Сабақ
тақырыбы:
Одағайға
байланысты қойылатын үтір
Жалпы
мақсат:
Оқушылардың
одағайға байланысты қойылатын үтірді
жетік меңгеруге, өз ойын сауатты жазуға
ықпал ету. Одағайға байланысты қойылатын
үтірді ажырата алуға үйрету. Қарапайым,
өміршең мысалдар арқылы білім негіздерін
жүйелі қабылдауға мүмкіндік туғызу.
Оқушылар
үшін оқу нәтижелері:
Топта,
жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра
алады. Оқушылардың сабаққа қатысуы,
дайындығы тексеріледі.
Проблемалық
жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан
тапсырмаларды шешу кезінде дербес
ойлана алуды дамытуға жағдай жасалынады.
Негізгі
идеялар:
Оқушының
өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа
бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін
арттыру.
Сабақта
қолданылатын ресурстар:
Нақыл
сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге
арналған үнтаспа, одағайдың тыныс
белгілеріне арналған сөздерге
демонстрациялық материал.
Оқыту
әдістері:
Сын
тұрғысынан ойлау.
Топтық
жұмыс, диалогтік оқыту.
Интерактивті
оқыту әдісі.
Оқыту
үшін бағалау.
1.Жеке
жұмыс
2.Топтық
жұмыс
3.Жұптық
жұмыс
4.Көшбасшылықты
анықтайтын тренинг ойыны
Дерек
көздері:
қосымша
материалдар, ғаламтор.
Қолданылу
аясы
Мәтіндерде,оқулықтарда
қолданылады.
Негізгі
қызметі
Айтылған
ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті
жеткізу.
Қосымша
көмекші қызметі
Одағайға
байланысты қойылатын үтір үш түрлі
жағдайда қойылады.
Түрткі
(сұрақ,
тапсырма, жағдаят)
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Бағалау
Білу
1.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың
одағайға байланысты қойылатын үтірді
жетік меңгеруге, ықпал жасау.
Берілген
ой-түйіндер:
Үтір
ең көп қолданылатын тыныс белгісі.Үтір
қойылмаған жағдайда ой бұлыңғыр,түсініксіз
болып,оқырманның қабылдауы да қиын
болады.
Одағай
сөз сөйлемнің басында қаратпа сөзбен
қатар келсе, үтір одан кейін қойылады
Мыс:
Ау,ағайы,жол болсын!
Жетондар
арқылы бағалау
Түсіну
Жаңа
сабақты түсіндіру Ой тудыру. Үтір
қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздерге
және біріңғай мүше мен айқындауыш
мүшелерге байланысты қойылады.
Б Үтір
қойылатын жағдайлар:
Одағай
сөз сөйлемнің ортасында келсе , үтір
екі жағынан қойылады
Мыс:Ештеме
болған жоқ, япырай, елді сонша дүрліктіргенің
не?
10
минут уақыт беріледі.
Постер
құрады, өз сөздерімен қорғайды.
Балалар
бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5
баллды айтады.
Балалардың
жауаптарын тыңдау.Қосымша сұрақтар
беру.
Топтық
бағалау
Қолдану
Мәтінмен
жұмыс
167-жаттығу
Сөйлемнің ішіндегі тыныс белгілеріне
назар аударып қойылу себебін түсіндіріңдер.
Одағай
сөз сөйлемнің аяғында келсе, үтір алдынан
қойылады.
Мыс:
Оқиға аяқталып қалды-ау, ә?
Одағайға
байланысты қойылатын үтірді ажырата
отырып жаттығуды орындау.
Жетондар
беру арқылы
Талдау
168-жаттығу.
Адасқан тыныс белгілерін орнына қойыңдар
Сергіту
сәті:
-Ал,
балалар сергіту сәтін өткіземіз, әбден
шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз,
«Қызыл өрік»биін билейміз
Қарапайым,
өміршең мысалдар арқылы білім негіздерін
жүйелі қабылдау және жаттығу жұмыстарымен
жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу.
Берілген
сұрақтарға дұрыс жауаптарына белгілер
қойылады.
Синтез
/Жинақтау/
а)
Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды
ой елегінен өткізіп, нақты ережеге сай
кесте құру, ойларын жинақтап, түйін
жасау.
169-жаттығу
Құрмалас сөйлемдердегі үтірдің қойылу
мәнін түсіндіріңдер.
Балалар Эдвард
де Бонның «Ақылдың 6 қалпағы» әдісі
арқылы Тыныс белгілерінің қасиеттерін
айтып өтеді тақпақтар шығарады.
Жетондар
арқылы бағалау.
Бағалау
Рефлексия
«Сөйлемді аяқта»
Үйге
тапсырма: Тілтаным бойынша кестені
толтыру.
Әр
топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны
оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.