400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Несие жүйесі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 8 сыныпқа экономика пәніне құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы










«Несие жүйесі»

8 сынып









Экономика пәні мұғалімі: Тлегенов Е.У.











Орал қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Қаржы - несие ұғымы». 8 сынып.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға қаржы-несие мәнін ұғындыра отырып, несие жүйесіне кеңірек тоқталу, оның негізгі ерекшеліктерін түсіндіру. Несие жүйесінің негізгі элементтерін, түрлерін баяндау.

Дамытушылық мақсаты: Қаржы - несие қатынастары туралы ұғымдарды саналарына сіңірту, экономикалық білімділіктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Нарық заңдылықтарына бейімдеу, ұқыптылыққа, іскерлік қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: түрлендірілген сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, тест әдісі, дилемма шешу, баяндау, кестемен жұмыс, «Банктер», «Білім биржасы», «Кім шапшаң?» ойыны.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта


Негізгі ұғымдар: орталық банк, коммерциялық банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық компания, зейнетақы қоры, инвестициялық банк.


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды топқа бөлу. Топ менеджерлерін сайлау. Әр топ өздерін таныстырады.

І топ – «Халық банкі»

ІІ топ – «БТА банкі»

ІІІ топ – «Альянс банкі»


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1) Тест жұмысы


1. "Creditium" латын тілінен аударғанда:

а) банк б) қарыз в) банкрот

2. Қарыз беруші қалай аталады?

а) кредитор б) дебитор в) заемщик

3. Ипотекалық несие алғанда қандай тауарды кепілге салуға болады?

а) жылжымайтын мүлік б) автомобиль в) жиһаз

4. Мемлекеттік несиеде қарызды беруші кімдер?

а) халық, заңды ұйымдар б) мемлекет және оның органдары в) президент

5. Депозит дегеніміз не?

а) банктен қарыз алу б) банкке салым салу в) банкке ақшаны пайызбен қайтару

6. Көліктерді, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құралдарды пайдалануға жалға беру қандай несие болып табылады?

а) тұтынушы несиесі б) халықаралық несие в) лизингтік несие

7. Ақшаны банкіден сақтаудан түскен пайданы қалай атайды?

а) девидент б) марка в) маклер

8. Орта ғасырдағы банк қызметін дамытқан қай ел?

а) Испания б) Франция в) Италия

9. Ежелгі қағаз ақшалар қай елде пайда болды?

а) Үндістан б) Византия в) Қытай


2. Дилемма шешу.

1-жағдаят:

Нафиса мен Нұрсәуленің әке-шешесі белгілі мақсатқа банкіден несие алмақшы. Нафисаның әкесі-шешесі пәтер алу үшін, Нұрсәуленің әке-шешесі жеке фирма ашу үшін нсие алуды жоспарлап, банкіден несие алуға келеді. Банкіден ипотекалық несие, инновациялық несие, инвестициялық несие бөлімдері қызмет етеді. Осы жағдайда оларға банкінің қай бөлімі қызмет көрсетеді?

  1. Нафисаның әке-шешесі пәтер алу үшін .................................

  2. Нұрсәуленің әке-шешесі пәтер алу үшін ...............................


2-жағдаят:

1) Банк кепілдікке не талап етеді?

2) Түнде жұмыс жасайтын дүкендердің бағасы күндізгі жұмыс істейтін дүкендерге қарағанда не себептен жоғары екенін айтыңыздар?


3-жағдаят:

Сізге мынадай екі жағдайды ескере отырып, мәміле жасауды ұсынады:

а) Сіз банкіге ақша саласыз, банк осы ақшаңызды әр ай сайын 2 есеге арттырады. Бірінші айдың соңында олар 2 есеге көбейеді, екінші айдың соңында 4 есеге және одан да көбейе береді.

б) Банк сіздің ақшаңызды 2 есеге көбейткен сайынғ сіз банкіге ай сайын 2400 теңге төлейсіз. Осы мәміле сізге тиімді ме? Тиімді болса, неліктен?


3. «Кім шапшаң?» ойыны

Ұяшықтарды таңдау арқылы берілген мемлекеттің туы мен ұлттық валютасын атау керек. Мысалы: Қазақстан – теңге, Германия – марка, Қытай – юань, АҚШ – доллар, Түркия – лира, Ұлыбритания – фунт-стерлинг.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Нарықтық экономикадағы несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқаратынын баяндау және оның қазіргі жағдайдағы банктік қатынастармен түсіндіру.

Уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырады

Халықтың ақшалай есеп айырысулары

Халықтың төлемдері



DrawObject2 DrawObject1

DrawObject3 DrawObject4



DrawObject6 DrawObject5

Халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады

Кеңес беру


DrawObject7

Инвестициялық



Несие жүйесінің маңызы мына көрсеткіштерімен сипатталады:

  • несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі;

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айнымалы капиталын қалыптастыруға банктеші қарыздарының үлесі;

  • жалпы төлем айналымы.


Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілер үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелерінің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.

Қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементі бар.


DrawObject8

Орталық банк – мемлекеттік банк жүйесіндегі бірінші деңгейдегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттері – коммерциялық банкілер мен басқа несие мекемелері.

Коммерциялық банкілер – банк жүйесіндегі екінші деңгейдегі несие мекемелері, олар кез-келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Оның негізгі қызметі – кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Мамандандырылған қаржы институттары – сақтандыру компаниялары, жинақтық, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар т.б.

Сақтандыру компаниялары - сақтандыру полистерін сату арқылы қаражат жинайды. Олардың пассиві сақтандыру жарналары мен актив операцияларынан түскен табыстан құралады. Сонымен бірге ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшін кепілдікке жұмсалуы мүмкін. Сақтандыру компаниялары екі үлкен топқа бөлінеді:

Сақтандыру компаниялары



DrawObject9 DrawObject10

Халықты өлімнен, аурудан сақтандыру

Мүлікті кездейсоқ жағдайлардан (өрт, ұрлық, стихиялы құбылыстардан т.б.) сақтандыру






Зейнетақы қорлары – жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген жасқа толғанда зейнетақы төлеу үшін жалақысының бір бөлігінен, яғни қорларға төлеген жарнасынан құрылады.

(Оқушыларға Қазақстандағы жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесіндегі мемлекеттік қордың құрылуын баяндау, одан бөлініп шыққан 15 жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары бар.)

Инвестициялық компаниялар - өздерінің шығарған акцияларын сатып, оны бағалы қағаздар сатып алуға жұмсайды. Инвестициялық компаниялар ашық типті және жабық типті болып бөлінеді. Ашық типті компаниялар – акция ұстаушының талабы бойынша акцияларды кері сатып алуға міндеттенеді, ал жабық типті компаниялар ондай құқықты бермейді. Қазіргі кезде мұндай компаниялардың бірнеше түрі кең тараған.


«Банктер ойыны»


Банк атауы

5-12%

8-16%

« Халық банкі»






« БТА» банкі





« Альянс» банкі






1-жағдаят:

Елімізде халықтың орташа табысы 100-120 мың теңге, осындай күнкөріс шамасындағы халық банкке депозит (салым) ақша салса, біздің банк клиенттерді көбірек тарту мақсатында қандай пайыз мөлшерлемесін (ставка) белгілер еді? (Ескерту: депозиттік мөлшерлеме 5-12%)


2-жағдаят:

Халықтың орташа табысы айына 50-70 мың теңге болған жағдайда, сіздер (8-16% мөлшерінде) несиені қандай пайыз мөлшерінде белгілер едіңіздер?


ІV. Қорытынды.

Қорыта айтқанда, мамандандырылған несие – қаржы институттары – кез-келген мемлекеттің несие жүйесінің құрамдас бөлігі.

/Қаржы-несие қатынастарының дамуы, елдің дамуымен сәйкес екенін баяндау/.


V. Бекіту кезеңі.


«Білім биржасы» ойыны

Ойын шарты: Тақтадағы қызыл, көк, жасыл ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру, өз тобына ұпай жинау. /Ескерту: қызыл акция сұрағы өте күрделі, сондықтан 20 ұпай, көк акция сұрағы орташа, 10 ұпай, жасыл акция сұрағы жеңіл, 5 ұпай/.

Сұрақтары:

  • Инвестициялық компаниялар қызметі қандай?

  • Сақтандыру дегеніміз не?

  • Орталық банк және оның атқаратын қызметтері қандай ?

  • Зейнетақы қоры дегеніміз не?

  • Қазақстандағы коммерциялық банктерді атаңыз?

  • Неліктен депозиттің пайыздық ставкасы аз болады?

  • Несие дегеніміз не?

  • Несие түрлерін атаңыз?


Венн диаграммасы: Несиенің артықшылығы мен кемшілігін жазу.

DrawObject11












VI. Үйге тапсырма:

«Біздің қоғамға несие керек пе?» эссе жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі