400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Вбөлімі- Өзен алқаптары өркениеттері

Мектеп: №4 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Башигулова Г

Сынып: 5

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау.


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Ежелгі өркениет ошақтарының шаруашылық жүйесін түсінеді.

Басым бөлігі: Оқушылар мәтіннен табиғатың адам еңбегіне қалай ықпал ететіндігін анықтай алады.

Кейбірі: Картамен жұмыс жасау арқылы сызбаға түсіреді.

Бағалау критерийлері

  • Адамның негізгі қажеттіліктерін біледі;

  • Алғашқы өркениет ошақтарының неліктен өзен аңғарларында қалыптасқанын түсінеді;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Тарихи деректерге сілтеме жасай отырып, өз пікірлері мен ойларын айтады (оқылым, айтылым дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

Өркениет,ирригация, суару, арналар, су бөгеттері, жәдігер, тасқын, топан су

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Ежелгі өмір өте ертедегіге қарағанда ауырлау болды, себебі…;

Адамдар өзен алқаптарында мекендеді, себебі…

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек және шығармашылық ынтымықтастық ,өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


Оқушылар өткен сабақтан адамдардыңнеліктен егіншілік пен мал өсірумен айналыса бастағандығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин


I. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Өткен сабақты қайталау мақсатында, сол кездің адамдары не үшін егіншілік пен мал шаруашылығымен айналыса бастады? Екі шаруашылық түрлерінің айырмашылықтары қандай? деген сұрақтар қойып өтемін.

(Жұптық) Оқушылардан адамдарға тіршілік ету үшін не қажет? Оларға адам сұлбасы салынған парақтарды таратып беріп,

оның айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін белгілеуін сұраймын. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беремін.

Оқушылармен талқылау жүргізіп, бұл қажеттіліктер ежелгі өркениеттер дамыған мекендермен қалай байланысты болғаны туралы идеяларын тыңдаймыз.

Дескриптор: адамның өмір сүру үшін қажет негізгі қажеттіліктердің дұрыс жаза алады

Адам сұлбасының қарындашпен салынған суреті


Shape1

.

Сабақтың ортасы

20-25 минут
















Мәтінмен жұмыс. «Өзен өркениеттері» мәтінін оқып,1-картаны көріп шығады.

1-тапсырма: «Кувертка» әдісі. (Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру)

Өркениетке дейінгі адам өмірінің сипаттамасы


Өркениет жағдайындағы адам өмірінің сипатамасы



Дескриптор:

  • Өз пікірін дәлелдей алады

  • Өркениетің қалыптасуымен байланысты адам тұрмысындағы өзгерістерді түсіндіре алады

2-тапсырма. Берілген картаны пайдаланып, Қосөзендіктер айналысқан шаруашылық түрлерін атаңыз а._____________________________________________________ ә._____________________________________________________б.____________________________________________________в.____________________________________________________

  • Қосөзендіктер балық аулаумен айналысқанын айтады

  • Қосөзендіктер егіншілікпен айналысқанын айтады

  • Қосөзендіктер бақшамен айналысқанын айтады

  • Қосөзендіктер аңшылықпен айналысқанын айтады

Кесте, А4 парағы












Карта

Сабақтың соңы

10 минут




Рефлексия










« 5-5-1» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. (оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 cөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі)














Сабақ аяқталарға 4 минут қалғанда оқушылардан рефлексия өткіземін.

Үй тапсырмасы: «Ежелгі өркениет өкілінің бір күндік өмірінен» үзінді жазып келіңіздер.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік қорды жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндіктер беру. Термин сөздерге түсінік бере отырып, жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндіктер жасау. Болашақта ойын еркін жеткізе алуына қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.

Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады.

Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру. Оқушы денсаулығын сақтау үшін қажет болған жағдайда сергіту сәттері ұсынылады. Интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі