400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нұсқаулық: Ұрлық пен алаяқтықтың құрбаны болмаудың қауіпсіздік ережелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеленушілерге өзімдікі мен бөтендікі арасындағы айырмашылықты көруге үйрету; оларды өзгенің затын алуға болмайды деген түсінікке келтіру. Балаларда адалдық пен жалған ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Күнделікті өмірде ар-намыс ережелерін қолдануды үйрету. Жеке бас қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 19.01.2023ж Кунанбаева А.Т.

Топ: 2

Нұсқаулық: Ұрлық пен алаяқтықтың құрбаны болмаудың қауіпсіздік ережелері.

Мақсаты: тәрбиеленушілерге өзімдікі мен бөтендікі арасындағы айырмашылықты көруге үйрету; оларды өзгенің затын алуға болмайды деген түсінікке келтіру. Балаларда адалдық пен жалған ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Күнделікті өмірде ар-намыс ережелерін қолдануды үйрету. Жеке бас қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

  • Қайырлы күн балалар! Бүгінгі біздің нұсқаулық «Ұрлық пен алаяқтықтың құрбаны болмаудың қауіпсіздік ережелері» деп аталады.

  • Балалар, «Бөтен затты алу - жақсы ма, жаман ба?». Балалар жауабы

  • Қазір барлығымыз бірге, өзгенің затын алғанды ұнататаын кірпі жайлы мультфильмді мұқият көрейік.

  • Балалар, мультфильмді көргенде не ойладыңдар?

  • Кірпінің жасаған істері жайлы не айта аласыңдар?

  • Біз кірпіні не үшін айыптаймыз?

  • Кірпінің жасаған іс-әрекеттерін, қалай атауға болады?

  • Иә өте дұрыс айтасыңдар, балалар басқаның затын сұрамай алу деген «Ұрлық» деп аталады. Бөтен нәрселерді рұқсатсыз алуға болмайды, бұл жаман! Ұрлық-қылмыс! Ол заңмен жазаланады!

  • Ұрлықты болдырмау үшін не істеу керек?

Балалар қойылған сұраққа өз жауаптарын ұсынады, тәрбиеші айтқандарын жинақтап, оларды ережелермен таныстырады.

  • Бөтен заттарды, яғни өзгенің заттарын рұқсатсыз алуға болмайды.

  • Егер қандай да бір зат (ойыншық, кітап, қалам, қарындаш және т.б.) ұнаса, онда иесінен оны көруге немесе онымен ойнауға рұқсат сұрау қажет.

  • Рұқсатсыз алсаң - шын ниетпен мойынсұн, кешірім сұра.

  • Жақсы, енді «Ұрлықшының құрбаны болмау үшін не істеу керек» екенін бейнероликтен көрейік.

  • Нұсқаулықты есімізге түсірейік! «Өз затыңа мұқия бол!»

1.Құнды заттарды ешқашан қараусыз қалдырма.

2. Қалталары кең шалбар киюден және онда ақшаны сақтаудан аулақ бол.

3. Ешқашан адам көп жерде сөмкеден ақша,ұялы телефон алып шықпа, мақтанба.

4. Топтың ішінде, ақша мен қымбат заттар салынған сөмкені алдыңда қолда ұстап жүру керек. Барлық замоктары жабылуы тиіс.

5. Қолма-қол ақшаны немесе басқа да бағалы заттарды алып жүрудің ең қауіпсіз тәсілі, сөмке немесе әмиянды мойныға іліп, киіммен жауып жүру.

6. Шалбардың артқы қалтасына әмиян, ұялы телефон салуға болмайды, ұрылар оны тез байқайды.

7. Топ ішінде болғанда, сөмкені ашып алуға болмайтындай етіп ұста.


ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

* Ешқашан Заңды бұзбаңыз.

* Бөтен адамдармен абайлап сөйлес, «алтын таулар» туралы сөздік уәделер, жарнамаларға ешқашан сенбеңіз.

* Байланысқа түспеңіз және ақшаңызды күдікті адамдарға бермеңіз, олармен кез келген ойын, лотерея ойнауға келіспеңіз, ол жер қылмыстық қауіпті аймақтар.

* Сіз біреуді алдау арқылы тез байып, жеңе алам деген ойға жол бермеңіз. Жылдам табысқа, сәттілікке қауіп белгісі ретінде қараңыз.

* Кездейсоқ кездесулер мен байланыстардан аулақ болыңыз, өтіп бара жатқан адамдармен сөйлеспеңіз, оларға жоспарларыңыз бен мүмкіндіктеріңізді ашпаңыз, мекен-жай мен телефон номерлерін, банк карточкасының номерін бейтаныс адамдарға беруге болмайды.




Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.02.2023
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12