Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Очень странные дела" сериалындағы изнанка шын өмірде болуы мүмкін бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Очень странные дела сериалындағы изнанка шын өмірде болуы мүмкін бе? Параллель әлем деген қорқынышты әрі мистикалық әлемге апаратын терминді бұрын соңды естіп көрдіңіз бе? Осы сөзді естігенде көп адамның көз алдына қиял-ғажайыптан туған, біздің әлемге мүлдем ұқсамайтын, шын өмірде болуы мүмкін емес деп саналатын таңғажайып әлем елестеуі мүмкін. Мысалы, әлемге танымал "очень странные дела" сериалындағы "изнанка" деп аталатын екінші әлем тек қиялдан шыққан әлем секілді. Бірақ, дәл сол сериалдағы "изнанка" іспеттес екінші әлем шын өмірде болуы мүмкін болса ше? "Очень странные дела" - параллель әлем тақырыбындағы ерекше сюжетімен әлемге танымал сериалдардың бірі. Сериалдың мистикалық әрі жұмбақ атмосферасы, қызық сюжеті мен әрбір эмоцияны терең жеткізетін OST лары көрерменді бірден баурап алады. Сериал басты кейіпкер Уиллдің жұмбақ жағдайда жоғалып кетуімен басталады. Оны іздеу барысында достары, анасы Джойс пен полиция басшысы Хоппер түсініксіз әрі қорқынышты оқиғаларға тап болады. Кейін
Материалдың қысқаша нұсқасы



"Очень странные дела" сериалындағы изнанка шын өмірде болуы мүмкін бе?

Параллель әлем деген қорқынышты әрі мистикалық әлемге апаратын терминді бұрын соңды естіп көрдіңіз бе? Осы сөзді естігенде көп адамның көз алдына қиял-ғажайыптан туған, біздің әлемге мүлдем ұқсамайтын, шын өмірде болуы мүмкін емес деп саналатын таңғажайып әлем елестеуі мүмкін. Мысалы, әлемге танымал "очень странные дела" сериалындағы "изнанка" деп аталатын екінші әлем тек қиялдан шыққан әлем секілді. Бірақ, дәл сол сериалдағы "изнанка" іспеттес екінші әлем шын өмірде болуы мүмкін болса ше?

"Очень странные дела" - параллель әлем тақырыбындағы ерекше сюжетімен әлемге танымал сериалдардың бірі. Сериалдың мистикалық әрі жұмбақ атмосферасы, қызық сюжеті мен әрбір эмоцияны терең жеткізетін OST лары көрерменді бірден баурап алады. Сериал басты кейіпкер Уиллдің жұмбақ жағдайда жоғалып кетуімен басталады. Оны іздеу барысында достары, анасы Джойс пен полиция басшысы Хоппер түсініксіз әрі қорқынышты оқиғаларға тап болады. Кейін олардың алдында "изнанка" деп аталатын құпия параллель әлемнің бар екені ашылады. Сол сәттен бастап сериалдағы оқиғалар одан сайын шиеленісе түседі.

Сериалда параллель әлемге өтетін есік іспеттес құпия портал көрсетіледі. Ал екінші әлем, тура қазіргідей тек суық, қараңғы әрі жұмбақ мақұлықтармен суреттеледі.

Осы бойынша ғалымдар не дейді? Қазіргі физикада "параллель әлем" немесе "көпәлем" идеясы бар, бірақ ол дәлелденген факт емес тек теориялық гипотеза болып саналады. Мысалы, кванттық физикада ең танымал болып саналатын бір қызық ой бар: бір оқиға болған кезде, оның болуы мүмкін болған бірнеше түрі қатар жүруі мүмкін. Яғни, адам қазіргі әлемде бір шешім қабылдаған болса келесі бір әлемде мүлдем басқа шешім қабылдайды. Ал "көп ғалам" теориясында біздің ғалам жалғыз емес екендігі және де шексіз басқа ғаламдардың болуы мүмкіндігі айтылады. Бұл ғаламдар бір бірінен толықтай өзгеше болуы ықтимал. Мысалы физика заңдары, уақыт ағымы немесе құрылымы бізден мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Қызығы, егер шынымен осындай ғаламдар болса, онда ол жерде бізге беймәлім, біздің ғалам нормасына мүлдем сай емес тіршілік иелері болуы, және құрылымымен де тым ерекшеленуі мүмкін. Алайда бұның барлығы дәлелденген факт емес, тек ғылыми теориялар болып саналады.

Сонымен қатар, бұл тақырып тек ғылымда ғана емес, қоғам арасында да үлкен қызығушылық тудырып, түрлі көзқарастар мен теориялардың пайда болуына себеп болды. Мысалы, кейбір пікірлерде кәдімгі қара құрдым (черная дыра) тек ғарыш кеңістігіндегі жойқын объект емес, сонымен қатар екінші әлемге өткізетін көпір болуы мүмкін екендігі айтылады. Келесі бір танымал пікірлерде, біз шынайы әлемде емес симуляцияда өмір сүруіміз мүмкін. Бәрін жоғары интеллект немесе бір жүйе басқаруы мүмкін екендігі айтылады. Осындай түрлі ғылыми теориялар мен қоғамдағы болжамдар, "екінші әлем шынымен болуы мүмкін бе?" деген сұраққа әкеледі.

Сериалдағы "Изнанка" деп аталатын екінші әлем әзірге тек қиялдан шыққан қызық идея болып көрінгенімен, ғылымдағы кейбір теориялар оның шынымен болуы мүмкіндігін түбегейлі жоққа шығара алмайды. Сондықтан, бұл тақырып ғылым мен адам қиялы арасындағы үлкен жұмбақ сұрақтардың бірі болып қала береді.




Астана қаласы

112 жалпы орта мектеп

11 сынып оқушысы

Абдикарим Назерке

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12