жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – жаңару негізі.
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – жаңару негізі.
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы (ОБТШО) – балаларға қосымша білім берумен айналысатын Орал қаласында орналасқан облыстық мекеме.
Тарихқа
көз жіберсек, Қазақстанда қосымша білім
берудің тарихы жүз жылдан асса, ОБТШО
Орал қаласында 1956 жылдың 6 шілдесінде
«Жас техниктер және натуралистер
станциясы» ретінде құрылып, кейіннен
өз алдына бөлек «Жас техниктер станциясы»
болып бөлініп шығып, қазіргі уақытта
техникалық шығармашылығы бағытында
жұмыстанып келеді.
Кеңестік кезеңде орталық іс-әрекеті ғылым мен техниканың, өндірістің даму кезеңдерінде, адамзаттың ғарышты игеруге ұмтылған уақытында жас ұрпақтың инженерлік мамандықтарды таңдауына, техниканы меңгеруіне және өнертапқыштық саласындағы қызығушылықтарын қанағаттандыруға, мектептің оқыту мен тәрбие жүйесін толықтыруға қосымша жұмыстар жүргізді.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы қиындық кезеңде елімізде көптеген қосымша білім беру мен тәрбие мекемелері жабылған кезде, сол уақыттағы облыстағы білім саласындағы білікті басшылардың көрегенділігі мен қамқорлығының арқасында ОБТШО дербес қосымша білім беру ұйымы ретінде сақталып қалды.
Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың арқасында білім саласына, соның ішінде қосымша білімге де мемлекетіміздің қамқорлығы ерекше сезіледі.
Әлемнің барлық елдерінің экономикасын зерделеуді негізге ала отырып, мамандар экономикалық өсудің тек 16%-ына физикалық капитал, 20%-ына табиғи, 64%-ына адам капиталы септігін тигізетінін есептеп шығарған. Шеберліктер мен дағдылар, кәсіптік білім мен тәжірибе – бұлардың бәрі адам капиталын құрайды, ол адамға инвестициялар салу жолымен арттырылады.
Төртінші өнеркәсіптік революцияға көшу кезеңінде осы аталған адами капитал нормалары маңызды болып табылады және оны қалыптастыру білім беру ошақтарынан бастау алады. Осы орайда Елбасы әрбір жолдауында білім саласының алдына үлкен міндеттер қойып, оларды орындауға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп отырды. Нәтижесінде ОБТШО да ақпараттық технологияның даму үдерісі кезеңінде өз қызметін заман талабына сай жаңартуда.
Бұл жұмыстар негізінен екі бағытта қолға алынуда:
Әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жетілдіру. Бұл бағытта орталықтың қосымша білім беру педагогтерінің жаңа ақпараттық технологиялар және оқу мен оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеруі мақсатында жүргізіледі. Атап айтсақ, педагогтердің сандық сауаттылықтарын арттыру, STEM білім беруді қосымша білім беруге енгізу, жобалық жұмыс жүргізу, жаңаша оқыту мен оқу бойынша оқыту бағытындағы тәжірибе алмасу семинарлары жүйелі ұйымдастырылып келеді.
Материалдық-техникалық базаны жаңарту. Техникалық шығармашылығы бағыты оқу үдерісінде заманауи сандық техникаларды, құрал-жабдықтарды және оқу құралдарын пайдалануды көздейді. Бұған, программалық басқарылатын әртүрлі станоктар мен 3D принтерлерді, виртуалды лабораторияларды және жаттығуға арналған программалық жабдықтамалар – симуляторларды мысалға алуға болады.
Жаңару жолында еңбектенген орталық педагогтері үйірме сабақтарын ғана түрлендіріп қоймай, меңгерген іс-тәжірибелері негізінде облыстың қосымша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек ұсынады.
Орталықта 22 қосымша білім беру педагогтері жұмыстанады. Олардың ішінде 8 педагог қоса атқарумен жұмыс жасайды. Жоғары санатты – 2 (9%),, бірінші санатты – 7 (32%), екінші санатты 6 (27%) педагог бар, 7 (32%) педагогтың біліктілік санаты жоқ.
Қазіргі таңда орталық 21 үйірме бойынша қала және қала маңы ауылдарының 838 баласын 81 топтарда қосымша біліммен қамтып отыр. Аталған үйірмелер құрастырушылық-техникалық, спорттық-техникалық бағыттар бойынша жүргізіліп, балалардың үйірме түрлеріне қарай қызығушылығы артып келеді.
Қаланың барлық аудандарын қамту және инклюзивті білім беруді де жүзеге асыру мақсатында қаладағы 11 білім беру ошағында өзінің үйірмелерін ашып, олармен серіктес ретінде жұмыстанып келеді.
Техникалық шығармашылығы бағытындағы жұмысын кең көлемде дамыту жолында орталық «Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы», «Батыс Қазақстан облысының кеме үлгілерін жасау спорты федерациясы», «Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстандық авиация спорты федерациясы», қоғамдық бірлестіктерімен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді.
Орталықта заманау құрал-жабдықтармен жабдықталған обсерватория мен планетарий жұмыс жасайды. Обсерваторияда күндізгі және түргі аспанды зерттеуге арналған телескоптар, ал планетарийде аспан әлеміне виртуалды зерттеуге арналған программалық жабдықтамалар мен ғылыми-танымдық фильмдер сфералық проектор арқылы толық куполдық режимде көрсетіледі. Орталықтың осы базасы ынтымақтастық шарт негізінде өңіріміздегі педагог кадрлар дайындайтын бірегей жоғары оқу орны – М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің практика базасы ретінде қолданылып келеді. Яғни, астрономия курсының практикалық сабақтары орталық базасында өткізіледі.
Сонымен бірге қала және аудан оқушыларына оқу жылы бойына жүйелі түрде обсерватория мен плантерийге танымдық экскусрсиялар ұйымдастырылады.
Жас
ұрпақтың бойында ұлттық рухтағы тәрбие
қалыптастыру мақсатында 2019 жылы наурыз
айында Елбасының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
аясында облыс көлемінде ұлттық
робототехникадан «NatRoboCom - 2019» облыстық
байқауы алғаш рет Батыс өңірінде
ұйымдастырылды. Балалардың робототехникаға
қызығушылығы негізінде қазақ халқының
ұлттық спорттық ойындарын дәріптеу
мақсатымен қыз қуу, ақ сүйек, арқан
тартыс, асық ату ойындарының жолдары
мен ережесін робототехникаға кіріктіре
отырып, орталықтағы мамандардың
құрастыруымен тұңғыш рет жасалды.
Сайыс өңіріміздің Тасқала, Бөкей Ордасы аудандары мен еліміздің Қызылорда және Арыс қалаларында жалғасын тапты.
Жаңа
оқу жылында үйренуге ниет білдіретін,
үйірме жұмысына ынтасы оянған қатысушылар
түрлі деңгейдегі жарыстарда бағын сынап
та көреді. Шығармашылық орталық
мамандарының ұйымдастырумен жыл сайын
дәтүрлі түрде «Түлкі аулау», «Ұлы
өнертапқыштыққа алғашқы қадам»,
«Таңғажайып сәт», «Ғылым әлемін ашамыз»,
«NatRoboCom», «Қоғам балалар көзімен»,
«Картинг», «Авто, авиа, зымыран, кеме
үлгілеу спорты» спорттық жарысы секілді
10-ға жуық облыстық деңгейдегі сайыстар
оздырылады.
Бұл сайыстарда облыс аудандарының мектептен тыс шығармашылық үйінің техникалық үйірмелері және Бөкей Ордасы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері қатысып, бақтары мен баптарын сынап, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
Біздің көңілімізді қуантарлығы республикалық және халықаралық жарыстарға жолдама алған ауылдық оқушылардың да үлкен додалардан жүлделі оралып жүргендігі.
Бұл жалпы алғанда облысымыздағы техникалық шығармашылығы бағытының дамуының деңгейі жақсы екендігінің көрсеткіші.
Биылғы
жылдың өзінде Қарағанды қаласында кеме
үлгілерін жасау спорты бойынша ҚР жеке
командалық чемпионатына облыс құрама
командасының мүшесінде орталығымыздың
«Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі,
қосымша білім беру педагогі Куспанов
Мирболат Бактыгереевич қатынасып, С-5
класы бойынша І орын, Д-1С класы бойынша
ІІ орын алса, оның оқушысы Есболов
Оралбек С-5 класы бойынша ІІІ орын орын
алып келді.
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру мақсатында заман талабына сай еңбек етіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қызықты іс-әрекетті тиімді жасау бағытында оқу үдерісін жүргізіп, балаларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізуді алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген