жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Нүкте. Сызық. Сәуле.
1-сыныпқа «Математика» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 132 сағатты құрайды. 1-тоқсан 36 сағат
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Нүкте. Сызық. Сәуле |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір-бірінен ажыратады. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
бояу қарындаштар; ғарыш туралы электронды презентация; интерактивті тақта; ғарыш тақырыбындағы музыкалық шығармалар; әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған парақшалар; маркерлер; ламинатталған тақтайшалар немесе А3 формат-тағы қағаздар. |
|||||
|
Тірек сөздер |
сызық; қисық сызық; тұйықталған сызық; түзу; нүкте; тұйықталмаған сызық; сәуле. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға нүкте, сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсінік беру, оқушы-ларға оларды айыра білуді үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ тәжірибе жасау негізінде нүкте, түзу, сәуле, бұрыш, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсініктерді анықтауға бағыттал-ған. Оқушылар осы түсініктерді ажырата білуді және нүктелер мен сызықтарды салуды үйрене-ді. Салу барысында түзу және қисық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата білуге жаттығады. Сәуле — басы нүктеден басталатын, аяғы жоқ жарты түзу. Бұрыш — бір нүктеден шығатын екі түзудің арасындағы жазықтықтың бір бөлігі. Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерінің 47-бетінде орындау керек. Оқушылардан жұмыс дәп-терін ашуды өтініңіз. “Ғарышқа саяхат жаса” тапсырмасында берілген суреттерді қарап шығыңыз. Сұрақтар қойыңыз: — Түнде аспаннан жұлдыздарды бақылаған кезің болды ма? — Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді? — Түнгі аспандағы жұлдыздар неге ұқсайды? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жұлдыз- дардың нүктеге ұқсайтыны туралы тұжырыммен келісіңіз. Оқушылардан өз жұмыс парақтарында нүктелерді бейнелеуін өтініңіз. Сіздің әрекетіңіз бүкіл сыныпқа көрініп тұра-тындай тақтада нүктелерді бейнелеңіз. Нүктелерді қағаз бетіне үшкір ұшталған қарын-дашпен дұрыс салуға болатынына тоқталыңыз. Әр жұлдыздың өз атауы болатынын айтыңыз. Мысалы: Темірқазық, Ақбозат, Есекқырған т.б. Біздің нүкте-жұлдыздарымыздың атаулары бо-луы керек. Нүктелерге латынның бас әріптерінің (латын әліпбиінің әріптері) көмегімен атау беріледі: А, В, С, D. Оқушыларға өз нүктелеріне ат беруді ұсыныңыз. Оқушыларға ғарыш әлемінде ғарышқа ұшатын аппарат ұшып бара жатыр деп елестетуді ұсыны-ңыз. Ол жолынан адаспай түзу ұшып барады. Ғарыш аппаратының ізін қалай кескіндеуге болатынын сұраңыз. Оқушылардан өз парақтарына осы іздің суретін салуды өтініңіз. Олардың не салғанын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Оқушылардың сызық салғанын айтыңыз. Нүкте мен сызықтың ең негізгі және қарапайым геометриялық фигуралар екенін хабарлаңыз. Оқушылардан саяхатты жалғастыруды өтініңіз. Ұшқыштың А нүктесінде орналасқанын айтыңыз, осы нүктеден ұшуға аттанады. В, C, D жұлдыздарын ұшып өтіп, қайтадан А нүктесіне оралады. Ол ұшып өткен жолдың сызығын сызыңдар. Ол сызық қандай болып шықты? Мұндай сызық тұйықталған деп аталады. Біз оны А нүктесінен бастадық та, қайтадан А нүктесіне қайтып оралып, сызып әкелдік. Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ. Сұрақ қойыңыз: — Сызықта қандай нүкте орналасқан? — Тұйықталған сызықтың ішінде қандай нүктелер қалды? — Қандай нүкте сыртында орналасқан? Оқушыларға енді В нүктесінен С нүктесіне ұшып бару керек және D нүктесіне қонуды елестету керек екенін ұсыныңыз. Сызық жүргізіңіз. Сұрақ қойыңыз: — Сіздің сызығыңыз қандай болып шықты? |
Мұндай сызық тұйықталмаған сызық деп атала-ды. Оның екі ұшы бар. Оқушыларға Күннен сәу-лелер түсіп тұрғанын елестетуді ұсыныңыз. Күн сәулелері қалай көрінетінін сұраңыз. Сызып көр-сетулерін өтініңіз. Басы бар, бірақ аяғы жоқ сызық сәуле деп аталатынын хабарлаңыз. Сәулені екі бас әріппен белгілеуге болатынын айтыңыз. Мысалы, ОK. — Сызықтың бір ұшы қай нүктеде орналасқан? Екінші ұшы ше? Оқушыларға сынып кеңістігін зерттеуді және тұйықталған, тұйықталмаған сызықтардың, нүкте-лердің мысалын табуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелер мен сызықтарды тап. Оқушылардан оқулықтағы өз орбитасымен Күнді айналып жүрген Жер ғаламшары көрсетілген және Жерді айналып жүрген Ай ғаламшары көрсетіл-ген суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелерді, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар-ды және сәулелерді табу туралы тапсырма беріңіз. Жауабы: нүктелер: жұлдыздар; тұйықталған сызықтар: Күнді айналып жүрген Жер; жерді айналып жүрген Айдың орбита сызығы; тұйықталмаған сызықтар: ағып бара жатқан жұл-дыздың ізі. Нүктелер мен сәулелерді ата. Тапсырма белгі-ленген әріптер арқылы нүктелерді оқи білуді қай-талауға бағытталған. Оқушыларға математикада нүктелерді белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріп-тері пайдаланылатынын хабарлаңыз. Орындап көр. Тапсырма ламинатталған тақ-тайшалар мен маркерді пайдаланып жұппен орын-далады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болаты-нына көздері жетеді. Сызықтың түзу болуына назар аударуы керек. Жауабы: екі нүкте арқылы бір түзу сызық жүргізуге болады. Шығарып көр. Тапсырма сызықтарды әріп-термен белгілеп, оқи білу дағдысын қайталауға бағытталған. Оқушыларға математикада сызықтар-ды белгілеу үшін латын алфавитінің кішіәріптері пайдаланылатынын айтып түсіндіріңіз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Тірек сөздер жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Жүргізуші маркермен тақтада нүктені немесе тұйықталған, тұйықталмаған, түзу, қисық сызықтардың біреуін бейнелейді. Осы кезде салған фигураға қатысты сөз жазылған парақшасы бар оқушы тақтаның алдына сол фигураның жанына барып тұрады. Оқушылар сөздерді суреттің жа-нына немесе сыныптағы “Сөздер тақтасына” іледі. |
Ғарышқа саяхат жаса. Бұл тапсырма кіріспе бөлігінде берілген. Ғарыштық сызықтар. Нүктелерді әріптерменбелгілейді. Әр нүктеге ат қояды, нүктелер санын анықтай-ды. Оқушыларға ғарышқа саяхатты жалғастыруды және тұйықталған сызықтарды — қызыл, тұйық-талмаған сызықтарды — көк, ал сәулені — сары түсті қарындашпен айналдыра сызуды ұсыныңыз. Суреттегі нүктелерді тауып, оларды санап, әр-қайсысын әріптермен белгілеу керек. Тапсырманы тез орындаған оқушыға суретті өзінің нүкте-жұл-дыздарымен және сызықтарымен толықтыруды ұсыныңыз. Егер уақыт жетсе, суретті бояуға бола-тынын ескертіңіз. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: нүкте мен сызықты ажыратады; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды айыра біледі; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды салуды меңгереді. Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әртүрлі нүкте мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақ қойыңыз: — Суретте не көрсетілген? Бұл сызық қалай аталады? — Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады? — Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сы-зықтан қандай айырмашылығы бар? — Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы? — Сәуле түзу сызықтан несімен ерекшеленеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас- палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Кесінді. Сынық сызық |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Мұғалімде: ұзындығы 5 метр кiр iлетiн жіп; қайшы. Оқушыларда: сызғыш; қарындаш. |
|||||
|
Тірек сөздер |
кесінді; сынық сызық. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Негізгі геометриялық ұғымдар “кесінді” мен “сынық сызықты” анықтауды үйрету; қоршаған ортадағы заттардан кесінді мен сынық сызықты табу дағдысын қалыптастыру; алгоритм негізінде сызғыштың көмегімен кесінді мен сынық сызықты салу дағдысын дамыту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ “кесінді” мен “сынық сызықтың” негізгі гео-метриялық ұғымдар болып табылатынын түсіндіру-ге бағытталған. Кесінді — екі нүктемен (кесіндінің ұштары) шектелген түзу сызықтың бөлігі. Кесінді-нің ұштары болады. Кесіндінің негізгі қасиеті — ол оның ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы — оның екі шетінің арасындағы арақашықтық. Математикада кесінді латынның екі бас әрпімен белгіленеді. Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, ол бір түзудің бойында жатпайтын нүктелерді кесінділермен қосқанда алынады. Сынық сызықтың төбесі — сынық сызықты құрастыратын кесінділерді біріктіретін нүктелер. Сабақ басында кiр iлетiн жіпті алыңыз. Жіптің біраз бөлігін тарқатыңыз да, оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Жіп неге ұқсайды? (Жауап: сызыққа.) — Бұл жіптен қандай сызық жасауға болады? (Жауап: түзу сызық, тұйықталмаған сызық, тұйық-талған сызық.) Екі оқушыға жіпті тартып түзу немесе тұйық-талмаған сызық жасауды өтініңіз. Содан кейін барлық оқушылардың жіптен ұстап, солайша тұйықталған сызық — “шаттық шеңберін” жасап тұруын ұсы-ныңыз. Олардың бір-біріне сабаққа қатысты жақсы жаңалықтармен бөлісуін, күннің жақсы өтуіне тілек-терін білдіруін өтініңіз. Бұл тілектер орындалуы үшін оқушыларға осы жіп-тің бір үзігін өздерімен бірге алып кетуді ұсыныңыз. Мұны қалай істеуге болатынын сұраңыз (нұсқа-ларды тыңдаңыз). Оқушылар міндетті түрде жіпті қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс айтады. Жіптің бір бөлігін екі жағынан қайшымен кесіңіз де, не пайда болғанын сұраңыз. Оқушылар-дың жауаптарын тыңдаңыз. Осы жіптің бөлігі “кесінді” деп аталатынын айтыңыз. Әр оқушыға жіптің үзігін қиып алуға көмек-тесіңіз. Олардан өмірде кесіндіні қай жерде кездес-тіргенін сұраңыз. Кесіндіге мысал келтіріңіз: жол кесіндісі, уақыт кесіндісі. Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығының неде екенін сұраңыз. Оқушыларды түзу сызықтың ұштары болмайтыны, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы бола-тыны туралы қорытындыға әкеліңіз. Оқушыларға 4 адамнан құралған топтарға бірі-гуді және өз кесінділерін біріктіруді ұсыныңыз. Олардан не пайда болғанын сұраңыз. Кесінділерді қалай орналастыру керектігі туралы нақты нұсқау берудің қажеті жоқ. Әрбір топтың тапсырманы қандай жолмен орын-дағанын бақылау қызықты болады. Екі нұсқа болуы мүмкін: оқушылар кесінділерді бір түзудің бойымен немесе кесінділерді сынық сызық түрінде орналастыруы мүмкін. Екі нұсқаны да қарап шығып, оқушыларға түзу сызықпен таныс екенін ескертіңіз. Сынық сызықтың ерекшеліктерін толығырақ қа-рап шығыңыз. Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынына назар ауда-рыңыз. Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады. Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз. Топтарға сынық сызық құрастырып тәжірибе жасауды ұсыныңыз. Олардан сынық сызықтарда қанша буын және қанша төбе болғанын сұраңыз. Оқушыларға өздерін қоршаған заттардың ішінен кесінділер мен сынық сызықтарды табуды ұсыныңыз. Кесіндінің екі ұшы болғандықтан, оқушылар та-былған заттың дәл кесінді болып табылатынына дәлел келтіре алуы керек және сынық сызықтың буындарының кесінді болатынын анықтауы тиіс. |
Кесіндіні сызып үйрен. Тапсырма оқушылардың кесіндіні сызу дағдысын меңгертуге бағытталған. Кесіндіні қалай сызу керектігін сұраңыз. Оқушылардың жауaбын тыңдаңыз. Оқулықтағы кесіндіні сызу алгоритмімен таны-суды ұсыныңыз. Алгоритм қадамдарына сүйеніп, қағазға кесінді сызуды ұсыныңыз. Содан кейін бірін-бірі жұпта тексерсін. Кесіндіні тап. Тапсырманың негізгі мақсаты басқа сызықтардың арасынан кесінділерді таба білуді үйрету болып табылады. Оқушыларға суретті қарап шығып, тек кесінділерді атауды ұсыныңыз. Олардан кесінділерді сызықтардан қалай ажырататынын сұраңыз.Жауабы: AB кесінді. Сынық сызық құрастыр. Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар өз бетінше Өшіргіш пен Сызғыш рөлінде болады. Олар қағазға төрт буыннан тұратын сынық сызық салады. Салу үлгісі оқулықта көрсетілген. Салып болғаннан кейін оқушылар сынық сызықты салу жолын айтып беру керек. Орындап көр. Кесінділерді ұзындықтары бо-йынша салыстыруды ұсыныңыз. Сары түсті кесіндіні салыстыру қиындық туғызуы мүмкін. Себебі олар перпендикуляр орналасқан. Қалған кесінділерді салыстыру қиындық туғызбайды. Салыстыру кезінде екі кесіндінің ұштарын сәйкестендірудің қажеттілігі туралы негізгі ережені есте сақтау керек. Жауабы: сары және жасыл түсті кесінділер ұзындықтары бойынша бірдей болады. Шығарып көр. Оқушыларға суретті қарап шығып, кірпі өз үйіне қай жолмен тез жететінін анықтауды ұсыныңыз. Талқылау барысында оқу-шылар бір кесіндіден тұратын жол ең қысқа болып табылады деген қорытындыға келуі керек. Басқа жол — бұл алты кесіндіден тұратын сынық сызық. Жауабы: OT кесіндісі қысқа.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Кесінділерді салуға байланысты тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды тірек сөздерді айтуға жаттықтырыңыз. Ойын өткізіңіз. Сабақтың басында оқушылар алған жіп қиындыларын пай-даланыңыз. Жүргізушінің нұсқауы бойынша: “Ке-сінді” дегенде, оқушылар қолдарындағы жіпті көтереді. “Сынық сызық” дегенде оқушылар топ-талып тұрып, сынық сызықты құрайды. Оқушы-лар құраған сынық сызықтың неше кесіндіден тұратынын санауға болады. |
Кесінділер. Оқушылар сабақ барысында айтыл-ған кесіндіні сызу алгоритміне сүйеніп сызады. Оқушыларға дәптердегі жұмысты ұқыпты орындау үшін, үшкір етіп ұшталған қарындашты пайдалану керектігін ескертіңіз. Тез орындаған оқушыларға кесіндінің ұзындығын өлшеп, оның үстіне сан мәнін жазуды ұсыныңыз. Сызбаға қара. Берілген тапсырма кесінділердің атауын оқи білу және оларды әріптердің көмегімен жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жауабы: 3 кесінді: AB, AC, CB. Есептерді шеш. Қайталау тапсырмаларын ұсы-ныңыз. Олар 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: кесінді мен сынық сызықты ажыратады; кесінді мен сынық сызықты сызады; кесінді мен сынық сызықты әріптермен белгілеуді меңгереді. Оқушылардың тақырып бойынша алған білім-дерін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Кесінді деген не? — Сынық сызық деген не? — Кесіндіні қалай сызуға болады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас- палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Кеңістік фигуралары |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
4 адамнан тұратын топтарға арналған көлемді геометриялық фигуралар топтамасы; пішіндері текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз; |
|||||
|
Тірек сөздер |
фигура; цилиндр; пирамида; текше; конус; шар. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсіндіру, айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түр-леріне қарай ажырата білу дағдысын қалыптастыру. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыруға арналған. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсінуі қажет. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Олардың модельдерін ермексаздан және қатырма қағаздардан құрастыра отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді. Оқушылар фигураның әр түрімен танысу үшін әрбір топқа арнап ашықхаттар топтамасын, жур-налдар мен кітаптарды, альбомдарды дайындап қойыңыз. Оларда геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек. Бірінші топтағы оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыт-тың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттері бар (конверттерді) таратыңыз. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеріңіз. Екінші топтағы оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз. Үшінші топтағы оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз. Ал төртінші топтағы оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасында-ғы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттері бар конверттерді таратыңыз. Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қойыңыз: — Суреттерде не бейнеленген? — Олардың ортақ белгілері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Суреттер- дегі зат пішіндерінің атауларын анықтауды өтініңіз. Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе, оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұраңыз. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айтыңыз және оларға мұқият қарауды ұсыныңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұ-раңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. |
Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы
Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетіңіз. Оқушылармен қысқаша ойын өткізіңіз. Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен не ермексаздан жасаған фигураларының арасынан тауып, оны жоғары көтеруді ұсыныңыз. Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсыныңыз. Егер жағдай болса, зерттеу жұмысын мектеп ауласында топтық серуен түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін тапсырыңыз.
Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсы-ныңыз. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.
Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұ-рап пысықтаңыз:
— Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?
— Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды?
Алдында жасалған қорытындыны қайталап ай-тыңыз. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар. Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызыңыз. Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатыңыз. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырыңыз. |
|||||
|
|
||||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Оқушыларға ермексаздан жасаған кеңістік фигураларын көрсетуді ұсыныңыз. Әр оқушы өзі жасаған фигурасын көрсетіп, оның атауын айтады. |
Кеңістік фигурасы мен оның атауын сызық-пен қос. Оқушыларға өздерін қоршаған ортадан суреттегі олардың мен кеңістік фигуралардың пішініне ұқсас заттарды табуды ұсыныңыз. Тап-сырманы орындау барысында оқушылар фигура-ларға сәйкес келетін тірек сөздерді атайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауға қиналса, тапсырманың бір нұсқасын үлгі ретінде көрсетуіңізге болады. Жауабы: цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті; конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанада-ғы пирамида. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді. Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — Мына фигуралар қалай аталады? — Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер? — Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Не-ліктен? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Жазық фигуралар |
Мектеп: |
|||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаты: |
жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигура-ларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида), танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. |
||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
|||||
|
Ресурстар: |
А4 өлшемді қатты қағаз; қарындаштар; қайшылар; кеңістік және жазық фигураларының топтамасы; марапаттауға арналған жазық фигуралар піші-нінде жасалған медальдар. |
||||
|
Тірек сөздер |
үшбұрыш; дөңгелек; шаршы; тіктөртбұрыш; жақ. |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңіс-тік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу. |
||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
||||
|
Оқушылар дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және шаршы секілді жазық фигуралармен мектепке дейінгі даярлық кезеңнен таныс. Бүгінгі сабақта жа-зық фигуралар туралы ұғым кеңістік фигуралары жақтары ұғымымен байланыстырып қарастырылады. Жазық фигуралар кеңістік фигуралардың баспа таңбасы сияқты. Оқушыларға сабақта геометриялық фигуралар-мен әрі қарай танысатындарын айтыңыз. Оларға 4 баладан тұратын топпен тәжірибе жасауға қатысуды ұсыныңыз. Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және кез келген көлемді фигура, (мысалы конустың моделі) қажет болады.
Оқушылардан күнделікті өмірде дөңгелек пішін-ді қандай заттарды көріп жүргенін сұраңыз. Дөң-гелек пен конустың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыртып айтқызыңыз. Тәжірибені жалғасты-рыңыз. Оқушыларға мына іс-әрекеттерді жасауды ұсыныңыз:
Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Көрген-дері бойынша қорытынды жасатыңыз. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызыңыз. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтыңыз. Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, сөзіңізді қорытындылаңыз. Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраңыз. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсыны-ңыз. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруді ұсыныңыз және сызғаннан пайда болған дөңгелек-ті көрсетіңіз. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылаңыз. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңге-лек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізгенін ескертіңіз.
|
Басқа фигураларды салыстыру мен оларды сызуды барлық оқушыларға бірдей көрсетіп, олар-ға тек өз топтамасынан қажетті фигураны тауып, көрсетіп отыруды ұсыныңыз. Оқушылардан “Бас-қа жазық фигураларды кеңістік фигуралардың табандарын бастырып сызу арқылы алуға бола ма?” деп сұрап, олардың ұсынысын тыңдаңыз. Параллелепипедтің бір жағын бастырып сызуды ұсыныңыз және пайда болған фигураны қиып алу-ды тапсырыңыз. Оқушыларға өз топтамасынан оған ұқсас фигураны тапқызыңыз. Фигураның қалай аталатынын сұраңыз. Егер оларға жауап беруге қиналса, оның “тіктөртбұрыш” деп аталатынын айтыңыз. Қане, тапшы: бұл кім? Оның үйі қайда?
Тапсырма сипаттамасына сүйене отырып, бірдей фигураларды таба білу дағдыларын дамытуға ба-ғытталған. “Суретте қандай геометриялық фигу-ралар бейнеленген?” деп сұраңыз. Егер сыныпта жақсы оқи білетін оқушылар болса, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқытыңыз.
Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушылар-ға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыныңыз.
Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көр-сетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау барысында оқу-шыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай білуге жетелеңіз.
|
||||
|
Қосымша тапсырмалар |
||||
|
Музыканы қосып, геометриялық фигуралармен ойнатыңыз. Музыка ойнап тұрған кезде оқушылар фигураларды бір-біріне беріп отырады. Музыка тоқтаған кезде фигура кімнің қолында қалса, сол оқушы фигураның атын айтуы керек. Тірек сөздер-ді естерінде жақсы сақтау үшін оқушылардың өздері салып, “Сөздер тақтасына” ілген суреттерді қолданыңыз. Оқушылармен “Ойлан, тап!” ойынын ойнаңыз. Жүргізуші қандай да бір фигураны жасырады да, оның өзіне тән негізгі ерекшелігін айтады. Оқушы фигураны тауып, оның атауын айтуы қажет. Кім дұрыс тапса, сол оқушыны тапқан фигурасынаұқсас медальмен марапаттаңыз. |
Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигура-лардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек. Фигуралар мен заттардың пішіндерін са-лыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс. Оқушыларға айналасынан жазық фигураларды тапқызып, өз зерттеуін жалғастыра беруді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесін сурет түрінде, не фотосурет түрінде көрсетугe болатынын айтыңыз. |
||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: жазық фигураларды; әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды; жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі. Оқушыларға жазық фигураларды көрсете оты-рып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе? — цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады? — егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады? — шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Жазық фигуралардың модельдері (1) |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
“Сиқырлы дорба” ойынына арнап тығыз шүбе-ректен жасалған дорба; жазық және кеңістік геометриялық фигурала-рының топтамасы; түрлі түсті қатты қағаз; қайшы; ермексаз; әрбір оқушыға арналған санау таяқшалары немесе сусын ішетін түтікше. |
|||||
|
Тірек сөздер |
модель. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың модельдерін жасату; модельдерді құрастыру дағды-ларын қалыптастыру; зерттеушілік іс-әрекетті ұйым-дастыру арқылы жазық фигураларды жасаудың әр-түрлі тәсілдерін іздеуге үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ оқушылардың әртүрлі материалды қол-данып, жазық фигура модельдерін жасай білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жазық геометриялық фигуралардың барлығына ортақ белгілерді тұжырымдап айтуға дағдыланады. Геометриялық түсініктерді қалып-тастыруда нақты “заттардан” фигураларға көшу немесе керісінше фигуралардың кескіндерінен нақты заттарға көшу арқылы меңгерту әдісте-месі маңызды орын алады. Қоршаған заттардың арасынан жазық фигуралардың көмегімен кеңістік фигураларын анықтауға болады. Сабақтың басында оқушыларға “Сиқырлы дорба” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ол үшін ішінде кеңістік және жазық геометриялық фигуралар салынған тығыз шүберектен жасалған шағын дорба дайындаңыз. Оқушыларға шеңбер жасап тұрып, кезекпен дорбаға қолдарын салып, фигураны алмайоның қандай фигура екенін сипап ұстау арқылы анықтауды ұсыныңыз. Мына сұрақтарды қойыңыз: — бұл қандай фигура? — сендер бұл фигураны қандай ерекшелігі бойынша анықтадыңдар? Оқушыларға фигураны сипаттап айтқызыңыз. Осыдан кейін оларға фигураны алуға рұқсат етіп, өздерінің жорамалдарының қаншалықты дұрыс екенін тексертіңіз. Егер тапсырманы дұрыс орын-дай алмаса, онда оқушыға өзіңіз көмектесіңіз. Бүгінгі сабақта жазық фигуралардың модельдерін жасауды үйренетінін хабарлаңыз. Жазық фигураны алудың қандай тәсілдерімен таныс екенін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз.Үшбұрыш моделін қалай жасауға болады? Оқушылармен бірге оқулықтағы үшбұрыш жасаудың кезеңдерін көрсететін суретті қарастырыңыз. Жұмысты бастамас бұрын, үшбұрышты жасау үшін қандай материал және оның қаншасы қажет-тігін талқылаңыз. Оқушылардың жауаптарын қоры-тындылаңыз. Үшбұрышты жасау үшін үш ши және үш ермексаздың бөлігі керек, себебі үшбұрышта үш төбе және үш қабырға бар. Сезу қабілеті жоғары (кинестетик) оқушыларға “Кесінді. Сынық сызық” тақырыбымен ши мен ермексаз арқылы модельдеу сабақтарын байланыстыра өткізу тиімді |
Өз бетіңше тіктөртбұрыш жаса. Оқушылар модель дайындау технологиясымен жақсы таныс болғандықтан, бұл тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы алгоритмді өз бетінше талдап шығуды ұсыныңыз. Тіктөртбұрышты жасау үшін қос-қостан ұзындықтары бірдей төрт шиді таңдап алу қажетті-гіне назар аудартыңыз, өйткені тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең. Ұзындықтары бір-дей екі жұп шиді дайындауда қиындық көрген оқу-шыға көмегіңізді ұсыныңыз. Тапсырманы аяқтаған кезде оларды бір-бірінің жұмысын тексеру үшін жұптарға біріктіріңіз.
Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы орын-дау үшін бес ши мен бес бөлік ермексаздан қандай фигура алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Егер оқушылар тапсырманы орындай алмаса, тәжірибе жүргізу арқылы жауабын табуды ұсыныңыз.
Жауабы:
бесбұрыш, себебі оның бес төбесі және бес қабырғасы бар. Орындап көр. Тапсырманы орындау кезінде жазық фигураларды құрастыруда алған білімдеріне сүйене отырып, оқушыға мәселелік (проблемалық) жағдайды шешуді және талдауды ұсыныңыз.
Шешуге қойылған міндет оларға қиындық туғызса, онда тәжірибе жүзінде байқап көру арқылы қажетті фигураны анықтауды ұсыныңыз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Тірек сөздерді бекіту үшін оқушылар жасаған модельдерді қолданыңыз. Ойын түрінде өткізуге болады. Ойынды жүргізушіге айналадағы нақты заттарды көрсетіңіз, ал оқушылар көрсетілген затқа сәйкес жазық фигураның моделін тауып көтеруі қажет. Жүргізушіге “модель” деген сөзді айтқызыңыз, одан кейін оқушылардан көрсеткен модельдеріне сәйкес сөздерді айтуды талап етіңіз. Оқушыларға бұрынғы сөздік қорын пайдаланып, тірек сөздерді сөз тіркестерімен айтуға болатынын ескертіңіз. Мысалы: үшбұрыштың моделі, шаршының моделі, тіктөртбұрыштың моделі т.с.с. |
Отарба. Тапсырма оқушылардың жазық фигу-ралардың түрлерін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Олар геометриялық фигуралардан құрастырылған отарбаның суретінен әрбір фигура санының қанша екенін тауып, нәтижесін кестеге түсіруі тиіс. Өз отарбаңның суретін сал. Тапсырмадаоқушылар таңдаған жазық фигураларын алып, отарбаның суретін салады. Тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады және өз ком-позициясын құрастыру арқылы жазық геометриялық фигураларды кескіндей білу дағдысын қалыптас-тырады. Сурет сал. Оқушылар жазық фигуралардансурет құрастыра алады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір фигураның кескінін толықтырғанда танылатын заттың бейнесі шығу керек. Оқушылар барлық фигураларды біріктіргенде, олардан бірыңғай сурет шығатындай құру қажет. Сынып бөлмесінде оқушылар жасаған модельдерден көрме ұйымдастырыңыз. Ол үшін әр модельдің аты жазылған қағазға модельдерді бекіткізіңіз. Жұмыстарды сол бөлмеге іліп, оларды әрбір оқушының көруіне, талқылауына жағдай жасаңыз. Ата-аналарына өз балаларының жұмыстарын көруді ұсыныңыз. Торкөздерге белгісіз азайтқыштарды жаз. Қайталау және қалыптастыруға арналған тап-сырмалар. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
нін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, жауаптарын тыңдаңыз: — Жазық фигуралардың модельдерін қалай құ-растыруға болады? — Сабақта жасап үйренген жазық фигуралар-дың модельдерін айтып беріңдер. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Жазық фигуралардың модельдері (2) |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту. |
|||||
|
Тірек сөздер |
түрлі түсті жұмсақ немесе қатты қағаз; желім; әрбір оқушыға берілетін қайшы; әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылар сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигура модельдерін қию және аппликация жасау әдістерін меңгереді. Аппли-кацияны қолдана отырып, қағаздан жасалған жазық фигура модельдерінен әртүрлі композициялар жасауды, үшбұрышты, шаршыны алуды үйренеді. Сабақтағы іс-әрекеттер жазық фигуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, композициялар құрастыру арқылы олардың пішіндерін тани білуге, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған “қоянның” аппликациясын көрсетіңіз және мынадай сұрақтар қойыңыз: — Бұл ненің суреті? Оны қайдан білдіңдер? — Сурет қандай фигуралардан тұрады? — Сурет неше фигурадан тұратынын сана. — Бұлар қандай фигуралар? Оқушылардан осыған ұқсас аппликациялар жа-сау туралы не ойлайтынын және өздерінің жасап үйренгілері келетін аппликациялары туралы сұрап біліңіз. Сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралар мен олардың композицияларын жасап үйренетіндері туралы хабарлаңыз. Оқушылармен кеңістік фигураларын қолдана отырып, жазық фигураларды жасаудың ретін қай-талаңыз: кеңістік фигуралары топтамасынан бір фигураны таңдау; мысалы: текше; фигураны түрлі түсті қағазға, не қатты қағазға бастырып сызу; салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу. Жазық фигураларды қию арқылы бұйымды жа-саудың әртүрлі әдістері туралы айтып, оқушылар-дың ой-өрісін кеңейтіңіз. Шаршыны бір диагоналі бойынша бүктеп, екі үшбұрыш алуды және екі диагоналі бойынша бүктеп, төрт үшбұрыш алуды жасап көрсетіңіз. Оларға шаршыны басқаша бүктеу арқылы екі тіктөртбұрыш алуға болатынын көрсетуіңізге болады. Осы тәсілмен тіктөртбұрыштан екі шаршы бүктеп алуға болатынын айтыңыз. Оқушыларға қиып алынған фигуралардан әртүрлі композиция құрастыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындамас бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде ескертіңіз. Қиюдың ең оңай түрлерінен бастаңыз: 1-қадам. Екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы: екі үшбұрыштан шаршы жасау. 2-қадам. Қарапайым фигуралар құрастыру. Мысалы: шырша, үй, кәмпит, саңырауқұлақ, бант т.с.с.; 3-қадам. Жазық фигуралардан мазмұнды (сю-жетті) композицияларды құрастыру. Оқушыларға қиып алынған фигураларды бір бет қағазға орналастыруды ұсыныңыз. Дайын ком-позицияларды қатты қағазға желімдетіңіз. Бұл оқушылардың сабақта жасаған жұмыстарының нә-тижесін сақтауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау үрдістерін бақылаңыз, көмек қажет ететін оқушыларға көмектесіңіз. Фигуралардан құрастырылған жан-жануар-лар. Оқушыларға жануарлар аппликациясы қандай жазық фигуралардан құрастырылғанын анықтауды ұсыныңыз. Мына сұрақтарға жауап беруін өтініңіз: — Бақаның аппликациясы қандай фигуралардан жасалған? — Неше үшбұрыш бар? Дөңгелек ше? — Мысықтың тұмсығы қандай фигура? — Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құрастырылған? Аппликация арқылы жазық фигура модельдері-нен әртүрлі суреттер композициясын жасауға бо-латынын айтып, қорытынды жасаңыз. |
Шығарып көр. Оқушылардың назарын оқулық-тағы суретке аудартыңыз және берілген апплика-ция қандай фигуралардан тұратынын анықтатыңыз. Оқушылармен бірге пайдаланылған геометриялық фигуралар санының қанша екенін санаңыз. Жауабы: шаршыны тіктөртбұрыштан және үш үшбұрыштан құрастыруға болады. Суреттегі үш үшбұрыш бір тіктөртбұрышты құрайды.
Шаршыдан үшбұрыштарды қалай жасауға болады? Тапсырмада оқушылармен “көбелектің” аппликациясын жасаудың қадамдарын қарастыры-ңыз. Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұратынын сұраңыз. Осы үшбұрыштар қандай тә-сілмен алынғанын талдаңыз. Бір жазық фигурадан екінші фигураны қиып алудың тәсілдерін бекітіңіз. (Мысалы: шаршыдан үшбұрышты қиып алу.)
Орындап көр. Оқушыларға жазық фигуралар-дан жасалған аппликацияға қарауды ұсыныңыз және онда не бейнеленгенін анықтатыңыз. Сұрақ-тар қойыңыз:
— Балапан мен күшiктiң бетін жасау үшін қандай фигура қолданылған? Неліктен?
— Тұмсығын қандай фигурамен көрсетуге бо-лады?
— Берілген бейне бойынша қандай үй жануарла-рының суреті салынғанын анықтауға болады? Оқушыларға үй жануарлары аппликациясын жұп-пен жасап көруді ұсыныңыз. Өздерінің жұмыста-рында қандай фигураларды қолданғанын айтқыза отырып талдатыңыз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Оқушылардың терминологиялық біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөліңіз. Олардың сөз тіркес-терімен сөйлемдер құрып айтуға деген ұмтылысын қолдап көтермелеңіз. |
Көбелектің қанаттарын жазық фигуралар-мен безендір. Оқушылар аппликация техникасын қолданып, тәжірибелік жұмысты орындайды. Кө-белектің қанаттарын қандай өрнектермен әсем-деуге болатынын байқап көреді. Әртүрлі көбе-лектердің суретінен мысалдар қарастыруы керек. Композицияны жасау үшін алдын ала жоспар құрып алу жетістікке жеткізетінін және ретсіз іс-әрекет-тер жасамау керектігін білуі қажет. Оқушылар көбелектің қанаттарына өрнектерді қарындашпен салып, одан кейін жазық фигураларды түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсыру арқылы аппликация жасайды. Оқушылар қағаздан қиып жасауға қиналса, көбелектің қанаттарына түрлі түсті қарындаштар-мен өрнектерді салуды ұсыныңыз. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды; жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды; композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгереді. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз: — Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер? — Параллелепипедтің бір жағын бастырып сыз-са, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады? — Шаршы шығу үшін қандай кеңістік фигурасы-ның жағын бастырып сызу керек? Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдасты-рыңыз. Оқушылармен жасаған жұмыстары туралы талдау жасаңыз. Сабақтағы жұмыс түрлері оқу-шылардың бойына сенімділік тудыруы керек. Са-бақтан кейін олар жазық фигуралардың аттарын және олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен модельдерін естеріне жақсы сақтауы қажет. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Шамалар және өлшемдер Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі; ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдап, өлшемдер жүргізеді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Әр жұп оқушыға арналған:
|
|||||
|
Тірек сөздер |
ұзындық; ұзын; қысқа; биік; аласа. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Заттың ұзындықтарын салыстыру дағдысын да-мыту; заттарды ұзындықтарына қарап салыстырудың нәтижесіне назар аударту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Оқушылар сабақ барысында заттарды беттестіру тәсілімен және әркелкі өлшем бірліктерімен ұзын-дықтарына қарап салыстыруды үйренеді. Оқушылар ағаштар мен ғимараттардың биіктіктері де, адамның бойлары да ұзындыққа жататынын түсінеді. Оқушыларға екі жолақты ұзындықтарына қа-рап салыстыруға ұсыныс жасаңыз және біріншісі екіншісінен қысқа екенін анық көре алатын-дай жолақтарды көрсетіңіз. Оқушылар бір жо-лақ — ұзын, екінші жолақ — қысқа деп жауап бере алады. Қай заттың ұзын, ал қай заттың қысқа екенін көзбен көре алмаған жағдайда не істеу керек еке-нін оқушылардан сұраңыз. Шалбарға арналған екі белбеуді көрсетіңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Олар тиімді ұсыныс айтуы мүмкін. Содан кейін екі оқушының көмегімен беттестіріп салу тәсілін көрсетіңіз. Белбеулерді бірінің үсті-не бірін, бір ұшы бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. Ұзындықтарына қарай белбеулердің айырмашылығын тіркеңіз. Ал белбеулердің екінші ұшының сәйкес келмейтінін көрсетіңіз. Бұл нені білдіретінін сұраңыз, жауаптарын тыңдаңыз (бір белбеу — ұзын, екіншісі — қысқа). Кіріспе тапсырма. Жұптағы оқушыларға қаттықағаздан жасалған екі жолақты беттестіріп салу тәсілімен салыстырып көруді ұсыныңыз. Әр оқушыға өз қағаз жолағын алып, оны партадағы көршісінің жолағымен салыстыруды және оның нәтижесін айту-ды ұйымдастырыңыз. Кейін екінші оқушы өз жолағын алып, басқа оқушының жолағымен салыстырсын. Сөй-тіп жұп құрамын ауыстырып отырыңыз. Тапсырманы орындауға қажетті уақыты жұмыс нәтижесіне қарай өзіңіз реттеңіз. Бұл тапсырма екі затты ұзындығына қарап беттестіріп салу тәсілімен салыстыру дағдысын қалыптастырады. Әрі қарай оқушыларға өлшеуішті (кеңсе қағазқыстырғышын алуына болады) таңдап алуына және осы өлшеуіштермен қағаз жолақтарды өлшеуге ұсыныс жасаңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларға сандарды дөңгелектеуге көмектесіңіз. Өлшеу нәтижесін сұраңыз. Оқушыларға бірінші жолақ екінші жолақтан қанша қағазқыстырғышқа ұзын немесе қысқа екенін анықтатыңыз. Өлшеуіштер саны бойынша салыстырудың бұл тәсілі оқушыларды бір заттардан басқалардан қанша өлшем бірлікке ұзын немесе қысқа екенін анықтауға үйретеді. |
Қай қарындаш ұзын? Қайсысы қысқа Тапсырманы оқушылардың барлығына орында-тып, артынан сұрақтар қойыңыз: — Қай қарындаш ең ұзын? — Қайсысы ең қысқа? — Қарындаштарды ең қысқасынан ең ұзынына дейін ретімен ата. Ағаштарды биіктігі бойынша салыстыр. Оқу-шыларға үйлердің, бұталардың, ағаштардың биік-тіктерінің (төменнен-жоғарыға қарай орналасқан заттар) де ұзындық болып табылатынын түсінді-ріңіз. Ағаштарды биіктіктеріне қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы сынып оқушыларының барлығына орындатыңыз және сұрақтар қойыңыз: — Суретте қанша ағаш бейнеленген?
— Олар бойлары бойынша орналасқан ба? (биік-тіктері бойынша.)
— Олардың арасындағы ең биік ағаш қайсы? — Қай ағаш ең аласа? — Олардың арасында биіктігі тең ағаштар бар ма?
Ағаштарды бойлары бойынша қоюды ұсыныңыз: аласа ағаштан биік ағашқа дейін және керісінше.
Отбасы мүшелерін бойлары бойынша орна-ластыр. Адам денесінің ұзындығы, яғни адамның биіктігі — бұл оның бойы екенін түсіндіріңіз. Адамдарды бойларына қарап салыстыруда “ұзын”, “қысқа” сөздерін қолданыңыз.
Тапсырманың суретіне қарауды ұсыныңыз. Отбасы мүшелерін бойы бойынша орналастыруды сұра-ңыз. Оқушылар қандай ретпен орналастыратынын өздері таңдап алуы керек. Орындап көр. Барлық оқушыларды талқылауға қатыстырыңыз. Оқушыларға сыныптағы заттарды мұқият қарауды және көзбен ең биік, ең аласа заттарды анықтауды ұсыныңыз. Қай заттар партадан биік, ал терезенің жақтауынан аласа? Шығарып көр. Оқушыларға суретке қарап, ненің ұзын екенін анықтауды ұсыныңыз: моншақ па, әлде таяқша ма? Тапсырманы орындау барысында оқушылар бұл екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аударуы тиіс. Бірақ оқушылардың моншақтың ирек-ирек болып тұрғанына және таяқ-шаның түзу екеніне назар аударуын ескерту керек. Жауабы: моншақ таяқшаға қарағанда ұзын, өйткені таяқша түзу, ал моншақтың жібі иілген. |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативтік дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). |
Ұзындықты өлше. Оқушылар иллюстрацияны пайдаланып, заттардың ұзындығын өлшеуіштің саны бойынша анықтайды. Олар ең ұзын затты анықтап, оны қызыл қарындашпен айналдыра сызады. Содан кейін ең қысқа затты анықтап, оны көк қарындашпен айналдыра сызулары керек. Жауабы: шанышқының ұзындығы 4 шегеге; пышақтың ұзындығы — 5 шегеге; ожаудың ұзындығы — 6 шегеге тең. Таспа сал. Оқушылардан сызғышты қолданбай берілген таспадан ұзын немесе қысқа таспаны салуды сұраңыз. Көзбен шолу арқылы таспаның ұзын немесе қысқа болып шыққанын міндетті түрде анықтау қажет. Үйдің суретін сал. Оқушыларға берілген үйге қарағанда биік үй салдырыңыз. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
сөздерді қолдануды меңгереді. Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең-гейін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз: — Заттарды ұзындықтарына қарап қалай са-лыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.) — Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салысты-ру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.) — Адамдарды бойларына қарап қалай салысты-ру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.) — Неге биіктік пен бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар? — Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Ұзындықты қалай өлшейміз? |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
|
|||||
|
Тірек сөздер |
өлшеуіш; сантиметр. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тә-жірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтыңөлшем бірліктері арқылы бақылау, са-лыстыру жолдарымен таныстыру. Сабақта ұзындықтыңөлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс-әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағ-дысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете бі-летін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттыңұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттыңұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал. Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табаныныңұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады. Бұл жағдайда табанның ізі — бой өлшеуіш ретінде алынады.Оқушыларға адамдар ерте кезден бастап-ақ ортақөлшем бірліктерді енгізгенін түсіндіріңіз. Бүгін ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі — сантиметрмен танысатынын хабарлаңыз. Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуініңұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды “кішкентай өлшеуіш” және “қалыңқағаздан жасалған жолақ” деп атаңыз. Жолақтыңүстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқу-шылар жолақтыңұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оныңұзын-дығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен “Қалыңқағаздан жасалған жолақтыңұзындығы 10 см” деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзын-дықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыш-тыңөзін көрсетіңіз. Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.) — Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кіш-кентай бөлік сызықтар.) — Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.) Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қа-лай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың на-зарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндініңұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз. |
Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсыныңыз. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраңыз.
Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындату керек. Ол үшін жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз.
Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесінділерді өлшеу кезіндегі сызғышты пайдалану ережесін қайталатыңыз. Өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне оқушылардың назарын аударыңыз.
Жауабы:
қасықтыңұзындығы — 10 см; ұштағыштың биіктігі — 3 см.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Олар тапсырманы орындауда қиналса, жұпқа біріктіріп, тапсырманы талқылап орындауды ұсыныңыз.
Жауабы:
қызыл жіп жасыл жіптен ұзын.
Есіңе сақта! Оқушылардың назарын кестеге аударыңыз. Кесте бойынша қайталау: Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлше-
неді; “Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады.
“Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтыңөлшем бірліктерін есте сақтауды ескертіңіз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Оқушыларға ұзындықты өлшеу барысында және өлшеу нәтижелерін айтқанда математикалық тер-миндерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз. |
Қалам мен қойындәптердің ұзындығын өлше. Тапсырма ұзындықты стандартты емес өлше-уіштермен өлшеу дағдысын бекітуге берілген. Қай үстел ұзын? Бұл тапсырма оқушылардыңлогикалық қабілеттерін дамытады.
Жауабы: оң жақтағы үстел ұзын. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшеуді; өлшеу нәтижелерін сантиметрмен өрнектеуді меңгереді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тек- серу мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Сызғыштың көмегімен ұзындықты қалай дұрыс өлшеуге болады? — Ұзындықтың өлшем бірліктері қалай аталады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп- теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Заттарды массасы бойынша салыстыру |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Оқушылардың әр тобына арналған: табақты таразы;
|
|||||
|
Тірек сөздер |
ауыр; жеңіл; масса. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
“Масса” ұғымын түсіндіру; заттарды массасы бойынша табақты таразының көмегімен өлшеп са-лыстыру, стандартты өлшем бірліктерін қолдануды үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақта оқушыларға жаңа шама — масса туралы алғашқы түсінік беріледі. Тәжірибелік жұмыс бары-сында олар заттарды салыстырып, қайсысы ауырлау, қайсысы жеңілдеу екенін анықтайды. Салмақ пен масса ұғымының айырмашылығына назар аудару және “масса” сөзінің орнына “салмақ” деген сөзді қолдануға болмайтынын түсіндіру қажет. Сабақтың басында оқушыларға заттарды ұзын-дығы, жасалған материалы, көлемі мен пішіні бойынша салыстырғаны туралы естеріне түсіріңіз. Бірақ заттардың одан басқа да қасиеттері бар екенін айтыңыз. Оқушыларға бүгін заттарды әртүрлі қасиеті бойынша салыстыруды жалғастыратынын хабарлаңыз.Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топтарға бө-ліңіз. Әр топқа сырт пішіні ұқсас, біреуінде мақта, екіншісінде тас салынған екі қорапты беріңіз.
Оқушыларға тапсырманы орындау мақсатын түсіндіріңіз: екі қораптың ұқсастығы мен айырма-шылығын атап салыстыру қажет. Әрбір оқушының қораптарды ұстап қолдарымен сипап көруіне жағдай жасаңыз. Айырмашылығы туралы айту ке-зінде заттардың біз көре алмайтын қасиеттері бар екенін ескертіңіз. Бұл қасиетті анықтау үшін затты қолға алып көтеріп көруді ұсыныңыз. Енді не ойлайтынын сұраңыз (Бір қорап жеңіл, екіншісі — ауыр). Оқушылар екі қорапты көтеріп көру арқылы олардың бір-біріне ұқсамайтын қасиеті бар екенін байқайды. Яғни олардың ауыр не жеңіл екенін білуге болады деген тұжырымға келуі керек. Егер зат ауыр немесе жеңіл десек, біз оның массасы туралы айтатынымызды түсіндіріңіз. Қазіргі жағдайда қо-раптарды массасы бойынша салыстыратынымыз туралы айтыңыз: “Бірінші қораптың массасы екінші қораптың массасынан кем. Екінші қораптың массасы бірінші қораптың массасынан артық”.
Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әрбір жұпта та-бақты таразы, алма, картоп, кәмпиттер болуы керек. Алманың және картоптың массасын өлшеуіші ретінде алынған кәмпиттер арқылы өлшеңіз. Оқушылардың бір тобы зат массасын өлшеу барысында, мысалы, бір алманың массасы бес кәмпитке тең екенін, ал басқа оқушылар бір картоптың массасы тоғыз кәмпитке тең екенін анықтайды. Картоп пен алманың массасын салыстыра отырып, өлшеу нәтижесінде шыққан кәмпиттердің санын салыстырады. Себебі заттардың массасы бір өлшеуішпен өлшенді. Ауыр заттың массасы жеңіл заттың массасына қарағанда үлкен санмен өрнектеліп жазылады. Заттың масса-сын санмен өрнектеуге болатынына оқушылардың назарын аударыңыз. |
Кім ауыр? Кім жеңіл? Оқулықтағы иллюстра-цияға назар аударып, берілген сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: — Кімнің массасы ауыр деп ойлайсыңдар? — Ал кім жеңіл? — Неге? — Сендер әр баланың массасы туралы не ой-лайсыңдар? (Қыздың массасы ұлдың массасына қарағанда жеңіл немесе ұлдың массасы қыздың массасына қарағанда ауыр). Орындап көр. Таразының көмегінсіз мектеп құралдарының ішіндегі ең жеңіл және ең ауыр затты анықтап көруді тапсырыңыз. Бірге талқылаңыздар. Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логи-калық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Орындау кезінде қиындық туындаса, оларды жұптарға біріктіріңіз. Жұпта, ақылдаса отырып орындауды ұсыныңыз. Жауабы: алма шабдалыдан ауыр. Шабдалы алмадан жеңіл. Қай заттың массасы артық? Қайсысының массасы кем? Оқушылардан күнделікті өмірде көп кездесетін заттардың массасын салыстыруды сұраңыз.
Жауабы:
а) диванның массасы креслоның массасынан артық, креслоның массасы диванның массасынан кем; ә) теледидардың массасы телефонның массасынан артық, телефонның массасы теледидардың массасынан кем;
б) жүк автокөлігінің массасы жеңіл автокөліктің массасынан ауыр, жеңіл автокөліктің массасы жүк автокөлігінің массасынан жеңіл.
Қай ойыншық барлығынан жеңіл?
Оқушыларға оқулықтағы сурет бойынша сұрақ-тар қойыңыз: Ойыншықтардың массасы қандай өлшеуіштер-мен өлшеді?
— Аюдың массасы неше текшенің массасына тең?
— Мәшиненің массасы неше текшенiң массасына тең?
— Қуыршақтың массасы неше текшенің массасы-на тең?
— Ойыншықтардың ең ауыры қайсы? Ал жеңілі ше?
Жауабы:
аюдың массасы 9 текшенің массасына тең; мәшиненің массасы 5 текшенің массасына тең; қуыршақтың массасы 6 текшенің массасына тең; ойыншықтардың ішіндегі ең ауыры — аю, ең жеңілі — мәшине. |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Өз әрекетіне түсінік бергенде және өлшеудің нәтижелерін айтқанда математикалық терминдерді дұрыс қолдануына назар аударыңыз. “Қарбыз бес ананасқа тең” деп және т.б. айтылғаны дұрыс емес, “Қарбыздың массасы бес ананастың массасына тең” деп айтылу керектігіне назарын аударыңыз. Осы сөздерді есте сақтау үшін “Тепе-теңдік” ойынын ойнатыңыз. Шарты: оқушылар қолдарын екі жаққа созып тұрады. Олардың қолдары таразының екі жақ басын көрсететінін ескертіңіз. Оқушылар айтыл-ған нұсқауларға байланысты қимылдар жасайды. Таразының оң жақ басы сол жақ басынан ауыр дегенде оң қолдары жағына қарай бұрылады да, “ауырлау” сөзін айтады. Таразының сол жақ басы оң жақ басынан жеңілдеу дегенде, тағы оң қолдары жағына қарай бұрылады да, “жеңілдеу” сөзін айтады. Таразы басы тең дегенде қолдарын бастапқы қалпына келтіреді де, “масса” сөзін айтады. Осы қимылдарды бірнеше рет айтқызып қайталатыңыз. |
Суреттегі жеңіл затты қызыл түспен, ауыр затты көк түспен боя. Оқушылар қызыл қа- рындашпен жеңіл затты, ал көк қарындашпен ауыр затты қоршап белгілейді. Салыстыру визуалды түр-де жасалады. Бұл тапсырма заттарды массасы бо-йынша салыстыру дағдыларын бекітеді.
Дұрыс жауапты белгісімен көрсет. Оқушы-лар заттарды массасы бойынша салыстырып, дұрыс жауабын көрсетілген белгімен белгілейді. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінге-нін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Заттың массасы дегенді қалай түсіндің? — Екі заттың массасын қандай құралдың көме-гімен салыстыруға болады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өт-кізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Массаны қалай өлшейміз? |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шама-ларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құ-ралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді; шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қол-данып өлшейді |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
әр жұп оқушы үшін: массаны өлшеуге арналған бір килограмдық кіртасы; шақпақ қанттың орамасы — 3 дана, жарма қапшығы — 3 дана, бір пакет шырын — 3 дана (барлық заттардың массасы 1 кг); табақшалы таразы (оқушылардың әрбір жұбы үшін болса дұрыс, бірақ таразы тек біреу болса, жұмысты оқушылардың әрқайсысы массаны өл-шеу үшін таразыны пайдалана алатындай етіп ұйымдастырыңыз); екі қапшық: бірінің көлемі үлкен, массасы жеңіл (1 кг-ға дейін), екіншісі — көлемі кіші, ал массасы ауыр (3 кг шамасында). |
|||||
|
Тірек сөздер |
килограмм. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Массаның өлшем бірлігі — килограмм туралы түсінік беру; массаны килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйрету; массаны шама ретінде түсінуін бекіту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Оқушылар өлшеудің стандарттық бірлігі — килограмм туралы түсінікпен танысады, массаны таразыда килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйренеді. Сабаққа арналған ескертпелер Сабақты массаны қалай өлшеу керектігі туралы диалогтен бастаңыз. Медициналық тексеру өткенде дене массасын, дүкенде сатып алынатын азық-түліктің массасын өлшеу туралы әңгімелесіңіз. Сөз соңын массаны өлшеуге болады деген тұжы-рымға келтіріңіз. — Демек, массаны өлшеуге бола ма? (Болады.) — Массаны өлшеудің нәтижесін қалай жазып көрсетуге болады? (Массаны өлшеудің нәтижесін санмен жазып көрсетуге болады.) — Егер оны өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге болса, масса не болып табылады? (Ол — шама.) Оқушыларға сабақта әртүрлі заттардың массасын өлшейтінін хабарлаңыз. Сабақты көлемі мен құрамы әртүрлі екі қапшықты көрсетумен жалғастырыңыз: көлемі үлкен қапшық көлемі кіші қапшықтан жеңіл болу қажет. Көз мөлшермен қайсысы ауырлау екенін анықтауды сұраңыз. Сосын таразының көмегімен немесе қолға алып салмақтау арқылы салыстыртыңыз. Заттарды массасы бойынша салыстырғанымызды хабарлаңыз. Ал біз қапшықтардың массасын біле аламыз ба? (Иә, біле аламыз.) Кіріспе тапсырма. Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз. Қапшықтардың массасын өлшеуді сұраңыз. Өлшем ретінде шақпақ қант қорабын, жарма пакетін, шырын пакетін (барлық азық-түліктің салмағы 1 кг) ұсыныңыз. Таразы көмегімен массаны табыңдар. Оны өлшемдер санымен көрсетіңдер. Сосын өлшем қанша тартатынын сұраңыз. Оқушылар 1 кг деп жауап беруі мүмкін. Егер жауап қайтармаса, онда массасы 1 кг деген жазуы бар пакетті көрсету қажет. Өлшеуіш пакеттердің санын есептеңіз және қапшықтың массасын килограммен көрсетіңіз. Салмағы 1 кг кіртасын көрсетіңіз, бұның не екенін айтып беріңіз, мүмкін оқушылардың біреуі оны дүкенде көрген шығар. Килограмм — стандартты өлшем бірлік. Массаның стандартты өлшем бірлігі дүниежүзі үшін бірдей. Сондықтан адамдар масса жайлы килограммен айтқанда бірін-бірі түсінеді. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Табақшалы таразыда массасы 1 кг-дық кір тасы-мен кітап, мектеп сөмкесі, жабдықталған қорап, қаламсауыт және т.б. заттардың массасын салыс-тыруды ұйымдастырыңыз. Өлшеу нәтижелерін бы-лай көрсетуді ескертіңіз: “Кітап массасы 1 кг-нан кем”; “Мектеп сөмкесі массасы 1 кг-нан артық”; “Қаламсауыт массасы 1 кг-нан кем” және т.б. Осын-дай жұмыс 1 кг “өлшемі” түсінігін бекітеді және айналадағы заттардың массасы жайлы мөлшермен айту туралы көзқарасты кеңейтеді. Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің массасын анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ- тар қойыңыз: — Қорапты неше кіртасы теңестіреді? — Осындай бір кіртасының массасы қандай? — Қораптың массасы қанша болатынын ойланып көр. Бөлме гүлінің массасына байланысты осы сұрақ-тарға ұқсас сұрақтар қойыңыз. Жауабы: қораптың массасы — 5 кг; бөлме гүлінің массасы — 3 кг. |
Қарбыздың массасын анықта. Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылар қарбыздың массасын қауынның мас-сасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көз жеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қойыңыз: — Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңес-тіреді? — Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең). — Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг) — Екі қауын қанша тартады? (2 кг) — Бір қарбыздың массасы қанша болатынын айта аласың ба? (Қарбыздың массасы 2 кг болады.) Жауабы: 2 кг. Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Не-ліктен? Тапсырманы жұппен орындауды сұраңыз. Тапсырманың алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі: тордағы доптардың массасын көзбен көріп мөл-шермен анықтау арқылы емес, оны доптарды өл-шеуіш ретінде алып, нақты массасының қандай екенін анықтап, әрбір тордағы доптардың массасын салыстыру қажет. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда мына жетелеу сұрақтарын қойыңыз: — Бірінші торда неше доп бар? Екіншіде ше? — Қайсысында доп көп? — Доптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме? — Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Жауабы: екінші тор ауыр (онда 6 доп бар). Шығарып көр. Тапсырма оқушылардың логи-калық ойлау қабілетін және зейінін дамытуға бағытталған. Сондықтан тапсырманы әр оқушының жеке орындауы тиімдірек. Оқушылар өз жауап-тарында мақтаның массасының жеңілдігін айтуы мүмкін. Мақтаның массасы қанша екенін сұраңыз. Тастың массасын да сұраңыз. Мақта мен тастың массасы туралы енді не айтатынын сұраңыз. Салыстырыңыз. Жауабы: массалары тең. Орындап көр. Оқушылардың жұппен ақылда-суын ұйымдастырыңыз. Олардан бір-біріне дүкен-дерде 1 кг-дық пакеттерде сатылатын азық-түлік туралы айтуды сұраңыз. Тапсырма оқушылардың өмірден көргендеріне сүйеніп жауап беруіне негіз-делген. Мүмкін болатын жауаптар: минералды су бөтелкесі, бір бөтелке өсімдік майы, бір қорап шақпақ қант, бір қорап тұз, күріш т.с.с. Есте сақта! Кесте бойынша қайтала: Масса килограммен өлшенеді; “Килограмм” қысқаша “кг” деп белгіленеді. |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Оқушыларға массаны өлшеу нәтижесін айту кезінде және өз іс-әрекеттерін айтып түсіндіру үшін математикалық терминдерді дұрыс қолдана білуге көмектесіңіз. |
Қандай азық-түліктің массасы 1 кг болады? Оқушылардың назарын табақты таразыда қандай кіртастарының барына және таразының қандай қалыпта (таразы басы тең, бір жақ басы басып тұр) тұрғанына аудару керек. Жауабы: қораптағы шай, қораптағы қант. Массаны өлше. Тапсырма оқушылардың күн-делікті өмірде заттардың массасы болатыны туралы түсініктерінің деңгейін бағалау, сонымен қатар заттың массасын 1 кг-дық кіртасын салыстыра алатынын анықтауға берілген. Берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс парағында бейнеленген заттарды алдын ала да-йындаңыз. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: заттардың массасын кіртастардың көмегімен өлшеуді; күнделікті өмірде кездестіретін заттардың мас-сасын мөлшерлеп айтуды (бір килограмнан ар-тық немесе кем); заттарды массасы бойынша салыстыруды мең-гереді. Тақырыпты меңгеру деңгейін бақылау мақса- тында сұрақтар қойыңыз: — Массаның өлшем бірлігі қалай аталады? — Қандай құралдардың көмегімен заттың мас-сасын анықтайды? — Үстелдегі қай заттардың массасы бір кило-грамнан жеңіл болуы мүмкін? — Сыныптағы қай заттардың массасы бір кило-грамнан ауыр болуы мүмкін? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткі-зіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Заттарды көлемі бойынша салыстыру |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
суы бар шелек, бояулармен жұмыс істеуге арналған стақан; көлемдерінде сәл ғана айырмашылығы бар біреуі биік әрі жіңішке, екіншісі аласа әрі жалпақ екі қорап, өлшемдері бірдей ойыншық текшелер (текшелер саны қораптың ішін толтыратындай мөлшерде болуы керек); көрсетуге қажетті заттар: А4 пішімдегі қағаз парағы, түсті қағаздан қиылған үшбұрыш пен дөңгелек, компакт-диск, көлемдері әртүрлі ыдыстар; әр оқушыға бір-бірден Рубик текшесі; кесе, асқасық (саны сыныптағы оқушылар жұбы-ның әрқайсысына жететіндей). |
|||||
|
Тірек сөздер |
көлем. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Ыдыстың ішіндегі толтыруға болатын кеңістік түсінігі арқылы көлем ұғымын енгізу; заттарды кө-лемі бойынша салыстыру. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Көлем — бұл ыдыстың және заттың ішіндегі сұ-йық, қатты және сусымалы заттармен толтыруға болатын кеңістік. Бұл сабақта оқушылар заттарды көлемдері бойынша салыстырады, яғни салыстыру үшін қандай өлшем керектігін анықтайды. Сабақты екі ыдысты көрсетуден бастаңыз, мы-салы: стақан және бояулармен жұмыс істегенде су төгілмейтін арнайы стақан. Оқушыларға қай ыдысқа көп сұйық құюға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Қалай істеу керектігін сұраңыз. Салыстыру жұмы-сын жұппен орындауға мүмкіндік беріңіз. Шешімі:бірінші ыдысқа су толтырып, екіншісіне құю. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші және керісінше. Оқушылардан қандай қасиеттері бойынша салыстырғанын сұраңыз. (Оқушылар көлем деген сөзді білмеуі мүмкін. Олардың ойларын тыңдаңыз. Тек содан кейін ғана өзіңіз көлем деген ұғымды айтуыңызға болады.) Көлемі жағынан салыстырылғанын хабарлаңыз. Көлем — бұл сұйықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді. Оқушыларға логикалық сұрақ қойыңыз: көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе? Кей кезде ыдыстардың көлемін сырттай байқау арқылы салыстыруға болады. Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Оқушылардан қандай заттарды көлем бойынша салыстыруға болатындығын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тек сұйықтыққа арналған ыдыстарды атауы мүмкін. Кіріспе тапсырма. Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, басқа да сұйық емес заттарға да тән екені туралы түсінікті қалыптастыру үшін топтармен мынадай жұмыс ұйымдастырыңыз. Қораптың да көлемін өлшеуге болады, себебі оған да заттар салуға болатынын айтыңыз. Ішіне сұйықтық құюға болмайтын заттардың да көлемі болатынын ескертіңіз. Көлем жағынан аздаған айырмашылығы бар екі қорапты көрсетіңіз. Екі қораптың көлемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқушыларға су құйылған стақан, дақыл салынған стақан және текшелер арасынан таңдау жасауды ұсыныңыз. Өлшем ретінде текше ыңғайлырақ екені туралы қорытындыға әкеліңіз. Текшелерді бетіне дейін толтырып бір қорапқа салыңыз. Содан кейін осы текшелерді екінші қорапқа салыңыз. Қай қорапқа текшелер көбірек, қайсысына азырақ сыйғанын сұраңыз. Қандай қасиеті бойынша салыстыру жүргізгенін нақтылаңыз. Көлем — бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті деген қорытынды жасаңыз. Егер зат сұйыққа арналған болса, онда кіші көлемді ыдыс өлшеуіш болып табылады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болып табылады. |
Құмыра мен қораптың көлемін тап. Тапсыр-маны бүкіл сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқулықтағы суреттерге қарап, мынадай сұрақ-тарға жауап беруді өтініңіз: — Құмыраның ішіндегі кеңістікті немен толтыру-ға болады? (Шырын, су, т.б. сұйықтар.) — Құмыраға неше стақан су сыяды? (8 стақан.) — Құмыраның көлемі қандай болатыны жайында қорытынды жасаңдар. (8 стақан.) — Қораптың ішіндегі кеңістікті немен толтыруға болады? (Текшелермен.) — Қорапты толтыру үшін неше текше керек? (15 текше.)— Қораптың көлемі қандай? (15 текше.) — Кесе мен текшелер өлшеу кезінде ненің қызметін атқарды? (Өлшеуіштер рөлін атқарды.) Жауабы: 8 стақан; 15 текше. Екі ыдыстың көлемін салыстыр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқу-лықтағы иллюстрация бойынша әңгіме жүргізіңіз. Жауабы: а) А бөтелкенің көлемі Ә бөтелкенің көлемінен артық. Себебі, А бөтелкеге 6 кесе сұйық сыяды, Ә бөтелкеге 5 кесе сұйық сыяды. ә) Б шелектің көлемі В шелектің көлемінен кем, себебі Б шелекке 3 бөтелке сұйық сыяды, В шелекке 4 бөтелке сұйық сыяды. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Берілген фигураның көлемін анықтау үшін әр фигураны құрастыруға кеткен кіші текшелердің санын санайды. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда сұрақтар қойып бағыт беріңіз: Бірінші (екінші, үшінші) фигура неше кіші текше-лерден тұрады? Жауабы: 7 текше; 6 текше; 8 текше. Орындап көр. Берілген тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсыр-маны жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта өздерінің рөлдерін бөліп алады. Біреуі құйып тұруы мүмкін, екіншісі неше қасық болғанын санап тұрады. Жауабы: кесе мен асқасықтың көлеміне байланысты шама-мен 25-30 асқасық шығуы мүмкін. |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Заттардың көлемін салыстыру барысында оқу-шылардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы: “Құмыра 5 стақанға тең” деп айтуға болмайтынын ескерту керек. Дұрыс жауап мынадай болу керек: “Құмыраның көлемі 5 стақанның көлеміне тең”. |
Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін таңда. Ыдыстарды көз мөлшермен сырттай салыстырып, қай ыдыстың көлемі үлкен екенін анық-тауы тиіс. Ыдыстарды салыстырып, үлкенін тапқан соң оны қызыл түске бояйды. Әр фигурадағы текшелерді сана. Оқушылар әр фигураның көлемін анықтап, нәтижесін сан-мен жазады. Содан кейін фигуралардың арасында көлемдері тең фигураларды табуы тиіс. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, пішіні әртүрлі фигу-ралардың көлемі бірдей болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеді. Жауабы: а) 7 текше; ә) 8 текше; б) 7 текше. а) және б) фигураларының көлемдері бірдей. Қай ыдысқа көп су құюға болады? Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар көлемі үлкен ыдысты бояулары керек. Ыдыстардың көлемдерін салыстыр. Оқушыларға тапсырманың мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Осы үш ыдысты толтыру үшін қайсысына аз су қажет екенін анықтап, оны қоршап сызу керек. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді; заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңге-реді. Оқушылардың тақырып бойынша алған білім- дерін сұрақтар қойып тексеріңіз: — Шәйнекке 30 кесе су сыяды. Шәйнектің көле-мі қандай? — Қораптың көлемі 20 текшеге тең. Қорапқа неше текше сыяды? — Қалай ойлайсыңдар, көлемді өлшеу үшін бірдей өлшеуіш керек пе? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Көлемді қалай өлшейміз? |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
шамалардың мәндері мен өлшем бірліктерін салыстырады (ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сы-йымдылық (л)) және амалдар орындайды; ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады; оларды өлшеу үшін құрал-дар таңдап, өлшемдер жүргізеді; өлшем бірліктерді (см/кг/л) қолданып өлшейді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
екеуіне су толтырылған, екеуі бос төрт бірдей шелек; екі әртүрлі өлшеуіштер (бір литрлік құты және екі литрлік құты); оқушылардың әрбір тобына арналған бір-бір өлшеуіш ыдыс; көлемі бір литрден кем ыдыс; көлемі бір литрден артық ыдыс; 1 литр минералды суы бар бөтелке; 1 литр сүті бар пакет; құйғыш (воронка). |
|||||
|
Тірек сөздер |
литр. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
“Литр” түсінігін көлем өлшемінің стандартты өлшем бірлігі ретінде енгізу. Көлем шама екенін түсінуге әртүрлі жағдайлар туғыза отырып жаттықтыру. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Зерттеу қызметі барысында оқушылар сабақ-та әртүрлі ыдыстардың көлемін стандартты өлше-уіштермен өлшейтін болады және заттарды көлемі бойынша дәл салыстыруды жүзеге асыру үшін бірдей өлшеуіштерді пайдалану қажет екенін анықтайды. Осылайша стандартты өлшем бірлік — литр түсін-діріледі. Сабаққа арналған ескертпелер Көлемді нақты өлшеу үшін бірдей өлшеуіштерді пайдаланудың қажеттілігін түсінуге саналы түрде келу мақсатымен сабақты тәжірибе жүргізуден бастаңыз. Оқушылардан екі шеңбер жасап тұруды өтініңіз. Әрбір шеңбердің ортасына біреуі — су толтырылған, екіншісі — бос, бірдей екі шелектен қойыңыз. Барлық шелектің пішіндері, түстері, сыйымдылығы бірдей. Бір топқа бір литрлік, екінші топқа екі литрлік құты беріңіз. Әрбір топ су құю арқылы құты санын санап отырып (өлшем бірлігі) шелектің көлемін өлшеуі қажет. Тәжірибе қорытындысын шығарған кезде оқушылардан әртүрлі нәтижелер алу себебін түсіндіруді өтініңіз. Сұрақты талқылау бірдей өлшеуіштерді пайдалану қажеттігі туралы қорытындыға әкеледі. Көлемді өлшеудің стандартты өлшем бірлігі — литр екенін айтыңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға көлемі 1 литр ыдысты көрсетіңіз. Бұл ыдысқа бір литр су сыяты-нын айтыңыз және оның қанша екенін көрсетіңіз. (Өлшеуіш ыдысқа бір литр деген белгіге дейін су құйыңыз). Минералды су құйылған 1 литрлік құмыраны, бір пакет сүтті көрсетіңіз. Құмырадағы “1 литр” деген жазуды көрсетіңіз. Содан кейін құмыраның көлемі бір литр екеніне оқушылардың көзін жеткізу үшін оның ішіндегі сұйықтықты өлшеуіш ыдысқа құйы-ңыз. Суды қайта құмыраға құйыңыз. Дәл осылай пакеттегі сүтті де қайта құйыңыз. Сұйық төгілмес үшін құйғышты пайдаланыңыз. Әрбір топқа бір өлшеуіш ыдысты және көлемі бір литрден кем ыдысты (мысалы судың, лимонад-тың немесе шырынның құтылары, сусын құятын қа-ңылтыр құты, шайға арналған кесе т.с.с.) таратып беріңіз. Жұмысты мына ретпен орындатыңыз: а) оқушылардан өлшеуіш ыдысқа 1 литр су толты-рып алуды өтініңіз; ә) өлшеуіш ыдыстың толы екеніне назар аудар-тыңыз; б) оқушылардан суды ыдыстарға құюын сұраңыз; в) олардан не болғанын сұраңыз (Су толығымен ыдысқа сыймады); г) олардан қорытынды жасауды өтініңіз (Ыдыстың көлемі 1 литрден кем). Әрбір топқа көлемі 1 литрлік өлшеуіш ыдыс және көлемі бір литрден артық ыдысты таратып беріңіз. (Мысалы, судан босаған ыдыс, қазан, шырын пакеті, шәйнек, гүлсауыт және т.с.с.) Жұмысты бастапқы жүйе бойынша орындатыңыз. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар 1 литр көлемнің мөлшері жайлы түсініктерін бекітеді. |
Шелектің көлемін анықта? Суреттер бойын-ша әңгіме жүргізіңіз де, сұрақтар қойыңыз: — Өлшеуіш ретінде не алынды? — Көк (сары) шелектерді толтыру үшін неше өлшеуіш керек? — Көк (сары) шелектердің көлемі қандай? Жауабы: көк шелектің көлемі — 4 литр, сары шелектің көлемі — 6 литр. Қанша қалды? Сыныптағы барлық оқушылармен әңгіме жүр-гізіңіз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Шелекте неше литр су болған? — Аслан неше құты су құйып алды? — Егер шыны құтыға 1 л су сыятын болса, Аслан шелектен неше литр су құйып алды? — Шелекте неше литр су қалды? — Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жауабы: 3 л су. Қай ыдысқа 1 литр су сыяды, ал қайсысына сыймайды? Оқушылар көзбен ыдыстардың көлемін салыстырады. Олар шай құятын ыдысқа су аз, ал бөтелкеге көбірек сыяды деген қорытындыға келе-ді. Тапсырма оқушылардың көлем туралы практи-калық дағдыларын қалыптастырады. Шығарып көр. Алдымен сұрақтарға өз бетінше жауап беруді ұсыныңыз. Қиындық туындаса, оқу-шыларды жұптарға біріктіріңіз. Қажетіне қарай сұрақтар қойыңыз: — Өлшеуіш ыдыстағы “10 л” деген жазу нені білдіреді? — Ыдысқа қанша су құйылған? (10 литрден кем) — Ыдыс неше сызыққа бөлінген? (10) — Бір сызық неше литрді білдіреді? (1 л) — Қай сызыққа дейін су құйылған? (“4”) — Ыдыста неше литр су бар? Жауабы: 4 литр. Орындап көр. Жұппен зерттеу жұмысын жүр-гізуді ұсыныңыз. 1 литрлік шыны құтыны неше стақан сұйықпен толтыруға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар стақанды өз еркінше таңдайды. Барлық стақандардың көлемі әртүрлі болады. Жауабы: мөлшермен 5-7 стақан болады. Есте сақта! Кесте бойынша қайтала: Көлем литрмен өлшенеді; “Литр” қысқаша “л” әрпімен белгіленеді. |
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Оқушылардың сөйлемдерді толық түсініп айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы, “шелектің көлемі бес литрге тең” немесе “шелектің көлемі — бес литр” деп айтуға болады, ал “шелек бес литр” деп айтуға болмайды. |
Құмыраға шырын құй. Оқушылар бірінші құ-мыраны “1 л” белгіден асырып бояйды. Екіншіні — “1 л” белгіден төмен бояйды. Үшіншіні — “1 л” белгімен дәл бояйды. Ы Жауабы: 5 Ыдыстардың көлемін өлше. Тапсырма оқушы-лардың күнделікті өмірде қолданылатын заттар-дың көлемдері туралы түсініктерін бағалау үшін берілген. Сонымен қатар заттың көлемін 1 литрмен салыстыру дағдысын анықтау. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: көлемнің стандартты өлшем бірлігі литр екенін біледі; 1 литр өлшеуіш ыдыс арқылы көлемді өлшеуді үйренеді. Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз: — Көлемді қандай өлшем бірлікпен өлшейді? (Литрмен.) — Аквариумды суға толтыру үшін оған 1 литр-лік ыдыспен 10 рет су құйды. Аквариумның көлемі қандай? — Сыныпта қандай ыдыстардың көлемі 1 литрден артық болуы мүмкін? — Дүкенде көлемі 1 литр ыдыстармен қандай азық-түлік сатылады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Шамалар және олардың қасиеттері |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
шамалардың мәндері мен өлшем бірліктерін, яғни: ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйым-дылық (л)) салыстырады және амалдар орын-дайды; ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады; оларды өлшеу үшін құрал-дарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Көрнекілік үшін: көлемі 3 л бір шелек; өлшемдері әртүрлі екі ыдыс: 1 литрлік шыны құты және көлемі 0,5 литрлік ыдыс. Топтық жұмысқа арналған: пішімі А3 қатты қағаз, оның біреуінде “Иә”, екіншісінде “Жоқ”, үшіншісінде “Білмеймін” деп жазылған. |
|||||
|
Тірек сөздер |
шама. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Шамалар ұғымын енгізу және ұзындық, масса, көлем шамаларының ортақ қасиеттерін білу. Масса, ұзындық, көлем ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Өлшеу нәтижелерін натурал сандармен белгілеу дағдыларын бекіту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақта “шама” ұғымы енгізіледі. “Шама” — өлшеуге болатын және өлшеген нәтижені санмен көрсетуге болатын ұғым. Сабақта шамалардың өлшемдермен байланысты түсініктерді меңгеру үшін жаттығулар жасалады. Тәжірибелік деңгейде оқушылар төмендегідей қорытындылар жасап үйренеді: — шамаларды өлшеуге, салыстыруға және нә-тижесін сандар көмегімен көрсетуге болады; — шамаларды өлшеу үшін өлшем таңдап алып, оның өлшенетін шамада қаншасы барын анықтауға болады; — шамаларды олар тек бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болатыны түсінетін болады. Сабақты өткен сабақтарда алған білімдерді еске түсіруден бастаңыз. Заттардың ұзындығын, массасын, көлемін өлшеуді бұрын қалай үйренгенін еске түсіріңіз. Масса, ұзындық, көлем — шамалар екенін, шамаларды өлшеуге, салыстыруға болатынын айтыңыз. Шамаларды өлшеп, ортақ қасиеттерін табуды ұсыныңыз. Екі шелекті және екі түрлі өлшеуіш ыдысты көрсетіңіз де, сұраңыз: — Қай өлшеуішті пайдаланып шелекке суды тез толтыруға болады? — Шелекті толтыру үшін қай ыдысты көбірек пайдаланады? Неге? Шаманы өлшеп, өлшем нә-тижесін санмен көрсетуге болады деген қоры-тындылауға жетелеңіз. Егер өлшеуіш ретінде алған көлем үлкен болса, шаманы сипаттайтын сан кіші болады; егер өлшеуіш кіші болса, онда шаманы сипаттайтын сан үлкен болады деп қорытындылатыңыз. Осы қасиетті заттың ұзындығы мен массасын өлшегенде де пайдалануға болатынын айтыңыз. Салыстыр. Неге? Бұл тапсырма заттарды са-лыстыру үшін оларды бір өлшеуішпен өлшегенде ғана дұрыс нәтиже алуға болатыны туралы түсінікті бекіту мақсатында беріліп отыр. Сұрақ қойып, әңгіме жүргізіңіз: — Кімнің бөтелкесінің көлемі үлкен деп ойлай-сыңдар? Неге? — Қыз бен ұлдың қолдарындағы бөтелкелері бірдей ме, әлде әртүрлі ме? — Біз бөтелкелердің қайсысына көп сусын сыя-тынын айта аламыз ба? (Жоқ, айта алмаймыз.) Оқу-шыларға сурет бойынша өз ойларын қорытынды-лап айтуға мүмкіндік беріңіз. Шамаларды бірдей өлшеуіштермен өлшегенде ғана салыстыруға болады деген қорытынды жаса-тыңыз. Ойлан. Тапсырма оқулықтағы иллюстрация бо-йынша орындалады. Пішіндері әртүрлі ыдыстар берілген. Сондықтан қайсысында бұршақтың көп екенін көзбен мөлшерлеп анықтауға болмайды. Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, қалбыр ыдыста бұршақ көп болады деген қорытындыға келеді. Себебі оған бірнеше өлшеуіш ыдыстағы бұршақ сыяды. Жауабы: қалбыр ыдыстағы бұршақ артық. |
Шығарып көр. Оқушыларға оқулықтағы суретті қарауды сұраңыз. Кесінділерді тауып, оларды атауды ұсыныңыз. Кесіндінің сәуле мен түзуден айырмашылығы қандай екенін сұраңыз. (Кесіндінің ұзындығын өлшеуге болады, ал сәуле мен түзу шексіз.) Осыдан кейін өз беттерінше орындауға кесіндінің ұзындығын сантиметрмен анықтайтын жұмысты беріңіз. Бір литр сүттің, шыны құтыдағы кетчуп пен алмұрттың массасын тап. Тапсырма тәжірибе арқылы оқушылардың логикалық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Жауабы: дұрыс жауаптың үш нұсқасы болуы мүмкін: 2 бөтелке; 1 литр сүт және 1 алмұрт; 3 алмұрт. Орындап көр. Сыныптан немесе үйден масса-сын, ұзындығын, көлемін өлшеуге болатын заттарды табуды ұсыныңыз. Топпен орындауға нұсқау беріңіз. Жауабы: ықтимал жауаптар: аквариумның, құмыраның, стақанның массасын, көлемін, биіктігін өлшеуге болады.
|
|||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Тірек сөз — “шаманы” есте сақтау үшін келесі ойынды ұсыныңыз. “Шамалар және оның қасиеттері” тақырыбымен байланысты сөздерді айтқызыңыз, ал оқушылар айтылған сөздердің ішінен шамаларды білдіретін сөздерді анықтауы керек. Егер сіз “ұзындық”, “көлем”, “масса” деген сөздерді айтатын болсаңыз, оқушылар ол сөздерді ести сала “шама” деген сөзді айтулары қажет. Мысалы: сіз “санти-метр” деген сөзді айтсаңыз, олар “шама” деген сөзді айтпауы керек, себебі ол — шама емес. Ал “Масса” деп айтсаңыз, олар “шама” деген сөзді хормен айтуы керек. Кезекпен айтуға болатын сөздер тізімі: “сантиметр”, “сызғыш”, “көлем”, “литр”, “масса”, “килограмм”, “таразы”, “ұзындық”, “кіртастары”. |
Қай шаманы өлшегенін анықта. Сөздерді тиісті суреттермен сәйкестендіріп, сызықпен қос. Оқушылар шамаларды ұзындық, көлем, массаны бейнелейтін суреттерге сәйкес келетін сөздерді сызықтармен қосу керек. Шамаларды тиісті өлшем бірліктермен сәй-кестендір. Оқушылар шамалардың атауларын (ұзындықты, массаны, көлемді) олардың өлшем бірліктерімен сәйкестендіріп қосу керек. Айнаның ұзындығын әртүрлі өлшеуіштер-мен анықта. Оқушылар қойындәптер түрінде және қарындаш түрінде көрсетілген өлшеуіштің санын табуы керек. Айнаның ұзындығы қойындәптердің ұзындығымен 6 болады. Ал бір қойындәптердің ұзындығы 2 қарындаштың ұзындығына тең болған-дықтан, айнаның ұзындығы қарындаштардың ұзын-дығымен 12-ге тең болады. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: “ұзындық”, “масса”, “көлем” терминдерінің және олардың өлшем бірліктерінің мағынасын түсінеді (см, кг, л); заттарды массасы, көлемі, ұзындығы бойынша салыстыруды меңгереді. Тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін, топтар арасында жарыс ұйымдастырыңыз. Сабақтың та-қырыбына байланысты тапсырмалар мен сұрақтар дайындап, үш жауап нұсқасын ұсыныңыз (ия, жоқ, білмеймін). Тек бір жауап қана дұрыс болады. Сынып бөл-месінің әр жеріне “иә”, жоқ”, “білмеймін” деген сөздер жазылған қағаз парақтарын іліп қойыңыз. Ойынның шарты бойынша сіз сұрақтар қоясыз, ал оқушылар дұрыс жауап жазылған парақтың жаны-на жүгіріп барып тұрады. Сіз оқушының әрекетіне қарап, олардың тапсырманы қандай деңгейде меңгергенін бақылап білесіз. Сұрақтар: Шаманы өлшеуге бола ма? Ұзындықты салыстыруға бола ма? Көлем мен масса шама ма? Сантиметр — бұл өлшем бірлік пе? Литр мен килограмм — бұл шама ма? Шаманы салыстыруға бола ма? Шаманы өлшеп, нәтижесін санмен көрсетуге бола ма? Көлем ыдыстың сыйымдылығы ма? Жәшікке су құюға болмайды, сондықтан оның көлемі жоқ деп айту дұрыс па? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәпте-ріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткі-зіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Математикалық әткеншек |
Мектеп: |
||||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
тура және кері ретпен санау дағдыларын; геометриялық фигуралар туралы білімін; шамалар туралы білімін бекітеді. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
тапсырмалар жазылған беттер; кезектерін анықтау үшін жеребе тартуға арналған билеттері бар “Сиқырлы дорба”; әрбір топтағы оқушылар үшін “кабиналар” нөмірі; әрбір оқушыға арналған әткеншекке кіру билеті. |
|||||
|
Тірек сөздер |
математика |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Бірінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылау; шамалар мен сандарды салыстыру дағдыларын бекіту; сандар тізбегіндегі санның орындары туралы білімдерін бекіту; геометриялық пішіндер мен фигураларды анықтай білу дағдыларын дамыту. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақ оқушылардың “Сандар және цифрлар”, “Геометриялық фигуралар”, “Шамалар және өлшем-дер” тараулары бойынша бірінші тоқсанда алған білімдерін жинақтап қорытындылауға арналған. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқыту мақсаты тиімді орындалу үшін қорытынды-лау сабағын ойын түрінде өткізіңіз. “Сен нағыз мате-матиксің!”, “Сен барлығын дұрыс орындадың!” сияқты әртүрлі мадақтаулар және сабақтағы еркіндік жағдайы мен мерекелік көңіл күй әрбір оқушының өз қабілетіне деген сенімділігін бекітіп қана қоймай, жаңа теориялық білімді алуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырады, сондай-ақ “Математика” пәніне қажетті іс-тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді. Сабаққа арналған ескертпелер Пән кабинетін мерекелік сабаққа дайындаңыз. Бұл бірінші тоқсандағы қорытындылау сабағы, сон-дықтан оқушылар мерекелік көңіл күймен, өз бі-лімдеріне деген сенімділікпен келуі керек. Парта-ларды топ бойынша шеңбер бойымен қойыңыз. Осылайша сабақта оқушылармен топтық жұмысты тиімді өткізуді ойластырыңыз. Әрбір топқа жеребе тарту, яғни “өз кабиналары” бойынша ойынға қатысу үшін қажетті нөмірді алуды ұйымдастырыңыз. Сабақтың басында музыка қосып қойыңыз. Барлық оқушыларды сыныптың ортасына шақырыңыз. Оқу-шылардан: “Әткеншек тебуді жақсы көресіңдер ме, “математикалық әткеншек” теуіп көріп пе едіңдер?”деп сұраңыз (жауаптарын тыңдаңыз). Бүгінгі сабақта оларға осындай мүмкіндік болатынын айтыңыз. Оқу-шыларды “Математикалық аттракциондар саябағына” кіруге шақырыңыз. Сыныптағы барлық оқушылар үшін аттракцион-дарға кіретін “билеттер” дайындаңыз. Олар түрлі түсті және көз қызықтыратындай көрнекті, әрі өте әдемі болу керек. Әр билетке сабақтың тақырыбы мен артқы жағындағы бетіне тапсырмаларды жазыңыз. Билеттегі тапсырма кейбір сандары жазылмаған сандар тізбектерінің бір бөлігі болу керек. Сандар тізбегіндегі жоқ сандар топтың нөмірі, яғни “кабина” нөмірі болатынын айтыңыз. Мысалы: 3, 4, …, 6, 7 немесе 23, 24, …, 26, 27. Билеттерді таратып бергеннен кейін, оқу- шылардан өз орындарына отыруды сұраңыз. |
Сабақтағы негізгі іс-әрекеттер кезінде оқушылар әткеншектегідей қозғалыста болып, яғни бір топтан екінші топқа тапсырманы орындаған соң ауысып отыратындай жағдай жасаңыз. Топтан топқа ауысу кезінде музыка қосып қойыңыз, ол динамикалық үзіліс сияқты оқушыларға демалыс беріп, келесі тапсырманы орындауға құлшынысын туғызады. Мұғалімге тапсырмалардың орындалуын тексеру үшін көмекшілер қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда пән мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары немесе қызығушылық танытқан ата-аналардан көмек көрсететін адамдар шақыруға болады. Көмекке келетін адамдар болмаса, онда топтық жұмыстарды орындарын ауыстырмай ұйым-дастыруыңызға болады. Сабақтағы тапсырмаларда бірінші тоқсанда өтілген тақырыптар толық қамту керек. Әрбір орындаған тапсырмалар үшін оқушылар ұпай алады. Ұпайды тиын немесе күзгі жапырақ түрінде жа-сап беріп отырыңыз. Қорытындысын шығару үшін барлық ұпай санын сабақтың соңында қосасыз. Математикалық пойыз. Тапсырма тура және кері ретпен санау дағдыларын бекітуге берілген. Оқушыларға екі пойыздың суреттерін қарауды ұсыныңыз. Суреттегі вагондар ретсіз орналасқан. Тапсырманы орындағанда, оқушылардың вагон-дардың нөмірлерін өсу немесе кему ретімен атауын ұйымдастырыңыз. Жауабы: а) пойыздың вагондарын 1-ден 10-ға дейін, ал ә) пойыздың вагондарын 9-дан 1-ге дейін санап орындайды. Қорған. Тапсырманың мақсаты “Геометриялық фигуралар” бөліміндегі алған білімдерін бекіту болып табылады. Оқушыларға қорғанның суре-тіндегі кеңістік фигуралардың түрлерін анықта-тыңыз және қалай аталатынын естеріне түсіртіңіз. Жауабы: конус, цилиндр, шар. Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты — “Сан-дар және цифрлар” бөлімінде алған білімдерін бекіту. Оқушыларға суретті анықтап қарап шығуды ұсыныңыз. Әрбір қайықшадағы сандар қатарын оқытып, қатардағы қай санның жоқ екенін анық-татыңыз. Соған сәйкес қайықша тоқтауға арналған айлақты нөмірі бойынша тапқызыңыз. Жауабы: 7, 8, 9. Орындап көр. Тапсырма “Сандар мен өлшем-дерді салыстыру” бөлімі бойынша алған білімде-рін бекітуге арналған. Оқушыларға жан-жануар-лардың суреттерін кабинадағы жазулар бойынша салыстыруды ұсыныңыз. Әрбір кабинада салыс-тыруға арналған тапсырмалар жазылған. Соған сәйкес жауаптарын табу қажеттігін ескертіңіз. Жауабы: бірінші кабинада “Қайсысы биік?”. Жауап: керік қояннан биік; екінші кабинада “Қайсысы ауыр?”. Жауап: піл түлкіден ауыр; үшінші кабинада “Қайсысы жеңіл?”. Жауап: тышқан мысықтан жеңіл; төртінші кабинада “Қайсысы аласа?”. Жауап: ит түйеден аласа; бесінші кабинада “Қайсысы артық?”. Жауап: үкілер тиіндерден артық; алтыншы кабинада “Қайсысы кем?”. Жауап: қарғалар жолбарыстардан кем. |
|||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Сандарды салыстыр. Бұл тапсырма оқушы-ларды он көлеміндегі санау дағдыларын анықтауға бағытталған. Оқушылар сандардың реттік қатарына сүйене отырып сандарды салыстырады. Олар “артық”, “кем” ұғымдарын қолданады. |
Қоңыздар. Тапсырма суретте көрсетілген зат-тардың кескінінің санын цифр арқылы белгілей білу дағдысын анықтауға бағытталған. Оқушылар қызыл қоңыздарға парақшаларда көрсетілген санға сәйкес нүктелерді сала алады. Математикалық әткеншек. Тапсырма “Масса” тақырыбы бойынша білімдерін бекітуге бағытталған. Топтарға әткеншекте тербетіліп отырған жануар-лардың суреті бар парақшаларды таратыңыз. Оқу-шылар қай жануар денесінің массасы ең үлкен еке-нін анықтауы тиіс. Дұрыс жауапты олар плюс немесе құсқанат белгісімен белгілеп көрсете алады. Тапсырма оқушылардың 100-ге дейін санау дағ-дыларын қалай меңгергенін анықтауға арналған. Сандарды салыстыру бойынша берілген тапсырманы оқушы сандар тізбегіндегі орынға байланысты салыстыруға арналған сөздерді (артық, кем) қол-дана отырып орындайды. Дифференциация үшін суретте көрсетілген нұсқаны қолдануға болады. Ол 100-ге дейін санай білетін оқушыларға өздерінің дағдысын бекітуге көмектеседі. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушыларға сабақтың соңында: қай тапсырма сендерге ең қызықты болып көрінді? қай тапсырма ең оңай болды? қандай тапсырма ең қиын болды?, — деген сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз. Топтар жинаған ұпай санын шығару арқылы қорытынды жасаңыз. Оқушыларға мәселелік (проблемалық) сұрақтар қойыңыз: — Барлық математикалық білімді алдық деп ойлайсыңдар ма? — Екінші тоқсанда тағы не туралы білгілерің келеді? Оқушылардың берген жауаптары алдағы екінші тоқсандағы іс-әрекеттерінің болжаулары сияқты болады. Оқушылардың білім алуға деген ұмтылыс-тарын ескеріп, қағазға жазып отырыңыз. Бұл іс-әрекет жоспарын алдағы уақытта қол-дануға болады. Оқушылар жаңа тақырыптармен танысу кезінде өткенге қайта оралып, нені үйренді, ал нені әлі үйрену керектігін белгілеп отыра алады. Жоспар бойынша жұмыс жасау, оларды өз жұмыс-тарын алдын ала болжай білу қабілеттерінің қалып-тасуына бағытталған. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген