқып,жаңадан білгенім

Бұрыннан білетінім



Shape2

Болжамдар Тың ақпараттар



1-әрекет Мәтінді оқымас бұрын Борт журналының, бұрыннан білетінін толтырады.

2-әрекет Мәтінді оқып топта талқылайды.

3-әрекет Мәтінді оқып ,Борт журналына жаңадан білгенін тың ақпарат, болжам бөлімдерін талқылайды.

Кері байланыс: «2 жұлдыз, 1тілек»

Гүл ыдысы






Оқулық,А3,

маркер,

флипчарт

Сабақтың соңы

№2 тапсырма

Картамен жұмыс

1 Ніл өзенін кескін картаға түсіріңіз

2 Ніл өзенінің ағу жолын және құяр сағасы қай теңізге апаратынын белгіле.

3. Неліктен,тарих атасы Геродот Египетті «Нілдің сыйы» деп атаса,ал египеттердің өздері өз елін Кемет- «Қара жер» деп атады?

Қалыптастырушы бағалау

№1тапсырма

Дискрипторлар

1.Картадан Ніл өзенін көрсетеді.

2.Ніл өзенінің сағасын таба алады.Ніл Жерорта теңізіне құяр кезде тармақталатынын біледі.

3.Су келгенде жердің беті жадырап,тірі жан атаулы шаттыққа кенелетінін түсінеді.

Кері байланыс: «Сұхбаттасатын жұп»


№3 тапсырма

Шаруашылық түрлерінің ғылымдардың пайда болуына әсері туралы кестені толтырыңыздар.


Ғылымдардың атауы

Шаруашылық түрлерінің ғылымға әсері

Математика


Геометрия


Астрономия


Медицина



Дискриптор

Шаруашылық түрлерінің математика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының дамуына әсерін атайды.

Қорытындылау

Үйге тапсырма:Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған тақырыпта «Ақиқат,жалған» әдісін қолданып,тапсырма жазу.



Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?






Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Сұрақ-жауап» тәсілін пайдаланып,диалог және қолдау көрсету саралау тәсілін қолдандым.Борт журналы әдісі арқылы қорытынды саралау жүреді,себебі барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай кестені және тапсырмаларды жасау арқылы тапсырма саралау тәсілі жасалды.

«Бағдаршам» арқылы жеке оқушыларды бағалау жүргізіледі. «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы оқушылар топтарды бағалайды.

«Сұхбаттасатын жұп» арқылы оқушылар жұптарды бағалайды.










Сабақ өткізуге бөлме ұйымдастырылған,топпен жұмыс жасауға ыңғайлы.

Ніл өзенінің ағу жолын және құяр сағасы кескін картаға түсіру арқылы жаратылыстану пәнімен байланысады. Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған айта келіп, «Мәңгілік ел идеясының құндылықтарының бірі Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығына баулу.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты?)

1:


2:



Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты?)

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі