400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған оқу бағдарламасы туралы толық түсінік берілген. Мақаланы оқып қосымша мәлімет ала алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет?


Балалық балдәурен кезімнен ұстаз мамандығын қалағаныма енді еш өкінбеспін. Иә, міне қиыны мен қызығы мол осы мамандықтың жетегінде

Павлодар қаласындағы №17 ЖОББСОБМ бастауыш сынып мұғалімі болып, 23 жыл алдыма келген шәкірттерді білім нәрімен сусындатып келемін.

Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілі-

гін арттыру курсында Астана қаласында тренерлік оқудан өттім.

Мақсатым – бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс істеуді өзім ғана игеріп қоймай, әріптестеріме де үйрету.

Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласы филиалы базасында 2016-2017 оқу жылының 30 мамыр мен 12 тамыз аралығында 685 педагог курстан өтті. Оның ішінде 160 бастауыш сынып мұғалімі, 164 қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, 95 ағылшын тілі мұғалімі, 201 өнер пәнінің мұғалімі, 65 денешынықтыру пәнінің мұғалімдері болды.

Курс аясында педагогтер оқыту мен оқудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критериалдық бағалау жүйесімен танысты

Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мына мәселелерді қамтыды:

  • пәнаралық ықпалдастық;

  • оқытудан күтілетін нәтижелер;

  • үздіксіз оқу;

  • қызметтік тәсіл;

  • минимакс ұстанымы;

  • саралап оқыту;

  • оқу жетістіктерін бағалау жүйесі;

  • үштілдік оқыту;

  • шығармашылықты дамыту;

  • психологиялық жайлылық.

Мектептегі курс барысында әріптестерім білім беру мазмұнындағы өзгерістерді қуана қолдап, үйренуге белсене кірісті. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі ғана ұшталып қоймай, олардың білім беруге деген көзқарастарының өзгергенін байқадым. Жаңа оқу жылында курстан алған білімдерін іс-тәжірибесінде қолданатынына сенімдімін. Себебі бағдарлама мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін дағдыларды

қалыптастыратынына көз жеткізді. Әрине, алғашқы күндері мұғалімдер біраз қиналды. Бірақ барлығы қызығушылықпен, ынта-жігерлерімен бірлесе оты-

рып, жұмыс атқаруының нәтижесінде әріптестерімнің бәрі сынақтан ойдағыдай өтті. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бір қалан!», – деп

ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық өмір жолымда әріп- тестеріме аз болса да өз білгеніммен бөлісіп, қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны

бойынша тренер ретінде дәріс бергеніме өз басым риза болдым.

Жалпы ұстаздар қауымы бүгінгі күн талабына сай болу үшін көштен қалмауымыз керек. Сонда ғана болашақ ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие береріміз хақ. Ол біздің ең негізгі міндетіміз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, мұғалімдер әрқашан жаңалық

жаршысы болуы керек.

Бұдан басқа, бастауыш мектептің әртүрлі пәндері бойынша оқу бағдарламаларында «ортақ тақырыптар» мәнмәтінінде оқытуды

ұйымдастыру көзделген. Бұл әртүрлі пәндік салалар мен тақырыптар білімін кіріктіруге мүмкіндік береді. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларының мазмұны нақты өмірмен, практикалық бағыттылықпен тығыз байланысты, байқаушылық, қызығушылық, ақпаратпен жұмыс істей білу және өзінің көзқарасын білдіре алу сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Демек, бастауыш мектепте оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру басталады.

Бүгін білім беру саласы өскелең ұрпақтың бойында біліммен қатар өмірге, қоршаған дүниеге, өз-өзіне деген рационалды, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын басты құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Біздің міндет – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасау. Қоғамдағы әрбір жаңашыл бастаманы жүргізу, қай заманда болмасын, ең алдымен ұстазға жүктеледі

Бүгінгі бала – ертеңгі бола шағымыз деп айтып жатамыз. Бүгінгідей 21 ғасырдың бәсекелестік жайлаған жағдайында табысты болу үшін, адам еңбек

нарығында өз орнын таба алатын дәрежеге жетуі тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту– бүгінгі заман талабы. Қазіргі кезде мұны қоғамның барлық саналы мүшесі түсінеді. Жалпы білім беретін мектептерде

орта білім мазмұнын жаңарту аясында және соны мектептерге енгізу бойынша қарқынды жұмыс басталып кетті. Облыс, аудан және қала

мектептерінің төртінші сынып мұғалімдері орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Осы курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасын теориялық тұрғыдан меңгеріп қана қоймай, өз тәжірибесінде тиімді қолдануды да меңгере түсті.

Жаңартылған мазмұн мен 5 күндік оқу аптасына көшу кестесіне келіп тоқталсақ:

2016жылы, 1 қыркүйекте – 1 сыныптар бастаса ;

2017 жылы 1 қыркүйекте . – 1, 2, 5, 7 сыныптар бастады.

Ендігі мәселе төртінші сынып оқушылары бесінші сыныпта жаңартылған оқу бағдарламасына қаншалықты дайын? деген сауал туындайтыны анық. Менің ойымша жаңартылған бағдарламаға аяқ басуға дайын.Себебі қазір оқушылар топпен де, жұппен де,жеке де жұмыс жасап, өзін және топты ұпаймен бағалай алады. Сабақ үстінде тақырыпқа байланысты қолжетімді ресурстар да жасай алады.Қазір ұстаздар төртінші сынпты бағдарламаны қабылдауға икемдеп жатыр.

Қорыта келгенде елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүиесіне де жаңа мақсат, жаңа міндеттер алып келді. Дегенмен, оқушыларды қалай оқыту керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін ұстау, өзінің дәлелі, уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді пікір-көз қарастары жүйелі дамыған оқушы ретінде қалыптастыру мен тәрбиелеу - заманның талабы.





Павлодар қаласының №17 ЖОББСОБМ

бастауыш сынып мұғалімі: Жазкей Сайрагул

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі