Н.И. Лобачевский ұлы геометр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н.И. Лобачевский ұлы геометр

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту ,пәнге қызығушылығын арттыру ,ғылымның сырын ұғуға икемдеу мақсатында жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.И.Лобачевский ұлы геометр

(тәрбие сағаты )

Тәрбие сағатының мақсаты: Математика пәні бойыншы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту,теориялық білімін тереңдету,практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру,осы пәнге қызығушылығын арттыру,бұл ғылымның сырын ұғуға икемдеу мақсатында жүргізу

1.Н.И.Лобачевскийдің портреті.

2.Плакаттар: а)Слайдтар

ә)Геометриядағы поэзиядан кем түспейтін шабыт керек,Әл-Фараби,

б)Геометрия дегеніміз қате чертежді пайдаланып,дұрыс қорытынды жасай білу өнері,Д.Пойа

в)Дене дегеннің ұзындығы,ені және тереңдігі бар.Евклид.

3.Ребус

4.Лабиринт

5.Софизм үшін сіріңке шырпылары

6.Сөзжұмбақтар.

Кеш мына жоспар бойынша жүргізіледі:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

а)Н.И.Лобачевскийдің өмірі мен қызметі

ә) Н.И.Лобачевскийдің ұстаздары

б)Лобачевскийдің жаңалығы.

ІІІ Қызықты бөлім

а)«Танграм» ойыны

ә)Софизм

б)Лабиринтті шешу

в)Ребус шешу

г)Логикалық есептер мен жұмбақтарды шешу

ІV Қорытынды

1-оқушы

Талантымен тарихта аты қалған,

Евклид параллелін етіп жалған,

Лобачевскийді әлемде кім білмейді

Он сегізде ғалам деп атақ алған.

2-оқушы

Архимед,Пифагор,Лагранж,

Барлығы Евклидтен шыққан кейін

Евклид ілімінен қате таппай

Бас иіп өткен еді бұған дейін.

3- оқушы

Ақыл ойы жарасып білім қонған,

Жастарға ең сүйікті ұстаз болған

Жаңа геометрия жолына негіз салып,

Білім алып жұлдызға қолын созған.

4-оқушы

Николай Иванович Лобачевский 1792жылы,ескіше 26 қарашада Еділ өзенінің бойында,бұрынғы Нижний Новгород қаласында,почта тасушы қарапайым қызметкер Иван Максимович Лобачевскийдің семьясында дүниеге келеді.Оның анасы Просковья Александровна шала сауатты еді.1797жылы 24 жасар Просковья күйеуі өліп,шеттей үш ұлымен жесір қалады.Болашақ математик Н.Лобачевский балалық шағы мұқтаждықта өтті.Тек ана мейірімі арқасында олардың оқуға қолы жетті.

5-оқушы

1802 ж 17 қарашада 11 жасар Александр, 9 жасар Николай, 7 жасар Алексей қазына күшімен оқытатын гимназияға орналастырылды. Николай бәрінен зерек еді. Гимназия мұғалімдері мәдениетті алдыңғы қатарлы адамдар болды. Әсіресе математикадан сабақ берген Каратачевскии Лобачевский үлкен әсер еткен, математикаға деген сүйіспеншілігін оятты. Лобачевскийді гимназияда оқытып, тәрбиеленген, одан үміткер мұғалімдер оның университетке түсуін тіледі.Ол үшін арнайы есептер, тапсырмалар беріп, өз бетімен шығарып, дәлелдеуге жаттықтырған.

6-оқушы

Қазан гимназиясы Лобачевский өмірімен шешуші кезеңіне айналды. 1807 ж ол гимназияны озат бітіріп, университетке түседі. Есеп өнерімен 15-16 жастан бастап шұғылдан. Математиканы талантына еншіленген жас Лобачевский уневерситет прогромасымен қоса Евклит еңбектерін зерттеп, оның әлсіз жерлерін сынады. Ол оқыған Қазан уневерситететіне Германия, Франциядан шақырылған професорлар ішінде аса дарынды математиктер бола қоймады. Олардың көбін жас математик кешікпей басып озып, математиканың негізгі маселелерін бірден түсіне бастайды.

7-оқушы

Уневерситетті бітірісімен ол кофедраға қызыметке қалдырылды. 1811 ж 18 жасында магистр атағын алып, уневуерситеттегі белгілі оқушылар қатарына қосылды. Жас матетаматиктің атағы қауымға тез тарай бастады. 3 ж соң 1814 ж Лобачевский доцент деген атавққа ие болды. Осы жылдардан бастап, лекциялар оқып, ғылыми зерттеу жұмысына жетілген, толысқан маман ретінде кіріседі. Ол шетел тілдерін жетік білген, әсіресе Франсиз тілін жетік меңгерген. Ғылымның асқар шыңына өрлеген Лобачевский 24 жасында професор атағын алады.

8-оқушы

1827ж Лобачевский Қазан университетінің ректоры болып сайланды.5 рет сайланып,20 жылдай ректорлық қызметін атқарды.Ол Қазан университетінің беделін Европадағы атақты университеттер қатарына көтерді.Жастарды университеттерде оқыту, оларды тәрбиелеу жөнінде бірталай құнды пікірлер айтып,оқу программаларын өз қолымен жасаған ғалым.Оның педогогикалық көзқарастарын біздің заманымызда өз маңызын жоғалтқан жоқ.

9-оқушы

Тәлім-тәрбие ісінде Лобачевскийдің тамаша сөздері педогогикалық асыл ойдың үлгіс болып табылады:«Өмір сүру дегеніміз-сезу,өмір рахатын көру,тіршіліктің нышаны-жаңалықты әрдайым сезініп отыру,өзінің мәнін жойғанша өмірді бағалай білу.Тарихтың өнегелі дәстүрлері,ар-намыс жөніндегі ақиқат ұғым жас шағымыздан бойымызға сіңген,өзімізге күш қуат беретін болсынажалдың жан түршіктіретін әрекетін жеңіп,өмірдің мерейіне жетейік.»

10-оқушы

Ұлы жаңалықтар тарихы әрқашан болашақ ұрпаққа үлгі өнеге ретінде сақталады.Мұндай ұлы жаңалықтардың бірі Н.И.Лобачевскийдің евклидтік емес геометриясы.Жас профессор 1826ж 24 ақпандағылыми жаңалығын баяндама түрінде Қазан университетінің физика-математика факультетіне тапсырды.Баяндаманың тексі сақталмаған,бірақ автордың сөзі мен оның негізгі мазмұны «Геометрияның бастамалары» деген атпен 1829ж мақала түрінде жарияланған.

11-оқушыЛобачевский жаңалығының мәні өткен ғасырдың екінші жартысында математиктер мен физиктерге түгелдей белгілі болған соң,оны ғалымдар «Геометриядағы Коперник»деп атады.Қазақ университетінде лекция оқыған 1816-1823ж өзінде-ақ Евклид теоремеларын ең ұтымды әдістермен дәлелдеп,параллель түзулер теориясын негіздей бастады.Н.Иванович өз геометриясын болжап геометриясын, соңынан паниметрия деп атады.

12-оқушы

Егер П=d болса, онда Евклид аксиомасы орындалады да,дәстүрлі геометрияның барлық сөйлемдері дұрыс болады.П< d болса, онда мүлдем басқаша қортынды-Лобачевский болжау геометриясы шығады.Болжаугеометрияның көптеген түрлері мүлде қарама-қарсы келеді.Бұл қарама-қайшылықты логикалық түрде қабылдау үшін Лобачевскийге аса үлкен ой,темір логиканың күшімен өз геометриясын геперболалықсалулардың көмегімен барынша онан әрі дамытты.Теңсіздігі,яғни Лобачевский геометриясы бойынша кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы екі тік бұрыштан кіші болатынын көрсетеді.

13- оқушы

Н.И.Лобачевский математиканың әр түрлі салаларында еңбек етіп,оларға бірталай жаңалықенгізді.Көптеген пәндерден сабақ берді,математикадан функция ұғымын тереңдетті,сан қатарларыныңжинақтылық белгісінтағайындады,тригонометриялыққатарлар теориясын кемелдендіреді,голима функциясын зерттеді. Лобачевскийдің«алгебрасы» жоғары алгебраның сол кездегі ең жақсы оқулықтардың бірі болды.Бұл кітапта жоғары дәрежелі алгебралықтеңдеуді жуық түрде шешу тәсілі де бар.ықтималдықтар теориясынан Лобачевский екі мақала жазып қалдырды.Алайда Лобачевскийдің ғалымдар тарихындағы өшпес еңбегі-геперболалық геометрия.

14-оқушы

Лобачевскийден кейінгі геометрия 1854ж Б.Риман Гермениядағы Геттинген университетінің профессоры атағын алу үшін «Германияға негіз болатын гипотезалар» деген еңбегін жариялады.Риман геометрияны құру жөнінде жаңа идеялар ұсынды.Риман геометриясының жаңа прицектерін ашты.

15-оқушы

Лобачевский геометриясының аксиомалары Евклид геометриясының байланыс рет, конгуренттік, үздіксіздік, аксиомалары мен Лобачевский аксиомаларынан құралады.

Аксиома Берілген а түзуінен тысқары жатқан А нүктесі арқылы а түзуімен анықталатын жазықта сол а түзуімен қиылысатын кем дегенде екі түзу жүргізуге болады.Сөйтіп Евклид және Лобачевский геометриясында абсолюттік геометрия ортақ болды.Бұл геометрияларда параллельдік аксиомалары әр түрлі .Негізгі бөлім осымен аяқталады да қызықты бөлім басталады.

1.«Алтын балық» ойыны ойналады.Сұрақтар мынадай:

1)1,5,10,100 500,1000сандарын римша жазып көрсет(Жауабы:І,V,X,L,C,D,М)

2) Н.И.Лобачевский қай жылы,қай жерде туған?

3) Н.И.Лобачевский қай жылдары гимназияда оқыды?

4)Университетте қай жылдары оқыды?

5) Н.И.Лобачевский неше жасында профессор атағын алды?

6)Қазан университетінде қай жылы ректор болып сайланды,неше жыл ректор қызметін атқарда?

7) Н.И.Лобачевский математикаға негізгі қызығушылығы атқан,негізгі ұстазы кім болды?

8)Қандай ғылымдар геометриясын білесің,мектеп курснда қандай геометрия оқылады?

9)Қандай таңбалар геометриялық фигураларды кішірейтуден шыққан?

2.Софизмдер сұрағы немесе шарты; екі шырпыны қозғалту арқылы тура теңдік шығару керек.

Х=X-II (жауабы.X-IX=I)

XXV=XXI+XI (жауабы.?)

3.Лотерея билеттерін ойнату.50 лотереядан 20 ұтыс дайындадық.Ұтысқа оқу құралдар-жабдықтары берілді.

4Shape3 Shape2 Shape1 .Лабиринт ойналды. Геометриялық фигуралар атты лабиринт қандай геометриялық фигуралар бар?





Shape7 Shape6 Shape5 Shape4



Shape8





Жауабы:

Үшбұрыштар-32

Төртбұрыштар-1

Бесбұрыштар-4

Алтыбұрыштар-1

Тропециялар-8

Ромбы-1

Параллеограмдар-8

5.Логикалық есептер мен жұмбақтар.

1.Табаға бір салғанда екі самса салуға болады.Самсаның бір жағының пісуіне 1минут 2ші жағының пісуіне 1 минут жиыны 2минут уақыт кетеді.үш самсаны 3минутта қалай пісіруге болады?

2.Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жиі жылқысын жасына қарай бөлінеді:биеге бір қадақтан жем береді: сонда бие нешеу,құнан нешеу, ұпай нешеу? (жауабы:бір бие,екі құнан,үш тай)

Жұмбақтар:

1.Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде жасымыз

Азайып кейде қадамыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз (Цифрлар)

2.Атасы қалғып мүлгиді

Әкесі зорға жылжиды

Ағасы-шабан

Өзі-жорға

Інісі-жылдам

Баласы-жүйрік

Зымырап тұрған. (жыл,ай,күн,сағат,минут,секунд)

















Shape10 Shape9 Shape11





Shape12 Shape14 Shape13

Shape18







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2024
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі