400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ньютонның І заңына арналған ҚМЖ, 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ньютонның І заңынан арнаоған қысқа мерзімді жоспар, түсіндірілуі, бағалауы көрстелген, онлайн оқытуда көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маршрут парағы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Динамика

Пән: физика

Күні :

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:







Сабақтың тақырыбы

Ньютонның І заңы. Инерциялық санақ жүйесі

Оқу мақсаттары

9.2.2.1-инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

9.2.2.2-Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

Инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіну;

- Ньютонның бірінші заңын тұжырымдай алу;

- Ньютонның бірінші заңын тұжырымдап, есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері

- Санақ жүйесінің түрлерін мысалдардан ажырата алады;

- Ньютонның бірінші заңын түсініп, есептер шығара алады;


Тілдік мақсаттар


Терминдар:

Қазақша

Русский язык

Английский язык

Инерция заңы Санақ жүйесі


Инерциялық санақ жүйесі

закон инерций система отсчета

инерционности системы отсчета

the law of inertia reference system


inertial reference system



Тәрбиелік құндылықтар




Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Қарым-қатынас дағдылары және орындалған жұмыс үшін жауапкершілік, диалог жүргізе білу және басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасай білу ( асинхронды форматта)

Пәнаралық байланыс

Алгебра, геометрия

Алдын ала білім

Терминдер: инерция, күш

Нұсқаулық: маршруттық парақ электронды форматта толтырылуы және "Күнделік" жүйесі немесе кез келген қолжетімді мессенджер арқылы мұғалімге тексеруге жіберілуі мүмкін. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда тапсырмалар дәптерлерде орындалады, суретке түседі және қол жетімді мессенджер арқылы мұғалімге тексеруге жіберіледі.

Оқулық : Физика- 9 сынып. Закирова Н.А., Аширов Р.Р.







Іс-әрекет реті

Ресурстар

Орындалуы

Оқы

Инерция ұғымымен сіз 7-сыныпта әртүрлі қозғалыс түрлерін зерттей отырып таныстыңыз.

Еске түсіріңіздер!

Денеге басқа денелер әсер етпесе не болады?

Қандай қозғалысты инерциялық қозғалыс деп атайды?

Күш дегеніміз не?

Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

Оқулықтан: § 13, Параграфтың соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беріңіз. Дәптерге қысқаша мәліметтерді жазыңыз.

Бейнероликті қараңыз:


Дененің өз жылдамдығын сақтау қабілетін инерттілік деп атайды. Инерттілік – дененің оған әсер етуші сыртқы күштер болмаған немесе олардың әсері теңгерілген кезде бірқалыпты және түзусызықты қазғалысы немесе тыныштық күйін сақтап қалу қасиеті

Ньютонның І заңы

Егер денеге әсер ететін күштердің қорытқы шамасы нөлге тең болса, онда ол не қозғалмайды, немесе бірқалыпты және түзу сызық бойымен қозғалуын жалғастырады. Бұл тұжырымдама Ньютонның бірінші заңының негізі болып саналады. Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп те аталады, себебі ол дененің өзінің күйін сақтауға тырысатынын (яғни инерциясын) сипаттайды.

Математикалық өрнегі:

Мұндағы -тең әсерлі күш, n – денеге әрекет ететін күштер саны

Инерция заңы орындалатын жүйе – инерциялық санақ жүйесі

Жерге қатысты үдеумен қозғалып келе жатқан денелермен байланысты санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесі

+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгілеңіз

Жауап бер

Ауызша жауап бер:

  1. Мына жағдайларда қай денелердің әрекеттері теңгерілетінін түсіндіріңдер

Сүңгуір қайық су ішінде тыныштықта тұрғанда;

Сүңгуір қайық су түбінде тұрғанда;

  1. Берілген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады?

Егер лифт

  • Еркін түссе

  • Жоғары қарай бірқалыпты қозғалса

  • Жоғары қарай үдемелі қозғалса

  • Жоғары қарай баяу қозғалса

  • Төмен қарай қозғалса



Орында

Есепті шығарыңыз:

1. Автомобильмен санақ жүйесі байланысқан. Қандай жағдайларда ол инерциялық немесе инерциялық емес санақ жүйесі болады.

1) автомобиль аялдамада тұр

2) автомобиль жылдамдығын азайта бастады

3) автомобиль бірқалыпты қозалып келе жатыр.

4)Ауырлық күшінің өрнегін жаз.

5) Үйкеліс күшінің өрнегін жаз


2.Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктеріне әсер етуші күштердің қатысы қандай болған кезде көпіршіктердің қозғалысы бірқалыпты болады?

3. Айман сутекпен толтырылған кішкене шардың байланған жібінен ұстап тұр. Шарға әсер ететін күштерді бейнелеңдер. Қандай жағдайда ол тыныштықта болады? Айман шарды қолынан жібергенде не болады?

4. Жүк тиелген шаналар көлдегі мұз бетімен бірқалыпты қозғалуда. Массалары 0,2 т шаналардың мұзға үйкеліс коэффициенті 0,2 болғандағы, шаналараға горизонталь түсірілген күштерді анықтаңдар

5. Бір денеге 4Н және 3Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштердің бағыттарының арасындағы бұрыш 900 тең. Теңәрекет күшін есепте?

А. 7 Н В. 1Н С. 8 Н Д 5 Н

6. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама:

    А. күш         В. жылдамдық               С. үдеу        Д. Масса

7. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?




2балл








1 балл



1 балл




2 балл



2 балл



1 балл


1 балл

Рефлексия

Енді мен білемін:

1. Ньютонның І заңы

2. Инерциялық санақ жүйесі

3. Инерциялық емес санақ жүйесі

4. Теңәрекетті күш

«+» немесе «-» қою керек

Енді мен білемін

1. Инерцияға мысалдар келтіре алуын

2. Инерциялық санақ жүйесіне мысалдар келтіре алуын

3. Инерциялық емес санақ жүйесіне мысалдар келтіре алуын

4. Денеге әмер ететін күштердің бағыттарын көрсете алып, теңәрекетті күшті есептей алуын


«+» немесе «-» қою керек



Жауаптар:

  1. 1) инерциялық 2) инерциялық емес 3) инерциялық

  2. Архимед күші мен үйкеліс күшінің векторлық қосындысы нөлге тең болғанда ғана, ауа көпіршігі бірқалыпты түзу сызықты қозғалыспен қозғалады.

  3. Шар бірқалыпты қозғалу үшін Айман мен Архимед күшінің қосындысы нөлге тең болу керек. Шардың жерге тартылыс күшінен Архимед күші кқп болғандықтан, Айман шарды қоя бергенде ол ұшып кетеді

  4. 400 Н

  5. Д

  6. Д

  7. автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы (серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі, горизонталь әсер ететін жол және ауа кедергісі теңгерілмейді.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі