жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Нышандары елімнің-мақтанышы ұланның"
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 4
Тақырыбы:«Нышандары елімнің – мақтанышы ұланның»
Мақсаты: оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан-жақты таныстыру.
Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту.
Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Нышандары елімнің – мақтанышы ұланның» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
(Сабақтың мақсаты мен жоспары таныстырылады)
-Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері –Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.
34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтаңсаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран –
Тәуелсіздікке тән белгі.
Қасиетті осы рәміздер –
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер, - деп тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Еліміздің рәміздеріне» көшейік.
Көк жүзінде көгілдір,
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы –
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
2-оқушы: Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің ,
Бейнеленген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,
Қадам бастық, артта қалды ауыр күн.
Қазағымның ұлттық қошқармүйізі
Әлі күнге көкейінде бауырдың.
Қазағымызға таныс өрнек ежелден
Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.
Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,
Қасиеттің бір күніне теңеген.
Қыран құстай маңғазы да қырағы
Болса екен деп бейбітшілік тұрағы,
Сондықтан да көк туымда қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңды
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін
Кең таныта өрлесін.
3-оқушы: Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып,
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай,
Мәңгі – бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып, шабыт берген жүрегімнің қанындай
Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгіңді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.
4-оқушы: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай,
Ерліктерлдің жолдасындай,
Еліміздің әнұраны,
Жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың,
Жан серігі халқымыздың.
5-оқушы: «Әнұраным»
Әйгілісің әуенімен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
6-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Мұғалім:
Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші.1942жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі,жобалар жөніндегі бас сәулетші,қазір Астанада тұрады.
9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді?
Авторлары кім?
10-оқушы: Шәмші Қалдаяқов әнін жазған.
Шәмші Қалдаяқовтың есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып өріліп, әндерінің қай-қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып ,оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмытылмайды.
Халық жүрегінде мәңгі сақталады.
11-оқушы: Жұмабек Нәжімеденов сөзін жазған.
1960жылдардан бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі.Ол 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақстан Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
12-оқушы : Нұрсұлтан Назарбаев сөзін жазған.
Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған,еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден бастаған екен. Жер жанаты Жетісудың төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген.
Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келді.
Мұғалім: Отаным-Қазақстан туған елім,
Кең екен ғой қаншама дарқан жерің.
Қасиетті қара жерді қалың жаудан
Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр ерің.
Қазағым, тілің қандай, дінің қандай
Табиғат та тербеледі тірі жандай.
Көкірегіңде тізілген тауларының
Арасынан батқан күн, атар таңдай.
Қазақстан елтаңбаң бар,әнұраның
Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның
Жан-жағы оюланып әшекей боп
Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.
Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым.
Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
Тік ұстап туымызды , еңселі боп
Викториналық сұрақтары
10. 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды . 21 желтоқсанда ТМД құрылды (1991)
10. Қазақ айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. (1992)
10.Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді. (1993)
10.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. (1994)
10.30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды. (1995)
20. Алматыда тәуелсіз ескерткіші ашылды (1996)
20.Елорда Астанаға көшірілді. «Қазақстан-2030» жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. (1997)
20. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы. (1999)
20. Мәдениетті қолдау жылы. (2000)
30. Қазақстандағы Ресей жылы. )2006)
30. Денсаулық жылы. (2002)
30. Ауыл жылдары (2003-2005)
30. Тәуелсіздікке 15 жыл.
Желтоқсанға 20 жыл.
7қаңтарда жаңа әнұран қабылданды. (2006)
30. Қазақ тілін қолдау жылы .(2007)
40. Астанаға 10 жыл. (2008)
40. Қазақстанның Украйнадағы жылы. (2009)
40. ЕҚЫҰ саммиті. (2010)
40. 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)
40.Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.
Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері:
Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)
50.Қысқы ҮІІ Азиада олимпиадасы. (2011)
50. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)
50. Қазақтың біртуар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО бойынша атап өтілд. (1995)
50.Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000-ға жуықтады.(2008)
50. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды (1997)
Қорытынды
Мұғалім:
-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы,ең алдымен, бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердердің жасампаз еңбектерің, сендердің күш-жігерлерің және сендердің білгендерің қажет....
Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін.Отаншылдық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметпен басталады деген.
Сондықтан ,оқушылар, елбасымыздың сенімін ақтайтын азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді.
Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолыңызда.Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан-жақты білім алу керексіңдер,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
№248 орта мектебі
Тақырыбы:
«Нышандары елімнің – мақтанышы ұланның»
4-сынып
Сынып жетекшісі: Н.Альмаханова
2018-2016 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген