жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ноталық жазбалармен дайындық"
I курс Муз-18 тобының білімгері: Ділдебай Аружан
Сабақтың тақырыбы: Ноталық жазбалармен дайындық.
«Әнші балапан» М.Омаров
Сабақтың мақсаты: «Тақырыптың мазмұнын ашып көрсету»
Білімділік: Білімгерді аспапта дұрыс ойнауға үйрету, саусақтардың дұрыс орналасуын қадағалау.
Тәрбиелік: Музыкалық шығармаларды орындай отырып, оның маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білімгердің музыкалық ойлау қабілетін арттыру, аспапта ойнау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, музыкалық шығарманы талдау және орындау.
Көрнекілігі: Баян аспабы, нота басылымдары, ноутбук, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:музыка теориясы, сольфеджио, гармония, әлемдік музыка тарихы, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Бекіту
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Білімгердің назарын сабаққа аудару, нота басылымдарын дайындау. До мажор, соль мажор,фа мажор гаммаларын, арпеджио, аккордтарын ойнап қол жүргізу
2.Үй тапсырмасы:
К.Черни «Этюд №13».
Этюд- баланың техникалық мүмкіншілігін арттыруға арналған жаттығу түрі.
Карл Черни – австриялық пианист және композитор. Ол 1791 жылы 21 ақпанда пианесттер отбасында дүниеге келген. Ол Вена қаласындағы ең үздік ұстаздардың бірі болған. Оның алғашқы ұстазы- өзінің әкесі Венцеля Черни болған. 1800-1803 жылдар аралығында Л.В. Бетховеннен дәріс алған. Ол 14 жасында-ақ коптеген жетістікке жеткен. К.Черни 19 –ғасырдың ең үздік ұстазы болып саналған. Оның көптеген еңбектері жарық көрген. Ол 1857 жылы 15 шілде де дүниеден озған
3.Жаңа сабақ:
Нота дегеніміз-музыканы қағазға жазып түсіруде қолданылатын графикалық шартты белгілер. Грекия, Мысыр елдерінде музыка жазуының әріптік, сандық, графикалық, т.б. түрлері пайдаланылған. Бірақ олардың ешқайсысы да музыкалық дыбыс биіктігі мен созылымын нақты көрсете алмады. Ғасырлар бойы ізденістер нәтижесінде XVII ғасырда Еуропада қазіргі нота жазу жүйесінің негізі қалыптасты. Нота жазу жүйесінде музыкалық әр дыбысты сопақша келген дөңгелек, ашық және қара таңбамен белгілеу қабылданды. Осы қос таңбаға қосымша: таяқша, жалауша секілді белгілерді біріктіріп жазу арқылы музыкалық дыбыстардың ұзақтығы дәлме-дәл анықталды. Ал музыкалық дыбыстардың биіктік деңгейі, олардың нота сызықтарының астына,үстіне, араларына орналасуына қарай анықталады.
Ноталық жазба дегеніміз- белгілі бір музыкалық шығарманы жазбаша түрде жеткізуге арналған музыкалық белгілердің жиынтығы.
Ноталық жазбаның тарихына тоқтала кетсек,бүгінгі күні археологтар грек музыкасының көптеген үзінділерін тапты. Олар көбінесе пьесалардың сүйемелдеуіне арналған музыкалық композициялардың үзінділері. 1893 жылы француз археологтары Дельфы қаласынан тас тақтайшаларын тапты. Онда гимндер әдеттегі грек алфавитіндегі Аппалонның(күн құдайы) құрметіне жазылған. Бүгінде ежелгі Грекия музыкасының ең алғашқы мысалдары болып табылады.
Біздің заманымыздың ІІІ және IV ғасырында Алипий грек музыкасы үшін ыңғайлы болатын музыкалық жүйе құрды. Ол қолданылған таңбалар тізімін құрастырды. Яғни, әріптік және сандық белгілер. Көптеген көшірмелердің арқасында олар сақталған. Олардың көпшілігі папирусқа жазылған.
Ноталық жазбалар орта ғасырда дамып, XVII -ші ғасырдың соңында қалыптасқан. Ноталардың қазіргі заманғы жүйес грек үлгісінде негізделген.
(Интерактивті тақтадан ежелгі ноталық жазбалардың суреті көрсетіледі).
Марат Омаров Әбдіұлы ,1959 жылы 16-шы сәуірде Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Ол – әнші-композитор.
1980 – 85 ж. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтында оқыды.
1986 – 90 ж. Қазақ телевизиясында музыкалық редактор болды.
1992 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» атағын алды.
1977 – 79 ж. Шымкент облысы филармониясында «Ауылым – әнім» ансамблінің әншісі болды.
1992 ж. «Наурыз» шығармашылық қорын, ал 1998 ж. «Балаларды дамыту» қорын ашты және «Балбөбек» қалалық байқауын ұйымдастырушы болып табылады.
2001 ж. Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет жасады.
Марат Омаров Әбдіұлы, республикалық «Жігер-87» фестивалі, 1993 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың және де «Ыстық көл-89», «Бұқара-90», «Азия дауысы-95», Стамбұлдағы «Алтын диск-97», 2002 жылы Франциядағы «Достық әндері» фестивалінің, Мысырдағы «Каир-2003» халықаралық байқауларының лауреаты.
Ол- Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. 2000 ж. Лос-Анжелес қаласындағы «FІDOF» Әлемдік композиторлар ассоциациясына мүше болып қабылданды. (FIDOҒ –Халықаралық фестиваль ұйымдарының федерациясы. Ұйым - АҚШ-ның Лос-Анжелес қаласында орналасқан. )
Оның «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала – Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз» және тағыда басқа әндері бар.
М.Омаровтың өмірбаяны жайлы бейнетаспа көрсетіледі.
«Әнші балапан» әнінің шығу тарихы жайлы және орындалуы жайлы бейнетаспа көрсетіледі.
«Әнші балапан» балалар байқауының тарихы жайлы бейнетаспа көрсетіледі
4. Сергіту сәті
«Әсем әуен» атты логикалық ойын.
Қазақ эстрадасы әншілерінің әндерінен сурет жүзінде жұмбақ жасырылады.
Жауаптары:
Е.Хасанғалиев «Атамекен» (Жасыл жайлау,түкті кілем,көк кілем).
Д.Оразбеков «Көк аспаннана жаңбыр баяу төгілгенде»
Н.Тілендиев «Құстар қайтып барады»
Нұр-Мұқасан «Қос қарлығаш»(Қос қарлығаш көктемде)
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
5. Бекіту :
1. Ноталық жазба дегеніміз не?
2. «Әнші балапан» шығармасының өлшемі қандай?
3. Тональдігі қандай?
4. М.Омаров кім?
5. М.Омаровтың туған жері.
6. М.Омаров қай жылы дүниеге келді?
7. М.Омаровтың қандай шығармаларын білесің?
8. «Әнші балапан» әнінің дүниеге келуіне не себеп болды?
6.Қорытындылау:
М.Омаровтың «Әнші балапан» әнінің ноталық жазбасымен жұмыс жасалынды. М.Омаров туралы қысқыша мағлұмат берілді. Өмірбаянын және шығармасын бейнетаспадан тамашаладық.
7.Үйге тапсырма:
М.Омаровтың «Әнші балапан»әнін екі қолды қосып, санап, баяу темпте ойнап келу. Бүгінгі сабақта өткен тақырыпты қайталап, пысықтап келу.
8. Бағалау:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: ____________________________________________
Тобы: _______________
Мерзімі: _______________
Уақыты: _______________
Пәні: _______________
Орны: _______________
Өткізген оқытушы: ________________________ _______
ПЦК меңгерушісі: ________________________ _______
Директордың ғылыми және оқу-әдістемелік
Жұмыстар жөніндегі орынбасары : ______________ Б.К. Абжаппарова
Әдістемелік кабинет меңгерушісі: ______________ Т.А.Утепбергенова
Тараз - 2019

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген