«Қызғалдақ» ересек тобында ашық
ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық
картасы.
Күні:
Білім
беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдер:Сауат ашу.
Тақырып: «Әріптер сөйлейді». «Ө» дыбысы мен әріпі.
Мақсаты
: Жаңа ө
дыбысымен таныстыра отырып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау.
Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Ө дыбысы
кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және осы сөздерді қатыстырып
бірнеше сөйлемдер құрастыру. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты
жазуға уйрету.
Әдіс
–тәсілдер: Ой
–қозғау, сұрақ-жауап, ой толғау, дамыту, мәнерлеп оқу қабілеттерін
дамыту, түсіндіру
Көрнекі
құралдар: суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта,
теледидар, өз бетімен жұмыс жасау, жазу,
оқу,
Оқыту
технологиясы: Дамыта оқыту
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз,
Сәлем
бердік сіздерге,
Құрметпенен біз,
Еліміз
аман болсын!
Бірлік
болсын!
Тәртіпті
болайық,
Жақсы
білім алайық,
Үлкендерді
сыйлайық.
Жарайсыңдар балалар, әдептен озбай
амандасқандарың адамгершідіктің белгісі.
Сол кезде
есік қағылады. Топқа қоян келеді. Ол өзінің үйін түлкі дос болып
бірге тұрамыз деп оны өз ұйінен шығарып жібергенін айтады.
Ормандағы барлық жануарларға көмек сұрап барса да түлкі өзінің
қулығын асырып аңдардың бәріне өз сөзін жүргізіп қойыпты.Қоян үйіне
барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты. Балалар қоянға
көмексеміз бе?
Қоянды
ортамызға алып бізбен бірге тапсырмаларды орындауға
шақырады.
Тиіннің
тапсырмасы
Балалар
тиін сендерге мына алтын сандықты әкеліпті, сандықтың ішінде не бар
екендігін табу үшін жұмбақты шешу керек
Өмірде
өткен өрнекті,
Өмірсерік
көріп тұр
сөйемде
бұл қай әріп,
Бірнеше
рет келіп тұр? (ө)
Сандықтан
Ө дыбысын алып көрсету.
Балалар
бүгін Ө дыбысы мен әріпімен танысамыз. Қане барлығымыз бірге
айтайықшы? Ө
Аузымызды
дөңгелек етіп, алдыға созамыз,тіліміз ашық, тілімізді төмен
түсіріп, артқа тартамыз
-Осы дыбыс
қалай айтылып тұр?
-Созылып
-олай
болса бұл қандай дыбыс болды?
- Дауысты
дыбыс
-Балалар
тиіннің келесі тапсырмасы: сөзден не құралады? Дыбыс пен әріптің
айырмашылығын айтыңдар?
Дыбыс
балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз,
жазамыз.
Енді
қасқырдың тапсырмасы:
Балалар
сендірдің алдыларыңда әр түрлі пішіндер жатыр осы пішіндердің
ішінде қайсысы ө дыбысына келеді пішіндерді пайдалана отырып, ө
дыбысын көрсетіңдер.
Балалардан
сұрау
Жұмбақ
Көктемде
ерте гүлдеймін
Кешігуді
білмеймін (өрік)
Өрік
сөзіне дыбыстық талдау жасату, текшелермен
жаздыру.
Міне мынау
әріп таңбасы
-Ө әріпі
қай әріпке ұқсайды. Қандай айырмашылығы бар
түсіндіру.
Сергіту
сәті
Бір
саусағым тіпті де,
Ұстай
алмас жіпті де,
Екі саусақ
бірікті
Ине қолға
ілікті
Үш
саусағым орамды
Жүгіртеді
қаламды
Бәрінен де
он саусақ
Қала
салсақ жол салсақ
-Әріптерді
жазып үйренеміз. Қане балалар аузымызды ашып ө дыбысын
саусағымыздың көмегімен көрсету. Тақтада жазу, ауада
жазу.
Сергіту
сәті
Бір, екі,
үш,
Жинап алып
күш,
Қолға
қалам аламыз
Ө дыбысын
жазамыз
Берілген
әріптерді жаздыру
-
Өнерлі сөзіне сөйлем
құрату
Тіл
ұстарту
Өс, өс ,
өс
Құстар
бізге дос
Ө дыбысы
кездесетін сөздерді ойлату
Сабақты
қорыту.
Біз бүгін
қандай әріппен таныстық?
Балалар
жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топты
анықтайық
Неге
көмектестік ?
Қоян
балаларға алғысын білдіреді
Тәрбиеші:
Балалар, біз қоянның тапсырмаларын орынның үйін түлкіден алып
беруге көмектестік. Қоянның үйіне жету үшін көптеген аңдардың
тапсырмаларын орындап, білімімізді кеңейттік. Ал енді түлкіні
далада тастамау үшін, оғанда үй тұрғызып
берейік.
Дидактикалық ойын: «Үйшік» Балалар арнайы модулдардан үй
түлкіге үй тұрғызып береді.