Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нүктелі қағаз моделі 1сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Нүктелі қағаз моделі тақырыбындағы ашық сабақ жоспары 1сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып: 1

Күні:18.05.2017

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Мектебі

Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп

Мұғалімі

Сенгирбаева Гулзира Мырзагалиқызы

Сабақ тақырыбы

Нүктелі қағаздағы фигуралар моделі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау

Сабақ мақсаттары

Ойлау дағдылары: білу,түсіну,қолдану


  1. Оқушылардың нүктелі қағазға жазық фигура моделін жасау дағдылары қалыптасады, композиция құрастырады.

Жетістік критерилері

  1. Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: нүктелі қағазға жазық фигура моделін салуды үйренеді

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық. Оқушыларды топпен,жеке,жұппен жұмыс жасату арқылы бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

көркем еңбек-фигураларды қиып сурет құрастырады,суретті аяқтап салып,бояйды, өнер-сахналау, сауат ашу-ертегі құрайды.

Сөздік қоры

фигура моделі

АКТ қолдану

таныстырылым, электронды оқулық

Алдыңғы білім

Нүктелі қағазға фигураларды сызу

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут


Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы таң!Біз бақытты баламыз

Қайырлы таң!Сәлемдесіп аламыз


интер тақта



Сабақ ортасы

7 минут

















2минут





8минут









8минут


(Т.Ж) Орындап көр. Сыныптағы оқушылар топпен

тіктөртбұрышты, үшбұрышты, шаршыны салуға арналған нұсқаулықты құруы тиіс. Құрылған нұсқаулықты парақшада безендіру. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар нүктелі қағазда фигураларды сызу дағдысын бекітеді.Олардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін топтарға парақшалармен ауысуды және берілген өлшемдер арқылы фигураның дұрыс шығатынын тексеруді ұсыну.

Дескриптор:

-тіктөртбұрыш, үшбұрышты, шаршыны салуға арналған нұсқаулықты құрайды;

- тіктөртбұрыш, үшбұрышты, шаршыны нұсқаулық бойынша салады;

-фигуралардың қабырғаларының қасиетін атайды

(С.Ж) Үй

Нүктелі қағаздағы үйдің қандай геометриялық фигуралардан құрастырылғанын айтады.


(С.Ж) Ретімен орналастыр.Ертегі құра


Shape2

(Т.Ж) Суреттерді жинақта

Фигуралардан суреттер құрастырып, тексеру кезінде өз фигураларын қиып, нүктелі қағазға беттестіру қажет. Егер фигуралар сәйкес келсе, онда ол дұрыс сызылған.

Оқушылардың біреуі фигураларды қияды. Екінші оқушы нүктелерді санайды және фигураларды беттестіріп желімдейді.

Дескриптор:

-фигураларды қияды;

-фигуралардан суреттер құрастырады;

-фигураларды нүктелі қағазға желімдейді


нүктелі қағаз,

фломастер

  1. үшбұрыштіктөртбұрыш,шаршы салуға арналған нұсқаулық жазылған парақшалар;





интер тақта






интер тақта











әуен,

фигуралар, нүктелі қағаз;


қайшы,

желім




Ширату кезеңі

2минут

«Бағдаршам» ойыны


бағдаршам көздері

ҚБ

5минут

(Д.Ж) Нүктелі қағазға қолтырауынның суретін салады

(Ж.Ж) Жұпта тексереді

Дескриптор:

-қолтырауынның суретін нүктелі қағазға салады

нүктелі қағаз

Қосымша тапсырма

5минут

(Д.Ж) Аяқтап сал

Суреттерді аяқтап салады

Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape11 Shape9 Shape6

Дескриптор:

-нүктелі қағазға үйді аяқтап салады;

-нүктелі қағазға шыршаны аяқтап салады;

-нүктелі қағазға ұшақты аяқтап салады.




Жұмыс дәптері

түрлі-түсті қарындаш

Сабақтың соңы

5минут

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»

«Өзін мадақтау» Кім қандай жетістікке жетті?


смайлик

Бағалау


Оқушылар сабақтың соңында:

Оқушылардың жұмыстарын бақылай отырып, олардың сабақтың тақырыбын түсінуін, нүктелі қағазбен жұмыс істеу дағдыларын бағалаймын. Сабақта үйренген дағдыларын орындалған жұмысына қарап қолтырауынның суретін салған тапсырмасын бағалаймын.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалау.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Әр оқушыға қолдау көрсету.Өзіндік дербестігін ынталандыру.Кері байланыс жасау.

Қабілетті балалар нүктелі қағазбен тапсырмаларды нұсқаулыққа сүйеніп орындай алады


Оқушылардың жұмыстарын бақылай отырып, олардың нүктелі қағазбен жұмыс істеу дағдыларын бағалаймын.


Ширату сәтін жүргіземін. Партада дұрыс отыруларын қадағалаймын Қайшымен жұмыста қауіпсіздік техникасының сақталуын ескеремін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Рефлексия










































Пәні

Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы:

Алуан түрлі жануарлар

Мұғалімнің аты-жөні:Сенгирбаева Гулзира Мырзагалиқызы

Күні: 05.10.2018

СЫНЫП: 2 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны: 26


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.2.1 - жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Құндылықтарды дарыту

Топпен,жұппен,жеке жұмыста ынтымақтастыққа үйрету

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Алдыңғы білім

Өсімдіктер

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,әдебиеттік оқу,көркем еңбек

Сабақтың жоспары

Жоспарлан уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Ән айту!»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

топтарға бөлу.

«Ән айту!»

Тренинг.

Білімді шыңдау

2минут

Біз не үйрендік?

Пікірдің дұрыстығын анықта. «Иә,жоқ» ойыны

1.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

2.Сабақ жапыраққа су өткізеді.

3.Сабақ топырақтан суды сіңіреді.

4.Көктемде ағаш жапырақтары түседі.

5.Өсімдіктерді көктемде отырғызады.

6.Сабақта жапырақтар, гүлдер мен жемістер орналасады.


2мин

Видео «Жануарлар әлемі»

Видео арқылы сабақтың тақырыбы мен табыс критерийлерін балаларға тапқызу

видео

3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі.

-Жануарлар немен қоректенеді?

-Жануарлар тіршілігіне қандай жағдайлар қажет?

-Жануарлар жауынан қалай қорғанады?


Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Тасбақа, кесіртке, жылан бауырын жерге тигізіп қозғалады. Мұндай қозғалысты «бауырымен жорғалау» дейді. Бұл жануарлардың бауырымен жорғалаушылар аталуы осыдан шыққан.

Бақа, саламандра, құрбақа мен құйрықты бақа қосмекенділерге жатады. Сырт қарағанда, олар бауырымен жорғалаушыларға ұқсайды. Бірақ бауырымен жорғалаушылардың терісі құрғақ, мүйізді қабыршақ болады. Қосмекенділердің терісі үнемі ылғалды қажет етеді.

Суқоймаға өзен, көл, теңіз, мұхит жатады. Суқоймада ұлу, балық, ондатр мен қосмекенділер (бақа, құйрықты бақа, қолтырауын) мекендейді





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

5 минут







Қолдану

Зерттеу

Балықтар,бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

Shape21 Shape20

балықтар

қосмекенділер



Shape22



бауырымен жорғалаушылар






Құстардың ұқсастығын,айырмашылығын ажырату.

Ұқсастығы Айырмашылығы

Суда тіршілік етеді Терісі

Жауынан қорғанады Дене пішіндері

Жұмыртқалайды Дауысы

Қоректенуі

Оқулық,

қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер









ҚБ

5минут

Кестені толтыр

Жануарлар

Қайда мекендейді?

Терісі қандай?

Құрбақалар




Балықтар




Тасбақалар




Дескриптор Білім алушы

-Құрбақаның қайда мекендейтінін,терісінің қандай болатынын анықтайды;

-Балықтардың қайда мекендейтінін,терісінің қандай болатынын анықтайды;

-Тасбақалардың қайда мекендейтінін,терісінің қандай болатынын анықтайды;

ҚБ жинағы Жұмыс дәптер

2минут

Топтық жұмыс

Бөлшектерден жануарлар құрастыру,топта қорғау

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

ҚБ

3минут

Тапсырма

Суреттер мен атауларды сәйкестендір.Жұпта тексеру

Дескриптор Білім алушы

-сүтқоректілер класын анықтайды;

-құстар класын анықтайды;

-балықтар класын анықтайды;

-қосмекенділер класын анықтайды;

-бауырымен жорғалаушылар класын анықтайды;

-бунақденелілер класын анықтайды

ҚБ жинағы

Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

Ой қорыту


Тақырып бойынша түйген білімдерін айтады.



Кері байланыс

2 минут

«Не үйрендім, нені білгім келеді?»


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жабыстырады

2мин

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Үйге тапсырма: Жануарлар туралы қызықты ақпараттар жинаңдар.Жұмыс дәптерінен 11бет Аталған жануардың кез-келгенінің суретін салу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алу біліктерін және мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алу,жануарларды топтау дағдыларын бағалаймын.

Сергіту сәтін жүргіземін

Партаға дұрыс отыруларын, кітаппен көз арақашықтығын сақтауларын қадағалаймын

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


































Әдебиеттік оқу

САБАҚ:

Дихан Әбілев. Туған тілім.

Мектеп:Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп

Күні: 11.12.2018

Мұғалімнің есімі: Сенгирбаева Г.М


СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.4.1 - мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Құндылықтарды дарыту

Жеке,жұппен,топпен жұмыс жасауда сыйластыққа дағдыландыру

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт


Ресурстар

Басталуы 5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз

Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)

Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.

«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)

Бабам – үлкен ата далам - туған жер

Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»


Видео

жазбадағы би


Мәтіндерді түсініпоқы. Олар қандай жанрда жазылған?Сәйкестендір

Shape25 Shape24 Shape23

Бала, бала, бала - деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянаған.


Менің әжем –ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


Ата-бәйтерек, бала-жапырақ, ана-жағасындағы құрақ





Shape28 Shape27 Shape26

өлең

мақал

жұмбақ




Дескриптор Білім алушы

мақалды анықтайды;

өлеңді анықтайды;

жұмбақты анықтайды;

шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді


Аяқталуы 20 минут

Топтық жұмыс

1 топ. Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру

Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт. Адам көңілден азады, тілден жазады.

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.

Айтпас жерде тілің тарт.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.

Әдеп басы – тіл.

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

Басқа пәле – тілден.

2 топ Тіл туралы өлең шығару

Сүйемін ана ...................

Үйреткен маған ........................

Туған тілім барым деп,

Арнаймын саған .........................

3 топ Эссе жазу

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз.
4топ Толықтыр




Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алу біліктерін және шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын бағалаймын.

Сергіту сәтін жүргіземін

Партаға дұрыс отыруларын, кітаппен көз арақашықтығын сақтауларын қадағалаймын

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12