400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ө" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ө дыбысы туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

3жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің тәрбиешісі

Махуова Гүлден Шынболатовна




ТАҚЫРЫБЫ: Шөл дала мен сулы жер.

Ө дыбысы мен əрпі

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін

нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады.

Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады. Ө дыбысына сөз ойлайды.

Ө дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.Ө дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Ө əрпін бейнелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шөл дала

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді атайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Түйе жүрген жер қалай аталады? Өгіз ненің үстінен өтті?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, жақсы тілек тілейді:

Аспанымыз ашық, еліміздің болашақ азаматтары аман болайық!

Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді. Мысалы: Айна, сен сұлусың!

Марат, сен сымбаттысың! Ғалия, сенің көйлегің əдемі!

(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.

Балалар түйе туралы өз ойларын айтады.


0–2мин.


II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.



Суреттер.

3–5 мин


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Балалар берілген суреттерды атайды.

Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де, сəл артқа қарай тартылады.

Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады.

Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі.

Өркеш, шөл, өзен, өгіз.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

  1. Түйе жүрген жер қалай аталады?

  2. Өгіз ненің үстінен өтті?

Сөздерді буынға бөледі.

Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады.

2-тапсырма


Əліппе-дəптер.









Суреттер.



Суреттер, сөйлем сызбалары жазылған плакат.


Суреттегі заттарды атайды.

Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз.

Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды. (Ұ) Сергіту сəті.

Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.

3-тапсырма

Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды.

«О» – кəдімгі дөңгелек, Ал «Ө» одан сəл бөлек. Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде.

Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады.

Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген құмға салады.

Балалардың алдына құм салынған төртбұрыш қорапша беріледі.

Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып, Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды.

4-тапсырма

Ө əрпінің пішінін жіптен жəне қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі.

Қағазға салынған доптың суретін таратып береді. Доптың суретін Ө əрпімен салыстырып, жетіспейтін

бөлігін салады.

Ө əрпінің элементін жазу жолына жазады.


Құм салынған қорапша.


Суреттер. Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.


28-30 мин.


Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер.





Shape1

2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі