жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ө дыбысы мен әрпі
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы: 3 минут 1 минут |
I. Ұйымдастыру кезеңі Балалар! Шаңырақтың уықтары мықты болу үшін бірлесе жұмыс жасаған дұрыс болар . Бір шаңырақтың астында «Бірлік бар жерде тірлік бар» ,- деп сабақты бастаймыз. II. Психологиялық жағдаят «Естелік сурет» әдісі. Оқушылар ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер құрып тұрады.Бір-біріне қарама-қарсы қарап жұп құрған оқушыларға бір бет қағаз беріледі.Оқушылар қағазды төбелеріне қойып, бір-бірінің суретін салады. Естелік ретінде бір-біріне суреттерін сыйлайды. III. Топқа бөліну «Шаңырақ» әдісі Әр оқушы шаңырақ уықтарының түсіне байланысты бөлініп отырады. |
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы: 7 минут 1 минут 7 минут 5 минут 5 минут 2 минут 5 минут 4минут |
Тапсырма 1. «Ойлан – жұптас - талқыла» дидактикалық ойыны Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады.Ортаға бұршақтар шашылады.Екі жақтан кезек келіп бұршақты алады. Ө дыбысы туралы білгендерін ортаға салады. Бұршақ дәндері сияқты түзу тізбек құрады
ды быс
әріп
дауысты
сөз басында
Сөз ортасы Ауызша жұмыс: 1 топ: Бір буынды сөздерді оқу 2 топ: Екі буынды сөздерді оқу 3 топ: Ө дыбысынан басталатын сөздерді оқу. Дәптермен жұмыс: - Партаға отыру ережесін еске түсіреді. Каллиграфиялық талапқа сай дәптерге жазады. Кеудені тік ұстайық, Еңкеймейік, қыспайық! Дәптерді көлбеу сол жаққа, Қаламсабым оң жақта. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық!
Қ.Б «Бұршақ» әдісі. Оқушылар тапсырманы түсінгеніне байланысты бұршақтарды қызыл, жасыл, сары түске бояйды.
Тапсырма 2 «Ойлан, тап, ой бөліс!» әдісі Топтарға көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік, өрмекші таратылады. Ө дыбысы бар сөздерді табады. Сөздерді буынға бөледі. Сөздерді оқиды. Ө дыбысының қай буында екенін ажыратып, заттарды құс ұяларына салады. Осы суреттерге бірдей әріпті жазыңыздар. Ол қандай дыбыс?
ҚБ: «Шартты белгілер» әдісі.
Күн- түсіндім Бұлт- әлі де ойлану керек Найзағай-түсінбедім
Сергіту сәті «Табиғат аясында» Музыка әуенімен би билейді
Тапсырма 3. «Коллаж әңгіме» әдісі (Ж) Түрлі-түсті әр түрлі бейнедегі суреттері бар журналдардың беттері беріледі.Суреттерді қиып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады. Топ ішінде жұптық әңгіме жүргізіледі. Мысалы, А -тыңдайды, Б -сөйлейді. Одан кейін керісінше Б тыңдайды, А сөйлейді.
ҚБ: «Жапырақтар» әдісі Әр жұпқа үш түсті жапырақтар таратылады. Жасыл (табиғи түс) – ең белсенді оқушыға береді. Қызыл түс- ең ақылды оқушыға береді. Сары түс- ең еңбекқор оқушыға береді.
Тапсырма 4. «Пирамида» әдісі Пирамиданың әр бөлігіне алған мағлұмат туралы түрлі деңгейлерде түсінік қалыптастырылады.Сұрақтар арқылы жауап беріледі.Пирамиданы құрастырады.
ҚБ: «Қолыңды көтер» әдісі. Оқушылар қолдарын жоғары, жан-жаққа, төмен созу арқылы бағаланады.
Кері байланыс:«Блоб ағашы» әдісі Тақтаға блоб ағашы қағаз ілінеді.
- оқушы өзінің білім деңгейін бағалайды. Рефлекция
«
3
2
1
|
|
||||||||||||||||
|
Саралау- Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? |
Бағалау- оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
1. Саралаудың тапсырма тәсіліне сәйкес тапсырмалар білім деңгейі әр түрлі оқушыларға лайықталып жасалды.Оқу мақсаттарына негізделген белсенді оқыту әдістері сабақтың өн бойында жүргізіліп отырады.Тапсырмалар құрамына қарай әр түрлі болады. 2. «Кластер» әдісі саралаудың қарқын тәсіліне құрылды, себебі кейбір оқушылар басқаларға қарағанда қызыға жылдам жұмыс істей алады. 3.. «Ойлан тап, ой бөліс!» әдісінде саралаудың дереккөздер тәсілі қолданылады, себебі оқушылар анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.Сондай-ақ көп күш жұмсауды қажет ететін оқушылар үшін қолданатындықтан, саралаулың қарқын тәсілі алынады. 4. «Коллаж» әдісінде оқушыларды ойланту, ізденіске жетелеу, әрі бірқатар жауап алу үшін саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады.Сонымен бірге, саралаудың дереккөздер тәсілі қолданылады. 5. «Пирамида» әдісінде барлық оқушыларға нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу мақсатымен саралаудың қорытынды тәсілі жүргізіледі.Сондай-ақ, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады. 6. Сабақтың барлық кезеңінде әр тапсырмадан кейін саралаудың бағалау тәсілі жүргізіліп отырылады. 7. Топтарға бөлу кезінде талаптары әр түрлі оқушыларға байланысты саралаудың жіктеу тәсілі қолданылады. |
1. ҚБ: «Бұршақ » әдісі 3. ҚБ: «Шартты белгілер» 4. ҚБ: «Жапырақтар» 5. ҚБ: «Қолыңды көтер» 6. Кері байланыс: «Блоб ағашы» әдісі
|
Партаға отыру ережесін сақтап, өз денсаулығын күтуге көңіл бөледі.Қолжетімді ресурстармен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға көңіл бөлінеді. |










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген