-
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді
орындауға;
-
оқу орнының құзыретіне сәйкес
бекітілген таңдау мамандығы бойынша теориялық білімдер мен
тәжірибелік дағдыларды жүйелі және терең
игеруге;
-
өзінің мәдени деңгейін
көтерумен айналысуға, республика мен өз қаласының тарихын,
дүниежүзілік, отандық мәдениеттің тарихын, халық дәстүрін,
мәдениетін және өнерін, этикасы мен эстетикасын оқып білуге және
күнделікті өмірде қолдануға;
-
өзінің іс жүзіндегі дайындығын
жақсартуға, мамандық бойынша кәсібін меңгеруге, тапсырмалар мен
оқу-таныстыру, өндірістік практикалардың тапсырмалары мен
бағдарламаларын толық орындауға;
-
колледжде өткізетін қоғамдық
іс-шараларына қатысуға;
-
оқу тәртібін ұстану, еңбек
(ішкі) тәртіп Ережелесін орындау, жатақхана туралы Ережені, басқа
да колледж әкімшілігінің жергілікті актілері мен өкімдерін
ұстану;
-
оқу жоспарлары мен
бағдарламаларында қарастырылған белгіленген уақытта тапсырмалардың
барлық түрлері орындау және дәрістер, тәжірибелік сабақтарға
қатысу;
-
дәріс уақытында колледжде
белгіленген киім формасын сақтау;
-
дәріс, тәжірибелік сабақтар,
аралық және қорытынды бақылау уақытында олардың өтуіне кедергі
жасамау үшін ұялы телефондарды өшіру;
-
сыбайлас жемқорлық әрекеті
жағдайларына қарсы әрекет ету;
-
дәлелді себеп бойынша сабаққа
келмеген жағдайда білім алушы келесі күннен кешікпей топ
жетекшісіне немесе бөлім меңгерушісіне хабарлауға және келген күні
оқу орнына сабақты босату себептері туралы ақпарат ұсынуға
міндетті;
-
ауырған жағдайда білім алушы
студенттер емханасымен расталған емдеу мекемесінің белгіленген
үлгідегі анықтамасын ұсынуға;
-
дәрігерлермен медициналық
көрсеткіштер бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы
қорытындыны шығару үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет
көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға бақылауда болған
медициналық мекемеден ауру тарихы жөнінде толық үзінді көшірме
ұсынуға;
-
білім алушылар мемлекеттік
меншікке ұқыпты және мұқият қарауға міндетті (құрал-саймандар, оқу
құралы, кітаптар, аспаптар және т.б.);
-
білім алушылар тек оқу орнында
ғана емес қоғамдық орындарда өз-өзін ұстай білуі, сыпайы және
ұқыпты болуға міндетті (ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза,
қырынған болуы керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып
тұруы керек);
-
бекітілген кестеде нұсқалған
уақыт аясында емтиханға келуге;
-
оқуда жоғары көрсеткіштері,
жақсы үлгерімі және қоғамдық, ғылыми жұмысқа белсенді қатысқаны
үшін білім алушыларға келесі марапаттау шаралары
белгіленеді: