400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

О.Бөкей Қар қызы романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Категорияга сертификат қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орал қаласы «Сервис және жаңа технологиялар колледжі»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Бекмашева Жанар Талапкалиевна

Жоғары санат мұғалімі




Сабақтың тақырыбы:  Оралхан Бөкей «Қар қызы»  повесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Белгілі жазушы – драматург  Оралхан Бөкей шығармашылығымен таныстырып,   «Қар қызы» повесі туралы мағұлмат беру. Жазушы повесінің негізгі идеясы мен көркемдік ерекшелігін талдай отырып, қаламгердің өзіндік шеберлігін таныту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың білімді өз ізденістерімен игеруіне түрткі жасай отырып, шығармашылық ізденістеріне жол ашу,   мәтінді талдауға дағдыландыра отырып, көркем сөйлеуге,  әдеби тілдерінің дамуына ықпал ету. Білім деңгейлерін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге түрткі жасау.

Дамытушылығы:Адамзат әдебиетінің байлығынан рухани бастау алуға, оны құрметтеуге баулу. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге», ұлттық болмыстарының қалыптасуына, өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға, достыққа баулу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

 Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру, жүйелеу.

Оқытудың формалары: топтық, ұжымдық, индивидуалды форма

Сабақтың  технологиясы: Қ.Бітібаева әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі технологиясы. СТО технологиясының элементтері.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,портрет, слайд, О.Бөкей том жинақтары, тірек – сызбалар, қима қағаздар, бейнеролик, білім терегі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу, іздендіру, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сабаққа дайындығын ,қатысу деңгейін тексеру

Үй тапсырмасын тексеру

«Доп лақтыру» арқылы сұрақтар қою

1.М.Мақатев қай жерде дүниеге келді?

2.Өлеңдерінің басты тақырыбы?

3.Туған жерге арналған өлеңдері?

4. Ақынның поэмалары?

Ой шақыру

1.«Қыс мезгілі» туралы өз ойларынды жазыңдар /4-5 сөйлем/

Негізгі тақырыбы –адам тағдыры,табиғат,олардың тұтастығы,бірлігі, адамды ардақтау туралы қай жазушы өз шығармасына қосты?

“О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс - жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”. (Ә. Кекілбаев)
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы,
Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі:
Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.
Жазушы, драматург, аудармашы, журналист
ҚазҰҰ бітірген (1969)
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
“Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі
Шығармалары негізіндетүсірілген көркем фильмдер бар
“Еңбек туы” газетінде корректор
Шығармалары:
“Қамшыгер”, “Үркер”,
Қайдасың, қасқа құлыным”,
“Шара”, Елең - алаң, “Мұзтау”,
“Ән салады шағылдар”,
“Үркер ауып барады”,
“Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”,
“Өз отыңды өшірме”
“Біздің жақта қыс ұзақ”
“Атаукере”, “Қар қызы”
“Зымырайды поездар”
“Жау тылындағы бала”
“Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”
“Құлыным менің”
“Жақсының ізі” (орыс тілінде) т. б

Қыс мезгілі туралы өз ойларын жазу.

Бейнеролик «Қар қызы»

«ДЖИГСО» әдісі /арқылы түсіндіру/ 4 топқа шығарма беріледі, талданады, түсіндіреді,плакатқа ойларын түсіріп , бір-біріне ақпарат жеткізеді/



Глоссарий

Кенезесі кепті-қатты шөлдеді ,аузы құрғады , сусады

Кебін- қайтыс болған адманың үстіне орайтын ақ мата

Ошарылып қалды- не істерін білмей қалды.

Шықшыт-жақ сүйектің жоғарғы жағы.

Шата-некесіз туған бала.

Әкіри- ренжу одағайы

Күпәйке- сырт киім

Сүдігер- жыртылған жер

Дүмбілез- биіктеу, дөңестеу

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазу әр топқа

Бейнероликтен үзінді көрсету,өз ойларын айту

Мағынаны тану

Топпен жұмыс.

Іздендіру, зерттеу бағытындағы топтық жұмыстар

І топ

Мазмұны бойынша жоспар құру

ІІ топ

Повесть мазмұнын талдау

Повесть атауы:

Авторы:

Тақырыбы:

Идеясы:

Кейіпкерлер:

Қай кезеңді суреттейді:

ІІІ топ

Кейіпкерлер мінезін талдау

Кейіпкер Мінезі Ойымыз



ІV топ

Мәтінге байланысты жуан, жіңішке сұрақтар даярлау

Ыстық орындық /Нұржан/

Суреттер пима, бөрік, күпәйке

І топ

Нұржанның тағдыры «Қар қызы» суреттеу

ІІ топ

Мазмұны бойынша сурет салу

ІІІ топ

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады? /бірнеше сөздер/

Сөздер банкісі Біздің тақырып

ІV топ

Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп соңын өз беттерінше аяқтау

1 Қоңқай бейнесі...

2 Шығарманың соңы..

3 Нұржан қар қызының...




Кезбе тілші

«Қоңқай шалға» хат жазу

Ой толғаныс

Хан жарлығы /сұрақтар әзірлеу/

Үй тапсырмасы: 1.«Алтайдың ақиық жазушысы-Оралхан» эссе

2. «Қар қызы» мазмұнын айту

Бағалау: Білім терегі.

Өткізген: Бекмашева Жанар Талапкалиевна











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 тамыз
838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі