Келісемін:
Мерзімі: 27.02.2017
ж
Сыныбы: 6 Б
Пәні: Ежелгі Қазақстан
тарихы
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Үйсіндердің шаруашылығы мен
тұрмысы
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Оқушылардың б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың Ү ғасырында
Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін мемлекетінің мал шаруашылығы
мен егіншілік, түрлі кәсіпшілігі туралы білімдерін жетілдіру, түрлі
тапсырмалар орындату арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,
өзін-өзі бағалауға баулу.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқушылардың б.з.б. ІІІ ғасыр мен
б.з.-дың Ү ғасырында Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін
мемлекетінің мал шаруашылығы мен егіншілік, түрлі кәсіпшілігі
туралы білімдері жетіледі, түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабаққа
деген қызығушылықтары артады, өзін-өзі бағалауды
біледі.
|
|
7 модульдің
қолданылуы
|
АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,
“Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
|
Қолданылатын
ресурстар
|
Қазақстан картасы, маркерлер, тақта, стикерлер,
буклеттер, кітап, плакат, дидактикалық
материалдар
|
|
Тапсырмалар
|
1.
«Құпияға толы сандықша» ойыны ( сұрақ-жауап
)
2.
Топтық жұмыс. ( Мәтінді оқы, талқыла, бөліс, постер қорғау
)
3.
Жұптық жұмыс ( тест сұрақтары )
|
Сабақ бойынша мұғалімнің
жазбалары
І Ұйымдастыру: 2
минут
1. Оқушылар назарын сабаққа
аудару.
2. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. «Жақсы
көңіл-күй»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жеке
жұмыс. 8
минут
«Құпияға толы сандықша» ойыны
Шарты: Үйге берілген тапсырма бойынша экранда
көрсетілген сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап беру арқылы құпия
сандықты ашу.
Топқа бөлу. ( Оқушылар суреттердің мағынасын білу
арқылы топтасып, 3 топқа жиналады )
І топ: Мал шаруашылығы
ІІ топ: Егіншілік
ІІІ топ: Қолөнер
ІІІ. Зейінін шоғырландыру.
3 минут
Қане балалар, экранға назар
салайықшы!
Арал, Қызылорда, Балқаш, Іле, Ыстықкөл, Шу,
Қырғызстан, Байкал, Алакөл, Жетісу
І топ: Үйсіндер мекендеген көлдерді тап ( Алакөл,
Ыстықкөл, Балқаш )
ІІ топ: Үйсіндер мекендеген өзендерді тап ( Шу,
Іле )
ІІІ топ: Үйсіндер қоныстанған жерлерді тап (
Жетісу, Қырғызстан )
ІҮ. Жаңа сабақ 2
минут
Мәтінмен танысу
Топтық талқылау
Ү. Топтық жұмыс. 15
минут
І
топ: Үйсіндердің мал шаруашылығы ( Қытай жазбалары бойынша
түсіндіреді )
ІІ
топ: Еіншілік пен отырықшылық ( еңбек құралдары, тұрғын үй,
тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы )
ІІІ
топ: Түрлі кәсіпшілік ( археологиялық қазба жұмыстарынан мәліметтер
беру, салыстыру )
Сергіту сәті: «Құпия қорапша» ойыны. 3 минут
ҮІ. Жұптық жұмыс.
7 минут
І. Тест тапсырмалары: «Сен маған, мен
саған»
1. Үйсіндердің негізгі
шаруашылығы:
А) соқалы егіншілік
Ә) металл өңдеу
Б) жартылай көшпелі мал
шаруашылығы
В) көшпелі мал шаруашылығы
2.Үйсіннің сәйгүлік аты бейнеленген алтын
қапсырма табылған қорым:
А) Мардан
Ә) Қарғалы
Б) Теңлік
В) Ақтас
3. Ақтас қыстау қонысы орналасқан
жер:
А) Мойынқұм
Ә) Кеген өзені алқабы
Б) Сырдария өзені бойы
В) Отырар алқабы
4. Б.з.б. ІІ-І ғасырларда өмір сүрген
зергер-ұстаның тамаша туындысы:
А) Қарғалы диадемасы
Ә) Ақтас тәтісі
Б) Теңлік диадемасы
В) Қызыл Аңғар алтын қапсырмасы
5. Тәж тәрізді әшекейлі баскиім табылған
жер:
А) Қаратау
Ә) Қарғалы
Б) Сарыарқа
В) Тарбағатай
6. Қарапайым егіншіліктің іздері табылған
қоныс:
А) Арқайым
Ә) Ақтас қонысы
Б) Бөріқазған тұрағы
В) Ботай қонысы
ҮІІ. Бағалау. (
Бағалау парақшасы арқылы қорытынды ) 3 минут
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, бір ұсыныспен
бағалау
ҮІІІ. Кері байланыс.
1 мин
«Алма ағашы» ( Жасыл алма- мен бүгін бәрін жақсы
орындадым, көңіл –күйім көтеріңкі )
( Қызыл алма – мен тапсырманы орындай алмадым,
көңіл-күйім жоқ )
ІХ. Кейінгі тапсырмалар:
1 мин
Кейінгі оқу. «Үйсіндердің шаруашылығы мен
тұрмысы» тақырыбын оқу, мәлімет жинау.