400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нормативтерді орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән аты: Алғашқы әскери дайындық

Оқу тобы: ___________________ күні ____________________


Сабақтың тақырыбы: Нормативтерді орындау № 1-газ тұмылдырықты кию № 2-респираторды кию № 3-«зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу № 4-дәкеден байлам әзірлеу және кию № 5-жалпыәскери қорғану киімі кию. 

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

Алғашқы әскери дайындық сабағында студенттерге жалпы әскери қорғаныш толымын қолдануды үйрету.

Тәрбиелік:

Жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отан сүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету.

Дамытушылық:

Өз іс – әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.

Сабақты жабдықтау

Қажетті көрнекіліктер: АӘД оқулығы, плакаттар, ЖӘҚТ.

Негізгі әдебиеттер:. Алғашқы әскери дайындық оқулғы

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

10 мин

 Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. Баянат қабылданғаннан кейін бірден Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады,


2. Үй тапсырмасын қайталау

10 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

55 мин

Жалпы әскерлік қорғаныш толымы. Жалпы әскери қорғаныш толым (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағышзаттардан, сондай – ақ әскер киімі, аяқ киімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады .Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы, және қорғаныш қолғабы кіреді.  Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмі (ЖӘҚҚК) зиянды сәулеге шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңынан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан қорғануға арналған. 
Оның құрамына куртка, шалбар, қорғаныш ішкі киімі, бас киім, дулығаның ішінен киетін тоқымалы бас киім кіреді.  ЖӘҚҚК табельдік ЖӘҚТ – нан өз конструкциясы мен қол білезігін қорғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді қорғаныш іш киімнің болуы мен ерекшеленеді.  Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану мен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүмкін: «жорықтық», «дайын», «ұрыстық».«Жорықтық» жағдайда қорғаныш плащын жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалданады, қапшық жоқ кезде қорғаныш плащы жиналған түрде иықтан асыра тасталынып белдікке  бекітілген түрде арқада тасымалданады. «Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ жағдайда плащты жазылған түрде арқада тасуға болады. «Ұрыстық» жағдайда плащты жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде киюге болады. ЖӘҚТ кию тәсілдері:

 
- қаруды жерге қою немесе бірзатқа сүйеу керек; 
- газ тұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен бас киімді шешіп жерге қою 
керек; 
- кительді шалбарға жинау керек; 
- қорғаныш шұлығын кию керек; 
- плащты жеңге кигізу керек; 


- қапшықтағы жартылай сақинадан таспа ұштарын босатып, плащ артының  етегі мен оларды сақинаға енгізіп бекіту керек; 
- айыл басқа ұстағышты ортадағы айыл басқа 
плащтың алдымен оң, содан соң сол етегі мен қадап, бекіткішпен бекіту керек. 


- айыл басқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жақ етегі 
оң аяқты жабатындай етіп қадау керек; орталық айыл бастан төмен орналасқан екі айыл басқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту керек; 
- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға айналдырып айыл басқа қадау керек; 
- екі үстіңгі ұстағыштық алдырып, плащ өңірін қадау керек; 
- плащ үстінен жабдық пен газ тұмылдырық кигізу керек; 
- газ тұмылдырықты «ұрыстық» жағдайға келтіру керек; 
- дулығаның ішінен киетін бас киімді, ал содан кейін күләпараны кию керек; 
- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау керек; 
- қолғап кию керек; қаруды алу керек. 

Газ тұмылдырықты кию уақыты – 10секундтан аспау керек, 
тұмылдырықты кию уақыты – 14секунд. 
Ашық жерде қорғаныш плащы мен газ тұмылдырықты кию – 4минут, 
Бүркемелер мен машиналарда – 6 минут. 
Комбинезонды кию уақыты – 6 - 12 минут. 

Жалпы әскери қорғаныш толымын шешу тәсілдері: 
- жабдықты шешу керек; 
- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту керек; 
- бүйірлі белдікшелерді шешу керек; 
- плащтың өңірін шешу керек; 
- күләпараны шешу және оны арқаға ысыру; 
- жеңнің белдікшелерін шешу; 
- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу керек; 
- плащ таспаларын (тоқыма бауларын) шешукерек; 
- плащты артқа қарай сыртқы жағы мен төмен түсіру керек; 
- желдетілген жаққа барып, газ тұмылдырықты шешу керек. 

Жамылғы ретіндегі қорғаныш плащын қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын – шашын кезінде пайдаланады.  Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлар мен басқа да факторларға байланысты қорғаныш құралдарды пайдаланудың жөнін анықтайды.  Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбеген кезде қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша айқындалады. 

в) Қорытынды бөлім – 12 мин. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
- ЖӘҚТ не үшін қолданылады? 
- ЖӘҚТ қандай жағдайда болуы мүмкін? 
- ЖӘҚТ кию тәсілдерін орындаңдар. 
- ЖӘҚТ шешу тәсілдерін орындаңдар. 

4. Жаңа тақырыпты бекіту, бағалау.

5 мин



Пән оқытушысы: ____________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі