400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нұрын шашқан Ата Заң.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ.Р. Конституция туралы түсінік беруді жалғастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Ата Заң баптарымен таныстыруды жалғастыру, оқушыларды өз елінің президентін, рәміздерін құрметтеуге, ұлтжандыққа, достыққа, өз елін, жерін, ұлтын, табиғатын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу, орта білім алуға міндетті екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы

Ленин орта мектебі

Баймұқанова Ләйлә Бүркенқызы

Құқық негіздері


Тақырыбы: Нұрын шашқан Ата Заң.

Мақсаттары: Қ.Р. Конституция туралы түсінік беруді жалғастыру, туған елге деген

сүйіспеншілігін арттыру, Ата Заң баптарымен

таныстыруды жалғастыру, оқушыларды өз елінің президентін, рәміздерін

құрметтеуге, ұлтжандыққа, достыққа, өз елін, жерін,

ұлтын, табиғатын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу, орта білім алуға

міндетті екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Қ.Р. Конститутциясы, интерактивті тақта, үнтаспа, аңдар суретінен жасалған бас

киімдер, жанұяларының фотосуреттері, портреттер,туу куәлігінің көшірмесі,

сөзжұмбақ, табиғат көріністерімен слайдтар, «Бақыт ағашының» суреті.

Барысы:. 1. Амандасу. Кіріспе.

Үлкенге де сіз.

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

- Біздің республикамыз қалай аталады? Астанасы қай қала? Біз қай ұлтпыз? Бізден біреу кімсің десе не деу керек?

«Отан» әнін орындау.

2. Сөзжұмбақ шешу. К І Т А П - көп білім аламыз

Т А Р А Қ - шаш тарайтын құрал

А Л М А - жеміс

Қ А З - үй құсы

А Қ Қ У - киелі құс

Ж А Ң Ғ А Қ - тиіннің сүйсініп жейтін қорегі

3.Әр оқушының интерактивті тақтада туу туралы куәлігін көрсету.

- Балалар, әр адам жерге шыр етіп жерге түскенен кейін осы елдің азаматы болып табылады және туу туралы куәлік алады. Сонымен қатар сендердің әрқайсың өз құқтарыңа ие бола аласыңдар. Үлкендер балалардың құқықтарын сақтау керек . Әр бала өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, тегін білім алуға, өз ойын еркін айтуға құқығы бар.Ал осы құқықтардың бәрі еліміздің Ата Заңында, яғни Конститутцияда жазылған.

4. Интерактивті тақтада «Қазақстан Республикасының Конститутциясы» презентациясын көрсету.

5. Олжас: Әділ заң.

Бар адам тең дейді.

Еңбек етсең Ер дейді

Тегін білім аласың,

Демалысқа барасың.

Қорға дейді баланы.

Қолда дейді ананы.

Ел тілегі жазылған,

Біздің заң – ең әділ заң!

6. Мұғалім:16 желтоқсан 1991 жылы біздің Республика бүкіл әлемге өзінің тәуелсіздігін жария етті. Ал, 30 тамыз 1995 жылы Қ.Р. Конститутциясы, яғни Ата заңымыз қабылданды. Бұл заңда біздің елдің негізгі және халықтың өмір сүру ережелері жарияланған.Конститутция негізгі заң, оған ештеңе қайшы келе алмайды.

7.Мұғалім: «Конститутция» деген сөз латын сөзінен аударғанда «құрылым» деген мағынаны білдіреді. Конститутция азаматтардың құқығы мен міндеттерінің құрылымын анықтайды.

Диана: Ғұрпымыз бар ел сенген, Нұрым: Бас иетін бар адам,

Дәстүрлері ең ізгі. Әрбір сөзі салмақты.

Әділдікпен өлшенген, Қорғар бәле-жаладан

Заңымыз бар негізгі. Ата Заң бұл ардақты!

Мадина: Әділ заң еңбек жемісін, Азат: Бұл заңда жеңіс даңқымыз,

Бағалар ерлер жеңісін. Салтанат құрған салтымыз.

Адамның еркін айқындап, Сүйеніш, қамқор, қорғаушы,

Қызмет етер ел үшін. Сүйеді заңын халықымыз.

Дария: Халықтың ақ тілегі, Өмірсерік: Түзілген ен бойында,

Ізгіліктің бастауы. Әділдіктің ақ жолы.

Ата заң бұл киелі, Нұр боп жансын жолында,

Еліміздің бас заңы. Самға, біліп ал да оны.

8. 2 - бап.Қ.Р. – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

- Балалар, президент болғыларың келе ме? Ол үшін не істеу қажет?

9. 41 – бап. Қ.Р. Президенті болып тумасынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

- Біздің елдің Президенті кім?

Мадина: Бірде шарқып, бірде төмен құлаған.

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады.

Ел басы боп сайланды да Нұр атам.

Нұр ата төрінде отыр ұлы елдің.

Жалау етіп Абылайдай бабамды.

1O. 9-бап. Қ.Р. рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конститутциялық заңмен белгіленеді.

/Рәміздердің сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі жайлы мәлімет/

11. Көрініс.

Үш бала асық ойнап жүр.

1-бала: - Серік, сен ойнамайсың.

2-бала: -Неге?

1-бала: -Сенің киімің жыртық. Шешең біздің мектепте еден жуады. Әкең жұмыссыз. Сен кедейсің.

3-бала:-Ал менің әкем генерал. Ешкімнен қорықпайды. Ал шешем «крупный бизнесмен». Біз котеджде тұрамыз. Біздің үйде не керектің бәрі бар.

1-бала:-Ал менің әкем бастық. Шешем де бастық. Үлкен үйіміз бар. Шетелдік машинамыз бар. Ал сенде ештеңе жоқ.

17-бап. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, жәбірлеуге болмайды.

12. Сергіту сәті.

13. 38 - бап. Қ. Р. азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Азат: Тамаша ғой Дария: Еріп бұлттың ырқына

Бүгін сен Жоқ болады бір күн ай...

Табиғатқа жүгінсең. Табиғатта бір кітап,

Құлақ түріп көз тігіп Оқи алсаң шіркін-ай!

Төңірекке үңілсең.

Релаксация. /интерактивті тақтада жергілікті жердің табиғатын слайдтар арқылы көрсету/

- Балалар, атамекеніміздің сұлулғына қанша қарасақ та тоймаймыз. Өзен-көлдердің бетімен ұшқан шағалалар өз суларын қорғап жүргендей. Ормандағы ағаштар қалың жапырақтарымен бүркеп, аңдарды қорғап тұрғандай. Табиғаттағы тіршілік иелері де бір-бірімен тығыз байланыста, бір-біріне қамқор. Біз орман ішіндегі қалың шөптер мен ағаштар арасына келдік.

Ойын. «Ормандағы аңдар»

14. Жағдаяттарды тыңдап, талдап, өз пікірлерін білдіру.

1- жағдаят:Азат пен Нұрым кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Азат анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Нұрым бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят: Олжас таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» - деп кейіді. Олжас анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп жүре тыңдады.

- Қалай ойлайсыңдар, Олжастың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?

3-жағдаят: Өмірсерік енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланады. Бірақ, ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Өмірсеріктің ойы дұрыс па? Сендер Өмірсеріктің орында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

29-бап. Қ.Р. азамттарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

- Кәне, балалар, деніміздің сау екенідігін көрсетейік. /аэробикалық би/

І5. Дәйексөз.

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.»

Халық мақалы

- Балалар, адамға білім не үшін қажет? Ол үшін не істеу керек? Дұрыс, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам – ол күшті адам деуге болады. Өйткені білім арқылы өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Білімді болғаның арқылы көп жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың. Сондықтанда халық «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп айтқан. Ата Заңымыздың 3O- бабында жазылған Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алуға міндетті.

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айтылады.

16. Қортындылау.

Интерактивті тақтада әр оқушының жанұясымен түскен фото суреттері көрсетіледі.

- Балалар, әр қайсың өз жанұяңда өздеріңді бақытты сезінесіңдер. Бақыт деген - жарық күн, денсаулық, жанұяңмен бірге болу, Отаныңды сүю, Отаныңда тыныштық болғанын тілеу. Ал осының бәрі орындалсын десеңдер әрқашанда Ата Заңды құрметтеп, оған қайшы келмей, еліміздің ертеңі мен болашағына ат салысу керек. Алдарыңда «Бақыт ағашы» тұр. Осы ағашқа Отанға арналған өз тілектеріңді жазыңдар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі