400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өcімдіктердің белгілері. Гүлді өcімдіктер. Гүлді өcімдіктердің мүшeлeрі.

Материал туралы қысқаша түсінік
КМЖ. Өсімдіктердің белгілеріне сипаттама. Гүлді өсімдіктердің мүшелерін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп:Д.Жансейтова Мерзім:9.11.2016ж №9

Тақырып: Менің үйім.

Құндылық:сүйіспеншілік.

Қасиеттер: бәрін жақсы көру,отбасындағы сүйіспеншілік,бауырмалдық.

Мұғалім:Д.Жансейтова Сынып:1 «А» Оқушылар саны:

Сынып:1 «Ә» Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бәрін жақсы көрудің маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:оқушыларға бәрін жақсы көру ұғымының маңызы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушылардың адами қарым-қатынастағы отбасындағы сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:Орманға ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.



Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Ресурстар:

( оқулық, дәптер,слайд,

суреттер,үнтаспа)

Үй тапсырмасын тексеру.

Суретке қарап ,риясыз сүйіспеншілік туралы әңгіме құруға берілген болатын.

Сұрақтар:

1.Бала қарияға сүйіспеншілігін қалай танытып жатыр?

2.Олардың бір – біріне деген сүйіспеншілігін тағы неден байқауға болады?

3.Сендер аталарыңа немесе отбасының тағы басқа мүшелеріне сүйіспеншіліктеріңді қалай танытып жүрсіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелеу .Мұғалім сыйы.

«Отбасы татулығы»

Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты.

Отбасында көп адам,тіпті,бір қауым ел бірге тұрыпты.Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан ,олар тату-тәтті өмір сүрген екен.Бұл жағдай елді таңғалдырады.Оларда ұрыс- керіс,дау-жанжал деген болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы хабар патшаның құлағына да жетеді.Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп,ауылға келеді..Ауыл тап-таза,барлығы жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,шат-шадыман,балалары бақытты,мәз-мәйрам екен.Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-Осы –ақ па?

-Ия,-деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасы тек осы қасиеттерден құрылады ,-деді де ,сәл ойланып, «және шыдамдылық»деген сөзді қосады.

1.От басының татулығы ,бірлігі кімге,неге байланысты?

2.Әрбір адам оған жауапты ма?Неліктен?

3.Отбасында қандай бала,аға,іні,әпке,қарындассың?

4.Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?


Дәйексөз.

«Отан -отбасынан басталады.»

Мақал.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2.Отбасы дегеніміз не?

3.Отбасында қандай қасиеттер болуы керек?


Шығармашылық жұмыс:

Суреттерді мұқият қарап,отбасы арасындағы ізгі қарым-қатынастарды тауып,әңгімелеп беріңдер.Өз отбасыларыңды да мысалға келтіріңдер.



Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзін жазған: С. Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф. Жолдасова

Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,2

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,2

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



Үйге тапсырма.

Үлкендермен бірге отбасындағы мінез-құлық ережесін жаса.


Соңғы тыныштық сәті.

Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



Пайдаланған әдебиеттер.

  1. сыныптың өзін-өзі тану оқулығы.2016ж

  2. үнтаспа.






Тексерілді: -------------------------------------------------ДОІЖО Е.Ташкенбаев.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі