Ну ормандағы жаңбыр.
Мақсаты: тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
-
Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
-
Тренинг есімі,өз есімін айтып,бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек!
-
«Мен және менің есімім» бұл бөлімде алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып,әңгіме құрастырып ортаға саламыз.
-
«Мюнстерберг» әдістемесі.
-
Ситуация.
-
«Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.
-
«Сілкіп таста» жаттығуы.
-
Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді екі қолдарыңызды жоғары көтеріп алақандарыңызбен үйкелейсіздер. 3 мәрте.Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.3 мәртеден.
-
Тренинг есімі,өз есімін айтып,бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек! Мыс: мен Жанармын жайдарлымын.
-
«Мен және менің есімім» бұл бөлімде алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып,әңгіме құрастырып ортаға саламыз. Мақсат: ұстаздарымыздың ойлау қабілетімен сөздік қоры,тіл байлығы анықталады.
4. «Мюнстерберг» әдістемесі.
Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Уақыты:2мин.
Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершлпевоалд
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.
5. Ситуация.
Психолог: Ал енді әріптестер екі топқа бөліне қояйық. Әр топқа бір ситуациялық жағдаяаттар беріледі.
1-топ. Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, аузында сағыз, қасында тұрған үлкен әкейді қағып, итеріп жіберді де ештеңе айтпастан тұра берді. Атай ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата-аналарыңа солай жасайсыңдар ма?-деді. Осы жерде дау басталды. Бұған кім кіналі? Сіздер қалай ойлайсыздар?
2-топ.Жұмысқа асығыс жүгіріп келдіңіздер, асыққандарыңыз сондай баспалдақпен келе жатқандарыңызда алдарыңызда келе жатқан 2-3 баланы қағып кеттіңіздер де, түк болмағандай кете бердіңіздер. Ол балалардан кешірім де сұраған жоқсыз. Осы жерде бала сіз туралы не деп ойлайды? Не істеу керек?
6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.
Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту
Уақыты: 10мин.
Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.
Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.
7. «Сілкіп таста» ойыны.
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтынынан құтылу.
Уақыты: 10мин.
Психолог: Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Әлдекімнің ойына: «Тағы да жолым болмай қалды» Енді бірі «Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?»-деген жауаптар мазалайды.
Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.
Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.
8. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ну ормандағы жаңбыр" тəрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

шағым қалдыра аласыз