400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Облыстық семинар: "Зерде" Интеллектуалдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміндегі студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы







ОShape1 блыстық семинар















"Балапан" ортаңғы тобы





Тәрбиешілер: Кубаева Г.А.

Зоханова А.М.







2018ж




Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының

«Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешілері

Кубаева Гүлрайхан Амангелдіқызы

Зоханова Айгүл Мұхитқызы


Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Балалардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралау.

Тауды биік деме сен.
Талаптансаң шығарсың,
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың – демекші бүгінгі «Зерде» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.

Бұл жерде білім сайысы. «Қыран» және «Тұлпар» топтары.

1 - топ «Қырандар»
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың
Ұлы - қызы боламыз!

2 - топ «Тұлпар» тобы
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!


Интеллектуалды ойынымыз 7 кезеңнен тұрады:

I кезең «Тапқырлар әлемі» (ауызша сұрақ-жауап)

IІ кезең «Кім жылдам?» ( топтық жұмыс) заттарды цифрмен сәйкестендіру, көптілділік )

IІІ кезең «Логикалық есептер » (слайд түрінде)

ІVкезең «Білгенге маржан» ( мектеппен сабақтастық)

Vкезең «Ойлан тап!» (компьютермен тапсырма)

VІ кезең Құрастырма сурет (математикалық пазлдар)

VІІ кезең «Дьенеш блоктарымен ойын»

I кезең «Тапқырлар әлемі» (ауызша сұраққа жауап). Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан беріледі сіздер сұраққа тез әрі дұрыс жауап берулерің керек.

Сұрақтар

1.Піл үлкен бе, тышқан үлкенбе?

  1. Сенде неше көз бар?

  2. Аспанда жұлдыз нешеу?

  3. Мысықта неше құйрық бар?

  4. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  5. Бір аптада неше күн бар?

  6. Аспан төменде ме, жоғарыда ма?

  7. Кірпінің арқасында неше ине бар?

  8. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

  9. Қазір жылдың қай мезгілі?


  1. Аю үлкен бе, әлде қоян ба?

  2. Дөңгелек бұрышы бола ма?

  3. Бір қолда неше саусақ бар?

  4. Шаршы неше бұрышы бар?

  5. Бағдаршамда неше көз бар?

  6. Көктем айларын ата.

  7. Апта күндерін ата.

  8. Үшбұрышты неше бұрышы бар?

  9. Иттің неше аяғы бар?

  10. 4 санының алдындағы санды ата?

Ойынымыздың IІ кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. (Бұл бөлімде екі топқа сандар қатары тізілген кілемше және түрлі ұсақ заттар беріледі, осы заттарды санап алу арқылы цифрмен сәйкестендірулерің керек, яғни

1-ден 10-ға дейін сандар қатарын құру.( Топтық жұмыс)

Сандар қатарын үш тілде санату.

IІІ кезең «Логикалық есептер» . Бұл бөлімде слайд арқылы тапсырма беріледі. Берілген тапсырмаға тез әрі дұрыс жауап берулерің керек. Дайын болсаңдар мұқият тыңдайық. (слайд түрінде)

  1. Төрт алманың үшеуін,

Досың сұрап алады,

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? ( 1)

  1. Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар.

Ініне кірді біреуі,

Соңынан кетті екеуі

Тығылды сонда нешеуі? (3)

  1. Екі балапан тұр,екі балапан отыр.

Шатаспай тез санасақ

Тұрғаны бар,отырған-

Барлығы қанша балапан? (4)

  1. Төрт қонжық қорбаңдап.

Бара жатты орманға

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады

Қанша қонжық кетті алға? (3)

5. Ақ балапан
Сары балапан
Шұбар балапан
Қара балапан
Барлығы неше балапан? (4)
6. Алма ағашта 4алма
Қандай тәтті жесе алма
Төртеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? 0
7.Табақта 2өрік
Қолымда 2өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?( 4)

8. Табақта 5 алма
Алды біреуін Алима
Алды біреуін Салима
Табақта қалды неше алма?(3)
9. Екі қоянның неше құлағы бар? (4)

10. Қорада тұр 2 балапан
Далада жүр 3 балапан
Барлығы неше балапан? (5)

Ойынымыздың IVкезеңі «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл сайыс кезеңін Подстепный ЖОББМ тің даярлық топ мұғалімі Гүлназ Қайратқызы жалғастырады.

Vкезең «Ойлан тап!» (компьютермен тапсырма) Ортаға топ басшыларын шақырамыз. Тапсырма «Бөлшектерден пішіндер құрастыру»

VІ кезеңі «Құрастырма сурет» (математикалық пазлдар)

Сіздерге пазлдар беріледі пазлдардың төменгі жағында цифрлар жазылған сол

цифрларды ескере отырып сурет құрастыруларың керек. Құрастырып болған соң қандай ертегі бейнеленгенін атайсыңдар. Дайын болсақ бастайық.


VІІ кезең. Сайысымыздың соңғы кезеңі «Дьенеш блоктарымен ойын» . Бұл кезеңде өзіміздің «Білгенге маржан» интеллектуалдық дамыту зертханасында жыл бойы жұмыстанып келген Дьенеш блоктарымен ойын ойнаймыз.

- Балалар, қараңдаршы бұл нелер?Дьенеш блоктары.

- Блоктарды кім ойлап тапты? Золтан Пал Дьенеш.

- Дьенеш туралы не білеміз?

Золтан Пал Дьенеш- Венгер психологы, әрі математигі балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған логикалық блоктарды ойлап тапты.

  • Блоктарда қандай түстер бар? (қызыл, сары, көк)

  • Блоктарда қандай пішіндер кездеседі? (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш)

Міне, балалар біздер жыл бойы Дьенеш блоктармен түрлі ойындар ойнап,

сараптау, салыстыру, жалпылауды үйрендік.

Бұл ойында балалар блоктарды қарамай сипап сезу арқылы пішініне және пішіндердің көлеміне қарай атап берулерің керек. (Қалың, жуан, үлкен,кішкентай)

Әр балаға білімділік жарасады,

Жеңу үшін бәрі де таласады.

Өнерлі де, білімді баласыңдар.

Риза болды қонақтардың бүгін бәрі – дей келе ойынмызды аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі