Материалдар / Нұрлы Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нұрлы Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекеге арналған шағын бағдарлама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрлы наурыз!


1-жүргізуші:

Армысыңдар құрметті халайық!

Бармысыңдар халайық!

Қош келдіңіздер Наурыз тойымызға.

Наурыз құтты болсын деп айтамыз!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз мерекесі баршамызға құт әкелсін!

2-жүргізуші:

Мерекеге орай біз сіздерге көтеріңкі көңілмен аздаған бағдарламамызды ұсынбақпыз.

Ендеше ортамызға Наурызды шақырайық! Кел, төрлет, жоғары шық, Наурызым!

Қасиетті ұлттық мейрам, Наурызым.

Сәлем бердік , Наурыз, жылдың басы! Наурыз келді жаңартып жаңа күнді, Наурыз келді сағынтып бала бізді. (Наурыз келді)

Наурыз:

Армысыздар, қадірменді қалайық!

Ерітіп қарын даланың,

Жайнатып гүлін даланың,

Жетелеп жұмсақ самалын

Клдім міне ортамызға ағайын!

Жаңа жылымыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні жасасын!

Оқушы:

Наурыз! Көктем! Гүл өмір!

Қиындық қыспен қалып тұр,

Үмітпен жүрек жанып тұр.

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

Оқушы:

Кел, Наурыз, тарихымдай ғұрпым асыл,

Ақтарып тереңдерден жыр туласын.

Ұлыстың ұлы күні жыл басы боп,

Көңілдің құсын көкке ұшырасың.

1-жүргізуші:

Наурызым, сәби үні шаттығымсың,

Өмірге бақ беретін бақ нұрысың.

Ақсарбас шалып ылғи қарсы алатын,

Мақтанамын ұлтымның салты үшін.

2-жүргізуші:

Кел, Наурыз, келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.

Қазақстан болғанда-Ғажапстан,

Қол соғып қуаналық халқым болып.

1-жүргізуші:

Наурыз мерекесіне жылдың төрт мезгілі келіпті.

Төрт жыл мезгілі келеді.

О, бәрекелді! Келді көктем, келді Жаз.

Күзді де жақсы көреміз, құлпырған жасыл желегін.

Қыстың кетіп қаһары

Мейірімге жол берейік,

Наурыз тойға келіпті!

Көктем:

Жазира жазға жол ашып,

Қыс қарын қуған мен - көктем.

Бәйшешек көзін жаңа ашып,

Түседі саулап нұр көктен.

Жүремін көкте ән салып,

Бұла күш бойда тасиды.

Наурыз тойын қарсы алып,

Құрметіңе, қасиетіңе бас идім!

Наурыз: Рахмет саған Көктем!

Жаз:

Армысың , құтты Наурыз!

Төгіліп көктен алтын нұр,

Жайнатамын даланы.

Қала, дала ой мен қыр,

Шаттанып бір қалады.

Ой да, қыр да жап –жасыл,

Жасарып жер жаңғырды.

Ұйықтап жатқан табиғатқа

Мен келген соң жан кірді.

Уа, халайық ! Наурыз той

Құт –береке әкелсін!

Ұлыс күні бақ құсы

Тамаша өмір әкелсін!

Наурыз: Ризамын бұл сөзіңе, жазира жаз.

Күз:

«Қоңыр күз » дейді мені,

«Алтын күз» дейді тағы да.

Қалай десе де жарасар атым затыма.

Мені жақсы көреді,

Үлкен де, кәрі, кіші де.

Қолым ашық, қойным толы астыққа.

«Нан болса , ән де болады» дейді халық.

Дастарханымыз нанға толсын,

Айналамыз ән мен жырға толсын.

Наурыз: Айтқаның келсін, алтын күз!

Қыс:

Жауамын аппақ қарымды,

Нұр жауды деп біліңдер!

Тазартамын ауаны

Аппақ нұрға бөлен , жер!

Бауыры жылып науат-қар,

Бабымен ғана жібиді.

Аяздан болған жүрегім

Елжіреп барып ериді.

Өзім қандай ақ болсам,

Тілегім сондай ақ болсын.

Жаңа жылдың тойында

Бәріңізге бақ қонсын!

Наурыз: Жарайсың, құрметті қыс!

2-жүргізуші: «Жақсы сөз- жарым ырыс» дегендей Қандай жақсы еді тілектерің, жыл мезгілдері.!

1-жүргізуші: Қайда жүр екен Күн мен Түн.

Теңеліп алып екеуі,

Қандай тілек білдірер?

Күн мен Түн. Біз мұндамыз !

Жылына бір рет келмейміз, біз күндіз-түні қасыңдамыз.

Күн:

Сәлем саған, жас Наурыз!

Аспаннан төгіп күн нұрын,

Жарыққа кенелтем жердің жүзін

Қызу еңбек қайнатам.

Асыр салыа баланы да ойнатам,

Адамдардың атқаратын қызметін\

Қадағалап отыру – менің міндетім.

Әр күніміх сәтті болсын демекпін!

Қыдыр ата қолдасын,

Жақсылыққа, табыстарға жолдасын!

Түн:

Сәлем бердік жыл басы, Наурыз,саған!

Қызметім менің күннен кем емес.

Ұйқысын елдің күзетем.

Күә болаи небір қызық сәттерге.

Түсім қара болса да , тілеуім ақ!

Айымыз тусын иоңынан,

Жұлдыздапр тусын соңынан,

Ұлыс оң болсын.!

Әр үйіміз тыныш болсын.

Бейбітшілік болсын.!

2-жүргізуші: Уа , халайық! Қандай жақсы тілектер

айтылып жатыр Наурызға!

Үй иелері: Құтты болсын, жаңа жыл Наурыз тойың !

Алыс жақын қауышып сойды қойын:

Құшақтасып, көрісіп бар ағайын.

Балалар мәз жамырап ойнап ойын!

Сұрағыма дұрыстап

Жауап тауып беріңдер.

Алдыменен бір-бірлеп

Ұлыс күні туралы

Мақал айтып беріңдер.

1-жүргізуші:

Міне керемет, тамаша!

Ал енді осы «Самарқанның көк тасы еріген күн» дегенді қалай түсіндірер едің.

Оқушы: Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да атқан кезде,

Біздің елімізде бұл сәт

Түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22-наурыз күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алатын болған.Дәл осы сәттен бастап даланы, ауылдарды, қалаларды Қызыр Ата аралап келеді екен.

Бала: Сүйінші, сүйінші, Қыдыр Ата келеді.!

Қыдыр ата: Армысыңдар , халайық!

Бала: Қош келдіңіз , Қыдыр ата,! Төрлетіңіз, Қыдыр ата! Бізге батаңызды беріңіз.

Үй иесі:

Ассалаумағалейкум, киелі бала!

Ұлыс күні қазан толса ,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлық кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар., батаңызды беріңіз!

Қыдыр ата (бата береді)

Жылдарың кұтты болсын.!

Жандарың мықты болсын,

Бастарыңнан бақ кетпесін!

Астарыңнан тақ кетпесін!

Ел іргесі бүтін болсын.

Ел жүгегі күшті болсын!

Жолбарыстай киелі елге

Жаудың қолы жетпесін!

Аумин!

Барлығы:Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!

1-жүргізуші: Ал, келіңдер, қонақтар!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық!

(Шашу шашылады.)

2-жүргізуші:

Ақ дастархан жайылады,

Түрлі тағам қойылады,

Дастарханнан дәм татып,

Қыздырыңдар ойынды!

Оқушы:

Бүгін шаттық бүгін той.

Жаңарған дәстүр , жарқын-ай.

Қыздырған Наурыз мейрамы.

Жиналған жастар сауық қой.

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Жиналған жұрт таң қалсын.

Өнерден шашу шашайық!

Ән: «Ата дәстүр –ақ тілеу»

Би: Аққу биі - Салтанат.

1-жүргізуші:

Қасиет еткен халқымыз,

Жаңғырар дәстүр-салтымыз

Сән салтымен ел көрікті, Салтты дәстүрді сыйлау –үлкен міндет!

2-жүргізуші:

Қазақта «жас санау », мүщел тойын тойлау ежелден дәстүрге айналған мереке.

Тарихқа жүгінсек , 12 түрлі хайуанаттар атын иемденген жылдың тізбегін көреміз. Ол- табиғаттың күнтізбесі.

Табиғаттың қайта түлеген тірлік сәті жаңғыра келесі мүшелге аяқ басады.

1-жүргізуші:

22-наурыздан бастап әркім неше мүшелге толғанын біле алады. Әр мушел 12 жылда бір қайталанады.

2-жүргізуші:

Бір мүшелдің ішіндегі он екі жылдың атауларын және белгілері мынадай.:

1. Тышқан жылы – тыңғылықты жыл басы.

2. Сиыр жылы – саналықтың жалғасы.

3. Барыс жылы – береке , ырыс тасқыны.

4. Қоян жылы – қажыр-қайрат қарқыны.

5. Ұлу жылы – ұйымшылдықтың белгісі.

6. Жылан жылы –жаңашылдықтың белгісі.

7. Жылқы жылы – жақсылықтың белгісі.

8. Қой жылы - қуат, қарымды еңбек жемісі.

9. Мешін жылы – молшылықтың мәресі.

10. Тауық жылы – тоқшылықтың төресі.

11. Ит жылы – игі, игерілген жұмыстар.

12. Доңыз жылы – дәулет, сәулет құрылыстар.

Оқушы:

Келеді барыс жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз,

Оқушы:

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды.

Оқушы:

Бәйшешектей қар астынан табылған ,

Бар халықты қуанттың сен , Наурыз

Келер күннен бір үміт табылған.

Көңілдерді жұбаттың сен, Наурыз.

Тоғыз түрлі дәмнен жасап көжесін,

Оған баптап құрт қатады әжелер.

Мезгілі ғой бұл жинап алар ел есін,

Ырзық болар тұқымында еге бер.

Даңқың жетсін болашаққа нығайып,

Береке мен құт әкелсін , Наурыз.

Ағарғаным көл суындай молайып,

Қарық болсын халқың мынау, Наурыз!

Оқушы:

Жылдың басы - Наурыз,

Жырдың басы – Наурыз.

Наурызға арналсын.

Бүгінгі жыр әніміз.

Оқушы:

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз - шаттық әніміз,

Сән –салтанат сәніміз.

Ән салады жастарымыз,

Би билейді Салтанат Қыз.

Би: Шығыс биі Салтанат.

2-жүргізуші

Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп,

Жақсылықтың асы деп,

Көже жасап көл-көсір

Наурыз тойын тойлаған.

Бәрі:

Жаңа Жыл – Наурыз құтты болсын!

Молшылық жылы болсын. !

Барыс жылы тек жақсылық болсын!

Ән: «Наурыз айы туғанда»

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбағы

Сапарға кеткен ұлдарға.

Наурыз айы туғанда.

Наурыз,наурыз күні игі,

Күні игі жердің түрі игі,

Бауыры жылып науат қар.

Бабымен ғана жібиді.

Шашылып ырыс шанақтан .

Шақырып бір үй, бір үйді.

Шаттанушы еді бір игі,

Наурыз айы туғанда.

Оқушы:

Кел, төрлет есік ашық , Наурызым,

Мол болып, берекелі ақ уызың .

Шалқығын шаттық әкел әр ошаққа,

Сыйлашы ел жұртыңа жан қызуын.

Оқушы:

Жаңа жыл ,жаңа тарих баспалдағы.,

Алатын асуларын асқардағы.

Қазақтың кең көсілген даласында

Жазылсын болашақтың дастандары.

1-жүргізуші:

Наурыз келсе құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық

Қош келдің, Наурыз!

2-жүргізуші:

Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де ,

Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де,

Мектебімнің өнерлі өрендері,

Өнерлерін көрсетуге келді міне!

Енді ортаны баршаңызға ашайық;

Көрерменге жырдан шашу шашайық!

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерлермен інжу- маржан шашайық!

Концерттік бағдарлама:

Мерекелік барғдарламаның аяқталуын жариялап, қонақтар наурыз көжеге шақырылады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!