400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Несіпбек Айтов. Оқулық.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Несіпбек Айтов. Оқулық.

Мұғалім:Жумаканова Сауле Абдикеримовна

Талдықорған қаласы

№25 орта мектеп


СЫНЫП: 2 Ғ


Қатысқан оқушылар саны: 25


Қатыспаған оқушылар саны:0

Бөлім

Менің мектебім

№31 сабақтың тақырыбы

Менің оқулықтарым

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.1.5.1- өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен

мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.3.1 -шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма,

аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Күтілетін нәтиже:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: оқушылардың бәрі өлеңді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады

Оқушылардың көпшілігі:тақырыпты болжайды,өз ойы мен сеезімін білдіреді,оқулықтары туралы ақпарат береді,ойын жеткізеді.

Оқушылардың кейбіреуі: ақын ойын жалғастырады

Өткен сабақтардан алған білім

Менің сыныптастарым

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың жоспары

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Үй жұмысын сұрау.

Мәнерлеп оқу

Ой сергек. Балалар мына суреттерге жақсылап қараңдар.

“Не артық?

” Неге артық? \өз ойларын жинақтап ,топпен ақылдасу\

Жауап : 3 оқулық,1 балаларға арналған әдеби кітап

Математика

Өзін –өзі тану

М узыка

М енің атым -Қожа


Сыныпты қалыпқа келтіру







Мозайка құрастыру

Сабақтың ортасы

10 минут



































































10 минут




















3 минут



7 минут






3 минут

Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Тақырыпты болжау

-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып,жетістік критерийін анықтау.

Нақыл сөзді түсіндір

Кітап –білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

Оқылым

Автор жайлы әңгімеле

«Жариялау» әдісі

( Әрбір оқушы берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)


1-оқушы: Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс

Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына

қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде

дүниеге келген.

2-оқушы: 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті

бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас

ауылында бітірген.

3-оқушы: Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде

бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің

журналистика факультетін бітірген.

4-оқушы: Балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда»,

«Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный

сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары,

«Ескендір қорғаны» (Ә.Науан), «Игорь жорығы туралы

жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан.

5-оқушы: Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және

Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты.

«Парасат» орденінің иегері.

\Оқушылар мәліметін тыңдап болған соң сергіту сәті ұйымдастырылды.\

Музыка ырғағымен билеу

Айтылым

СД диск тыңдау. Өлеңді түсініп оқы және жаттап ал. Оқулық.Несіпбек Айтов

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.



Топтық жұмыс

Тапсырма

Оқулықтан тірек сөздерді пайдалана отырып,тапсырманы орындайды.

1-топ

“Әдебиеттік оқу”оқулығының авторы...

Ол ”...” баспасынан шыққан.

Оқулықтың редакторы...

Суретшісі ...

2-топ

“Математика ”оқулығының авторы...

Ол ”...” баспасынан шыққан.

Оқулықтың редакторы...

Суретшісі ...

3-топ

“Қазақ тілі ”оқулығының авторы...

Ол ”...” баспасынан шыққан.

Оқулықтың редакторы...

Суретшісі ...


Жетістік критерийі:

О қулық туралы дұрыс ақпарат бере алуы

-Оқулықтағы мәліметтерді пайдалана ал

Бағалау

ЖК бойынша бағалау


Тапсырма

Жағдаяттан шығып көр. Рөлмен ойна.

1.Жыртылған қазақ тілі мен оқушы

2.Жыртылған математика мен оқушы

3.Жыртылған әдебиеттік оқу мен оқушы


Жұптық жұмыс

Тапсырма

Өлең жолдарындағы тірек сөздерді пайдаланып,ақын ойын жалғастырып,өз ойың мен сезіміңді білдір.

Жетістік критерийі.

-тірек сөздерді пайдалана алуы

-жауабының дұрыс болуы

-тірек сөздер бойынша өз ойы мен сезімін білдіруі

Өлең жолдары

Олар кімдер?

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.


Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


Бағалау

Кез-келген оқушы ЖК бойынша бағалайды





Интербелсенді тақта

















Жазушының суреті






















Сергіту сәті


СД диск тыңдау




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


































Рөлдік ойын.

Сабақтың соңы

2 минут



Үйге:

Үйде өзіңе ұнайтын басқа қандай оқулықтар бар?

Солар жайлы қызықты деректер жинап келіңіз.



Кері байланыс «Бір «+», бір «–»

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.








Оқушы мен мұғалім кері байланысы.

Үйге тапсырма: көркем оқу.

Саралау

Деңгейлік тапсырмалар арқылы әр баланың мүмкіндігі анықталып отырды.

Бағалау

От шашу

Басбармақ арқылы

Пəнаралық байланыс

Қазақ тілі

Рефлексия

Смайлик арқылы бағалады.

Қорытынды бағамдау

Рефлексивті есеп

Жалпы сыныпта 26 оқушы ,оның 13-қыз,13-ұл. Сабақ барысында өз ойы мен сезімін

тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу,шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз

сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез

құлқы мен іс-әрекетін бағалай білулерін алдыма мақсат етіп, сол мақсатыма жету жолымда түрлі ресурстарды пайдаландым. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 7-8 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың ортасынан ойып орын алу үшін маңызды болып табылды. Сабағымды әдеттегідей психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Сабақтың тақырыбын ашпас бұрын Не артық? деген сұрақ орайында ортаға өз ойларын салып, талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалады. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады, өзара қолдаушы болып, қате жауаптары үшін қорықпай, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектесе білді. Содан соң өзара топтар бір-бірінің таныстырылымдарын арқылы бағалап, қолдау, мадақтау айтып бақылау дағдылары артты. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім. Бұл оқушылардың дәлелдерінің деңгейі мен маңыздылығын, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды жұмсалуын мойындап, қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін. 
Ізденушілік жұмыс ретінде сыныптағы белсенді 5 оқушыға автор туралы алдын-ала мәлімет жинақтап оны сыныпқа таныстыруды тапсырдым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе, сергіту сәтін ұйымдастырдым. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін
«Бір «+», бір «–» яғни, сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айтып үйренуге талпындырдым..

Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.
Сабақтың өн бойында тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық негізінде дамуларын қолдап отырдым. "Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді" дегендей қашанда күдіктене білетін, соның нәтижесінде тоңмойындыққа салынбай, діттегеніне жете білетін білімді ұрпақты сусындататын біз, ұстаздар, болғандықтан аянбай еңбек ету бүгінгі күннің, заманауилықтың талабы болып отыр. Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
1141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі