|
Тоқсан: IІI
|
Сынып: 4
«Б» сыныбы.
|
Пәні: қазақ тілі
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Спорт.
|
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылардың спорттық ойындар туралы білімдерін
тексеру, өткен материалды қайталау, білімге деген құштарлығын
арттыра отырып, ой өрісін кеңейту. Өзін-өзі реттеуге, бірін-бірі
тыңдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
|
Мұғалім үшін оқу
нәтижелері
|
Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу
дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, қисынды ойлау қабілетін
қалыптастыру Өзара бағалауға дағдыландыру
|
|
Оқып үйренудің нәтижесі
|
Оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуді
үйренеді, ойларын жүйелі түрде айта біледі. Сөйлеу
мәнерін
қалыптастырады. Оқушылар өзара бағалай
біледі.
|
|
Негізгі дерек көздер
|
Оқулық, дәптер, интерактивті тақта, үнтаспа, ақ
қағаз,смайликтер, жұлдызшалар.
|
|
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің
жазбалары
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Уақыты
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу
2.Оқушылардың көңілің сабаққа cергіту сәті арқылы аудару
|
2
мин.
|
1.Оқушылар амандасады
2.Оқушылар сабаққа дайындықтарын сергіту сәті
арқылы көрсетеді
|
|
II.Өткен сабақты пысықтау: а)сұрақтар қою
арқылы спорт туралы пысықтау.ә)үй тапсырмасын тексеру:диалогты
тексеру.
|
5
мин.
|
Мұғалімнің сұрақтарына толық жауап береді, өз
ойларын ашық айтады.
Үй
тапсырмасын тақта алдына шығып айтып береді.
|
|
III.Пысықтау сабағы: сабағымды
қызығушылығын ояту негізінде қысқаша әңгімеден бастадым, яғни
спортқа қатысты әңгімелесу сұрақтар арқылы.
|
10 мин.
|
Оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатысады,
сұрақтарға жауап береді, спорт туралы білетін білімдерін қысқаша
айтып береді. Суреттермен жұмыс жасайды.
|
|
IV.Ой шақыру және кубизм
стратегиялары:
а)
Сұрақтар арқылы «мағынаны тану» мақсатындағы оқи отырып, сұрақтарға
жауап беру және жазу дәптерде. ә)Топтарда жұмыс жасау, бір-біріне
сұрақтар қою,жауап дайындау. Топқа спорт түрлерін атау арқылы
бөліну.
|
15
мин.
|
Слайдтағы сұрақтарға жауап жазады,
түсінеді.
Білгендерін ортаға салады. Диалог құрып, ортаға
шығып айту. Сөзжұмбақ шешу.
|
|
V. Ой толғаныс: шығармашылық
тапсырма
Слайдтағы спорттық ойындар түрлерінің біреуін
таңдап , постерге түсіру, орындауға берілді. Содан кейін постерді
қорғау.
|
10
мин.
|
Әр топтан 2 балаға жеке тапсырма беріледі.
Сөйлемдер құру.
Әр
топқа спорттық ойындар туралы мазмұнын ашып, постерге түсіру
беріледі.
|
|
VI. Рефлексия жасау.
Бағалау:
Оқушылардың топта талқылауы, постерді қорғау,
белсенділіктерін есепке ала отырып, баға шығару.
|
2
мин.
|
Оқушылар бірін-бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды,
кері байланыс арқылы және стикерлер арқылы жобаларды бағалайды.
Күнделікке баға қойғызады.
|
|
VII.Үй
тапсырмасы: Спортқа қатысты диалог құру.
|
1
мин.
|
Үй
тапсырмасын күнделікке жазады.
|