400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нұсқаулық. Оқуға шақыру 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы №1 Оқуға шақыру А. Байтұрсынов «Оқуға шақыру»

Оқу мақсаты

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;

Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады.

Кейбір оқушылар: өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады, бөліктеріне тақырып қояды

Бағалау критерийлері

өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;

өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

өлеңдегі оқиғаға қатысты ойын айтады;

өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

өлең бөліктеріне тақырып қояды.



Сабақ барысы

Оқушыларды «Б, А, К, М» қима әріптерін таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Білім»

2-топ: «Ақыл»

3-топ: «Кітап»

4-топ: «Мектеп» (ЕСКЕРТУ МҰҒАЛІМ ӨЗ ТАҢДАУЫ БОЙЫНША (ТОА АТТАРЫН ӨЗГЕРТУГЕ, ТОПҚА БІРІГУ ТӘСІЛІН ӨЗГЕРТУГЕ) ДА ТОПТАРҒА БІРІКТІРЕ АЛАДЫ)

Оқушылар қима әріптерді таңдап ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

1-тапсырма суретпен жұмыс

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша қабырғаға ілінген суреттерге шолу жасайды.

1. Суреттегі тәулік мезгілін айнықтайды.

2. Бәріне ортақ тақырып ойластырады.

3. Тақырыбын түсіндіреді.

4. Сабақ тақырыбына болжам жасайды.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

Автормен таныстыру

А. Байтұрсынов- ақын, ұстаз, ғалым.

1872-1937 жылдары өмір сүрген. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арналған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Тарту», «Оқуға шақыру» өлеңдері.


2- тапсырма аудиотаспадан Ахмет Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін тыңдау.(https://www.youtube.com/watch?v=GiyiQNGgczo). Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқиды. Оқуға, жұмыссыз, даналыққа, даналық-өшпес жарық, кетпес байлық. «Пирамидалық талқылау» әдісіне сүйеніп оқушылар:

өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;

өлең мазмұны бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

өлеңнің бөліктерін ажыратады, тақырып қояды.

Үлгі: а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. Дәптермен жұмыс: оқу, іздену, даналық, үйрену. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;

өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

өлеңдегі оқиғаға қатысты ойын айтады;

өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

өлең бөліктеріне тақырып қояды.

3-тапсырма «Ашық микрофон» әдісіне сүйеніп диалог құрады. Оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарды жалғастырып, жауап береді.

Үлгі:

А.Байтұрсынов кім?

Ол кім?

Қандай оқулық жазған?

Қайда туған?

Қандай шығармаларын білесің?

Ізденсең білімді боласың дегенді қалай түсінесің?

Даналақ деген не?

Еңбек іс-әрекетті жырлаған шумағын оқып бер

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

( МК, Ө) 4 - тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілімен сызбаны пайдаланып, өз сөзімен түсндіреді.

1. Пікір. Берілген сөздер бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Кері байланыс: «Бес саусақ»

Бас бармақ- өте жақсы

Балаң үйрек -ұсынысым бар

Ортан терек - жақсы

Шылдыр шүмек- шектеулі

Кішкентай бөбек - нашар

Ескерту: сынып жағдайын ескере отырып барлық жұмыс түрлерінің орындалу барысында топтық, жұптық, өздік, ұжымдық түрлерін ауыстыруға болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі