400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? Оқу мақсаты бойынша тапсырмалар . Мақсатым: ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

6- сынып. Дүниежүзі тарихы (Алматы, «Мектеп» баспасы,2018 жыл. Авторлары: Г.Кокебаева, Р.Мырзабекова Е.Картабаева )



Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?



6.3.2.6 картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау



Тапсырма 1 Суретпен жұмыс

Крестшілер атауының шығуы, крестшілер кімдер, қару-жарақтары



Тапсырма 2 Балық қаңқасы

Крест жорықтарының негізгі себептері мен салдары, нәтижесі. Мұғалімнің көмегімен тәсілге салынып, талданады











Тапсырма 3 Тұлғаны таны

Салах ад- дин кім? Крест жорығы кезіндегі жетістігі қандай?



Тапсырма 4 Картамен жұмыс

Картадан Иерусалим, Триполи, Эдесса, Каир, Антиохия қалаларын көрсет















Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1

Кресшілер дегеніміз - крест жорықтарына қатысқан европалық жауынгерлер. Олардың мақсаты байлық, атақ даңқ болды. Мақсаты: Мұсылман елдерін жаулап, Иерусалимді жаулап алу, қару-жарақтары: дулыға, сауыт, тізелік, аяқ киімі, қолғап, қалқан, қылыш



Тапсырма 2 Балық қаңқасы

Крест жорықтарының негізгі себептері мен салдары, нәтижесі. Мұғалімнің көмегімен тәсілге салынып, талданады

Басты оқиға-1095 ж.1292 ж. дейін европалық рыцарьлардың Шығыстағы мұсылман елдеріне қарсы басқыншылық-отаршылдық соғыстары.1096ж. сәуір айында Франция мен Германияның кедей шаруалары «киелі жерге» аттанды

Себебі-Рим папасы Шығыс жеріне де билік орнатқысы келді.

Салдары:

1-крест жорығы-1096-1099жж Нәтижесі: Эдесс графтығы, Антиохия князьдігі, Триполи графтығы, Иерусалим корольдігі

2-крест жорығы-1147-1149жж- толық сәтсіздік

3-крест жорығы-1189-1192ж-сәтсіз аяқталды

4-крест жорығы- 1202-1204жж-Константинопольға шабуыл жасап, 500мың халқы бар қаланы басып алып, Латын империясын құрады. 1261ж дейін өмір сүреді.

Нәтижесі: Батыс Европа елдерінің экономикасы , мәдениеті, саяси өмірінің дамуында маңызы зор болды. Шығыстың шаруашылықтағы жетістіктерін меңгерді.



Тапсырма 3 Тұлғаны таны

Салах ад- дин кім? Крест жорығы кезіндегі жетістігі қандай?

1138 ж туған. 1171ж Египеттегі билігі. Крестшілерді Тивериад маңында талқандайды.Ол қырғын жасамайды. Құн төлетеді.

Мұғалімге қосымша :

Салах әд-Дин Айюб әулетінің негізін қалаушы. Сирия сұлтанының Нұр әд-диннің әскер басыларының бірі - Айюб ибн Шадидың баласы. 1164, 1167, 1168 ж. Нұр әд-Диннің әскері қатарында Мысырды бағындырды және крест жорықтарына қарсы күресті. 1169 ж. Мысырдағы халифтің уәзірі болып тағайындалды. 1171 ж. Фатима әулетінен шыққан соңғы халиф Адид өлгеннен кейін, Египеттегі өкімет билігін басып алып, өзін сұлтан деп жариялады. 1174 ж. Нұр әд-Дин өлгеннен кейін, оның Сириядағы иеліктерін және оған шектес Ирак билеушілерінің ұсақ иеліктерін өзіне бағындырды. 1187 ж. С .әд-Д бастаған біріккен мұсылман әскерлері Хиттин түбінде кресшілерді талқандап, Иерусалимді алды.1189 жылдың қарсаңында Сирия мен Палестина кресшілерден толық азат етілді. С. Әд-Д. 3-крест жорықтары кезінде (1189-92) мұсылмандар әскерін басқарды. Ол кресшілерді күйрете талқандаған алғашқы мұсылман қолбасшысы болды. Осыдан кейін кресшілер Таяу Шығыстағы иеліктерінен біртіңдеп айырыла бастады. С.әд-Д-нің ішкі саясаты Мысырдағы жер иеліктерді бөліп беруге, медреселер салуға, алым-салықты азайтуға бағытталды. 



Тапсырма 4 Картамен жұмыс

Картадан Иерусалим, Триполи, Эдесса, Каир, Антиохия қалаларын көрсет

Shape5 Shape3 Shape1 Shape2 Shape4













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.10.2023
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі