|
Күні: 19.10.2018
Сынып:
1
|
Қатысқандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен
әрпі.
|
|
Осы
сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.1.6.1. сөйлеу барысында сипаттау/ салыстыру
сөздерін,вербальды есем қарым-қатынас құралдарын ,дауыс ырғағын
,мәнерін,қарқынын,сөз арасындағы кідірісті
қолдану
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:О әрпімен оқушыларды танысады,
сөздерді оқиды, жазады
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап,
жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, ойын еркін
жеткізеді
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана
алады, сөздерді оқып,О дыбысы бар сөздерді көптеп
айтады
|
|
Жетістік критерийлері
|
-О
әрпімен оқушыларды танысады, сөздерді оқиды,
жазады
-Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін
дұрыс қайталай алады.
-Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете
алады.
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне
тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану,математика
|
|
АКТ
қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
|
Біз
балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
|
№1
Тыңдалым.
-
Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Кім осы дыбыспен мақал келтіреді?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда – бес
саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі? Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
|
Қызықты тапсырма
|
№2
Оқылым.
ОР
ОЛ ОН
ОРАЛ ОЛАР ОРА
|
Түрлі тапсырмалар
|
|
|
№3
Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр.
Олар.........................
Олар.....................
Дәптермен жұмыс
|
Оқулық,
дәптерлер.
|
|
Сабақтың соңы
2
минут
|
Рефлексия

|
Кеменің суреттері
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай
тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
|
|
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
|
|
|