1-сабақ
Пәні:
Сауат
ашу
Сыныбы:
Сабақтың
тақырыбы: О
дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1)
О дыбысы және оның әріп таңбасымен
таныстыру. Сөз ойлап
табу,
сөйлем құрап айтуға үйрету.
2)
Балалардың сөздік қорларын молайту,
ойлау қабілетін,
дүниетанымын
кеңейту, тілін дамыту.
3)
Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру,
ойын.
Көрнекілігі:
кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе
дәптері.
Пәнаралық
байланысы: тіл
дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ
барысы: І.
Ұйымдастыру.
Жыл
мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ.
Өткенді қайталау.
1-слайд.
а)
Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Әріп деп нені айтамыз?
-
Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә)
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет
атаулары қандай дыбыстан басталып
тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық
арқылы қос.
Алмұрт
– А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан –
Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт –
Й, ғарышкер – Ғ т.с.с.
ІІІ.
Жаңа сабақ.
3-слайд.
а)
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті
ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар
нелер? - Жабайы аңдар.
Дыбысты
айтып көріп дауысты дыбыс екенін
анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін
айтылады, созып айта аламыз.
ә)
- Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты
түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың
тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о
дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.
1.
Қоянның тапсырмасы.
«
Не артық?» ойыны. Суретте заттардың
ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен
қалай атауға болады?
5-слайд.
Әріп
таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
6-слайд.
2.
Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын
тап» ойыны. О дыбысының орнын табу.
Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа
тілден енген сөздерде сөздің соңында
кездеседі.
Орамал,
ою, отырғыш – сөз басында;
Доп,
моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто,
кресло - сөз соңында.
Сөздерді
буынға бөлу.
7-слайд.
3.
Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен
жұмыс: о әрпін жазу.
а)
ауада жазып қол жаттықтыру;
ә)
екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту
сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы
көп екен.
Теріп-теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
8-слайд.
4.
Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН,
ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау
жасау.
-
Отанымыз қалай аталады?
-
Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5.
Бауырсақ пен
бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й
ой ой т-ой той той
О-р
ор ор т-ор тор тор
О-л
ол ол т-ол тол тол
Ой-на
ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырсақ
атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар
өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза
болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд
«Кім
зерек?» ойыны.
Дауысты
дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз
дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы
қос.
ІV.
Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
Бүгін
біз қандай дыбыспен таныстық?
О
дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп
таңбасы неге ұқсас?
О
дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.