Сабақтың
тақырыбы:
О Алақай көктем
келді.
Сабақтың
мақсаты: Көктем мезгілі туралы
түсініктерін кеңейту, табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша
оқушыларға жан – жақты білім
беру.
Дамытушылық: Психологиялық когнитивтік
танымдылықтарын дамыту, соның қабылдау, зейін, есте сақтау
қабілеттерін дамыту, қисынды ойлау қабілетін
дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар
беру.
Тәрбиелік:
Сауатты оқу, жазу
дағдыларын молайту.Топпен бірігіп жұмыс
жасауға, бір- біріне деген достық қарым-қатынасқа түсуге
тәрбиелеу,досының еңбегін бағалай білу, қуанышына ортақ болу және
адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
слайдтар, түрлі-түсті
қаламдар, А-4 қағаздағы тапсырмалар,суреттер
қаламсап.
Түрі: топтық
жұмыс
І. Ұйымдастыру
кезең.
1.
Амандасу
2.
Түгендеу
3. Өткенді
қайталау
4. Жаңа
сабақ
Психолог: Саламатсыңдарма балалар!
Мен сендерді тағыда өзімнің сабағыма келгендеріңе өте қуаныштымын.
Мына компьютердің көмегімен бір адемі көрініс
көрейік.
Балалар біз казір қай жыл
мезгілінің көрінісін тамашаладық.
-
Көктем
-Жарайсыңдар балалар.
Балалар бүгінгі күн қандай тамаша, жердің беті жап-жасыл кілемге
төселіп,айнала түрлі түсті адемі түстерге боянып, табиғат да
жаңадан оянып, жас балаша қылпырады . Балалар мына устел үстіндегі
гүлге қараңдаршы, Бұл гүл қалай аталады? Кім
біледі?
-Бәйшешек
гүлі
- Иә балалар бұл көктем
мезгілінің келгенін білдіретін. Қар жаңадан ериген кезде қардың
астынан өсіп шығатын гүл.
Ал енді мен осы мезгіл
туралы өлең оқып берейін:
Біздің
көктем.
Көктем келді ауылға
мамырлап бұлт,.
Таң –тамаша дүние
дабырлап жұрт.
Көктем келді, өмірдің
келешегі.
Көктеп бірге дүркіреп
төл өседі.
Көктем келіп ауылға қыз
көрікті
Таң-тамаша дүние жүзге
еніпті. М.Мақатаев.ағамыз айтып кеткен
екен.
- Балалар қазір қай
ай?
-Сәуір
-Сәуір айының
қаншасы?
-13-қараша
-Жарайсыңдар балалар! Осы
сәуір айы қай мезгілге жатады?
-
Көктем
Көктем мезгілінде канша ай
бар?
-Үш ай, олар қалай
аталады?
-Наурыз, сәуір ,
мамыр
-Балалар көктем
кандай?
-Иа дұрыс айтасыңдар,
Балалар бүгінгі біздің өтетін сабақтың тақырыбы « О Алақай көктем
келді»-. деп аталады. Бұл сабақта біз көктем мезгілінне саяхатқа
барамыз. Біз көктем мезгілінде болатын ерекшеліктермен,
құбылыстармен танысып, яғни көктем мезгіліі туралы көп мағлұмат
білеміз. Көктем мезгілі –ағаштарының бүршік жарып, гүлдер гүлдеп
айнала түрлі- түсті бояуларға боялатын
кез.
Ал ортаға
шығайық
Құшақтасып
алайық
Орнымызға
жайғасып
Сабақты біз
бастайық.
Сабақты бастамас бұрын
көзге арналған жаттығу жасайық.
Көздің бұзылысын алдын
алуға арналған жаттығу.
Балалар көзіміздің қарашығының
көмегімен, ауада балауыздың суретін
салайық.
Тыныс алу жаттығуы.
«Гүлдер»
Гүлдерді терең мұрнымызбен
тыныс алып үрлейміз.
Терең тыныс аламыз, 1...2...3
(кідіріс), гүлдерді үрлейміз, 2-3 рет.
-Балалар бүгін біздің сабаққа
Көктем қызы келіпті, ол сендер осы көктем мезгілі туралы
білесіңдерма соны тексеруге келіпті. Сендерге әр түрлі тапсырмалар
алып келіпті.
Бірінші алып келген тапсырмасы
ол:
«Шатасқан
әріптер»
Көктем мезгілінде болатын
ауа-рай құбылысын мына шатасқан әріптердің ішінен тауып көрейік.
Көктем қандай деген сұраққа, шатасқан әріптердің ішінде жауаптары
бар екен, сол жауаптарын табайық.
Жаңбырлы, жылы,
гүлдейді,найзағай ойнайды.
Ал балалар келесі
тапсырманы орындаймыз.
«Кім немесе не
болды?»
Бұл жерде біз берілген
сұрақтың кім немесе осыған дейін не болғанын есімізге түсіріп жауап
береміз
Мысалы: қой болмай тұрып
кім болды?
-әрине қозы
болды.
Ал жапырақ, ағаш,
жаңбыр, алма, аю, мұздақ болмай тұрып не
болды?
«Көктем»
Мына суретке қарап қай
мезгіл екенін анықтап, сол мезгіл туралы қысқаша әңгіме құрастырып,
оны айтып береміз.
«Штрихталған
сурет»
Бұл жерде менің нұсқауымен
тапсырманы орындаймыз. Мен сендерге тор көздің әріпімен санын
айтамын сендер сол жерге х қоясыңдар.
Тапсырма
: А2, А5, А6, А7, А8, А9, Б2, Б4, Б10, В1,
В3, В10, Г1, Г6, Г10, Д1, Д5, Д6, Д10, Е2, Е3, Е4, Е6, Е10, Ж6,
Ж10, З6, З10, И6, И9, К5, К6, К7, К8.
«Сергіту
сәт»
Күн ұйықтайды.
Күн оянды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Найзағай шатырлады,
Жел басылды
Күн ашылды
«Жұмбақ
сөйлем»
Балалар кестенің ішіндегі
сандардың орнына әріптерді қойып жұмбақ сөйлемді
табайық.Бұл жерде мақал сөз шығуы
керек.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
Ә
|
Б
|
А
|
К
|
Т
|
С
|
О
|
Й
|
У
|
Л
|
Ү
|
Д
|
І
|
М
|
Н
|
Р
|
Ы
|
«Суретші нені шатастырды?»
Балалар қазір мен сендерге
сурет ұсынамын оған мұхият қарап суретшінің қатесін
табайық.
«Көктемдік аяқ кимі мен
киім»
Суретке қарап әр –түрлі
киімдердің ішінен тек кқөктем мезгілінде киетін киімдерді тауып,
айтып беріңдер.
«Көктемде өсетін
өсімдік»
Балалар мына суретте әр
түрлі өсімдіктер бар, осы суреттің ішінен тек көктем мезгілінде
өсетін өсімдіктерді тауып, айтып
беріңдер.
«Жұмбақтар»
Күн жылынып, қар
еріп,
Су сайларға
толады.
Құстар сайрап
бақшада,
Ағаш бүршік
жарады.
Бұл қай кезде болады?
(көктем)
Торғын көкте қара
құс,
Ағылып ұшып
барады.
Қағып екі
қанатын,
Күннің көзін жабады.
(бұлт)
«Көктем
ертегі»
Көктем туралы жануарлар қалай ойлайтынын мына
слайдтан көрейк.
-Балалар көктем мезгілі тек адамдарға ғана
емес барлық андармен жануарларға, табиғатқа ұнайды екен. Әр мезгіл
өз әдемілігімен тамаша. Сендер келісесіңдер
ма?
-сендер қалай ойлайсыңдар. Бүгінгі сабақ
сендерге несімен ұнады?
Қортынды: Балалар біз бүгінгі
берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, шешулерін тура таптық сабаққа
жақсы қатысқандарың үшін Көктем қызы сендерге риза болып кетті. Ол
сендерге құр келмей жақсы оқысын деп түрлі-түсті қаламдар алып
келіпті. Тасша баламен қоштасып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.-
Жарайма!.Олай болатын болса ашық сабағымызды
аяқтаймыз.
