Материалдар / Нұрын шашқан аяулы аналар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нұрын шашқан аяулы аналар

Материал туралы қысқаша түсінік
аяулы аналар туралы ашық тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дарын» колледжі Ф-ТБ-003/1



«Дарын» колледжі












Келісемін Бекітемін

Әдіскер Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары ________ Ә.Керімқұл ______Қ. Асатиллаев «____»_____ 20204ж. «____»_____ 20204 ж.


«


Нұрын шашқан аяулы аналар




«Арнайы пәндер» циклдік комиссия

кеңес мәжілісінде бекітілген

___ хаттама "___"______2024 ж.

Циклдік комиссия төрайымы

____________ Ш.Танирбергенова

«____» ______2024 ж.

Оқытушы: Ш.Танирбергенова

Қатысушылар: БҚ-0923-1

Мерзімі: 13.03.2024 ж.

Уақыты: 13:00

Өтілетін орны: 202





Түркістан 2024 ж

«Нұрын шашқан аяулы аналар» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты


Жоспар:



І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. М.Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі


2. Әнұран


3.«Ана туралы жыр» хор


4. Жүрек жарды тілектер мәнерлеп оқу


5. «Қолтырауын»ойын


6.«Мақалды жалғастыр»ойыны

7. «Сыйлықты еңбекпен ал»ойын


8. «Ана - өмір ажары» бейнебаяан


9.Флешмоб «8 - наурыз»


10. ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ













Тақырыбы: Нұрын шашқан аяулы аналар

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі рөлі бар ниеттерін көрсету.

Көрнекіліктер: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі


Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Оқытушы сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! «Нұрын шашқан аяулы аналар» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға, қош келдіңізде

Аналар мейрамы , наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!


Жанып тұрар мың жанар- дей келе, кезекті ҚР әнұранына береміз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

әні: Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!





Ұрпаққа жолашқан,
Кеңбайтақ жерімбар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елібар.
Қарсыалған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздіңел бақытты
Қарсыалған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздіңел бақытты,


1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті колледжіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана берген

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз, - дей отыра алдарыңызға қыздарымыздың орындауындағы,

«Ана туралы жыр» атты хордың әнін қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып, оқушыларымыздың жүрекжарды тілектерін ұсынамыз.

1-тілек білдіруші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2 тілек білдіруші:

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3 тілек білдіруші:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

4 тілек білдіруші:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

5 тілек білдіруші:

Ана керек,о адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.


1-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.

«Қолтырауын»ойыны: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 5 ұстаздың есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады.Оқушылар ұстаздарына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.





1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады»

2-жүргізуші:: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді. Қазақ қалқында» Анасын көр де,қызын ал». Деп салтқа тәрбиеге беріктігін айтады мақал жалғастыру ойыны.

  1. Баласы жыламаса,                                                                                                              Анасы жұбатпайды. 

  1. Анасын көр де,

Қызын ал. 

  1. Өгей ана міншіл,

Жетім бала кекшіл. 

  1. Бала — Ананың бауыр еті, көз нұры. 

  1. Алып анадан туады.

  1. Баласы атқа шапса, анасы үйде тақымын қысады. 

  1. Ананың сүті - бал, баланың тілі – бал. 

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа! 

  1. Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.

  1. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман. 

  1. Ананың сүті — бал,

Баланың тілі — бал. 

  1. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да,

қарызынан құтыла алмайсың.

  1. Ана сүті бой өсіреді,

Ата тілі ой өсіреді. 

  1. Анасыз өмір — сөнген көмір. 

  1. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады. 

  1. Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ, 

  Аға ақылы - көмек, Іні ақылы - демеу.

  1. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 

  1. Ана даңқымен қыз өтер,

Мата даңқымен бөз өтер

  1. Ананың көңілі балада,                                                                                                                        Баланың көңілі далада

  1. Анадан теріс туған

Тезге салсаң түзелмес.

1-жүргізуші: Ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз.

«Сыйлықты еңбекпен ал»ойыны

1. Оқу орнындағы ең сүйікті шәкіртіңіз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық студент кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба немесе айта аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады деп ойлайсыз?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?

11.Абайдың бір өлеңін айтып бере аласыз ба?


2 - жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

2-жүргізуші: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана - болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты, - дей отыра алдарығызға «Ана – өмірдің ажары» бейнебаянын ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін,

Қыздар келді міне толқып,тасып, - дей отыра ортаға қыздарыммызды

флешмобпен шақырамыз.

Флешмоб би «8 - наурыз»

2- жүргізуші:«Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөзі бар.

Аналар қалқып балқып аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Бүгінгі кешіміз аяқталды

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,- дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды . Келесі кездескенше , сау- саламатта болыңыздар.

Мұғалім: Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман – есен жетейік. Келер Наурыз тойы.






















Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!