400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ның материалдық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы











ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Қазақстанның тұрмысы мен мәдениетін зерттеу









Амантай Сауле Мансұрқызы

Кемертоған орта мектебінің

биология пәні мұғалімі

Қарасай ауданы

Алматы обылысы











Мазмұны

I Кіріспе

II Зерттеу бөлімі

2.1 Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттердің мәдениеті мен тұрмысы

2.2 Түрік қағанатының мәдени мұралары және қалыптасқан тұрмысы

2.3 Орта ғасырлық мемлекеттердің қазақ жеріне әкелген мәдени өзгерістері

2.4 Ұзақ жылдық моңғол шапқыншылығынан кейінгі тұрмыс – тіршілік

2.5 Қазақ хандығының тұрмысы мен мәдениеті

2.6 XVII – XVIII ғасырдағы ерекше тұрмыстық жағдай

2.7 Ресей патшалығы кезіндегі тұрмыстағы, мәдениеттегі ішкі өзгерістер

2.8 Тәуелсіз Қазақстанның тұрмысы мен мәдениеті

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер























Кіріспе

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл – ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең.Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.Мәдени орта заттың – материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.Оларға техника мен құрал – жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары жатады.Тұрмыс – өдірістік, қоғамдық аясы саяси іс – әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени жағдай адамдардың табиғи және мәдени құндылықтарды игеруді, демалу, басқалармен араласу сияқты қажеттіліктерін жүзеге асыруы үшін қажетті сала. Тұрмыс күнделікті өмір. Тұрмыс қоғамдық өмірдің басқа салаларына да әсер етеді. Мысалы, еңбек процесі, адамдардың көңіл – күйі мен мінез – құлықтары.

2.1 Қазақстан териториясын мекендеген ежелгі тайпалар сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б VIII ғасырдан –б.зV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.Оның ішінде сақтар –б.з.б VIII –III ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер – б.з.б ІІІ –б.з.V ғасыр, қаңлылар – б.з.б ІІІ – б.з.V ғасыр, сарматтар – б.з.б ІІІ – б.з V ғасыр, ғұндар б.з.б ІІІ – б.з.IV ғасырларда өмір сүрген. Сақтардың ата мекені қазіргі қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер – Жетісу, Тянь – Шань, Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар – Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін, сарматтар – Арал – Каспий аралығын немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне Шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде тұрақтамай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта « Халықтардың ұлы қоныс аударуы» атымен қалған зор оқиға себепші болып, қазіргі Еуропа жеріне табан тіреген еді. Әйтседе, біз ғұндарды өзіміздің арғы ата – бабамызға жатқызамыз. Оған дәлел ретінде Мағжан Жұмабаевтің «Пайғамбар» деген өлеңін алуға болады, ақын ол өлеңінде «...ғұн түркілердің арғы атасы» деген тұжырымын жария еткен. Ғұндар ұлы дала төсін құр тастамай, түркі тілдес халықтар деп аталатын өз ұрпақтарының құт мекені етті.Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұра қатарын екі салаға бөліп қарастырамыз, біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние олардың діни наным – сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан, олардың ойынша әлем үш бөлітен тұрады және әлемнің төрт бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген – күн,қанатты төрт пырақ, төрт алтын жебенің суреті.Бір атап өтетін жайт, сақтардан басқа тайпаларда мұндай мазмұндағы деректер жоқ, бұл олардың мәдени мұраларының әлі толық зерттелмегені екені айқын көрініп тұр. Ата – баба аруағына сиыну бағытындағы нанымдар мен әдет – ғұрыптар барлық тайпаларда ортақ, қай тайпа болмасын арнайы рулық, отбасылық зираттарға мәйтті оның дүниесін,заттарын қоса жерлеген, өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деп ойлаған. Ер адамдардың қасына қару – жарақтарын, тұрмыстық заттарын қойса, әйел адамдардың жанына көбінесе әшекей бұйымдары мен әсемдік заттарын қойған. Тарихи деректерді саралай қарап отырсақ рухани мәдениеттің тағы бір көрінісін қаңлылардан көреміз: «қаңлыларда ән күй, музыка, би өнері жақсы дамыды, қос шекті және бес шекті музыкалық аспаптары мен сыбызғылы сырнайлары болған». Көрші елдердің деректерінен «Биші бикеш атты өлең де мәлім, яғни қаңлылардың рухани мәдениетінің өзіндік өзгешелігі бар, мен бұл арада қазақтың қасиетті музыкалық аспабы – домбыраның қаңлылардан тарағаны туралы гипотезаны батыл ұсына аламын, шынында да түркі тілдес халықтар арасында кездесетін қос шекті аспап – қырғыздарда домра, түркімендерде дутар, өзбектерде най, қазақтарда домбыра неге қаңлылыадың аспабы болмасқа, нағыз зерттеп, дәлелдеуді қажет етіп тұрған тарихи деректің өзі ғой. Сондай – ақ ежелгі тайпалардың барлығы да жаратушы күшке, отқа, күнге табынған. Сақтар от пен күнді жылқымен байланыстырған екен, бұндай наным – сенімдерге біз бүгіндері куә болып та жүрміз. Баланы бесікке бөлеген кезде аталарымыз бесікті арша жағып, отпен аластайды, жын – шайтан ұяламасын деген ырыммен, жаңа үйге кіргенде де бұрыш – бұрыштың барлығын отпен аластап шығады, оттың құдіретіне табыну ырымы біздің заманға да жеткенінің дәлелі. Жылқы малын біздің қазақтай қадірлейтің халық жер бетінде жоқ шығар, түліктің осы бір түрімен байланысты құрмет сезімін бала кезден бастап бойымызға сіңіріп келеміз. Қайтыс болған адамның жылың бергенде оның төл атын жылдығына сойып, кейін бас сүйегін зират басына іліп қоятын салтты бәріміз де білеміз, бұл да жылқы малына деген ерекше құрметтің бірі , аты мен иесі о дүниеде де бір – біріне серік деген ырым, ежелгі тайпаларда да болған. Ежелгі тайпалардан жеткен рухани мәдениеттің тағы бір көрінісі – құрбандық шалу, ата – баба аруағына арнап,табиғаттан тыс құдіретті күштерге табынып,құрбандық шалған.Жаңа ғасырда өмір сүріп келе жатсақ та, құрбандық шалу, тасаттық беру ырымдарын ұмытпаған қазақ халқын ежелгі тайпалар –дың ұрпағымыз. Тайпалардың салт – жоралары да қазағымның қанмен дарыған қадір – қасиеттерінің өзегіне мысалы : гректер сақтарды әлемдегі ең шыншыл, ең әдемі халық деп есептесе, қазақ халқының осы қасиеттері біздің беделімізді әлі күнге дейін түсірмей келеді, ғұндардағы ақсақалдар кеңесі қазақ ауылында кешегі күнге дейін өз өкімін жүргізгенің білеміз. Ғұндар секілді табиғат аясында дүниеге келген кез келген қазақ сол табиғаттың аясында тіршілік еткенде бап таңдамаған, қоршаған ортаның ыңғайымен өмір сүрген. Осы арада аса бір мақтанышпен атап өтетін жай бар, ол сол кездегі тайпалардан бізге жеткен баспана киіз үй. Материалдық мәдениеттің негізгі түріне жататын баспана – киіз үй, қазақ халқының ғасырлық серігі, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата – бабаларымыз баспана ретінде киіз үйді пайдаланса, барлық бөліктері мал өнімдерінен жасалған күнделікті ішіп – жеп отырған тағамдарын, киім – кешектерін де мал өнімдерінен алған. Ұлы дала төсіне көшіп – қонып тіршілік еткен ежелгі тайпалардың барлығы да осылай еткен. Ұрпақтар сабақтастығына осыдан артық қандай дәлел болмақ.Ежелгі тайпалар қалдырған мәдени мұраның енді бір саласы материалдық мәдениетке жататын ескерткіштер. Ежелгі тайпалар мәдениеті туралы жобаның басты мақсаты ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы мәселелерге тоқталу. Бұл мәселені рухани мәдениетке байланысты зерттеулерде толыққанды көрсетуге мүмкіндік мол, ал материалдық мәдениет ескерткіштері бойынша сабақтастық, мәдени мұра төңірегінде сұрақтарға жауап табу қиынға түседі. Ең әуелі әрбір тайпаның атын шығарған, даңқын асырған архелогиялық ескерткіштерді атап өтейік, олар сақтарда «Алтын киімді адам» , үйсіндерде «Қарғалы диадемасы» (Тәті) , ғұндарда «палихромдық стильі» , сарматтарда – екінші алтын адам (сармат көсемі). Сақ мәдениетінде сәндік сипатта қолданатын «аң стильі» өнері жақсы дамыған, «Алтын киімді адамның» бойынан осы үлгіде 4000 нан астам әшекей табылған, барлығы да қазақ даласында кездесетін аңдар мен жануарлардың бейнелері. Ғалымдар «алтын адам» бейнесіне қарап, жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған деген тұжырымға келген. Үйсіндерден табылған тәті (диадема). Есік қорғанынан табылған сақ патшасының бас киіміне ұқсайды, ондағы пырақты аттар күнді бейнелейді, жылқы немесе аттар бейнеленген әшекейлер қазақ даласын мекендеген тайпалар арасында мәдени үндестік болғаның дәлелдейді.Ғұн мәдениетіндегі «полихромдық стиль» безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі – түсті заттар жапсырған, аңдар мен жануарлар бейнелері де сақ мәдениетіндегі «аң стильі» бағытындағы өнімдерге мейлінше ұқсас.Сарматтардан табылған екінші алтын адамның да сақ, үйсін, қаңлы, ғұн ескерткіштеріне ұқсастығы негізінде Қазақстан жерінде мекендеген ежелгі тайпалардың арасындағы мәдени байланыстың болғанын дәлелдеуге болады. Осы айтылған мәліметтің бәрі біздің ата – бабаларымыз екенің дәлелдейді және мәдениетіміз бен тұрмысымыздың қалыптасуына зор үлес қосты.



2.2Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь – Шань өңірі болған. «Халықтардың ұлы қоныс аударуының» нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлық- тарының субстраты болып табылады. «Түркі» деген термин тұңғыш рет 552 жылы атала басталды. Сол кезден бері түріктердің мәдениеті қалып- тасты .Түрік қағандығы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп,ұлан- өлкедегі негізгі тілге айналды. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным- сенімдері туралы көп мағлұмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына қарап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатының күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер тұрғызуға т.б пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиетін білген.Шаруашылық экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің – мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы – егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін – бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық – саяси организмнің екі бөлігі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын туғызды.Археологиялық ескерткіштері, ал біздің заманымыздың межесінен бастап жазба деректемелерде Қазақстан территориясында адамзат қоғамының тоқтаусыз дамығандығын айқын дәлелдейді, этникалық – саяси оқиғалардың, алғашқы қауымдық құрылыстан әуелгі таптық, феодалдық қоғамға көшудегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістер- дің күрделі көріністерінің көбін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Шаруашылық кәсіптің негізгі түрі ретінде көшпелі мал шаруашылығы пайда болып, берік орнады, сонымен бірге отырықшы егіншілікпен өзара қатынас орнатып , қала мәдениеті қалыптасты.Қазақстан териториясындағы түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін жергілікті тайпалардың барлығының дерлік аттары жазба дерек -темелердің беттерінде кездеспейді. Оларға, әдетте, жеңіп шыққандардың есімі енгізіледі. Олар батыс түрік қағанаты халқының көпшілігі болған, археологиялық зерттеулердің дәлелдегеніндей, қоныстанған байырғы жерлерін, мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі , әлеуметтік – экономикалық қарым – қатынастары, тұрмыс салты бойынша, мәдениеті жөнінен түріктерге жақын болғандықтан, олар қағанаттың құрамына тез сіңісіп кете алған.Түрік тілдес тайпалардың саяси, экономикалық және этникалық – мәдени жағынан қағанат құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың бірігу процесінің басы болды. Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, тастан жасалған антропо -морфты балбалдар тізбекті мүсіндерді алып келді. Олардың ықпалымен жерлеу ғұрыптары өзгереді. Молалардың көпшілігі адамның сүйектері жауға мінген аттарының сүйектерімен бірге жерленген. Түрік заманыңдағы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың ескерткіштері қорымдар , жекеленген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Қазіргі уақытта архелогиялық ескерткіштерді нақты тайпалық топтармен теңдестіру үшін деректер әзірше аз болып отыр.6 – 8 ғ түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай – ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің және елшілік жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжрибелеріне қатысты, сондай – ақ мемлекет – тік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді.Діни қатынастар – дың да белгілі бір рөл атқарғаны анық. Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константи – нопольде ІІ Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан скиф жазуымен жазылған хатты әкелген. Мұның не жазу екенің Түрік қағанатының – Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар. Оның оң жағындағы брахма жазуы мен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Түрік арасында буддизмді насихаттау мақсатында түрік тілінде жазылғаны будданың Нирванасутра шығармасында жазу сақталған. Сөйтіп руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба – көне түрік әліппесі түріктердің арасында 7 ғ бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 – 38 әріптен тұрға, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолай – лығымен ерекшеленеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді. Әдеби және тарихи тұрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты бір келкі емес. Аймақтың белгісіне орай ескерт – кіштер бірнеше топтарға бөлінеді: 1 Моңғол ескерткіштері негізінен алғанда Орхон, Селенга өзендері бассейіндерінде шоғырланған. Бұл топқа Білге қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады : Кошо – Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы,Куличор құрметіне арналған бағана, Селенга тасы,Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, сондай- ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы . Жазудың бұл ескерткіштерін Орхон жазуы деп атайды. 2 Тува және минусин аймағындағы екі топқа бөлінетін Енисей ескерт – кіштеріне жататын құлыптастарда, тастарда, алтын және күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі кездеседі. 3 Лена – Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс затта – рына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі. 4 Алтай тобының ескерткіштері : бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар. 5 Шығыс Түркістан ескерткіштері Түрфанға көне құрылыстың қабырғасында жазылған төрт жазуды , үңгір ғимараттарындағы екі жазуды, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше мәтіндерді қоладан жасалған қол айнадағы жазуды қамтиды. 6 Жетісулық деп аталған орта азиялық ескерткіштер тобы – Талас алқа – бындағы құлыптастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды қамтиды. Шығыс Еуропаның ескерткіштері әдетте үш топқа бөлінген : Дон, Дунай, Еділ бойындағы. Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштері біздің замаңға дейін жетіп орны еркше сақтаулы тұр. Бұл да бір Қазақстаннын жазу мәдениетінің сонау түрік кезінен бастау алғаның аңғартады.Түркі халықтарының діни – мифологиялық нанымдары тіпті бір тарихи кезеңнің өзінде де біркелкі болған жоқ. Оған бізге дейін келіп жеткен жазба ескерткіштері мен археологиялық материялдарға қарап көз жеткіземіз. Қазіргі кезде тәңір, шаман, будда, манихей, христиан туралы мәліметтер табылды. Тәнірге табыну Францияның белгілі дін зерттеушісі Жан Поль Рудың пікірінше, Алтай мен Оңтүстік Сібірде өмір сүрген түріктердің табыну объектісі – адам, аспан, күн, тәңір болды.Қытай тарихшылары оларда Тәңір құдайының болуы б.з.дV–III ғ жатады деп есептейді. Діни ұғымды діни сюжеттермен тасқа түсірген суреттер қытай тарихшыларының мәліметтерін растай түседі. Араб географы Макдиси : түріктер бір Тәңір дейді, ол Бір Құдай дегенді білдіреді деп жазды. Плано Карпини өзінің моңғол тарихы деген кітабында былай дейді: олар бір құдайға сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін дүниені жаратушы деп біледі, сондай – ақ бұл дүниедегі жарылқаушы әрі азаптаушы деп мойындайды.Түріктердің нанымы бойынша Тәңір деген аспанды білдіреді, ол дүниені жаратушы және ол өзі жаратқандардың бәріне – адамға, халыққа, мемлекетке билігін жүргізеді деп сенген. Ол дүниені жаратты және өзі де дүние. Түріктерді басқа халықтардан ерекшелігі Құдай жалғыз деп сенді.Құдай–қайрым – ды, қатал, құтқарушы әрі жазалаушы.Ол бәрін көреді, адамның тағдыры, ойлары мен іс – әрекеттері оған тәуелді. Қазақстанның әуелгі орта ғасырлардағы көшпелі халқының сондай – ақ қалалары мен қоныстары тұрғындарының наным – сенімдері мен діні әр қилы болды. Түріктер өздерін Көк тектестер және Көкте туғандар деп атады. Түрік қағандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашан желеп – жебеуге шақырады. Олар Көк , Жер,Су жұт жайлаған жылдары түрік халқын сақтап қалды деп есептеген. Өзінің мәні жағынан бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай отбасы мен бала – шағаны қорғаушы болған. Сонымен бірге Ұмай түріктер сыйынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған.Ұмайға сыйынушы –лық Алтайдың кейбір түрік тілдес халықтарында XIX ғасырына дейін сақталып келген.Түріктердің ұғымы бойынша, жер мен суды, орман мен тауларды жайлайтын көптеген рухтар бар, оларға анда – санда тасаттық беріп отыру қажет. Деректемелерде жерлеу ғұрыпының сипаттамалары сақталған : өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Киіз үйдің жанына туыстары құрбандыққа әкелген қойлары мен жылқы - ларын байлап, киіз үйді жеті рет айналып өткен. Бұл түрік қағанатының діннің берік ұстауы деп түсінеміз.Бұл мәдениеттер мен тұрмыстық заттар біздің яғни Қазақ халқының өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Әр тарихи мағлұмат бізге өте қатты қажет.Себебі, біздің дәуіріміздегі мәдениет пен тұрмысымыздың қайдан және қалай келгенің білуіміз өте маңызды.



2.3 Орта ғасырлардағы тарихи және географиялық әдебиеттерде Оңтүс – тік , Оңтүстік – Шығыс және Орталық Қазақстан , Талас, Қырғыз, Іле және Жоңғар Алатауының бөктерлерінде, Қаратаудың күнгей және теріскей беттерінде, Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгір, т.б. өзендердің аңғарларында егіншіліктің, қала құрылысы мен сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамығаны айтылады.

1)Цитадель – қаланың ішкі бекіністі бөлігі; билеуші ордасы орналасқан; 2) Шаһристан цитадель төңірегіндегі, ақсүйектер мен саудагерлер және оларға қызмет етушілердің тұрғын үйлері орналасқан. Ол қаланың экономикалық орталығы болды . Шаһристан әдетте мұнара, кіретін қақпалары бар дуалдармен қоршалған. Оның айналасында қолөнерші – лер мен кедейлер қоныстанған рабат орналасқан. Кейінгі кездерде рабаттар дуалмен қоршалған. Орта ғасырларда қыштан ыдыс жасау ерекше дамыды. Көзе, саптаяқ, табақша, дастархан, құм түрлері көптеп жасалды. Қала тұрмысында тоқыма, әйнек үрлеу, зергерлік, ұсталық, ағашты және сүйекті бедерлеп ою жоғары дәрежеге жеткен.Сүйек пен мүйізден бойтұмар, пышақ сабы, ойын сүйектері, түймелер, т.б. ұсақ – түйек бұйымдар дайындалды. Бұл кезеңде егіншілік шаруашылықтың жетекші салаларының біріне айналды.Егіншілікпен ауыл ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да шұғылданды. Қазақстандағы елді мекендер мен қала тұрғындары егіншілікпен, бақ және жүзім шаруашы -лығымен шұғылданғаны туралы жазба деректерде көп айтылады. 11 ғасырдан 13 ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта қала өмірінің өр – кен жайған, тауар өндірісі өскен, сауда дамыған кезең болды. Өндірістің қаулап өсуі нарықты алмасу құралымен көптеп қамтамасыз етуді талап етті. Күміс қоры таза күміс теңгелердің пайда болуына мүмкіндік жасай алмады. Самани әулеті мен қарахан әулеті тұсында тауар орнына жүр – ген алтын динарлар енді айналым құралына кірді. Алтын, ақша айналымында тұтас теңгелер ғана емес, сонымен бірге олардың әр түрлі көлемдегі, салмақты бөлшектері де айналымға қосылды. Көптеген, ақша жасайтын үйлерде алтын динарлар шығарылды, олардың сапасы мен салмағында оқта – текте айырмашылық болды. Әйтсе де олар бір мезгілде айналымда жүре берген. Бұған Орта Азия жерінен табылған, ақша қазынасы дәлел бола алады. Негізінен ертедегі және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезінде феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы, отырықшы егіншілік пен қалалардың өсуі, бірігіп, топтасуға бағытталған этникалық өзгерістердің күшейюі Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің өсуіне ықпал етті.

Монументті сәулеттік құрылыстар пайда болып, исламның таралуына байланысты қалаларда мешіт салынды. Сәулет және сән өнерінің ескерткіштері – Тараздағы Айша бибі Қарахан мазарлары салынды. Көзе, әсіресе құйма көзе жасау ісінде жаңа белгілер – хромдау, жылты – рату, әр түрлі өрнек түрлері және т.б. пайда болды. Бұл жергілікті көзе ерекшеліктерін сақтай отырып, оларды Мауереннахр,Хорезм көзелеріне жақындатты. Қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр тайпалары мен халық - тары тілінің негізінде көне түркі руна жазуларын ығыстырып шығарған араб графикасындағы түркі жазулары қалыптасты. 11 – 12 ғасырдың әдеби ескерткіштерінің басым көпшілігі түркі этносының жергілікті тіл- дерінің даму бағыты етек ала бастағанына қарамастан, жалпы түріктік, тайпааралық түркі тілінде жазылды. Орта Азия мен Қазақстанның көп -теген ғалым, әдебиетші, ақындары араб тілінде жазды. Оңтүстік Қазақс - тан мәдениетінің дамуына Отырардан шыққан, мұсылман әлеміне белгілі ұлы философ ғалым – энциклопедист Әбу Насыр әл – Фарабидің ғылыми қызметі дәлел. Ол әлемдік мәдениет, әсіресе көне, араб, үнді – иран мәдениеті жетістіктерімен тығыз байланысты жергілікті мәдениет дәстүрлерімен тәрбиеленіп өсті. Әл – Фараби адамның ақыл – ойы мен болмысының диалектикасы бірлігін ашып берді; астрономия мен геодезия, архитектура, математика негіздері, музыка мен эстетикалық теориялары бойынша зерттеулер жүргізіп, бірқатар әлеуметтік және логикалық трактаттар жазды. « Құтадғу білік» дастанының авторы Жүсіп Баласағұни түрік тайпалраының тілі, фольклоры және этногра – фиясына арналған белгілі, «Диуани лұғат – түрік» шығармасының авторы Махмұт Қашқари, сондай – ақ,мәдени – тарихи және әлеуметтік - тұрмыстық жайлардан мәлімет беретін «Диуани Хикмет» өлеңдер жинағының авторы Қожа Ахмет Ясауи әдебиет саласын еңбектермен байытқан. Орта ғасырлық мемлекеттер мәдениетіміз бен тұрмысымыз – ға аса көп өзгерістер мен ерекшеліктер алып келді. Бұл жаңалықтар еліміздің білімінің дамуына, еңбекқор болуына зор үлес қосты. Барлық жағдайды салыстырып қарасақ, тура қазіргі мәдениеттен айырмашы –лығы аса қатты өзгеріске ұшрамаған.



2.4 Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі моңғол шапқыншылығына дейін аяқталуына жақын еді. Бұл үдерісті моңғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады. Сонымен қатар моңғол шапқыншы – лығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті. Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық – экономикалық , мәдени – этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этнос - тық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтардан көшіп кетті. Соның нәтижесінде түркі тектес тайпалар бөлініп, ыдырап, ұсақталып қалды. Бұл мәдениеттің құруына әкеп соқты. Ел мәдениеті едәуір артта қалды. Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық әрекетінде, тұрмыс – тіршілігінде, салт – санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік – шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, дінің қабылдады.

Бұл айтылған моңғол шапқыншылығы, ел өміріне зиян әкелді. Әсіресе тұрмысымыз бен мәдениет күйреп қалды. Қазақ қоғамының дамуына кері әсерін тигізді десем қате болмағаны. Шапқыншылықтан соң қазақ жерінде ірі мемлекет ретінде Алтын Орда мемлекеті құрылды. Бұл мемлекет қазақ мәдениетінің құрылуына үлкен үлес қосты. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, Сібір мен Кавказ тау арасындағы ұлан – ғайыр өлкеде ХІІІ ғасырда ту тіккен, өз кезеіңде Жошы ұлысы, Бату ұлысы, т.с.с. деп әрқилы аталған, « Ұлы Алтын Орда» деп дәріп – теген . Әлемдік тарихнамада «Алтын Орда» деген атпен қалған ұлы мемлекеттің мәдениет тарихындағы орны туралы жаңсақ тұжырымдар, дәйексіз, әр қилы бағыттар ұзақ уақытқа дейін үстем болып келді. Әрине, шапқыншылық кезінде қалалардың қирауы, мәдени ескерт – кіштердің жойылып кетуі, халықтың қырылуы – болмай қалмайтын зардаптар. Тіпті жаугершілік заманның бұлжымас заңы. Батудың жорығы кезінде орыс елінің бірқатар қалалары өртенгені, тоналғаны – тарихи шыңдық. Әйткенмен, орыс ғалымдары мұқият зерттеулерден кейін,«Бату жорығы кезіңде орыс қалаларының көпшілігі аман қал – ған еді», - деп тұжырым жасайды. Тарихшы – археолог М.Покровский, Б.Грековтер « Киев моңғол шапқыншылығынан 200 жылдай уақыт бұрын құлдырай бастаған еді, моңғолдар жорығы кезіңде қала өзінің бұрынғы маңызын, сән – салтанатынан айырылып біткен болатын», - деген қорытындыға келеді. Негізгі айтып отырғаны мәдениеттің Киев жерінде де артта қалғаны болып отыр. Батыйдың жорығы қазақ жеріне ғана емес, басқа елдердердің де мәдениетің шегеріп отыр. Алтын Орда қалалары тіршілік етуге өте қолайлы болды. Оның су құбырлары, жуынды, лас суды ағызу жүйесі, ылғалдың деңгейін сақтап отыратын күрделі су техникалық қондырғылары әлі күнге дейін зерт – теушілерді таңғалдырып отыр. Яғни қазақ жеріндегі қалалардың даму ерекшелігі жоғры деп есептеуге негіз бар. Оның үстіне бұл қалалар ар – қылы халықаралық керуен жолдары өтетіндігі себебті, олар әлемге әйгілі сауда орталықтары дәрежесіне жеткен еді. Осы сауда арқылы басқа елдердің мәдениетімен танысып оны мемлекеттік қолданысқа әкелген. Сонымен қатар , Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Әр қалада дерлік қару – жасақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің жасайтың орталықтары болған. Демек, еліміздің мәдени, тұрмыстық ілгерлеуіне қала тұрғындары да өз көмегін тигізген. Тарихшылар Алтын Орда кезеніңдегі қала мәдениетінің, ел тұрмысының ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндірді. Расында да, орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың, мүмкін мәдениеттің дамуы жүзеге аспас еді. Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті тек Қазақстанға ғана емес басқа да елдердің жетілуіне аса көп рөл атқарды. Біздің көрші мемлекеттеріміз де осы моңғол шапқыншылығынан кейінгі пайда болған мемлекет Алтын Орданың мәдениетін жалғас – тырушы болып табылады. Оның тілі, діні, мемлекеттік басқару жүйесі әлі күнге дейін қолданыста бар. Мәдениет ішіндегі әдеби шығармалар қазірде қолданыста жүр.Сол әдеби шығармалардың арқасында бұрынғы мәдениетпен және тұрмысымызбен танысамыз. Сол кезден мұра болып келе жатқан қазіргі татар, ноғай, қазақ халқы тарихында «Едіге батыр», «Қобыланды», «Қамбар», «Ер көкше» сияқты батырлар жыры кеңінен тараған.

Моңғол шапқыншылығы кезінен кейін бүкіл Дешті қыпшақ жерінде қираған қалалар өз қалпына келе бастады. XIV – XV ғасырларда қолөнер ісі дамып оның негізгі салалары: қыш ыдыс – аяқ жасау, зергерлік бұйымдар, үйге керек – жарақтың бәрін жасады. Осы кезде басты шикізат көзі мал өнімдері болды. Осы мал өнімдерінен киім , киіз үй тігіліп, оны арба үстіне орнатты. Яғни көшіп қонуға оңай болды. Еуропа саяхатшылары өздерінің саяхатында қазақтар туралы «олар мал өнімінен сүт алып, оны басқа тағам түрінде қолданады», - деп жазды. Бұл біздің жердегі тайпалардың сүт өнімінен айран, қатық, сүзбе және т.б. жейтін тағамдар жасай алуы екенің білдіреді. Иа, сүт өнімінен біз әлі күнге дейін түрлі тағам аламыз.Айтылып жатқан барлық нәрселер тұрмысымызға кіреді. Біз осыдан кейін Қазақ хандығына көшіп, осы тайпалардың бізге әкелген мәдениетін жалғастыратын боламыз.

2.4Қазақ хандығы – бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465 – 1466 құрылды.Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмударияның аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия. Мемлекет басшысы – хандар саяси билік жүргізген. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар таққа отырды. Бұл енді біздің мәдениетіміз басталды деген сөз. Қазақ хандығы демократиялық, саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасу дәуірі еді. Бұл мәселеге қатысты пікірлер шағын, үлкен жиындарда айтылғаның білеміз. Әрине, шүкір, Қазақ хандығын – да ауыз толтырып айтатын жайыт көп. Оның кемшілігіде, керемет кез – дері де болды. Әсіресе, мәдениет пен тұрмыстың жеткен жетістігі көп болатын. Демократиялық , саяси және құқықтық мәдениетімізге қатысты. Бұл демократиялық мәдениет Ресей кезіне дейін бұзылмай тұрған еді. Сондықтан Қазақ хандығы тұсында саяси және құқықтық мәдениет, демократия деңгейі жоғары болған десек , қате бола қоймас. Бұған сол кездегі қоғамдық өмірге, хан билігі мен халық арасындағы қарым - қатынасқа назар салсаңыз көзіңіз жете түседі. Хан шешімдері және оның кеңесші, көмекші қызметіндегі тұлғалардың саяси көзқа – растары – демократиялық ойларға , ұстанымдарға толы . Қазіргі қоғамдармен салыстыра отырып, ой түйгенде. Мысалы, қаз дауысты Қазыбек бидің Жоңғар еліне барғандағы: «...Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз!» деп айтқаныңда бәрің аңғарамыз. Демократия дегенің тұнып тұр ғой! Мұндай өткір пікірлер Бұқар жыраудың хан Абылайға қатысты жырларында да толып жатыр. Басқада да бар. Бұл жерде, қарапайым халық бірлікке келмей бытырап, баскөзсіз қылыштарын сумаңдатып, қалаған уақытында хан ордасына баса көктей кіріп , тақтан төңкеріп тастады деген ой дұрыс емес. Қазақ халқы өзінің кемеңгер, дана, батыр хандарын ардақтағаны сонша, әлі күнге дейін олардың есімдері ел есіңде!

Қазақ хандығында ерекше рөл атқарған хандарымыз: Қасым, Тәуке, Хақназар, Жәңгір, Абылайлардың дипломатикалық шеберлігі таң – қалдырады. Тарих ғылымы үшін 1598 – 1599 жылдары қазақ хандары және аштарханидтардың арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы ресми келісімшарттың маңызы зор. Аталмыш құжат Сырдария маңындағы қалалар үшін соғыстан кейін пайда болған. «Менің айтқым келетіні, дипломатиялық елшіліктің тамыры тереңде жатыр. XV – XVIII ғасырлардан бастап көзге түскен хандар мен сұлтандар тарихтың әрбір кезеңінде бар. Олар шет елдермен дипломатиялық әрі сауда – эконо – микалық қарым – қатынастар орнату ісінде маңызды рөл атқарды.

Ел дипломатикалық қатынас үшін елшілердің рөлі басым болды. Сонымен қатар, белгілі бір елге жіберілген кісі сол мемлекеттің салт – дәстүрлері, мәдениеті, жолдарын жақсы білген еді. Елшілер бес саусағы– нан бал тамған өте шебер жандар. Қай жерге барса да, олар осы елдің тілін білуге тиісті болған. Егер елші бұл елдің тілін білмесе, онымен бірге аудармашы жіберілген. Мұның бәрі дипломатикалық қарым – қатынас арқылы ел дәрежесін көтеріп, мәдени дамуына үлес қосты.

Мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан хандардың заңдар жинағы болды заңда ел мәселесі шешіліп отырды. Заңдарға : «Қасым ханның қасқа жолы» , «Есім ханның ескі жолы» , «Жеті жарғы» атты Тәукенің де заңдары басты рөл атқарды.Заңда ең бастысы ел мәселесін әділет – тілікпен қарап мәдени түрде шешті. Қазақ хандығы кезіндегі мәдение – тіміз, тұрмысымыз сол күйінде қалыптасып қалды.Қазақ хандығы кезіндегі тұрмыс салтты қазіргі кезбен салыстырсақ аса қатты өзгеріс жоқ.Тек ұмытылып кеткен немесе жаңадан келген басқа мәдениет қазір қолданыста жүр.

Біздің мәдениетіміз жоңғар шапқыншылығы кезінде құлдырады десек қателеспейміз. Жәңгір ханнан бастау алған бұл тарихи кезең ел есінен шықпастай болып қалды. « Елім – ай» өлеңі халықтың мәдени, тұр – мысының азап көріп жатқанынан хабар береді. Еліміз дамудан артта қалып ел бодандыққа бас ұрды.Халық азапқа түссе де берілмеді. Барлық жағынан ел мәселесін шешіп, сақтап қалды. Осы жорық кесірінен Ресейге тәуелді болып қалдық. Бұл біздің мәдениетіміз бен тұрмысы – мыздың әлі де артта қалуына себепкер болды.

2.5Қазақтардың XVIII – XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасындағы дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда – саттық ,көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.

Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт – дәстүрі, діни – наным сенімі, тұрмысы көш – пенділік өмірмен тікелей байланысты болып жатты. Көшіп - қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп – қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүс - тікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныс – тары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың көш жолы болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт мау-сымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күздеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесек- тен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілінде киіз үйлерде тұрды.

Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан – қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақ- тардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бө- лек – бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күм- без шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы шаңырақтың көзіне шаншылды.Ша- ңырақ – үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасына ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе – жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан, саба сияқты ыдыстар қойылып ол шимен қоршалған.

Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал - құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала бастады. Яғни, тұрымысымыздың даму үдерісі алға басып келе жатыр деген мағынаны білдіреді.

Қазақтарда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар – атпа, шығыр, со- нымен қатар кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар дайындап отырды.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылы – ғына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақс – танның бүкіл аумағында бір- бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат – тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең «қазақ ері» болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ер – тұрман әб – зелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін ғана емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрін тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б. жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай – ақ қайыстан ат – тұрман әбзелдерін өретін шеберлерді «өрімші» деп атаған.

Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің, тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек жіне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек жарақтардың тоқымашылық пен ісмер – лікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау – шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б. дайындады.

Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй – жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек заттардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық киімінде этнографиялық белгілері сақталып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер адам – дардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты адамдар түрлі – түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімдері былғары етік, кебісті мәсілер болған. Жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы етіктер киген. Барлық жастағы ер адамдар қыс мезгілі кезінде негізінен ішіндегі киіз байпағы бар ұзын қонышты саптама етік киді. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан тігілген терісіне сәйкес сусар, пұшпақ және елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімі жас ерекшеліктеріне сәйкес бір – бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді киініп, киімдерінің сырты – нан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен әшекейлеп отырды. Әйелдердің де жасы мен отбасылық жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше болды. Әйел адамдар үйленген кезде тойда сәукеле киген. Қазір біздің кезде сәукелені қыз ұзатуда киетіні белгілі. Ал бір жыл өткен сон әйел адамдар желек киетін болған.

Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың іше-тін тамақтары мен ыдыс – аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақ –тары ет – сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен басқа да заттарды кө – бінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, киізден және шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған көнек және т.б. Сусымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған.

Сөйтіп, XVII – XVIII ғасырларда қазақтардың рухани және материал – дық мәдениетінде көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс – салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.

Қазақ халқының ХVII ғасырдың екінші жартысы мен ХVIII ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыс – тар мен тайпалардың материялдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Сол сияқты XVIII ғасыр «ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын – жырау – лардың өлең – жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл – күйі,салт –санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез – құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. XVIII ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал жыраулар өз өмірінде ұшан теңіз жырлар шы – ғарды. ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір – біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленеді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанаұ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара , Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімімен толықты.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Қазақ – тың байырғы салт – дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиіс еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата – анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Сол үшін қазақ қауымы « жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары» дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп «шежірешілер» деп атаған. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан – ұрпаққа жет – кізілсе, XVIII – XIX ғасырларда бірсыпыра шежірелер таспаға түсірілді. Олар : «Көшен – Қарауыл» шежіресі, «Жәңгір хан шежіресі», Шоқан Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүздің шежіресі» және т.б.

2.6Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шара – лары жүзеге асырылып бастады. Қазақтың ұлт зиялылары шығарма – шылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жедел – детуге зор үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұн – дай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері – А.Бай – тұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин болды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. ХХғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихында ерекше кезең болды. Қазіргі замаңғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанырларды меңгере бастады. С.Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. Қазақ әдебиетінде көр – некті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхамеджан Сералин елеулі із қалдырды. 1900 -1903 жылдары «Топжарған», «Гүл – кашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М.Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан», «Рүстем – Зұхраб» поэмасын қазақ тілінде аударды. Оның қызметіндегі негізгі сала журналистік қызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналды. ХХғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайрат – керлерінің бірі ақын, түрік танушы ғалым, аудармашы, қоғам қайрат – кері – Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның тұңғыш ақындық еңбегі – қазақ тіліне аударылған И.А.Крылов мысалдарының жинағы – «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санк – Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты. А.Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуіне жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатының терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөніңде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыс -тарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақ -тау, оны әр түрлі шұбарланудан сақтады. 1913 – 1917 жылдар – А. Бай – тұрсыновтың өміріңдегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз қазақ газетінің редакторы болды. Мұнда ол оқырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген ма – қалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуына маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан қырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мә – дениетімен көңіл қойып айналысқан ол өз мақалаларында М.Лермонтов А.Чехов, В.Короленка, Л.Толстой, А.Пушкиндермен қатар В.Скотт, У.Теккерей, Ч.Диккенс т.б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой – пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді. Еуропа мәдениетің кең таратты десек қате емес. Қазіргі кезде осы мәдениет арқылы өмір сүріп келе жатырмыз. Менің айтқым келгені басқа елдің мәдениетімен біздің елдің мәдениеті алмасып өмір сүріп келе жатыр.

Мағжан Жұмабаевтің шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М.Жұмабаев қазақ ағартушылық ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарының бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне қарсы болып, ұлттық рухты оятуға, бостандыққа ұмтылуға бағытталған шығармалар жазды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М.Жұмабаев – еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялық формаларды енгізу оның есімімен тікелей байланысты.

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерізімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді.Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. ХІХ ғасырдың соныңда «Түркістан уалиятының газеті» мен «Дала уалиятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды.1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санк – Петербург редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М.Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Бұл дегеніміз ел арасында ешқандай жаңалық жүргізбей, балаларды оқыт- пай керісінше шоқытып, тілімізді, діңімізді ұмыттыруға тырысты. Ел барлық қасиетінен айырылса мәдениет те, тұрмыста жоқ деген мағына. Сондықтан ел мәдениеті берік болмаса, ондай елді бар деп те айта ал – майсын.

Ресейден келген қауіп олардың шығарған реформалары еді. 1822 және 1824 жылғы реформа елде хан билігін жойып оның орнына патшалық билік келді. Ал патшалық билік елдегі барлық ұлт санасын жою ар – қылы жерімізді тартып алмақшы болды. Бізді соғыссыз жәй ғана мәдениетімізді жою арқылы алғысы келді. 1867 – 1868 жылдардағы реформалар елді бөлу деген атпен қалатыны анық. Қалай бөлді деген сұрақ тууы мүмкін? Иа елдің аумақын генерал – губернаторлықтарға бөлу күдік туғызар әрекет деп ескеремін. Бір – бірімізден алшақ болсақ сол құрлым мәдени жаулаушылық жоғары болады. Осы кезде есіме «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал есіме түсіп кетеді. 1867 – 1868 жж әкімшілік реформасы Ресейдің қазақ жеріндегі саяси – әкімшілік, әлеуметтік – экономикалық үстемдігін нығайту болса, ал қоныс ауда – рушы орыс шаруаларын жаңа елдерде өзінің саяси – әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып, қазақтардың рухани және мәдени дамуына ықпал жасау арқылы оларды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның тұтастығын күшейтуді көздеді.

2.7 Еліміз тәуелсіздік алғалы мәдени түзеуге белсене буғаны анық. Ел жағдайы қиын шақта көп ұлтты мемлекет ертінде, тұрмысымыз қиындап кетті. Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі – осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есеп – телетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жаңғырту болса, екіншісі – Қазақстанда тұрып жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету. Қазақстандағы этникалық топтар- ды зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екіге бөлді. Бірінші кезең – 1991 – 1995 жылдар аралағын қамтыды. Бұл кезеңді этноұлттық басылымдықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылықтар берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР – інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конс – титуциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқығы бар екені көрсетілген. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін – өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды. Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің форма- сын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды. Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекет- тердің негізін құрайтын ұлттық мемлекеті деп жариялаған болатын. Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды. Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезіңде жойылып кете жаздаған қазақ халғының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, тұр – мыстық жағдайын қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды. Өткен ғасырдың 90 – жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұлттық рухы оянды, өзінің ұлттық құн -дылықтарын ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерек – ше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де қате – леспейтініміз анық. Екінші кезең Қазақстанның ұлт саясатының 1995 жылы қабылданған жаңа конституциядан басталды. Бұл ата заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси – азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа ай – налды. Бұл – этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.Мемлекет қазақ тілінің және өзге тілдердің ұлтаралық қарым – қатынаста қолдану ая – сын сақтауға және еркін дамуына кепілдік береді. Сондай – ақ мемлеке – тік тілді білмегені үшін азаматтардың құқығы мен бостандығын шек – теуге тыйым салынады. Қазақстан – өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 1992 – 1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:1.Элек -троника мен байланыс жүйесі бойынша, 2. ақпаратты және есепті тех- ника бойынша, 3. биотехнология,4. экология, 5. жаратылыс ғылымдары бойынша, 6. минералды шикізаттарды кешенді өңдеу,7. жаңа ғарыштық технология бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материялдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл одақтық жүйенің күйреуі мен құ – рылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. 1992 – 1994жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалды. 1994 жылы ғылым және технология министрлігі жанынан ғылыми – техни – калық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды.

1996 жылы мемлекет Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақс – тан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жеті – діру шаралары туралы» жарлығы шықты. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның рефор – малық жолдарын анықтауға бет бұрды.

XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сон – дықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы,білім беруді ұлттық экономика мен қо – ғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтама – сыз ету қажет. Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржылан – дыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабыл – дауда. Мәдениет толық мақаласы: Мәдениет Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласында да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептелді. Әсі – ресе бұл рухани – мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан – жылға төмендеуі адамдар психология – сын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалт – қан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше дінилік секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде рес – публика көлемінде мәдени – рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар түптеп келгенде мыналар: Қазақстан халқының мәдени – ұлттық сана – сезімінің жаңаруына ық - пал ету; этномәдени және конфесионалдық шектеулікте мәдени әр алуандықты қалыптастыру; менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» 1996 жылы Заңның 3 – бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; тарихи – мәдени мұраны қорғау; ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; мәдениет саласында монополиялық пиғыл – әрекетті болдырмау; мәдениетті қаржылан – дыруда бюджеттік , комерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап – қуаттау; мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану. 90 – жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени – демалыс орын – дарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйым – дарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрады. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржы – ландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады; ұлттық маңызға ие мә -дениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалы; нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті; меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көп – шілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теле – дидар, концерттік ұйымдар т.б. өзін – өзі қаржыландыруға көшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттің емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мем – лекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды. Бірыңғай мәдени ақпараттық кеңістік құру – Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсат. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анық – тап , дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттын үдерісінен шығудың бір жолы, қазақ халқының этномәдени тұрғыдан жаңғыруы қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт – дәстүрдің жаңғыруына түрткі болды. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті.ХХ ғасырдың 90 – жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт – ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауыз – екі өнерінің бірі – айтыс жаңа дәуірге қатысты дамыды. Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүкте – лерінде жас ұрпақты халықтың салт – дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда.

Соңғы жылдары әртүрлі жанрларды дамытуда және отандық мәдениет – тің бағыты мемлекет тарапынан, сол секілді қазақстан тарапынан мәде -ниетті дамудың міндеттерін жаңа серпіліспен көзге түсті. Әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалық саласындағы Қазақстанның жетістіктері мәдени процестерге айтарлықтай ықпал етті. Егер тәуел - сіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамуының негізін жетілдіруге бағыт – талса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады. Әлемдегі дамыған 50 елдің ішіне кіру жөніндегі еліміздің стратегиясы қазіргі қазақстанның мәдениетіндегі бастамалармен анықталады. Республикамызда 15 жыл бойына көпқабатты, нарықтық, экономика- лық, адамдарға өздерінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, саяси және мәдени мүдделерін бүкіләлемдік өркениетте жүзеге асуға мүмкіндік беретін демократиялық қоғам құрылуда. Біздің мемлекетіміз егеменді және тәуелсіз даму процесін бекітумен жетілдіру ісіне қазақстанның мәдениет және өнер жанры саласындағылармен қоса барлығы өзінің қолдан келген үлесін қосуда.





































Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, алғашқы тайпалық одақтардан бастап, қазіргі мемлекетімізге дейінгі мәдениетімізді және тұрмысы – мызды айқын ашып отырмыз. Сақтардан бастау алған мәдениетіміз түрліше өзгеріп, сан алуан жақты болып, діни наным – сенім жағынан, салт- дәстүріміз жағынан әр келкі болып қазіргіге жетіп отырғаны рас. Ел мәдениеті талай күйреу мен соғыстан өтсе де бізге аман есен жетіп отыр. Әр елдің мәдениеті оңайшылықпен келмейді.Бірде ауысады, бірде өз мәнің сақтап қалады.Еңдігі мақсат тұрмыс – салтымызды келесі ұрпаққа тура жеткізу. Мемлекеттің мәдениеті болмаса елдің негізің сақтап қалу қиын болмақ. Тұрмысымыз күнделікті ауысуда. Оның мәнісі, ел ауқаты даму үстінде болып отыр. Меніңше ел байлығы өзіміздің рухани мәдениетімізде, тамыры тереңге жайлаған тұрмы -сымызда. Қаншама халық біздің жерге таласып алуға тырысты, мәдени күйреткісі келді, бірақ қазақ өз мақсатына жетіп барлығын сақтап қалды. Мәңгілік ел атауы осы қазақстанға тән деп ойлаймын. Себебі, мәденитіміз берік, тұрмысымыз тамырлы елдердің қатарындамыз. Оған куә барлық тарихи оқиғалар. Әрбір зерттеулердің маңызы өте зор. Халқымыздың әрбір шыққан мәдениеті сол зерттеулерге тәуелді болып отыр. Сондықтан зерттеушілерді де сыйлап оларға құрмет көрсетуіміз керек. Тұрмысымызды солар көріп бағасын беретін болады.Ел мәде – ниеті аса маңызды құндылық, оны сақтау біздің міндет.



























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.6- сынып оқулығы.Атамұра.

2. 7- сынып оқулығы.Атамұра.

3. Википедия, кітаптар жинағы.

4. Қазақстан тарих кітаптары.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
1444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі