400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

О дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: О дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту, о дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: О дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту, о дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап, баяндау,түсіндіру.

Көрнекіліктер: кеспе, әріптер, сурет, сызба кесте.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. «Әріптер бағына» саяхат.

- Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.

«Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

  • Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр.

Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

Онда қарап отырмайық.

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

«Оюда » бармын,

«Допта» бармын.

«Түнде» жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспын ? (О)

О дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.

Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп).

  • О қандай дыбыс? (дауысты дыбыс).

  • Ол сөздің қай буындарында кездеседі?

  • О дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.

(Балалардың мысалдарын тыңдау).

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы? (Жауабы: он).

Дәптермен жұмыс:

Торғай, ою, қол сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

  • Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға дәптердегі үзік сызықтарды қосыымыз керек (Балалар орындайды).

  • Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті.

  • Егер дәптердің осы бетіндегі ою сөзімен үлгі бойнша сөйлем құрасандар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана. (Тапсырма орындалады).

  • Баққа жақындағанда қарауылдың ырылдаған иті шықты.

Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. (Балалар жарыса оқиды). Хормен қайталатып оқыту.

Дәптердегі үлгі бойнша о әріпінің кіші және бас әріпін жазады.

4. «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:

-Балалар қалай оқи алады екен, көрейік,-деп мына сөздерді оқуға береді.(Торғай, ою, қол, ойна, ойла, Айна, Айша, тор, той, тол, т.б.) О дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.

Балалар сөздерді оқып, оларды қатыстырып, сөйлем қүрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болады.

1)«Қошақан» әні.

2)«Қамажай» биі.

3)Тақпақ, жұмбақтар айтылып, ішінен о дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөледі. Отан сөзіндегі о дыбысының орнын тапқызып, «Отан» тақырыбына әңгіме өткізледі. Балалар Отанын сүйетіндігін айтады. Отан туралы өлеңдер оқиды. Дәптердегі торкөздің ішіндегі тапсырмадағы о дыбысының орнына қарай сөз құрастырады. Суреттегі үлгіге қарап, оюды салады.

ІІІ. Қорытындылау.

«Әріптер бағына» барған саяхатта не үйренгендерін әнгімелейді.

- О дыбысы даысты ма?

О дыбысы кездесетін сөдерге бірнеше мысал келтіріп, оған дыбыстық талдау жасату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі