400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неліктен еуропалық христиан-католиктер ислам мемлекетіне крест жорықтарын ұйымдастырды

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі-Крест жорықтары

Мектеп: « №27 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 5.11.18 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Гулзира


Сынып: 7

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сабақ тақырыбы:

Неліктен еуропалық христиан-католиктер ислам мемлекетіне крест жорықтарын ұйымдастырды


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


7.3.2.6.-картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Еуропа феодалдарының әскери жаулаушылық жорықтар жасағанын анықтайды

Оқушылардың басым бөлігі:

Тарихи картадан крест жорықтары бағыттарын көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Крест жорықтарының себеп-салдарын зерттейді.

Бағалау критерийлері

Бірінші, екінші, үшінші, төртінші крест жорықтарының себеп-салдары мен қорытындыларын анықтайды.

Крест жорықтары бағыттарын кескін картада белгілейді.

Крест жорықтарының тиімді және тиімсіз жақтарыны талқылайды.

Тілдік мақсат

Термин сөздер: крест жорығы, рыцарь,Рим папасы

Оқылым – жазылым: мәтінмен жұмыс.

Айтылым-тыңдалым: постер қорғау барысында ойларын баяндайды, өзгенің пікірін тыңдайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Крест жорықтары не үшін ұйымдастырылды?

2.Неге бірнеше рет крест жорықтары жүргізілді?

3.Қайсы крест жорығы крестшілердің анық мақсатын көрсетті.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» 6 құндылығы. Тарихтың, мәдениет пен көзқарастарына құрметпен қарау; қарым-қатынас жасау қабілеті; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыстар

География, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта және карта қолданылады

Алдыңғы білім

Дүниежүзі тарихы 5сынып.2А бөлімі

Сабақ барысы


Саралау





Сабақ барысында барлық оқушыларға жаңа тақрыпты меңгертуге арналған тапсырмалар беремін.

«Т» кестесі әдісі арқылы зияткерлік қабілеті жоғары оқушылар жорықтардың тиімді тиімсіз жақтарын зерттеп, пікірталасқа түседі.

«картамен жұмыс» әдісі арқылы орта деңгейдегі оқушылар крест жорықтары бағыттарын көрсетеді.





Бағалау

Бағалау критерийлеріне сәйкес жасалған тапсырмалардың дескрипторлары арқылы бағалап отырамын. Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Толық жауап бере алмаған оқушыларға жетелеу сұрақтарын қойып ынталандырып отырамын. Қосымша жауаптары үшін мадақтаулар мен ынталандыру жасаймын.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин





І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,зейіндерін сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру. 

Мазаика әдісі арқылы үш топқа бөлемін


Үй тапсырмасын сұрау. «Сақ құлақ» әдісі

Мақсаты:

Оқушылар параллел орналасып, бір-біріне өтілген тақырып бойынша түсінік айтып береді. Ортада бір оқушы әрі бері жүріп, басқалардың не айтқанын тыңдайды. Кейін сол оқушыдан не естігендігі сұралады.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар

Сабақтың ортасы (сабақтың негізгі бөлімі) 27мин

Мәтін алды жұмыс

«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.

Мақсаты: суретте берілген крест, рыцарь туралы не білетіндіктерін айтқызу.


Жаңа сабақ

2. Тапсырма.Топтық жұмыс. Оқулық мәтінімен жұмыс.

Мақсаты:Оқушылар жеке,жұптасып,топтасып талқылайды, постермен жұмыс жасайды.

1. Шіркеу не себепті Крест жорықтарының ұйымдастырушысы болды?

2. Неге крест жорықтары бірнеше рет өткізілді?

3. Крест жорықтарының салдарын анықтаңыз?

Дескрипторлар.

  1. Шіркеу қандай мақсатпен Крест жорықтарыны ұйымдастырғаныны анықтайды;

  2. 1-4 Крест жорықтарының айырмашылығын анықтайды;

  3. Крест жорықтарының себеп-салдарын

анықтайды.




3-тапсырма. Жұпта кескін картада жұмыс жасау.

Мақсаты:Оқушылар жорықтар бағыттарын көрсетеді.

  1. Кескін картада Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларын белгілейді;

  2. Кескін картада бірінші крест жорығының бағыты мен қорытындысын анықтайды;

  3. Кескін картада екінші крест жорығының бағыты мен қорытындысын анықтайды;

  4. Кескін картада үшінші крест жорығының бағыты мен қорытындысын анықтайды;

  5. Кескін картада төртінші крест жорығының бағыты мен қорытындысын анықтайды.

4.Тапсырма. «Т»кестесі әдісі.

Мақсаты:Оқушылар крест жорықтарының тиімді және тиімсіз жақтарыны талқылайды.

Дескриптор

  1. крест жорықтарының тиімді тимсіз жақтарын келтіреді

  2. крест жорықтарының тиімді және тиімсіз жақтарын бір-бірімен талқылайды

  3. крест жорықтарының тиімді және тиімсіз жақтарын деректерімен дәлелдейді.



Оқулық,флипчарт,стикер















карта





Сабақтың соңы

5мин





Кері байланыс. «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:


Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек

болса

Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес

Қызыл түс – сабақ мүлдем ұнамады



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?











Қорытынды бағамдау:


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені білдім?

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі,неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі