жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Нотариат пәні бойынша дәрістер жинағы
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану» ІІ,ІІІ курс студенттеріне және оқытушыларына арналған.
Бұл оқу- әдістемелік құралында нотариат туралы заңдылықтарды , нотариустың құқықтық жағдайын,нотариустың қызметін бақылауды ,нотариалдық іс жүргізуді,нотариаттық іс әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оқу- әдістемелік құралы қолданыстағы заңдарды қолдану тәртібіне бағытталған.
Оқу-тәжірибелік құралы Қазақстан Республикасында нотариаттық органдар жұмысында жиі жасақталатын құжаттар: сенімхаттар, келісім шарттар, арыздар, куәліктер, өсиеттер және т.б. бүгінгі күні бірыңғай түрде (қазақ тілінде ортақ стандартпен) дайындауды қажет ететіндіктен, осы аталған және тағы басқа құжаттардың үлгілері ұсынылған оқу-тәжірибелік құралының мазмұнына енгізілді.
Бұл оқу- тәжірибелік оқу құралының дайындалуына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің аға оқытушысы, з.ғ.к. Шаймерденова Б.Ш пікір берді.
1997 жылы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған соң еркiн, бюджеттен тыс нотариат органдары құрылып, елiмiзде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырыла бастады.
Дегенмен, негізгі мақсат – Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту, оны құқықтық салада заң ережелерін қолдану жұмысында тиесілі деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету.
Бұл оқу-әдістемелік құралы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға ролі мен маңызы- нотариалдық құжаттарды құрасытру және рәсімдеу әдіс тәсілдерін меңгеріп жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаулауда қажетті құрал деген үмiт артырады.
Тақырыбы:Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
Нотариат түсінгі
ҚР-ғы нотариат
ҚР құқықтық жүйесіндегі нотариаттың алатын орны
Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері
Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі.
«Нотариат» термині латын сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.
Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.
Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;
Нотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді;
Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады;
жекелеген нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне,
сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне,
әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де берілген.
Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.
Нотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады.
Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық, біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.
Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшін нотариаттық палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген ережесімен қамтамасыз етіледі.
ҚР-ғы нотариат:
Жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) натариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотаріат туралы заңдарының өзге де талаптардын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекші бола алады.
Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариусқа еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотаріат кеңсесінің құрамында бола алады.
Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң біліі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустыардың сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтудің тәртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері тулалы ережемен белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотаріус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.
Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, бастр лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомствалық баспасөз органында нотариаттық қызмет пен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:
нотариустың тегі, аты әкесінің аты;
лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Нотаріус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері:
Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты.Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді.Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.
Тақырыбы: Нотариат туралы заңдар
ҚР нотариатттық қызметті құқықтық реттеу
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодексi нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің негізгі қайнр көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12 бабында қарастырылады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталынады. Бұл норма қызметі азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективтік құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариат жүйесін құру үшін негізгі болып табылады.
Конституцияның 6 бабында мемлекеттік және жеке меншік үшін тең дәреже және тең қорғау құқығы бекітілген. Сонымен қатар Конституцияның 13 бабының 3 бөлімінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрселген ретте заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл баптың да нотариатттық қызметке тікелей қатысы бар.
Нотариаттық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің келесі жүйесіне Азаматтық кодекс жатады. Оның жалпы және ерекше бөлімдерінде мәміленің түсінігі, нысаны мен түрлеріне, мәміленің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарды қамтитын көптеген нормалары бар. Азаматтық Кодекстің 57-60 тарауы толығымен мұрагерлік құқықты реттеуге арналған. «Нотариат туралы» Заңның 2 бабы нотриат туралы заңнама «нотариаттық қызметті реттейтін Азаматтық құқық нормаларынан тұрады» деп көрсетеді.
Әр түрлі нотариаттық әрекеттерді жасаған кезде нотариустар мен нотриаттық әрекеттер жасауға құқығы бар басқа да лауазымды тұлғалар тек нотриаттық өндіріс ережелерін ғана емес, сонымен қатар азаматтық ісжүргізу, неке-отбасылық, жер, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларын қолданады.
Нотариаттық қызмет пен нотраиттық әрекеттер жасауды реттейтін арнайы заң «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы.
Тақырыбы: Нотариус қызметін бақылау
Нотариаттық қызмет
Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Нотариустың құқықтық жағдайы және нотариустың қызметін бақылау
Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жүзеге асыру тәртібі
Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Осы
Заңда белгіленген жағдайларда және
шектерде жекелеген нотариаттық
iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды
адамдар жасай алады.Қазақстан
Республикасындағы нотариаттық қызмет
нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы,
тәуелсіздігі, құпиялылығы қағидаттарына
негізделеді.
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік
қызмет болып табылмайды.
Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттiлік нотариустың тағылымдамадан өтушілері мен көмекшiлерiне қолданылады.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.Жасалған нотариаттық iс-әрекет туралы мәлiметтердi қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап бередi.
Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.
Өсиеттер
туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары
мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер
заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет
берушi өлгеннен кейiн ғана
берiледi.
Нотариустың
қызметiн бақылау
Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Нотариус қызметін бақылау "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Нотариаттық палатаның өкілеттілігі
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы Республикалық нотариаттық палатаға бiрiгуге құқылы. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
Нотариаттық палата:Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.
Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
Нотариаттық палатаның жарғысы мен жеке нотариаттық архив
Нотариаттық палатаның жарғысы
Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану тәртiбi;
6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.
Жекеше нотариус
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 15-бабында жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі анықталған. Нотариус заңды тұлға құрмай жеке практикамен айналысады, алайда онда заңды тұлғаға тән барлық белгілер бар банк мекемелерінде есеп айырысу шотының болуы және өзге де шарттар ашуы; еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуы; мүліктік құқығының болуы және оларды өз атынан билік етуге мүмкіндігінің бар болуы; соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқығы.
Жеке практикамен айналысатын нотариус есептік, валюталық шарттар және Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларына сәйкес кез-келген банкте өзге де шоттар ашуға құқығы бар (Заңның 15-бабы).
Нотариус ретінде заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын жеке практикамен айналысатын азамат танылады. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 6 тармағы қызметтің лицензияланған түрлері сипатындағы нотариалдық қызмет көрсетулерді енгізді.«Лицензия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес лицензия ҚР Әділет Министрлігінің Аттестациялық комиссиямен өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік немесе жеке нотариустан іс-тәжірибеден өту негізінде тестілеу нысанында беріледі.
Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитетпен құрылған Аттестациялық комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Әділет органдарының төрағалары, ҚР Адвокаттар Алқасы, Республикалық нотариалдық палаталар мен оқытушы-заңгерлер кіреді.
Аттестациядан Қазақстан Республикасының Біліктілік әділет алқасына біліктілік емтиханын тапсырған тұлғалар; тұрақты судьялар және өздерінің міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны және басқа да бұзушылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья жұмысын істейтін тұлғалар; сондай-ақ мемлекеттік нотариустар өтпейді. Аттестация, сонымен қатар прокурорларға, прокуратура органдарында жұмыс істеген тергеуші және анықтаушыларға тән емес.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалар Комиссияға аттестацияға жіберу рұқсаты туралы өтініш халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитеттің кеңсесі арқылы жіберді. Өтінішке мына құжаттар қоса берілуі тиіс
Аттестациялық істің материалдарын қарау нәтижесі бойынша Комиссия аттестацияға өткізу туралы немесе өткізуден бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестацияға өткен үміткер әділет аумақтық органдары арқылы аттестацияның өткізілуіне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей аттестацияның өту орны, уақыты мен күні туралы хабарландырылады. Аттестацияға өткен үміткер қолданыстағы заңнама бойынша тестілеуден өтеді және егер дұрыс жауабы 65 пайыздан асса және ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан көп пайызын алса, тестілеуден өтті деп саналады. Тестілеудің қорытындысы бойынша Комиссия аттестациядан өткендігі немесе өтпегендігі туралы аттестация өткеннен кейін келесі күнінен кешіктірілмей шешім шығарады.
Осыдан кейін үміткер жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына ие болу үшін жоғарыда аталған өтудің көрсетілген тәртібі бойынша іс-тәжірибеден өтуі керек.
Лицензиясыз жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады. Нотариустың лицензия алуы үшін қажетті құжаттардың тізімі, лицензияны беру тәртібі мен мерзімі 2002 жылы 27 ақпандағы адвокаттық қызмет және нотариустардың қызметін лицениялау Ережесімен белгіленеді. Жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына лицензия алу үшін Лицензиат Лицениарға (халыққа заң қызметтерін көрсету және құқықтық көмекті ұйымдастыру бойынша Комитет) бекітілген нысанда арыз ұсынады. Арызға қосымша
Лицензиат осы аталған құжаттардың мазмұнында көзделген мәліметтердің толымдылығы мен сенімділігіне жауап береді. Лицензия беру туралы арыз осы арызға қосымша тіркелген құжаттардың толымдылығы мен сенімділігін тексеру жолымен 1 ай мерзім ішінде Лицензиармен қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Лицензия «Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нысанын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы №1325 қаулысымен бекітілген нысан бойынша беріледі.
Нотариустың лицензиясы бас лицензия болып табылады және оның мерзіміне шек қойылмай беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Оған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитет Төрағасы қол қояды, бір данада жасалады және Лицениардың мөрімен ресімделеді. Лицензия сенімхаттың негізінде өкілетті Лицениатпен де берілуі мүмкін. Лицензияны жоғалтып алу кезінде Лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны мемлекеттік тіркеуден өткізеді және нотариалдық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны берген тұлғалар туралы мәліметті, соның ішінде нотариустың аты-жөні, әкесінің аты; лицензияның берілген күні мен оның номері көрсете отырып, ведмоствалық баспасөз органдарында (Заң газеттерінде) жариялайды.
Нотариустың лицензиясын беруден бас тартудың негізі лицензиялау туралы заңнамамен бекітіледі. Бас тарту туралы шешім үміткерге оның бұл шешімді қабылдаған күннен бастап 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздері көрсетіле отырып жазбаша нысанда беріледі. Бас тарту туралы шешімге сотта шағым берілуі мүмкін.
Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде ҚР Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.
Осыған байланысты лицензияны оның ауырлық дәрежесі мүмкін болатын құқықтық салдар, жеке басының мінез-құлқы бойынша тоқтату үшін негіздердің әртүрлілігіне назар аударады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері мен көрсетілуі тиіс.
Лицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшін қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведмоствалық баспасөз органында жарияланады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Нотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұрудан басқа заң нотариустың лицензиясын кері қайтарып алуды да қарастырады. Нотариустың лицензиясын кері қайтарып алу Әділет атестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министррігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда Көріп отырғанымыздай, жекеше нотариустардың лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздер құқық бұзушылықтар болып табылады.Заңның 12 бабы жекеше нотариустардың лицензиясының күшін тоқтату негіздерін қарастырады. Оған, ең алдымен соттың шешімі бойынша лицензияны кері қайтарып алу жатады. Бұдан басқа, әділет аумақтық органы және нотариаттық палаталардың ұсынысы бойынша ҚР Әділет Министрлігі лицензиясының күшін мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкін
Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді.
Лицензияны алғаннан кейін үміткер алғашқы төлемді енгізе отырып аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіруі тиіс және аумақтық әділет органынан есептік тіркеуден өтуі тиіс.
Жекеше нотариус үшін аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіру міндетті болып табылады. Аумақтық нотариалдық палата қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік емес заңды тұлға болып табылатындықтан бұндай палатаның мүлкі негізінен нотариустардың алғашқы төлемдері есебінен қалыптасады.
Алғашқы ай сайынғы мүшелік жарғылардың мөлшері нотариалдық палата басқасының жоғарғы органымен анықталады. Әдетте, алғашқы төлем айлық есептік көрсеткіште есептеледі және 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы құрайды. Кейбір аумақтық палаталар аудандық, селолық және шағын қалалық нотариустар үшін алғашқы төлемнің мөлшерін азайтады.
Нотариалдық палатаның мүшелігіне қабылдау туралы нотариусқа тіркейтін есепке орналасау үшін басқару шешімінің көшірмесі берілуі керек.
Жекеше нотариуста штамп, мөр және бланкілері болуға тиіс. 1999 жылдың наурызына дейін жекеше нотариустар Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жеке мөрді пайдаланған. Жаңа реквизиттерді толық жазу 1999 жылы 24 ақпандағы ҚР-ның Әділет Министрлігінің №16 «Жекеше нотариустардың мөрі туралы», яғни 04.11.2004 жылы өзгерістер енгізілген бұйрығымен баяндалған. Онда жекеше нотариустардың жеке мөрі және нобайы (алғашқы нұсқасы) бекітілген. Жеке мөрде – тегі, аты-жөні, әкесінің аты, нотариалдық қызметпен айналасу құқығына лицензия берілген күні және нөмері көрсетілуі тиіс. Жекеше нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты Аумақтық Әділет органы жүзеге асырады. Жекеше нотариустарға жаңа мөрлерді беру Әділет органдарына сәйкес, мөрмен бекітілген және тігілген, нөмірленген, арнайы тіркеу журналында тіркелген, қолхат беру негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, нотариустарда келесілер болуы қажет куәландыратын жазуы бар штамптар, «айналымды қара» жазуы бар кіші штамптар, штамптардың көшірмелерін, штамптардың көшірмелерінің көшірмесін, жекелігі көрсетілген, қабілеті тексерілген, тігілген және номірленген, сенімхат, өсиет бланкілері және т.б.
Тақырып:Аумақтық нотариаттықпалаталардың қызметін бақылау
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Аумақтық нотариаттық палаталардың:
жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;
жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруы жөніндегі;
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
1) Аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) Нотариустардың Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
5) Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;
7) Жекеше нотариустарды есеп алып тiркеу тәртiбi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) Нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10)Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын одан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) Нотариаттық iс-әрекеттердi, нотариаттық куәлiктер мен қаулыларды, мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларын тiркеу тiзiлiмдерiнiң нысанын белгiлейдi;
13) Жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртiбiн бекiтедi;
14) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртiбiн бекiтедi;
15) Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу туралы ереженi бекiтедi;
16) «Нотариат туралы» Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады.
Тақырыбы: Нотариаттық іс қағаздарын жүргізу
Нотариаттық іс жүргізу.
Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тiл
Мемлекеттік және жеке практикамен айналысатын нотариустар
Нотариаттық iс жүргiзу
Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.
Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тіл
Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Егер нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, ресiмделген құжаттардың мәтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс.
Мемлекеттiк нотариат кеңсесi
Мемлекеттiк нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.
Жеке практикамен айналысатын нотариус
Заңды
тұлға құрмай, лицензия
негiзiнде
нотариаттық қызметпен айналысатын,
өзiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн
нотариаттық iс-әрекеттер
жасау нәтижесiнде
зиян келтiру
салдарынан туындайтын мiндеттемелер
бойынша сақтандырған, нотариаттық
палатаға мүше болған және аумақтық
әдiлет
органында есепке
тұру тiркеуінен өткен
азамат жеке практикамен айналысатын
нотаріус деп танылады.
Жеке практикамен айналысатын нотариус
банк мекемелерiнде ағымдағы
шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес
көмекшiлер,
техникалық қызметкерлер жалдап, оларды
жұмыстан босатуға, нотариаттық
iс-әрекеттер
жасаудан алынған табысқа билiк
етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге
және Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес басқа да iс-әрекеттер
жасауға құқылы.
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың
жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар
өкiлдерiнiң
еркiн
кiрiп-шығуына,
нотариаттық iс-әрекеттер
жасаудың құпиялылығын сақтауға және
нотариаттық iс
жүргiзудiң
сақталуын қамтамасыз ету үшiн
жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы
болуға тиiс.
Нотариустың үй-жайы
оның есептік тіркелген орны болып
табылады.Нотариустың үй-жайының
орналасқан жері оған белгіленіп берілген
аумақ шегінде өзгерген кезде қайтадан
есептік тіркелу талап етілмейді.
Аумақтық әділет
органы нотариустың үй-жайының
орналасқан жерін оған белгіленіп
берілген аумақ шегінде өзгерту туралы
оның өтініші
келіп түскен күннен бастап бес жұмыс
күні ішінде осы үй-жайдың Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына
сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
Тақырыбы: Нотариаттық іс- әрекеттер
Нотарусттың жүргізетін іс - әрекеттері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау негіздері
Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге асырылады. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
мәліметтерді куәландырады;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
мұраға құқық туралы куәліктер береді;
жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тйымды алып тастайды;
құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
құжаттарға қойылға қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
құжаттардың бір тіл ден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
азаматтардың тірі екендігі факті сін куәландырады;
азаматың белгілі бір жерде болу факті сін куәландырады;құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
ақшаларды депозитке қабылдайды;
орындау қағаздарын жазады;
вексель наразылықтарын жасайды;
құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабыдайды;
теңіз наразылықтарын жасайды;
дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.Нотариус сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының Әділет минстірлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережеен белгіленеді. Нотариус көмекші арасындағы еңбек шартыммен белгіленеді.
Нотариустың өз тегі,аты, әксінің аты,сондай-ақ ммемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустың мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше ноариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Ресубликасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүрізіледі және Қазақстан Ресубликасының Әділет министірлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулықа сәйкес жүзеге асыырылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.
Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) туу туралы куәлік;
6) шетелдік паспорты.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі осы Заңммеен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әділет миниістрлігі бекіткен Нотариустардың ноатриаттық іс-әрекетте жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен белгіленеді.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері.
Отариаттық і-әрекетер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік ноатриус немесе осы Заң арқылы ноатриаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж төлеген не жекеше нотариустың ноатриаттық іс-әрекеттеріне ақы төлеген күні жасалады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасауды кейінге қалдырудың және тоқтата тұрудың негіздері ммен мерзімдері:
Ноатриаттық іс-әрекеттер жасау мынадай негіздер бойынша:
жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болуына;
құжаттардың сараптамаға жіберілуі негізінде кейінгі қалдырылуы мүмкін.
Нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру мерзімі нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бір айдан аспауы керек.
Басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша нотариаттық іс-әрекет жасау он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін.Егер осы мерзім ішінде соттан өтінішті түскені туралы хабар алынбаса,ноатриаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтініші түскені туралы соттан хабар алынған жағдайда,нотариаттық іс-әрекет жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады.
Нотариаттық іс-әрекетті жасауды өтіннген адамның жеке басын анықтау.
Нотариус немесе лауазымды адам нотариатты іс-әрект жасаған кезде ноатриаттық іс-әркет жасауды өтінге азаматтың,оның өкілінің немесе заңды тұлға өкіліні жеке басын анықтайды:
Адамның жеке басын анықтау нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінге азаматтың жеке куәлігі немесе паспорты негізінде жүргіледі.
Мәмілеге қатысушы жеке адамдардың іс-әрекетке қабілетке қабілеттілгі мен заңды тұлағалардың құқықтық қабілеттілігін анықтау
Мәмілелерді куәландырған кезде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі анықталады және нотариттық іс-әрекетке қабілеттіліг аныталады және нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі тексеріледі.Мәміле өкілдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкілеттігі тексеріледі.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.
Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады.
Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді.
Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Нотариустың мiндеттерi
Нотариус ҚР «Нотариат туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға, азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;
7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
8) өз лицензиясының қолданылуы ҚР «Нотариат туралы» Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;
9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.
Нотариустың құқықтары
1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес ҚР «Нотариат туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;
4) нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға.
Нотариустың қызметiн шектеу
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;
4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;
5) нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;
6) ҚР «Нотариат туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, есептік тіркеу орнынан тыс жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Егер ҚР «Нотариат туралы» Заңында өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
Нотариалдық қызмет үшін ақытөлеуден босату
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден келесідей тұлғалар босатылады:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
"Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
"Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
1 және 2-топтағы мүгедектер;
жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда, мемлекеттік баж төлеуден келесідей тұлғалар босатылады:
Жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
Мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
"Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
"Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
1 және 2-топтағы мүгедектер;
жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
Тақырыбы:Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ие болатын тұлғаларды аттестаттау тәртібі
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы
Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы жеті мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының негізгі міндеттері:
1) нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудиожазба және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудиожазба және (немесе) бейнежазба отырыстың хаттамасына тігіледі және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының материалдарымен бірге сақталады.
Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тіркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы оны аттестаттауға жіберу туралы өтінішін тұрғылықты жері бойынша тиісті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясына жолдайды.
3. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.
4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді шешімді үміткерге жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары жазбаша хабардар етеді.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттауды қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.
7. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест тапсыру;
2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.
8. Үміткер өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.
9. Аттестаттау нәтижесі бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешімді аттестаттау өткен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей шығарады.
Аттестатталғаны туралы комиссия шешімі ол шығарылған кезден бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Әдiлет аттестаттау комиссиясының шешіміне заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
10. Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.
11. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.
Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және оның тапсырған құжаттарымен қоса қайтарылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
2. Нотариус лицензиясын алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi, лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi салық заңдарымен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:
1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.
6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.
Тақырыбы:Нотариаттық палата
Нотариаттық палатаның басқару органдары
Нотариаттық палатаның төрағасы
Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
Нотариаттық палатаның жарғысы
Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.Заң талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.
Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.
Нотариаттық палатаның басқару органдары
Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:
нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
нотариаттық палата төрағасын, басқарманың және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.
Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының, нотариаттық палата басқармасының және нотариаттық палата төрағасының құзыреті нотариаттық палатаның жарғысымен регламенттеледі.
Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.
Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
Нотариаттық палатаның төрағасы
1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
2. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Нотариаттық палата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;
6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;
8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды.
2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
Нотариаттық палатаның жарғысы
Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi және мүлiк пен табысты пайдалану тәртiбi;
6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2)мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөнiндегi және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
6) Нотариустың ар-ождан кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
Заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады
Тақырып:Нотариаттық қызметке ақы төлеу
Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады.
Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады.
Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:
1)қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш;
9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш;
13)теңіздік наразылық жасаған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
14)құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде – 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде – 7 айлық есептік көрсеткіш.
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
Тақырыбы: Мәмілелерді, мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды, өсиеттерді,сенімхаттарды куәландыру
Мәмілелерді куәландыру
Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру
Сенімхаттарды куәландыру
Мәмілелерді куәландыру
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінің тексереді.
Кәмелеттік жасқа жетпегендердің немесе қорғаншы мен қамқоршысы бар басқа адамдардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы мен қамқоршының келісімін талап ету қажет.
Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт бұзылған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзу туралы келісімді нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманың негізінде шарт бұзылған сәтте куәландырады, оны қағаз нұсқасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркейді және құқықты белгілейтін құжатты мүліктің иесіне қайтарылады, келісімнің данасы шартқа қоса тігіледі.
Тіркеуші органда тіркеуден өтпеген шарт оның барлық даналарында, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жазба жасау арқылы тараптардың бірлескен жазбаша өтініштері негізінде бұзылады.
Бұл ретте құқығын белгілеуші құжаттар мүлікті иеленушіге қайтарылуы тиіс. Тараптардың қалауы бойынша нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
Көрсетілген шарттарды бұзған кезде бұрын алынған мемлекеттік баж және осы шарттарды куәландыру үшін құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің төлемдері тараптарға қайтарылмайды.
Сыйға тарту шартында егер сыйға тартушы сыйлық алушыдан кейін тірі қалатын болса, сыйға тартудың күшін жою құқығы көрсетілуі мүмкін.
Бұл ретте (сыйлық алушы қайтыс болған жағдайда) нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша құқықты белгілеуші құжаттарды сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің негізінде қайтарады. Өтініш пен сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәлік нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ тізілімде сыйға тартуды жойғаны туралы белгі жасалынады.
Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.
Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.
Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру
Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
Жұбайлардың некеге дейінгі немесе мұраға алу тәртібінде өтеусіз мәміле негізінде сатып алған мүлігін иеліктен айыру жөніндегі мәмілені қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі мүліктерін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды. Бұл ретте шарттың мәтінінде мүлік жұбайының келісімі көрсетіледі.
Жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген адамнан некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынып қойылады.
Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлек меншік режимі (Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) белгіленбеген болса, пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар («Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.
Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
Ортақ үлестік меншіктің үлесі сатылған кезде нотариус Кодекстің 216-бабының нормаларын басшылыққа алады.
Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабарлаудың дәлелдемелері мыналар болып табылады:
1)ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
2)қолтаңбасының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабарландыру үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына қолмен берілгені туралы пошталық немесе өзгедей хабарлама.
Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушыны) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерімен және объектінің техникалық паспортымен салыстырып тексереді.
Олардың мәліметтері өзгерген жағдайда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның тиісті жазбасын құқықтық белгілеуші құжатта қою арқылы жүргізіледі және қолтаңба мен мөрмен бекітіледі.
Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
Нотариус мыналарды:
1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабы);
2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 24-бабы) арналған жер учаскелерін;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабының, 3, 4-тармақтары);
4) шетелдік жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 34-бабы);
5) егер жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 39-бабы) иеліктен айыруды куәландырмайды.
Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру сатып алушы үшін кепіл ұстаушының негізгі міндеттері бойынша берешегінің ауысуына әкеп соқтыратының түсіндіреді.
Құқық белгілейтін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәліметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерістердің тіркелгенін растайтын құжатты талап етеді.
Нотариус өмір бойы асырау шартын Кодекстің 530-539-баптарына сәйкес куәландырады.
Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус жылжымайтын мүлікке тыйым салу жоқ екендігі фактісін белгілейді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті иеліктен айырған кезде (үлескердің тұрғын құрылыста қатысу үлесі туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру шартын куәландыру) нотариус мыналарды талап етеді:
1) мүліктің меншіктенушіге тиесілі екендігін растайтын құжаттары;
2) егер олар кепіл беруші болған жағдайда уәкілетті органның «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына сәйкес берген заңды және жеке тұлғаны, жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеген жері бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндісі;
3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтері;
4) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтінішізаңда көрсетілген құжат шартты куәландырғаны туралы белгісімен сатып алушыға қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
Тараптар беру актісін немесе үлестік құрылыс объектісін беру туралы өзге құжатына қол қойғанға дейін олар шарттың бағасын төлеген соң ғана үлестік құрылыс қатысушысының шарт бойынша талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес құжаттарды талап етеді.
Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
Жеке меншікте тұрған тұрғын үйді жалға (немесе уақытша тегін пайдалануға) беру тұрғын үйдің барлық меншіктенушілерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
Жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
Кепіл шартын куәландырған кезде нотариус Заңның 75-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында мүлікті иеліктен айыруға тыйымның салынғаны туралы кепіл туралы шарттың көшірмесін қоса тіркей отырып, хабарлайды.
Сенімхаттарды куәландыру
Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамның атына сенімхаттарды куәландырады.
Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
Сенімхат мәтінінде оның жасалған (қол қойылған) жері мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының толық атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері, ал қажет болған жағдайларда атқаратын қызметі де көрсетіледі. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
Сенімхатта оны жасаған күні көрсетіледі.
Сыйға тарту сенімхатында сыйға тартылушы және сыйға тартылған зат көрсетіледі.
Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат оның техникалық паспорты (автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде куәландырылады.
Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негізгі сенімхатты куәландырған нотариустың аты-жөні, тегі, куәландыру уақыты мен орны, тізілімдік нөмір берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, қажет жағдайда олардың қызметі көрсетілуі керек. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны немесе одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.
ТАПСЫРМАЛАР
Қарызға ақшаны берген кезде қарызға беру мәмілесі нотариалды куәландыруды қажет етеді ме? Егер қарызға беру шарты нотариалды куәландырусыз жасалған болса, онда ертеңгі күні қарызды қайтарылады ма?
* * * *
Азамат Абдулаев Асан ағасымен екеуі бір пәтерді жекешелендірумен алған болатын. Абдулаев Асанның ағасы бір мекемеге ақша қарыз болған соң сот орындаушылары пәтерге тыйым салған еді. Абдулаев Асан әтердегі өз үлесін қарындасына сыйға тартпақшы болғанн, бірақ нотариус сыйға тарту шартын рәсімдеуге болмайды, өйткені пәтер тыйымда деп бас тартып отыр. Нотариустың бұл әрекеті заңды ма?
* * * *
Азаматша Елеуова Динара жолдасы екеуі 4 жыл бұрын некелерін бұзып, ажырасып кеткен.Олар некеде тұрғанында 3 бөлмелі пәтер сатып алған. Ажырасқан кезде ортақ мүлікті бөлінбеген болатын. Енді қазір мен бұл пәтерді Елеуова Динара бөліп алмақшы. Сізден сұрайын дегенім – бұл пәтерді бөліп алу туралы сотқа арыз бере аламын ба?
* * * *
Азамат Даулетова Асел қайтыс болды.Қайтыс болар алдында Даулетова ешкімге өсиет қалдырмаған болатын, оның жалғыз баласы да өмірден өткен.Баласынан қалған бір немересі бар.Одан қалған 2 бөлмелі пәтерін Даулетованың аға-інілері бөлісе алмай жүр.Заң бойынша пәтер кімге өтуі тиіс?
1.Мүлік иесі қайтыс болғанан кейін мұраға алу құқығын қалайрәсімдеуге болады?
2.Мұрагерлікті қалай және қайда ресімдеуге болады?
* * * *
Кылышбаева заңды түрде жолдасымен ажырасып некесін бұады.Осы некеде болған кезде жолдасы екеуі 3 бөлмелі пәтер алған болаты.Ажырасқан кезде ортақ мүлікті бөлмедік.енді қазір Кылышбаева бұл пәтерді бөліп алмақшы.
Сұрақ: Кылышбаева осы пәтерді бөліп алу туралы сотқа арыз бере алады ма?
* * * *
Ата- анасы ажырасқанда мүліктің бөлігіне балалардың үлес құқығы болады ма?Сот ерлі- зайыптылардың мүлкін бөлген кезде балаларға да мүліктің бір бөлігін алып бере алады ма?
* * * *
Төребаевтың жұмыс орнында жалақысынан алиментке ұстап қалып жүр.Соттың шешімі бойынша алимент төлеуі қажет. Төребаевтың келісімінсіз жалақысынан ұстап қалу заңды ма?
* * * *
Тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары
Нотариат түсінігі. Нотариат қызметтері.
Қазақстан Республикасындағы нотариат
Нотариат туралы заңнама
Нотариаттық іс жүргізу
Мемлекеттік және жеке практикамен айналысатын нотаріус
Нотариаттық қызмет
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері.
Нотариус лицензияын беруден бас тарту ,күшін тоқтата тұру,кері қайтарып алу.
Нотариаттық қызметтің қағидалары, құзіреті.
Нотариустың құқықтары мен міндеттері.
Нотариаттық палата.
Нотариатты ұйымдастыру және басқару.
Нотариустың қызметін бақылау. Әділет министрлігінің нотариатты реттеу саласындағы құзіреті.
Нотариаттық қызмет субектілерінің құзіреті.
Нотариус пен уәкілетті лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережерлері.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаау тәртібі.
Мәміллерді куәландыру.
Нотариаттық тәртіппен куәландыратын мәмілелер.
Даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариатты әрекеттер.
Мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолдану.Мұрагерлк құқығы туралы куәлік беру
Ортақ бірлескен мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру
Ортақ бірлескен меншікк үлесіне меншік құқығы туралы куәлікті берудің тәртібі және орны.
Құжаттарды нотариаттық куәландыру
Құжаттардағы қолдардың түпнұскалығын куәландыру
Мұралық мүлікті қорғау және мұраға құқық туралы куәлік беру
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
Шет мемлекеттердегі нотариат
Шет елдегі іс-әрекетке арналған құжаттарды ресімдеу
СЕНІМХАТ
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Екі мың екінші жылдың бесінші шілдесі
Мен,
Петрова
Мария Ивановна,
1960 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласында
туылған, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы,
52 үйдегі 13 пәтерде тұратын, осы сенімхатпен
Әлиева
Жанна Маратқызына,
1956 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында
туылған, Астана қаласы, Абай даңғылы, 3
үйдегі
8 пәтерде тұратын, «Қазақстанның
Халықтық Жинақ Банкі» ААҚ-ның Астана
қалалық бөлімшесінде ашылған № ______ шот
бойынша менің ақшалай салымымды ұстауға,
мен үшін тиісті құжаттарға қол қоюға,
осы тапсырмаға байланысты барлық басқа
әрекеттерді атқаруына өкілеттік беремін.
Сенімхатта аталған құқықтар мен міндеттерді өкілдің жеке өзі ғана жүзеге асыра алады, оған сенімді басқаларға ауыстыру мүмкіндігі берілмейді.
Сенімхат алты ай мерзімге берілді.
Осы мәміленің мәні, құқықтық салдары, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 170-бабының мазмұны маған түсіндірілді және аталған заң талаптарының мәні менің осы мәмілені жасағандағы көздеген пиғылдарыма сәйкес келеді.
Қолы _______________________________________________
2005 жылдың 05 шілдесінде осы сенімхатты мен, _______________, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің _____ жылдың 00.00. № 0000000 мемлекеттік лицензия негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа Петрова Мария Ивановна менің көзімше қол қойды. Қол қоюшының жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа ____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ЖЕР ТЕЛІМІН СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Атырау қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он тоғызыншы наурызы
Біз, 09.03.1967 жылы Атырау облысында туылған, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, № 15 үйдің № 8 пәтерінің тұрғыны, бұдан әрі «Сыйға тартушы» деп аталатын, азаматша Ахметова Әлия Ахметқызы, бір тараптан және азаматша Ахметова Қаламқас Ахметқызы, 28.08.1965 жылы Атырау облысында туған, Атырау қаласы, Бірлік селосы, № 117 учаскесінің тұрғыны, бұдан әрі «Сыйды алушы» деп аталатын, екінші тараптан, төмендегі мазмұндағы шарт жасастық:
«Сыйға тартушы» «Сыйды алушыға» Атырау қаласы, Бірлік селосы, № 117 учаскеде орналасқан, көлемі – 0,1 га жер телімін сыйға тартты.
«Сыйға тартушының» жеке меншігі екендігі анықталған жер телімі:
2007 жылдың 02 сәуірінің № 04-6422 жылжымайтын мүлікке рақымшылық жасау туралы комиссияның шешімімен;
2007 жылдың 18 қазанының № 3960 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актпен тиесілі;
және Атырау облыстық Әділет департаментінің 19.03.2008 жылғы № 08/24/2404 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және техникалық сипаттамалары туралы анықтамасымен бекітілген.
«Сыйды алушы» сыйға тартылған жер телімін «Сыйға тартушыдан» толығымен және ризашылықпен қабылдады.
Осы келісім жасалғанға дейін аталған жер телімі ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 24, 34 баптарының мазмұны жөнінде нотариус тарапынан сауда жасаушыларға түсініктеме берілді.
Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Сый алушы» төлейді.
Шарт үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі – жеке нотариус А. Бердіғалиеваның іс қағаздарында сақталады, ал қалған екі данасы «Сыйға тартушы» мен «Сыйды алушыға» берілді.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт жылжымайтын мүліктің тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында және қалалық жер комитетінде тіркеуге жатады.
Тараптардың қолдары:
1._________________________________________________________
2._________________________________________________________
2008 жылдың 19 наурызында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 28 қарашасында берілген № 0001230 лицензия негізінде қызмет етуші, Атырау нотариалдық аймағының нотариусы Бердіғалиева Айнагүл Ақыгерейқызы, куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, олардың әрекет қабілеттілігі және сыйға тартылған жердің азаматша Ахметова Әлия Ахметқызының жеке меншік құқығына тиесілі екені тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
МҮЛІКТІ АЙЫРБАСТАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың бесінші мамыры
Біз, 1980 жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында туылған, Астана қаласы, 2 шағын ауданы, 3 үй, № 5 пәтерінің тұрғыны Омаров Асан Маратұлы, «бірінші тарап» деп аталатын және 1977 жылдың 10 шілдесінде Алматы қаласында туылған, Астана қаласы, 1 шағын ауданы, 1 үй, № 21 пәтерінің тұрғыны Оспанова Айгүл Болатқызы, «екінші тарап» деп аталатын, төмендегі мазмұндағы шарт жасастық:
1. Мен, Омаров Асан Маратұлы, маған жеке меншік ретінде тиесілі екі бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 45,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 31,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 3 үйдегі № 23 пәтерді, Оспанова Айгүл Болатқызына жеке меншік ретінде тиесілі үш бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 85,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 55,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 1 үйдегі № 53 пәтерге айырбас-таймын.
2. Айырбас нәтижесінде А.М. Омаровтың жеке меншігіне үш бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 85,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 55,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 1 үйдегі № 53 пәтер (тараптар үш миллион теңгеге бағалаған) өтеді, ал А.Б. Оспанованың жеке меншігіне екі бөлмеден, дәлізден, санитарлық тораптан тұратын, жалпы көлемі 45,00 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 31,00 шаршы метр, Астана қаласы, Абай даңғылы, 3 үйдегі № 23 пәтер (тараптар екі миллион теңгеге бағалаған) өтеді.
3. Айырбасталатын пәтерлер;
-
А.М. Омаровқа 2005 жылдың 02 қаңтарында
Астана қаласы-ның нотариусы А.Д. Иманбаева
куәландырылған сатып алу-сату шарты
жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 мамырында
№ 21/014/30056 Астана қаласы Әділет
департаменті берген анықтама негізінде
тиесілі,
-
А.Б. Оспановаға 2006 жылдың 08 маусымында
Астана қаласының нотариусы Д.Т. Асанова
куәландырылған сатып алу-сату шарты
жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 мамырында
№ 21/014/30059 Астана қаласының Әділет
департаменті берген анықтама негізінде
тиесілі.
4. Осы айырбастау шарты қосымша ақы төлеусіз жүргізілді.
5. Осы шарт жасалғанға дейін айырбасталатын пәтерлер ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
6. Осы шарттың ерекше жағдайлары қарастырылған жоқ.
7. Осы шартты жасау шығындарын тараптар тең үлеспен төлейді.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 501, 502, 503, 504, 505-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапы-нан екі жаққа түсініктеме берілді.
9. Осы шарт үш данада басылып, бір данасы Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанованың іс құжатында сақталады, қалған екі дана көшірмесімен бірге тараптарға беріледі.
10. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт жылжымайтын мүліктердің тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында тіркеуге жатады.
Қолдары: __________________________________________________________
__________________________________________________________
2008 жылдың 05 мамырында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 12 желтоқсанында берілген № 0001203 лицензия негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы Мұқанова Б.Л., куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, олардың әрекетке қабілеттілігі және айырбасталатын пәтерлердің иелері Омаров Асан Маратұлы, Оспанова Айгүл Болатқызы екендігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ПӘТЕР САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың жиырма бірінші маусымы
Біз,
2007 жылдың 21 мамырында Талдықорған
қаласының нотариусы З.А.
Халелова
(мемлекеттік лицензиясының нөмірі
0001280 2003 жылдың 21 қаңтарында берілген)
3957 нөмірлі тізілімде тіркеп куәландырған
сенімхат негізінде Кешубай
Тұрсынбектің атынан
әрекет етуші, 1963 жылдың 01 маусымында
ҚХР-да туылған, Шығыс
Қазақстан
облысы, Өскемен қаласы, Вострецова
көшесі,
№
12 үйдегі 91 -
пәтерде
тұратын,
бұдан
әрі «Сатушы»
деп
аталатын ҚХР азаматы
Нұрмұхамет Сайполла,
бір тараптан және 1954 жылдың 10 желтоқсанында
Шығыс
Қазақстан
облысында туылған, Шығыс
Қазақстан
облысы, Өскемен қаласы, Вострецова
көшесі,
№
12 үйдегі 90
пәтерде тұратын, бұдан әрі «Сатып
алушы»
деп
аталатын азамат Набиев
Бақытжан,
екінші тараптан, төмендегі мазмұнда
шарт жасасты:
1. Набиев Бақытжан Кешубай Тұрсынбектен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, № 27 (жиырма жетінші) үйдегі 23 (жиырма үшінші) пәтерді сатып алды. Сатып алынған пәтер үш бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 63,1 шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы 46,1 шаршы метр.
2. Жоғарыда аталған пәтер «Сатушының» меншік құқығына 2005 жылдың 16 қарашасында Талдықорған қаласының нотариусы К. Қадырова (2003 жылдың 21 қаңтарында берілген № 0001281 мемлекеттік лицензия бар) 3854 нөмірлі тізілімде тіркеп куәландырған сатып алу-сату шарты негізінде тиесілі. Аталған шарт «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында 2005 жылдың 23 қарашасында тіркелген. Пәтердің кадастрлық нөмірі 03:268:011:056.
3. Тараптардың ауызша мәлімдеуінше жоғарыда аталған пәтер «Сатып алушыға» барлығы 6 050 000 (алты миллион елу мың) теңгеге сатылды, аталған сома «Сатушыға» осы шартқа қол қойылғанға дейін төленді.
4.
Алматы
облысы
Әділет
департаментінің
21.06.2007
ж.
№
2008/16368 жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпа-лықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы
анықтамасына сәйкес осы шарт жасалған
кезде сатылып отырған пәтер кепілге
салынбаған, оған тыйым салынбаған,
сатушының ауызша мәлімдеуінше басқа
ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған
және даулы емес.
5. «Сатып алушының» мәлімдеуі бойынша ол жоғарыда аталған пәтерді сатып алған кезде ешкіммен некеде тұрмайды.
6. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды «Сатып алушы» көтереді.
7. Тараптар шарттың мазмұнымен өздері оқу арқылы танысты және өз еріктерімен аталған мазмұндағы шартты жасауға ерік білдіріп отыр. Нотариус тараптарға осы мәміленің мәні мен құқықтық салдарын, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 33-бабының мәнін түсіндірді.
8. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі – жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары «Тараптарға» беріледі.
9. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы».
Тараптардың қолдары:
«Сатушы» _________________________________________________
«Сатып алушы» ____________________________________________
2007 жылдың 21 маусымында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2003 жылдың 21 қаңтарында берген № 0001280 мемлекеттік лицензия негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, сатылған пәтердің Кешубай Тұрсынбектің меншігіне тиесілі екені анықталды. Тараптардың әрекет қабілеттілігі және сатушы өкілінің өкілеттігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ЖЕР ТЕЛІМІН КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың бесінші мамыры
Біз, 1980 жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында туылған, Астана қаласы, 2 шағын ауданы, 3 үй, № 5 пәтерінің тұрғыны Омаров Асан Маратұлы, «бірінші тарап» деп аталатын және 1977 жылдың 10 шілдесінде Алматы қаласында туылған, Астана қаласы, 1 шағын ауданы, 1 үй, № 21 пәтерінің тұрғыны Оспанова Айгүл Болатқызы, «екінші тарап» деп аталатын, төмендегі мазмұндағы шарт жасастық.
1. Мен, Омаров Асан Маратұлы, маған жеке меншік ретінде тиесілі ВАЗ-21102 маркалы, 2000 жылы шығарылған, қозғалтқышы 02553646, шанағы ХТЯ 211020223, мемлекеттік нөмірі Н 535 РУМ өз көлігімді, Оспанова Айгүл Болатқызына тиесілі Астана қаласы, Тепловозная көшесі, № 545 телімінде орналасқан, көлемі 0,1 га жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер теліміне айырбастаймын.
2. Айырбас нәтижесінде А.М. Омаровтың жеке меншігіне Астана қаласы, Тепловозная көшесі, № 545 телімінде орналасқан, көлемі 0,1 га жер телімі (тараптар бір миллион теңгеге бағалаған) өтеді; А.Б. Оспанованың жеке меншігіне тиесілі ВАЗ-21102 маркалы, 2000 жылы шығарылған, қозғалтқышы 02553646, шанағы ХТЯ 211020223, мемлекеттік нөмері Н 535 РУМ көлік (тараптар бір миллион теңгеге бағалаған) өтеді.
3. Айырбасталатын көлік «бірінші тарап» А.М. Омаровқа 2000 жылдың 05 ақпанында Астана қаласында IIБ ЖНБ ТНБ берген ТС № Н 0000432 тіркеу куәлігі негізінде тиесілі, жер телімі «екінші тарап» А.Б. Оспановаға 2006 жылдың 08 маусымында Астана қаласының нотариусы Д.Т. Асханова куәландырған сатып алу-сату шарты жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 маусымында АН № 000289 Астана қаласының Жер қатынастары және Жерді пайдалану жөніндегі комитетінде берілген мемлекеттік актісінің, 2008 жылдың 05 мамырында № 21/014/30059 Астана қаласының Әділет депертаментінде берілген анықтама негізінде тиесілі.
4. Осы айырбастау шарты қосымша ақы төлеусіз жүргізілді.
5. Осы шарт жасалғанға дейін айырбасталатын автокөлік және жер телімі ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
6. Осы шарттың ерекше жағдайлары: қарастырылған жоқ.
7. Осы шартты жасау шығындарын тараптар тең үлеспен төлейді.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 501, 502, 503, 504, 505-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапынан екі жаққа түсініктеме берілді.
9. Осы шарт үш данада басылып, бір данасы Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанованың іс-құжатында сақталады, қалған екі дана тараптарға беріледі.
10. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт жылжымайтын мүлік тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Жол полициясында тіркеуге жатады.
Қолдары: __________________________________________________________
__________________________________________________________
2008 жылдың 05 мамырында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 12 желтоқ-санында берілген № 0001203 лицензия негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанова, куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, олардың әрекетке қабілеттілігі және айырбасталатын көліктың иесі Омаров Асан Маратұлы, жер телімінің иесі Оспанова Айгүл Болатқызы екендері тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
МҰРАЛЫҚ МҮЛІКТІ БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Екі мың бесінші жылдың екінші желтоқсаны
Біз, Петрова Людмила Васильевна, 13.05.1940 жылы ШҚО туылған, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйдің 60 пәтерінің тұрғыны, СТН 181810790822, және Петров Игорь Владимирович, 25.04,1966 жылы Қырғызстанда туылған, Өскемен қаласы, Куратов көшесі, 3 үйдің тұрғыны, СТН 181810080870, 02.12.2005 жылғы № 7-102 мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес 2005 жылдың 28 наурызында қайтыс болған азамат Петров Владимир Автономовичтің мұралық мүлкіне тең үлестегі мұрагер-лері болып таныламыз.
Мұралық мүлік:
- 18.11.2005 жылы берілген № 7-5819 меншік туралы куәлік негізінде мұра қалдырушының атындағы Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйде орналасқан, тұрғын алаңы 28,60 ш.м., жалпы алаңы 51,10 ш.м. құрайтын екі бөлмелі № 60 пәтердің 1/2 үлесі;
-
20.04.2000 жылы ШҚО ІІД МАИ-мен берілген TC
FA
№ 00041294 тіркеу туралы куәлігі
негізінде мұра қалдырушының атындағы
мемлекеттік
тіркеу номері
F 134 AUM, кузовы V2007336, қозғалтқышы 2031166,
1997 жылы шығарылған ВАЗ 21093 маркалы
автокөлігі;
- «ТұранӘлемБанк» АҚ Өскемен қалалық бөлімшесінде ашылған №№ 801117, 901118, 283913 шоттарда сақталған барлық проценттік қосымшаларымен ақшалай салымдары.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1076-бабына сәйкес мұралық мүлікті бөлу туралы осы келісімді жасадық, осыған сәйкес:
1. Петрова Людмила Васильевнаның меншігіне өтетіні:
- Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 75 үйде орналасқан, тұрғын алаңы 28,60 ш.м., жалпы алаңы 51,10 ш.м. құрайтын екі бөлмелі № 60 пәтердің 1/2 (екіден бір бөлігіндегі) үлесі,
- «ТұранӘлемБанк» АҚ Өскемен қалалық бөлімшесінде ашылған № № 801117, 901118, 283913 шоттарда сақталған барлық пайыздық қосымшаларымен ақшалай салымдар.
2. Петров Игорь Владимировичтің меншігіне өтетіні:
-
20.04.2000 жылы ШҚО ІІД МАИ-мен берілген TC
FA
№ 00041294 тіркеу туралы куәлігі
негізінде мұра қалдырушының атындағы
мемлекеттік
тіркеу номері
F 134 AUM, кузовы V2007336, қозғалтқышы 2031166,
1997 жылы шығарылған ВАЗ 21093 маркалы
автокөлік.
Осы келісімді жасауға кеткен шығындарды тараптар өзара келісім арқылы төлейді.
Келісім үш данада жасалған, бір данасы ШҚО Өскемен қаласы нотариусы А.И. Иванованың істерінде сақталады және тараптарға әр қайсысына бір данадан табыс етіледі.
Келісім мәтінін біз оқыдық. Осы келісімнің мағынасын, маңызын, құқықтық салдарын нотариус бізге түсіндірді. Келісімнің мазмұны біздің шын ниетімізге сәйкес келеді.
Қолдары:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
2005 жылдың 02 желтоқсанында осы келісімді мен, Иванова Анна Ивановна, 10.08.98 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен берілген № 0000112 лицензиясы негізінде әрекет етуші Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының нотариусы, куәландырдым. Келісімге тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың әрекет қабілеттілігі және мүліктің тиесілігі тексерілді.
ҚР Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы келісім куәландырған күннен бастап алты ай ішінде Шығыс Қазақстан Әділет департаментінде және ШҚО ІІД ЖПБ-да тіркелуі қажет.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ӨСИЕТ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың жетінші ақпаны,
жергілікті уақыт 11 сағат 45 минут
Мен,
1939 жылдың 06 маусымында Алматы облысында
туылған, Алматы облысы, Талдықорған
қаласы, қосалқы шаруашылықтың № 1
бөлімшесі, № 1 үйдегі 2 пәтерде тұратын
Сидоров
Сидор Сидорович, 1977
жылдың 05 маусымында Алматы облысында
туылған, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік
көшесі,
№ 101 үйдегі 6 пәтерде тұратын
куә
Жанысова Гүльжан Азатовнаның көзінше
өзім қайтыс болған жағдайда осы өсиетпен
меншігімдегі мүлкіме қатысты төмендегідей
билік етемін:
1. Маған тиесілі мүліктің ішінен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Бетховен көшесінде орналасқан № 101 (жүз бірінші) тұрғын үйімді жер телімімен қоса 1961 жылдың 10 қазанында Алматы облысында туылған Есенов Алдаберген Каримовичке өсиет етемін. Осы өсиет бойынша мұрагерге өсиет етілген тұрғын үйдің 1/2 (екіден бір) бөлігін жер телімімен қоса Сидорова Татьяна Ивановнаның ғұмырлық пайдалануына беру міндетін жүктеймін.
2. Мен қайтыс болған кезде маған тиесілі қандай болмасын және қай жерде болмасын, қалған барлық мүлкімді 1961 жылдың 10 қазанында Алматы облысында туылған Есенов Алдаберген Каримовичке өсиет етемін. Және оған менің кітапханамдағы балаларға арналған әдебиеттерді Талдықорған қаласындағы балалар кітапханасына беру міндетін жүктеймін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1050, 1053, 1054, 1069-баптарының мазмұны, осы мәміленің мәні мен құқықтық салдары маған және куәға түсіндірілді.
Осы өсиет екі дана етіп құрастырылып, оларға қол қойылды, оның бір данасы Талдықорған қаласының нотариусы З.А Халело-ваның істерінде сақталады, ал бір данасы өсиет қалдырушы Сидоров Сидор Сидоровичке беріледі, жасалған өсиеттің даналарының заңдылық күші бірдей.
Компьютерге терілген осы өсиетті нотариус менің айтуыммен құрастырды және өсиетті мен куә Жанысова Гүлжан Азатовнаның және нотариустың көзінше өзім оқыдым.
Өсиет қалдырушының қолы _________________________
Куәнің қолы ________________________________________
2008 жылдың 07 ақпанында осы өсиетті мен, Халелова Захидам Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде әрекет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы, куәландырдым. Өсиетке өсиет қалдырушы Сидоров Сидор Сидорович және куә Жанысова Гүлжан Азатовна менің көзімше қол қойды. Өсиет қалдырушы мен куәнің жеке бастары анықталды, әрекет қабілеттіліктері тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ӨСИЕТТІҢ КОНВЕРТІНДЕГІ ЖАЗЫЛЫМ
Екі мың сегізінші жылдың екінші қарашасында осы өсиетті мен, Халелова Захидам Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде әрекет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы, куәландырдым. Өсиетті менің көзімше, сондай-ақ куәлар Иванова Мария Петровна мен Семенова Надежда Ивановнаның көзінше Степанова Лариса Степановна өзі құрастырып жазды және өзі қол қойды, хаттысқа салып, өзі желімдеді. Өсиет құрастырудың тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1050, 1053, 1054, 1069-баптары-ның мазмұнын нотариус өсиет қалдырушы мен куәларға түсіндірді. Өсиет қалдырушының және куәлардың жеке басы анықталды, әрекет қабілеттіліктері тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
Нотариусқа
1943 жылдың 05 қазанында
Монғолияда туылған, Талдықорған
қаласы, Қазақстан көшесіндегі № 232
үйде тұратын Ахмет Әлиядан
АРЫЗ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың алтыншы ақпаны
Маған, Ахмет Әлияға, 2007 жылдың 22 тамызында қайтыс болған жұбайым Асқар Мұраттан қалған мұралық мүлікті қабылдауға шақырылатыным мәлім болды.
Мен, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесіндегі № 232 үйде тұрған, қайтыс болған жұбайым Асқар Мұраттан қалған мұралық мүліктегі өз үлесімнен 1974 жылдың 20 қыркүйегінде Монғолияда туылған, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, № 1 «а» үйдегі 58 пәтерде тұратын мұра қалдырушының қызы Асқар Айгүлдің пайдасына бас тартамын.
Мұраға қалған мүлікті бөлу немесе оған билік ету мақсатымен ешқандай әрекеттер жасаған жоқпын, маған мұрагерлік құқық туралы куәлік алу мақсатымен арыздар берген жоқпын. Осы арыздың мәтінін өзім оқыдым, оның мазмұны менің шын мәнінде көздеген пиғылдарыма сәйкес келеді. Мұрадағы үлестен бас тарту туралы арызды кейіннен жоюға немесе оны қайтарып алуға болмайтынын, осы нотариаттық әрекеттің құқықтық салдарын, осы арызды мұра ашылған жердегі нотариусқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде тапсыру қажет екені туралы нотариус маған түсіндірді және ескертті.
Қолы _______________________________________________
2008
жылдың 06 ақпанында мен, Халелова Захидам
Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің 2003 жылдың
21
қаңтардағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы
негізінде қызмет етуші Талдықорған
қаласының нотариусы, Ахмет Әлияның
менің көзімше қойған қолының түпнұсқалығын
куәландырамын. Қол қоюшының жеке басы
анықталды, әрекет қабілеттілігі
тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ӨСИЕТ БОЙЫНША МҰРАҒА ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы Атырау қаласы
Екі мың жетінші жылдың он сегізінші қаңтары
Мен,
Бердіғалиева
Айнагүл
Ақыгереевна,
Атырау нотариалдық округінің нотариусы,
2002 жылдың
28 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі берген
№ 0001230 лицензия негізінде іс-әрекет
етуші, 2006 жылдың 28 қаңтарында менімен
куәландырылған және № 2-110 тізілімде
тіркелген өсиеттің негізінде қандай
жағдайда болмасын және қай жерде болмасын
2006 жылдың 24 маусымында қайтыс болған
азаматша Исенкулова
Салтанат
мүлкіне – ұлы
азамат
Исенбаев
Самат Саматович,
14.10.1950
жылы Ресей,
Астрахань облысында
туған,
Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, № 12
үйдің уақытша тұрғыны, Германия
Федерациялық Республикасы, Дюссельдорф
қаласы, Цеппелин-штрассе, № 42 үйдің
тұрғыны мұрагер
болып табылатынын куәландырамын.
Осы берілген мұралық куәлік мынадай мүліктен тұрады:
- Атырау қаласы, Авангард-2 шағын ауданы, № 3 үйдің, № 47 пәтерінің ½ үлесі. Тұрғын пәтердің жалпы алаңы – 30,80 шаршы метр, тұрғын пайдалы алаңы – 18,30 шаршы метр.
Тұрғын пәтер мұра қалдырушыға 1993 жылдың 11 қазанының № 11040 пәтерді жекешелендіру шартымен тиесілі және 18.01.2007 жылғы № 07/3/1427 Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және техникалық сипаттамалары туралы анықта-масымен бекітілген.
Куәлік Атырау облысы бойынша “Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта” тіркелуге тиіс.
№ ______ тізілімде тіркелді.
Нотариуске төленген сомасы __________ теңге.
Мұралық істің нөмірі № ____________
Нотариус _________________________________
ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАҒА ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он бесінші сәуірі
Мен,
Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы
№ 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде
әрекет етуші, Талдықорған қаласының
нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна,
Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 1061-бабының негізінде 2007
жылдың
27 шілдесінде қайтыс болған
Юрьева Надежда Петровнаның
мүлкіне 1952 жылдың 01 қаңтарында Алматы
облысында туылған, Талдықорған қаласы,
Алдабергенов көшесіндегі № 82 үйде
тұратын ұлы
Юрьев Владимир Викторович,
оның ішінде - оның пайдасына бас тартқан
мұра қалдырушының балалары: 1954 жылдың
15 наурызында Алматы облысында туылған,
Талдықорған қаласы, Алдабергенов
көшесіндегі № 82 үйде тұратын ұлы
Юрьев Виктор Викторовичке,
1958 жылдың 18 ақпанында Алматы облысында
туылған, Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Қарабұлақ ауылы, Абай көшесіндегі № 15
үйде тұратын ұлы
Юрьев Станислав Викторовичке
тиесілі мұраның бөлігіне мұрагер болып
табылатынын куәландырамын.
Осы куәлік берілген мұралық мүлік:
Бес тұрғын бөлмелі, ас үйі, дәлізі бар, жалпы пайдалы алаңы 85,7 шаршы метр, оның ішінде пайдалы тұрғын алаңы 50,9 шаршы метр, қосалқы құрылыстары – моншасы, жаздық ас үйі, гаражы, қоймасы бар, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесінде орналасқан № 82 (сексен екінші) тұрғын үйден тұрады. Аталған тұрғын үй алаңы 0,010 га жеке меншік құқындағы тұрғын үйге қызмет көрсету үшін берілген жер телімінде орналасқан.
Жоғарыда аталған жылжымайтын мүлік мұра қалдырушының меншік құқығына:
а) тұрғын үй - 2006 жылдың 14 тамызында Талдықорған қаласының нотариусы Г.М. Иманбекова (мемлекеттік лицензиясы № 012456 2001 жылдың 12 қаңтарында берілген) № 5819 тізілімде тіркеп, куәландырған сатып алу-сату шарты негізінде;
б) тұрғын үй орналасқан жер телімі – Талдықорған қаласы әкімінің 2006 жылдың 13 ақпандағы жеке меншік құқығын беру туралы № 36-1313 қаулысы, Талдықорған қалалық жер қатынастары жөніндегі бөлімнің 2007 жылдың 13 ақпанында берген № 1179155 мемлекеттік акт негізінде тиесілі. Тұрғын үй мен жер теліміне деген құқықтар Алматы облысы Әділет департаментінде 2007 жылдың 05 наурызында тіркелген.
Тұрғын үй мен жер телімінің кадастрлық нөмірі 03:268:904:089.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы куәлік құзыретті мемлекеттік тіркеу органдарында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАЛДАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысының Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он сегізінші ақпаны
Біз,
1970 жылдың 15 тамызында Ресейдің Алтай
өңірінде туылған жұбайы Терехова Нина
Максимовнаның келісімімен әрекет етуші,
Алматы облысында 1967 жылдың 23 маусымында
Талдықорған облысында туылған, Талдықорған
қаласы, «Самал» шағын ауданы, 35 үйдегі
2 пәтерде тұратын, бұдан әрі
«Жалға беруші»
деп
аталатын, Иванов
Иван Иванович,
бір тараптан және 1975 жылдың 13 шілдесінде
Ресейдің Красноярск өңірінде туылған
жұбайы Мелехова Антонина Александровнаның
келісімімен әрекет етуші, 1965 жылдың 05
мамырында Талдықорған облысында туылған,
Талдықорған қаласы, «Самал» шағын
ауданы, 18 үйдегі
26 пәтерде тұратын,
бұдан әрі «Жалға
алушы» деп
аталатын Сидоров
Сидор Сидорович,
екінші тараптан, төмендегі мазмұнда
шарт жасастық:
1.
«Жалға
беруші»
өзінің жеке меншігіндегі «Жигули-Ваз»
маркалы, 2005 жылы шығарылған, қозғалтқышының
№ 000001236, қорабының № 9990012, шассиінің №
000269, мемлекеттік тіркеу
№ В293АТМ,
көлік құралын «Жалға
алушының»
иеленуі мен пайдалануына береді. Аталған
көлік құралы «Жалға
берушінің»
меншік құқығына Алматы облысы Ішкі
істер департаментінің жол полициясы
2007 жылдың 15 қазанында берген ВТ сериялы
нөмірі 00012850 көлік құралын тіркеу туралы
куәлік негізінде тиесілі.
2. Жоғарыда аталған көлік құралы «Жалға алушыға» жолаушыларды тасымалдау үшін беріледі. Жалға берілген көлік құралы техникалық тұрғыдан жолаушыларды тасымалдауға және пайдалануға жарамды, тасымал кезінде жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет талаптарға сай жабдықталған.
3. Тараптардың келісуімен көлік құралын жалдағаны үшін «Жалға алушы» «Жалға берушіге» ай сайын 50 000 (елу мың) теңге ақы төлеуге міндетті. Аталған ақы біржолғы ақшалай төлем ретінде әр айдың 25 (жиырма бесінші) жұлдызынан кешіктірілмей төленуі тиіс.
4. «Жалға алушы»:
- жалға алынған көлік құралын ұқыптылықпен және көлік құралын қолдану ережелеріне сай пайдалануға;
- көлік құралының сақталуын қамтамасыз етуге, көлік құралын техникалық байқаудан өткізіп отыруға;
- өз қаражаты есебінен көлік құралына ағымдағы жөндеу жүргізуге;
- жалдаудың мерзімі аяқталған соң жалға алған көлік құралын, оның тозу дәрежесін ескере отырып, көлік құралын жалға алған кездегі жарамды жағдайда қайтаруға;
- жолаушылар тасымалы кезінде денсаулығына зақым келген жеке тұлғаларға немесе басқа заңды тұлғаларға келтірілген залалды өз есебінен төлеп отыруға міндеттенеді.
5. Көлік құралын ұқыпсыз немесе жол жүру ережелерін бұзудың нәтижесінде жалға алынған көлік құралына зақым келген жағдайда «Жалға алушы» жөндеу жұмыстарын өз есебінен атқаруға міндеттенді.
6. «Жалға алушыға» осы шарт бойынша жалға алынған көлік құралын үшінші тараптарға қосалқы жалға беруге тыйым салынады.
7. «Жалға берушінің» ауызша мәлімдеуіне сәйкес жалға беріліп отырған көлік құралы үшінші тараптарды құқықтарынан бос: ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған, кепілге салынбаған, жалға берілмеген, даулы емес.
8. Осы шарт үш жыл мерзімге жасалды және жалға берілетін көлік құралын «Жалға алушы» нақтылы қабылдап алған уақыттан бастап күшіне енеді. Осы шарт тараптардың өзара келісуі арқылы кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.
9. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі – Талдықорған қаласының нотариусы З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары шартқа қатысушыларға беріледі.
Тараптардың қолдары:
«Жалға беруші»_____________________________________________
«Жалға алушы»_____________________________________________
2008 жылдың 18 ақпанында осы шартты мен, Қазақстан Республи-касы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде әрекет етуші, Талдықорған қаласының жеке нотариусы Халелова Захидам Абдуллақызы, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, жалға берілген автокөлік құралының Иванов Иван Ивановичтың меншік құқығына тиесілі екені анықталды. Тараптардың әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
РЕНТА ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың екінші мамыры
Біз, 1928 жылдың 21 ақпанында Ақмола облысында туылған, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үй, 13 пәтердің тұрғыны азамат Ыбыраев Серік Ыбырайұлы және 1955 жылдың 23 наурызында Ақмола облысында туылған, Астана қаласы, 1 шағын аудан, 23 үй, 45 пәтердің тұрғыны Есенов Болат Есенұлы, төмендегі мазмұндағы шартты жасастық:
1. Ыбыраев Серік Ыбырайұлы Есенов Болат Есенұлының меншігіне Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үйдегі № 13 пә-терді тегін береді, ал Есенов Болат Есенұлы азамат Ыбыраев Серік Ыбрайұлын өмір бойы асырауды іске асыруға міндеттеме алады.
2. Көрсетілген пәтер Ыбыраев Серік Ыбрайұлына 1993 жылдың 18 маусымдағы № 678 жекешелендіру шарты бойынша тиесілі, ол 2002 жылдың 02 мамыр № 2002/2/1015 құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесімен расталады.
3. Көрсетілген пәтер жалпы алаңы 31,3 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 18,4 шаршы метр, бір бөлмеден, ас үйден, дәлізден, санитарлық тораптан тұрады. Тараптар пәтерді 570 000 (бес жүз жетпіс мың) теңгеге бағалайды.
4. Тараптардың келісімі бойынша С. Ыбыраевты өмір бойы тегін асырау жөніндегі міндеттемелер құрамына мыналар енеді:
берілетін пәтерде өмір бойы тұру құқығын сақтап, тұрғын үймен қамтамасыз ету;
азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету;
денсаулығына байланысты бағып-қағу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
әртүрлі тұрмыстық қызметтер көрсету;
жерлеумен байланысты жоралық қызметтерді төлеу.
Өмір бойы асырау құнының айлық көлемін тараптар екі айлық ең төменгі еңбекақы көлемінде белгіледі.
Осы шарт нәтижесінде оны Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелген сәттен бастап Б.Е. Есенов жоғарыда көрсетіл-ген пәтерге меншік құқығына ие болады, сонан соң жылжымайтын мүлікке салық төлеу, пәтерді жөндеу және ұстау, коммуналдық қызметке төлемдер бойынша міндеттеме алады.
Б.Е. Есенов осы шарт бойынша пәтер кездейсоқ жойылған жағдайда да өзіне қабылдаған міндеттемелерді артады. Пәтерді сату, кепілге беру және басқа да әрекеттер тек С.Ы. Ыбыраевтың келісімімен ғана мүмкін.
Көрсетілген пәтер осы сәтке дейін сатылмаған, кепілдікке салынбаған, даулы емес және тыйым салынбаған, ол Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың С.Ы. Ыбыра-евқа берген анықтамасымен расталады.
Өмір бойы асырау жөніндегі міндеттеме рента алушының қайтыс болуымен тоқталады.
Б.Е. Есеновтың өзіне алған міндеттемелерін елеулі бұзған жағдайда С.Ы. Ыбыраев пәтерді қайтаруды немесе сатып алу құнын төлеуді талап етуге құқылы.
10. Осы шарт Б.Е. Есеновтың әйелі А.Т. Есенованың келі-сімімен жасалды.
11. Осы шартты жасау шығынын Б.Е. Есенов төлейді.
12. Осы шарт үш данада жасалған, оның бір данасы нотариус-тың істерінде сақталады және тараптарға бір-бір данадан беріледі.
13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 155 -бабына сәйкес осы шарт Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелуге тиіс.
Тараптардың қолдары:
1.________________________________________________________
2.________________________________________________________
2008
жылдың 02 мамыры. Осы шартты мен, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі 2003
жылдың 21 ақпанында
№ 0000000 мемлекеттік
лицензиясы негізінде қызмет етуші,
Астана қаласының нотариусы Иванова
Ирина Ивановна,
куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің
көзімше қол қойды. Тараптардың жеке
басы анықталды, олардың әрекет
қабілеттіліктері, сондай-ақ берілетін
пәтердің Ыбыраев Серік Ыбырайұлына
тиесілілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ӨМІР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он төртінші қазаны
Біз, 1935 жылдың 15 қазанында Қостанай облысында туыл-ған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Пушкин көшесіндегі 90 үйде тұратын Хохлова Арина Михайловна, бұдан әрі «Рента алушы» деп аталатын, бірінші тарап және 1973 жылдың 03 маусымында Жамбыл облысында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Агропромышленник» саяжайы, Хуторская көшесіндегі № 5 үйде тұратын Ережепов Данияр Мұсабекұлы, бұдан әрі «Рента төлеуші» деп аталатын, екінші тарап, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:
1. «Рента алушы» өзінің меншік құқығына тиесілі Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Хуторская көшінде орналасқан № 4 үйдегі 25 (жиырма бесінші) пәтерін «Рента төлеушінің» меншігіне береді, ал «Рента төлеуші» «Рента алушыны» өмір бойы асырауда ұстауға міндеттенеді. Аталған пәтер төрт тұрғын бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 91,5 шаршы метр, оның ішінде тұрғын пайдалы алаңы 61,0 шаршы метр. Пәтердің кадастрлық нөмірі ВО 03:268:919:263.
2.
Жоғарыда аталған пәтер «Рента
алушының»
жеке
меншік құқығына: Талдықорған қаласы
бойынша жылжымайтын мүлікті жариялау
жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 14
тамыздағы № 351 мүлікті жариялау туралы
шешімі негізінде тиесілі. Жоғарыда
аталған шешім Алматы облысының Әділет
департаментінде
2007 жылдың 27
қыркүйегінде тіркелген.
3. Тараптар өзара келісу арқылы жоғарыда аталған жылжы-майтын мүлікті 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңгеге бағалады.
4. «Рента төлеуші» «Рента алушыны» өмір бойы асырауда ұстауға және бұл мақсатпен «Рента алушыны» ай сайын жалпы құны заңмен белгіленген бес еселенген ең аз төменгі еңбекақы мөлшерінде тамақтандырумен, киім-кешекпен, дәрі-дәрмекпен, қажетті көмекпен қамтамасыз етуге, оның ішінде - күн сайын кем дегенде бір рет ыстық тамақ әзірлеп беруге, аптасына кем дегенде бір рет үйді жинап жууға, айына кем дегенде екі рет киім-кешек пен төсек-орын жабдықтарын жуып отыруға міндеттенеді.
5. «Рента алушының» осы мәміленің 1-тармағында аталып көрсетілген пәтерде ғұмыр бойы тегін тұруға құқығы бар.
6. «Рента төлеуші» «Рента алушы» қайтыс болған жағдайда жалпы сомасы ол қайтыс болған кездегі заңмен белгіленген кем дегенде елу еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінде жерлеу рәсімінің шығындарын өтеуге міндетті.
7. «Рента төлеуші» өз меншігіне берілген пәтерді тек «Рента алушының» алдын-ала берген келісімімен ғана бөтеннің иелігіне бере алады, кепілге сала алады немесе басқа тәсілдермен пәтерге ауыртпашылықтар жүктей алады.
8. «Рента төлеуші» осы шарттың қолдану мерзімі шеңберінде өзіне берілген пәтердің құнының төмендеуіне жол бермейтін қажетті шараларды жүзеге асырып отыруы тиіс. Бұл мақсатта ол жоғарыда көрсетілген пәтерді санитарлық талаптарға сай тазалықта ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң қадағалауға, пәтерге қажетті ағымдағы және күрделі жөндеу жасауға.
9. Осы шарт бойынша «Рента төлеушінің» меншігіне берілетін пәтерде ешкім тіркелмеген, қолданыстағы заңдарға сәйкес рентаға берілген пәтерді пайдалану құқығы сақталатын басқа тұлғалар жоқ.
10. «Рента алушы» нотариусқа рентаға берілетін пәтерден өз үлесін талап ететін жұбайының жоқ екендігі туралы өтініш берді. «Рента төлеуші» аталған өтінішпен танысты. «Рента төлеушінің» жұбайы Сидорова Нина Петровна пәтерді осы шартта белгіленген жағдайларға сәйкес рентаға алуға келісім берді.
11.
Алматы облысы Әділет департаментінің
2008 жылдың
14 қазанындағы № 2008/14523
анықтамасына сәйкес рентаға беріліп
отырған пәтер осы шарт жасалғанға дейін
ешкімге сатылмаған, кепілге салынбаған,
оған тыйым салынбаған, даулы емес.
12. «Рента төлеуші» рентаға берілген пәтерге осы шартқа қол қойылған күннен бастап он күннің ішінде көшіп келіп, қоныстанады.
13. «Рента төлеушінің» рентаға алынған пәтерге деген меншік құқығы осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда тіркелген уақыттан бастап пайда болады. Осы шарт мемлекеттік тіркеуге алынған уақыттан бастап жасалды деп саналады.
14. «Рента алушы» қайтыс болған уақыттан бастап «Рента төлеушінің» осы шарттың 6-тармағында көрсетілген міндеті орындалған соң, оның ренталық міндеті тоқталды деп саналады.
15. Осы шарттың жағдайларын өзгерту және шартты бұзу тараптардың өзара келісуі арқылы жүзеге асырылады, тараптардың біреуі шарттың жағдайларын өзгертуге немесе шартты бұзуға келіспесе, онда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
16. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 537, 538, 539-баптарының мазмұны тараптарға түсіндірілді, осы шарттың құқықтық салдары шартқа қатысушы тараптарға мәлім.
17. Тараптар нотариустың көзінше өздерінің әрекетке қабілетті екенін, осы шартты мәнін түсінуге кедергі жасайтын аурулармен ауырмайтынын, өзіне өте тиімсіз жағдайлармен осы шартты жасауға мәжбүр ететін мән-жайлардың жоқ екенін мәлімдеді.
18. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Рента төлеуші» төлейді.
19. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі - жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары тараптарға беріледі.
20. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодесінің 155-бабына сәйкес осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.
Тараптардың қолдары:
«Рента алушы»_____________________________________________
«Рента төлеуші»____________________________________________
2008 жылдың 14 қазанында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтардағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының жеке нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, рентаға сатылған пәтердің Хохлова Арина Михайловнаның жеке меншік құқығының тиесілі екені, тараптардың әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
АВТОКӨЛІКТІ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Атырау қаласы
Екі мың сегізінші жылдың бесінші тамызы
Біз, 20.10.1968 жылы Атырау облысында туылған, Атырау қаласы, Канцев көшесі, 1 үйдің № 79 пәтерінің тұрғыны, бұдан әрі «Сыйға тартушы» деп аталатын, Ахметова Әлия Ахметқызы, бір тараптан және Асқаров Мұрат Ахметұлы, 15.04.1962 жылы Атырау облысында туылған, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосының тұрғыны, бұдан әрі «Сыйды алушы» деп аталатын, екінші тараптан, төмендегі мазмұндағы шарт жасадық:
«Сыйға тартушы» Ахметова Әлия Ахметқызы жұбайы Ахметов Серик Сериковичтің келісімімен «Сыйды алушы» Асқаров Мұрат Ахметұлына өзінің атындағы маркасы УАЗ 22069-033, мемлекеттік тіркеу номері Е 656 DZM, 2005 жылы шығарылған, қозғалтқышы № 42180050602242, шассиі № 37410050453077, шанақ № 22060050209280 автокөлігін құны 2.000.000 теңге сыйға тартты.
«Сый тартушыға» жоғарыдағы көлік 16.07.2005 жылғы ЕА № 00065603 Атырау облыстық ІІБ Жол полициясы басқармасы берген көлік құралының тіркелу куәлігімен тиесілі.
«Сыйды алушы» Асқаров Мұрат Ахметович сыйға тартылған мүлікті «Сыйға тартушы» Ахметова Әлия Ахметқызынан толығымен және ризашылықпен қабылдады.
Осы шарт жасалғанға дейін аталған көлік ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 506, 509-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапынан шарт жасаушыларға түсініктеме берілді.
Осы шартты жасау шығындарын «Сый тартушы» төлейді.
Осы шарт үш данада жасалып, бір данасы нотариус
А.Н. Иванованың істерінде сақталады, бір-бір данадан тараптарға беріледі.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт Жол полициясы басқармасында тіркеуге жатады.
Қолдары: 1._________________________________________________________
2._________________________________________________________
2008 жылдың 05 тамызында осы шартты мен, Иванова Анна Николаевна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 10.08.2002 жылғы № 0000000 мемлекеттік лицензиясы негізінде қызмет етуші, Атырау қаласының нотариусы, куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қолдарын қойды. Тараптардың жеке бастары, олардың әрекет қабілеттіліктері және сыйға тартылған көліктің Ахметова Әлия Ахметқызының меншік құқығына тиесілі екені тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ШАРТТЫ БҰЗУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың жиырма бірінші маусымы
Біз, 1963 жылдың 01 маусымында ҚХР-да туылған, Алматы облысының Талдықорған қаласы, Вострецова көшесі, № 12 үйдегі 91 пәтерде тұратын Нұрмұхамет Сайполла және 1954 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысында туылған, Алматы облысының Талдықорған қаласы, Пушкин көшесі, 2 үйдегі 9 пәтерде тұратын Набиев Бақытжан, төмендегiлер туралы өзара осы келiсiмдi жасады:
1. Алматы облысының Талдықорған қаласы, Менделеев көшесі, 10 үйде орналасқан № 5 пәтердi мен, Нұрмұхамет Сайполла, ҚР ӘМ 20.11.2001 жылы берілген № 0000000 лицензияның негiзiнде әрекет жасаушы Талдықорған қаласының нотариусы А.Н. Иванова 15.02.2005 жылы куәландырған № 0000 тiзiлiмде тiркелген және 25.02.2005 жылы Жылжымайтын мүлік орталығында тіркелген сыйға беру шартымен сыйға тартқанмын, ал Набиев Бақытжан сыйды қабылдаған.
2. Біз, Нұрмұхамет Сайполла және Набиев Бақытжан, аталған шартты осы келiсiммен бұзамыз.
3. Осы келiсiмдi жасау жөнiндегi шығындарды тараптар келiсiмдерi бойынша төлейдi.
4. Осы келiсiм мүлiктiң тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлiктi тiркеу жөнiндегi аумақтық органда тiркелуге тиiстi.
Тараптардың қолдары:
1. ________________________________________________________
Тегi, аты және әкесiнiң аты, қолы
2. ________________________________________________________
Тегi, аты және әкесiнiң аты, қолы
2007 жылдың 21 маусымында осы келісімді мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2003 жылдың 21 қаңтарында берген № 0001280 мемлекеттік лицензия негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Келісімге тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ ҮЛЕСІН САТЫП АЛУ-САТУ
ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың он екінші қарашасы
Біз, Алматы облысында 1964 жылдың 12 қазанында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тимирязев көшесі, 20 үйдің тұрғыны, Нүсипбеков Дәулетбай Ибраимович, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, бірінші тарап және Алматы облысында 1962 жылдың 12 наурызында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 14 үйдің тұрғыны, Асқаров Мұрат Маратович, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, екінші тарап, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:
1. «Сатушы» осы шарт бойынша «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталының 50% үлесін сатты, ал «Сатып алушы» сатып алды.
2. Жарғылық капиталдың көрсетілген үлесі 230 000 (екі жүз отыз мың) теңгеге тараптармен бағаланды және сатылды.
3. «Сатып алушы» осы шарт жасалғанға дейін «ЫРЫС-TRADE» ЖШС қызметінің сипаты мен істерінің қаржылық ахуалы туралы тиісті тұрғыда хабардар етілді.
4. «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталының иеліктен шеттетілетін үлесінің иелігінде екендігі Алматы облысының Әділет басқармасында 2001 жылдың 02 ақпанында № ЕС-44408 болып тіркелген Жарғының негізінде анықталады.
5. «Сатушы» «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталы-ның көрсетілген үлесінің осы шарттың жасалу сәтіне ешкімге сатылмағанына, сыйға тартылмағанына, кепілге салынбағанына, таласта және даулы еместігіне кепілдік береді.
6. Осы шартқа қол қойылғаннан кейін бір айдың ішінде «ЫРЫС-TRADE» ЖШС Алматы облысының Әділет басқармасында қайта тіркелуге жатады.
7. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Сатып алушы» көтереді.
8.
Осы шарт үш данада басылды, бір данасы
нотариус
З.А. Халелованың іс
қағаздарында, бір данасы «Сатушыға»,
бір данасы «Сатып алушыға» беріледі.
Тараптардың қолдары:
«Сатушы»_________________________________________________
«Сатып алушы»____________________________________________
2007 жылдың 12 қарашасы осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылдың 21 қаңтарында берілген № 0001280 мемлекеттік лицензия негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының жеке нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, тараптардың әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
Ерлі-зайыптылардың
бірлескен ортақ
меншігін бөлу туралы
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың жиырма үшінші тамызы
Біз, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Алматы облысында 1952 жылдың 05 наурызында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 15 үйдегі 36 пәтерде тұратын Сергеев Сергей Сергеевич, бір тараптан және 1966 жылдың 15 желтоқсанында Талдықорған облысында туылған, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Жақсыгельдинов көшесіндегі 85-үйде тұратын Литвинова Мария Кириловна, екінші тараптан, төмендегі мазмұнда келісім жасастық:
1. Сергеев Сергей Сергеевич пен Литвинова Мария Кирилловна бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылдың он бесінші желтоқсанынан некеде тұрады. Неке Талдықорған облысының Бөрлітөбе аудандық азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде тіркелген, бұл жағдай аталған мемлекеттік орган берген 1ЖВ сериялы № 121259 неке қию туралы куәлікпен расталды. Ерлі-зайыпты-лардың арасындағы мүліктік қатынастарды реттейтін неке шарты жасалмаған.
2. Неке кезінде ерлі-зайыптылар өздерінің ортақ табысына бірлескен ортақ меншігіне:
- үш бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 40,9 шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы 29,4 шаршы метр, верандасы, моншасы, көмір қорасы, гаражы бар, жеке меншік құқығындағы көлемі 0,15 га жерде орналасқан, Талдықорған қаласы, Рүстембеков көшесіндегі № 15 (он бесінші), кадастрлық № 03-268-125-547, 1999 жылдың 11 наурызында Талдықорған қалалық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің нотариусы С.С. Сидоров № 1-2358 тізілімге тіркеп куәландырған шарт негізінде Сергеев Сергей Сергеевичтің атына тіркелген, тараптардың келісуімен 3 000 000 (үш миллион) теңгеге бағаланған тұрғын үйді алған;
- Сергеев Сергей Сергеевичтің атына тіркелген 2000 жылы шығарылған «Жигули» маркалы, қозғағышының № 00000, шассиі-нің № 00000, қорабының № 000000, мемлекеттік тіркеу нөмірі В213ТММ, тараптардың келісуімен 1 000 000 (бір миллион) теңгеге бағаланған автокөлік құралын алған;
- Литвинова Мария Кириловнаның атында «Казкоммерц-банк» Акционерлік қоғамының Талдықорған филиалында депозитте сақтаулы 2 800 000 (екі миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшеріндегі ақшалай салым жинаған.
3. Тараптар өзара келісу арқылы неке кезінде жинаған бірлескен ортақ меншіктеріндегі мүлкін бөлуді ұйғарды және бұл бөлудің нәтижесінде:
Сергеев Сергей Сергеевичтің жеке меншігіне:
«Жигули» маркалы автокөлік құралы, депозитте сақтаулы ақшалай салымның 1 900 000 (бір миллион тоғыз жүз мың) теңгесі ауысады.
Литвинова Мария Кириловнаның жеке меншігіне:
үйдегі жиһаз және тұрмыстық заттармен қоса, Талдықорған қаласы, Рүстембеков көшесіндегі № 15 (он бесінші) тұрғын үй жер телімімен, және депозитте сақтаулы ақшалай салымның 900 000 (тоғыз жүз мың) теңгесі ауысады.
4. Литвинова Мария Кирилловна екі мың сегізінші жылдың бірінші қарашасына дейін депозите сақтаулы ақшалай салымның бір миллион тоғыз жүз мың теңгесін Сергеев Сергей Сергеевичке депозиттен алып беруге міндеттенеді.
5. Осы келісім Литвинова Мария Кириловна өзінің келісімнің 4-ші бабында көрсетілген міндеттемесін толығымен орындаған соң заңды күшіне енеді. Міндеттеменің толық орындалғаны Сергеев Сергей Сергеевичтің депозиттегі ақшадан өз үлесін алғаны туралы қолхатпен расталады.
6. Осы келісім заңды күшіне енгеннен соң тараптар осы келісім бойынша жеке меншіктеріне ауысқан мүлікке, некелері бұзылмаса да, екінші тараптың келісімінсіз билік етуге, өз мүліктеріне қатысты заңмен рұқсат етілген кез-келген мәмілелерді жасауға құқылы.
7. Осы келісім жасалғанға дейін жоғарыда аталған тұрғын үй жер телімімен, автокөлік құралы және депозиттегі ақшалай салым кепілге салынбаған, оларға тыйым салынбаған, тараптардың ауызша мәлімдеуінше басқа ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған және даулы емес.
8. Осы келісімді рәсімдеу үшін шығатын шығындарды тараптар тең үлеспен төлейді.
9. Тараптар келісімнің мәтінін өздері оқыды және өз еріктерімен аталған мазмұндағы келісім жасауды ұйғарып отыр. Нотариус тараптарға осы мәміленің мәні мен құқықтық салдарын, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 33 бабының мазмұнын түсіндірді.
10. Келісім заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрасты-рылды, оның біреуі - жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары тараптарға беріледі.
11. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодесінің 155-бабына сәйкес осы келісім құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.
Тараптардың қолдары:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
2007 жылдың 23 тамызы осы келісімді мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылдың 21 қаңтарында берілген № 0001280 мемлекеттік лицензия негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының жеке нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
НЕКЕЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Екі мың сегізінші жылдың жетінші ақпаны
Біз, 04.03.1967 жылы Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, 4 Линия көшесі, 16 үйдің 186 пәтерінде тұратын Кирилов Юрий Гаврилович және 03.12.1970 жылы Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, 4 Линия көшесі, 16 үйдің 186 пәтерде тұратын Кирилова Ольга Георгиевна, некеге тұру ниетiнде, осы шартпен некеге тұру сәтiне және осы шартта арнайы айтылған басқа жағдайларда мүлiктiк қарым-қатынастарымызды реттеу туралы төмендегідей келісім шартын жасастық:
1. Осы шартқа қол қойылған сәттен бастап ерлі-зайыптылар жинаған және сатып алған барлық жылжымалы, жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынған болса соның жеке меншігі болып табылады.
Кирилова Ольга Георгиевнаның жеке кәсіпкерлік қызметінен алатын табыстары мен мүлкі оның жеке меншігі болып табылады.
2. Бiз, Кирилов Юрий Гаврилович және Кирилова Ольга Георгиевна, некеге тұруымызбен, ерлi-зайыптылардың бiрiнiң еңбекке жарамсыздығы жағдайында бiрiмiздi-бiрiмiз материалдық қолдауға мiндеттенемiз.
3. Бiз, Кирилов Юрий Гаврилович және Кирилова Ольга Георгиевна, балаларымыздың туған жағдайында өзiмiздiң балала-рымызды тәрбиелеу жөнiнде тең құқықтармыз мен мiндеттерiмiз болады.
4. Тараптармен некенi бұзған жағдайында, балалардан бөлек тұратын ерлi-зайыптылардың бiрi, оларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi, олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.
5. Тараптар меншiкпен тараптардың өзара келiсiмi бойынша билiк етедi.
6. Некенiң бұзылған және мүлiктiң бөлiнген жағдайында ерлi-зайыптылар некеге тұрғанға дейiнгi сатып алынған жеке меншiкке талаптар қоймайды.
7. Осы шарт 3 (үш) данада жасалды, оның біреу жеке нотариус А.А. Ахметованың іс қағаздарында сақталады, шарттың бір-бір данасы тараптарға беріледі.
Тараптардың қолдары:
1. ________________________________________________________
Тегi, аты және әкесiнiң аты, қолы
2. ________________________________________________________
Тегi, аты және әкесiнiң аты, қолы
2008 жылдың 7 ақпанында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылы 3 сәуірде берілген № 0000000 лицензияның негiзiнде әрекет жасаушы, Алматы қаласының нотариусы Ахметова А.А., куәландырдым. Шартқа тараптар менiң қатысуыммен қолдарын қойды. Тараптардың жеке бастары анықталды, олардың әрекет қабiлеттiктерi тексерiлдi.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласы
Екі мың сегізінші жылдың екінші тамызы
Біз, 25.10.1970 жылы ШҚО туылған, Қарағанды қаласы, Менделеев көшесі, 24 үйдің 39 пәтерінде тұратын Колмакова Мария Ивановна, бір тараптан және 12.10.1969 жылы ШҚО туылған, Қарағанды қаласы, Пушкин көшесі, 20 үйдің 9 пәтерінде тұратын Колмаков Сергей Михайлович, екінші тараптан, алимент төлеу туралы осы келісімді жасадық:
1.Мен, Колмаков Сергей Михайлович, кәмелетке толмаған балалардың: 01.01.1991 жылы туылған Колмаков Евгений Сергеевичтың және 02.02.1993 жылы туылған Колмакова Елена Сергеевнаның әкесі болып табылатын, осы келісім бойынша өз еркіммен олар он сегіз жасқа толғанға дейін оларды асырау үшін ай сайын еңбекақымның сомасынан 60% төлеп отыруға міндеттене-мін.
2.Алиментті төлеуі «Қазақстаның Халықтық Жинақ Банкі» ААҚ-ның Қарағанды қалалық бөлімшесінде ашылған № ______ шотқа ақшаны аудару арқылы жүргізіледі.
3.Төлеу мерзімі – келесі айдың 8 күнінен кешіктірілмейді.
4.Осы келісімнің үкім қағазының күші бар. Алименттер үш айға дейін төленбеген жағдайда, мен, Колмакова Мария Ивановна, осы келісімді орындау үшін сотқа беремін.
5.ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 145-147-баптарының мазмұны бізге нотариус тарапынан түсіндірілді.
6.Осы келісімді жасау бойынша шығындарды Колмакова Мария Ивановна төлейді.
7.Осы
келісім үш данада жасалды, оның біреуі
нотариус
А.Н. Иванованың істерінде
сақталады, бір-бір данадан тараптарға
беріледі.
Мәміленің салдары, мағынасы мен мәні нотариус тарапынан түсіндірілді.
Құжат мәтінін тараптар қол қойғанға дейін оқып, танысты.
Қолдары:
1.________________________________________________________
2.________________________________________________________
2008
жылдың 2 тамызында осы келісімді мен,
Иванова Анна Николаевна, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің
10.08.1998 жылғы № 0000112 мемлекеттік
лицензиясы негізінде қызмет етуші,
Қарағанды қаласының нотариусы,
куәландырдым. Тараптар
менің
көзімше қол қойды. Қол қоюшылардың жеке
бастары анықталды, әрекет қабілеттіліктері
тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 2017 ж өзгертулермен тоықтырулар енгізілген
ҚР-дағы нотариат қызметі туралы заң. Алматы: Юрист,
ҚР-дағы нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулық. ҚР-сы әділет минстрінің бұйрығымен бекітілді. 1998ж 28шілде №539
«Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР-ның 2003ж 11-маусымдағы №435-н заңы.
ҚР-да нотариаттық іс -әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулық. ҚР Әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілді 1998 жылғы 28 –шілде № 539
Қазақстан Азаматтық Кодексі. Алматы, 2008 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген