Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Нөлдерге аяқталатын сандарға көбейту және бөлу тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. Дәптермен жұмыс. №4 25х24=25х(4х6)=25х4х6=100х6=600 600:24=600:(6х4)=600:6:4=100:4=25 600:25=600:(5х5)=600:5:5=120:5=24 №6 №7 1-ші бала-7 себет t1 -8 сағ -320км арт. 2-ші бала-8 себет 90 кг қияр t2- 3 сағ Әр бала неше кг қияр жинады? Әр машина қанша жол жүрді? Ш: 90:(8+7)=6 8*6=48 7*6=42 Ш: 320:(8-3)=64 Ж: 1-ші бала 48 кг 8*64=512 3*64=192 2-ші бала 42 кг Ж: 1 көлік 512км, 2 көлік 192км жол жүрді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты: 06.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың тақырыбы

Нөлдерге аяқталатын сандарға көбейту және бөлу тәсілдері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу амалдарын дұрыс орындау. Шама, қозғалысқа арналған есептерді, теңдеуді дұрыс шығару және машықтандыру.

2.Танымдық, өз беттілік жұмыс жасауға баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Белсенділікке, ұйымшылдыққа, Отаншылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.

Сабақтың типі: қайталау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене тәрбиесі, әдебиеттік оқу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Үлестірмелі таратпалар

18·40= 8·4·10

72·14 < 72·10 · 4

36·5·10 > 36·15

28·21 < 28·37

160:40=160:4:10

240:24<240:2:6

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

а) Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

56·70=56·(7·10)=56·7·10=392·10=3920

3920:70=3920:(10·7)=3920:10:7=392:7=56

ә) Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

Дәптермен жұмыс.

4

25х24=25х(4х6)=25х4х6=100х6=600

600:24=600:(6х4)=600:6:4=100:4=25

600:25=600:(5х5)=600:5:5=120:5=24

6 №7

1DrawObject2 DrawObject1 -ші бала-7 себет t1 -8 сағ -320км арт.

2-ші бала-8 себет 90 кг қияр t2- 3 сағ

Әр бала неше кг қияр жинады? Әр машина қанша жол жүрді?

Ш: 90:(8+7)=6 8*6=48 7*6=42 Ш: 320:(8-3)=64

Ж: 1-ші бала 48 кг 8*64=512 3*64=192

2-ші бала 42 кг Ж: 1 көлік 512км, 2 көлік 192км жол жүрді



8

Х*70=900-200 х:700=15х4 700:х=630:9

Х*70=700 х:700=60 700:х=70

Х=700:70 х=60х700 х=700:70

Х=10 х=42 000 х=10

10х70=900-200 42 000:700=15х4 700:10=630:9

700=700 60=60 70=70

Сергіту сәті

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиiжаттығып,

Үлкен кiсiболамыз.

Ой толғаныс

1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Райымбек екі таңбалы сан ойлады. Сол санды қосындының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан шықты. Ойлаған сан неше?
8. Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп.
Ол қандай сан?

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс







Қазақ тілі

Уақыты: 06.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім:Индибаева Н

Сабақтың атауы

26-30 жаттығулар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты сөз тіркестерімен таныстыру; тұрақты сөз тіркестерін мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Ынтымақтастық атмосферасы

Бүгінгі сабақта біз бақыт туралы айтамыз. Бірауыздан көңілді айтайық:

Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт – біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт – таңнан біреумен достасуың,

Бақыт – кеште достармен қоштасуың.

Үй тапсырмасын сұрау


Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Оның құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана мағына беріп, бір ғана сұраққа жауап береді.

26-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

27-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш. Лезде-сөзін тұрақты сөз тіркесімен алмастырып айтып көр. Көзді ашып - жұмғанша .

28-жаттығу. Қай сөздердің мағынасы дұрыс анықталмағанын тап және дәлелде.

Сөз- заттың, санның, сапаның, қимылдың атауы.

Мәтін-мәтіннің құраиындағы сөйлемдер мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысты болып келеді. Мәтінге ат қоюға болады.

Түбір-сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.

Тұрақты сөз тіркесі құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Оның құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана мағына беріп, бір ғана сұраққа жауап береді.


29-жаттығу. Керісінше сөзжұмбақ.

Ақылдас – қабырғаңмен кеңес

Жуас – қой аузынан шөп алмас.

Анық – тайға таңба басқандай.

Алыс – ит өлген жерде.

30-жаттығу. Ы.Алтынсарин. «Өнер,білім бар жұрттар»

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

Ой толғаныс


Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.
ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 30-жаттығуды үйде орындау, ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



Әдебиеттік оқу

Уақыты:06.12.2017ж

Кабинет:104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Менің үйренгенім?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушылардың өткен сабақта алған білімін тексеру. Ой белсенділігін. Сауаттылығын тексеру. Білімділікке,көркем оқуға дағдыландыру.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім?

  2. Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?

  3. Әңгіме неліктен қазына көтерген бала деп аталған?

  4. Геолог деп кімдерді айтамыз.

Менің үйренгенім

  1. А.Дулатов «Аяулы Жақаң» әңгімесін кімге арнап жазған?

  2. Бұл бөлімде қандай өнегелі адамдардың шығармаларымен таныстың?

  3. «Абай жолы» эпопиясының авторы кім?

  4. М.Әуезовтің « Жетім » әңгімесінде жазушы Қасымның көңіл күйін немен сәйкестендіреді?

  5. Автор көзқарасы дегеніміз .шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге,оқиғаға,өмір құбылысына автордың беретін бағасы,оның өз ойы мен пікірі.



Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өтілген бөлімді қайталау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Қызықты математика

Уақыты: 06.12.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім:Индибаева Н

Сабақтың атауы

Алгоритмге арналған логикалық есептер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.

Есептеу дағдыларын жетілдіру;

Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: есептеу

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақшалар

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Логикалық есептер

1. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған?

Жауабы: Асхат

2. Мың саны. Сіздер 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыздар ма?

Жауабы: 888х88х8х8х8=1000

3. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?

Жауабы: 3 күшік және 4 балапан

4. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.

Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2 854 106 шығады.

5. Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:

- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.

Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?

Жауабы: 2 бала 10 – 2 =8 асық: 3 бала 10+8=18 асық; 1 бала 30 - 8 - 18=4 асық

6. Үшбұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? Жауабы: Мысықтар тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде отыр. Олардың саны үшеу 7Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.

Жауабы: Тоғыз жерінен кесіледі

8. Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?

Жауабы: 10 - шы қаңтар

9. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді

10. Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?

Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. 11. 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр? Жауабы: 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді.

12. Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан. Жауабы: Алдыңғы күн 31 желтоқсанда әлі - 13 жаста болады. 2 қаңтар күні - 14 жасқа толады. Келесі яғни, тура бір жыл өткен соң 15 жасқа толады. 13. 3тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді? Жауабы: Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды.

14. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? Жауабы: Ыдыстар 15. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

16. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?

Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.

17. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.

Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?

Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге

400: 4=100 теңге

1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге

18. Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?

Жауабы: 25 кг – 15 кг = 10 кг (алма сатылған)

10 кг х 2 = 20 кг (алма болғаны)

25 кг – 20 кг = 5 кг ( бос жәшік салмағы )

19. Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?

Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин)

200 кг - 70 кг = 130 кг (алма)

300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт)

20. 20 - ның жартысының жартысы артық па, не 80 - нің ширегінің ширегі ме?

Жауабы: 20: 2: 2 = 80: 4: 4 тең 21. Ғабиттің бойы Ароннан биік, Талғаттан аласа. Самалдың бойы Қанаттан биік, Ғабиттен аласа. Ең бойы биігі кім?

Жауабы: Талғат

22. 1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 – ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ?

Жауабы: бірдей

23. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?

Жауабы: 3 күшік және 4 балапан

24. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.

Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады

Сергіту сәті


Ой толғаныс

-берілген логикалық есептерді талдау

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12