400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

НҰРЛЫ БОЛАШАҚ НЕГІЗІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

НҰРЛЫ БОЛАШАҚ НЕГІЗІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР

Еліміздегі білім беру жүйелерінде XXI ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке басты тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау.

Бәсекеге қабілетті ел болудың негізгі талаптарының бірі – білімді, өз ісінде құзіретті, бәсекеге қабілетті және білікті адам капиталына ие болу. Болашақ кәсіби қызметінде білімдерін табысты қолдану үшін өз білімін жетілдіру дағдыларын және өз бетімен білімге ие болу қабілеттерін дамыту және тудыру мамандар даярлаудағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында арнайы айтылып келеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен 2017 жылы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасы жастарымызға мамандық таңдауда жақсы мүмкіндік болып отыр. Ел экономикасының дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар өз ретімен атқарылуда. Бүгінде білім беру мен кәсіпорындар арасында әріптестік байланыс күшейіп келеді. Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі 5 мамандық бойынша, ауылшаруашылық саласына қажетті «Ферма шаруашылығы» мамандығымен қатар, халыққа қызмет көрсететін «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Газэлектрмендәнекерлеуші», «Электрмонтер» мамандарын да даярлауда. 2016 жылдан бастап дуалдық оқыту жүйесінің элементтері «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша енгізіліп, сол негізде студенттеріміз тәжірибені аудан орталығы – Бақанас ауылындағы мейрамханалар мен кафелерде, яғни, тамақтандыру орындарында өтуіне қол жеткіздік. Келісім – шарттар жасалынған. Бітірген түлектеріміздің де жұмысқа орналасуы шешімін табуда. Елімізде білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында колледжіміз 2017-2018 оқу жылында модульдік оқытудың экспериментальді оқу жоспарлары «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ферма шаруашылығы», «Автомобиль көліктеріне қызмет көрсету ,жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу үрдісіне енгізіліп облыстық эксперименттік режимде жүргізілуде. Модульдік оқыту технологиясын қолдану – арнайы пәндерді оқытуда білім сапасын көтерудің негізгі факторы болып табылады. Сондықтан модульдік технологияны пайдалана отырып, студенттердің құзіреттілігін дамыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Бүгінгі таңда «Кәсіпкер Холдингі» арнайы курстар ұйымдастырып, оқытушыларымыздың біліктіліктерін арттыруда. Колледжіміздің жоғарғы санатты арнайы пән оқытушысы, Бейқұтова Ұлухан Алматы облысы бойынша колледждер арасында тренер болып, жаңа оқу бағдарламасының іске асырылуына жұмыс жасайтын жұмыс тобының құрамына енді. Колледж оқу үрдісінде жаңа әдістер мен инновациялық технологиялық бағдарламаларды нық сеніммен қолдану арқылы кәсіби мамандарды даярлауды камтамасыз ететін болады. 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының Алматы облысы бойынша ғылыми-практикалық конференциясы колледжімізде өткізіліп келеді. Оқытушыларымыз Сланбекова Қ.Б, Сәмет Ж.А, Дауренбекова А,А, Қыдырбаев Ұ.К, Қайпбек А.Қ, Накыпбаева Г.У, Мусапирова Қ.М, Мейрамғали А.М, сабақ беруімен қатар, студенттерді дайындап, жетекшілік етіп республикалық, облыстық көлемдерде жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен, алғыстармен марапатталуы колледжіміздегі жұмыстың нәтижесінің бірден-бір дәлелі деуге болады. 2017ж арнайы пән оқытушысы Тезекбай А.А облыстық байқаудан «Креативті педагог» номинациясын алса, өз қызметтерін білім беру жүйесіне арнап жүрген оқытушыларымыздың да еңбегі бағаланып, 2017 жылы Сағындықова Ф.К. «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» медалін алса, 2018 жылы Бейқұтова Ұ.К. ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды және ашық сабақ фестивалінен жалпы пән оқытушысы Дауренбекова А.А ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жаңа ғасырдағы кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарының алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде келешеек ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарап, олардың бойларына халқымыздың қымбат қазынасын асыл қасиеттерін сіңіре білу біздің басты парызымыз болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі