жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Неліктен ll Александр патша "Халық еркі" ұйымының құрбаны болды
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ХІХ ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық – саяси ойдың дамуы |
Мектеп: “Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Мысырбекова Ж.М. |
|||
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
7.2.3.1. – Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; |
|||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың барлығы: Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың пайда болу себептерін біледі, түсінеді (білу –түсіну) Оқушылардың басым бөлігі: Либералдық, халықшылдық қозғалысын сипаттайды (қолдану – сипаттау) Кейбір оқушылар: Жасырын ұйымының мақсатын талдайды, саралайды (саралау) |
|||
Бағалау критерийлері |
- Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың пайда болу себептерін біледі - Либералдық, халықшылдық қозғалысын түсінеді - Жасырын ұйымның мақсатын сипаттай алады |
|||
Тілдік мақсаттар
|
1. Тақырыпқа байланысты тарихи оқиғаларды мәдени сөздерді қолдану арқылы,сауатты баяндау, ой қорыту; 2. Халықшылдық, либерализм, бунтар, насихаттік, қастандық, сияқты термин сөздерді дұрыс қолданады, мағынасын ашады. |
|||
Құндықылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы оқушылардың бойына патриоттық, сезім, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы жоғары бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттерді дәріптеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақстан тарихы, география. |
|||
Бастапқы білім
|
Ресей туралы оқушыларда жалпы білім қалыптасқан. Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың пайда болу себептерін оқу барысында анықтап, білімдерін толықтырады. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 8 минут Психологиялық ахуал қалыптасты-ру: Ой шоғырлан-дыру тренингі. 2 минут
Топтастыру 2 минут
2 минут
2 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастырады, зейінін шоғырландырады: Шаттық шеңбері «Гүлмен тілек» әдісі (Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.)
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. ҚБ – ынталандыру, ЖАДА.
1-топ: Шаруа; 2-топ: Ұйым; 3-топ: Ревалюция;
Сабақтың тақырыбын ашу: Сұрақ қоямын: 1.Балалар топ атауына анықтама беріп көріңіздер? 2.Топтарыңның аты неге бұлай аталған? Қалай ойлайсыңдар? ҚБ – ынталандыру, мадақтау
«Автопортрет» әдісі. Интербелсенді тақтадан ІІ Александр патшаның портреті көрсетіледі.
Сұрақ қоямын: 1. Автопортретте кім бейнеленген? 2. ІІ Александр патша туралы не білеміз? Оқушылардан қойылған сұраққа жауап беріулерін сұраймын.
Тиімділігі. 1.Алғашқы білім мен дәйектеу дағдылары қалыптасады, өз ойын еркін жеткізуге талпынып, сабаққа қызығушылықтары артады; 2. Сабақтың тақырыбын ашады. Қ.Б. Смайлик(топтарында көп дауыс жинаған балалар өз тобының топ басшысы болады)
|
Топтардың аты жазылған гулдер
Интербелсенді тақта, Стикер,
АКТ
|
||
Сабақтың ортасы 20 минут 6 минут
4 минут
7 минут
3 минут |
1 – Тапсырма Мәтінмен жұмыс «Қос жазба күнделігі» стратегиясы Бұл жерде берілген мәтінмен жұмыс жасау.Оқушы дәптерінің ортасынан вертикаль сызық сызып, бір жағына пікірін,нені түсінгенін,себеп-салдарын жазса, екінші жағына әсер еткен тұстарын жазады. Оқушылар дәптерлеріне жазылғандарын топпен талқылайды, қорғайды. Тиімділігі: 1.Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. 2.Өз ойын, пікірін ашық айтуға дағдыланады.
Қ.Б. «Жылы лебіз» арқылы бірін-бірі бағалау
2 – Тапсырма «Лездеме!» әдісі. (Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаймын және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке саламын. Конвертті 3-топқа таратып 4 минут уақыт беремін: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
Тиімділігі: 1. Сұрақтар арқылы мағынасын ашады; 2.Тапсырма оқушыларға пікір, болжамдар жасауға мүмкіндік береді; 3. Оқушылардың терең, әрі дәйекті жауап қайтаруына уәж туады. Қ.Б. 1.Бас бармақ арқылы бірін-бірі бағалайды;
3 – Тапсырма Топтық жұмыс 1-топ: Қоғамдық-саяси ағымдардың пайда болу туралы постер қорғау; 2-топ: Либералды, халықшылдық қозғалыстарына ВЕНН диаграммасын жасау; 3-топ: Жасырын ұйымдардың мақсатын схема түрінде көрсету
Берілген тапсырмалары бойынша әр топ өздері ортаға шығып қорғайды.
Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Дескриптор 1.Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың қалай пайда болғандығы туралы айта алады - Либералдық, халықшылдық қозғалысын түсіндіре алады - Жасырын ұйымның мақсатын анықтайды
Сергіту Психологиялық тренинг: «Сәлемдесу» ойыны арқылы жақсы көңіл-күй беру негізінде сергіту
|
Үлестірмелер, Оқушы құралдары
Конверт, қима сұрақтар
Флипчарт, стикер, маркер, үлестірме материалдар, А 4 қағазы
|
||
Сабақтың соңы 12 минут 7 мин.
2 мин.
3 мин.
|
4 – Тапсырма «Эйлер шеңбері» әдісі А-4 параққа, шағын постерге шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. - Не? - Қалай? - Неге? - Нәтиже? деген мәселер бойынша идеялар сараланады. Жалпы тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау.Идеялар жинақталып, сараланады.
1. Сабақ сараланып, қорытындыланады. 2. Өздерін-өздері бағалайды. ҚБ жүргізу арқылы оқушы жұмыстарын салыстыру мен оқушылардың жұмыстарын бағалау
Үйге тапсырма: Тарихи дерек көздерімен жұмыс, ессе жазу
Кері байланыс: «Жеміс себеті»
|
А4 қағазы, маркер
Жеміс себеті, түрлі-түсті стикер |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген