400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оғыз мемлекеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оғыз мемлекетінің Қазақ тарихындағы алатын орны туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы пәні


Бөлім:

6. 1А VI – IX ғғ. Қазақстан


Сабақтың тақырыбы

Оғыз мемлекеті.

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

*Тарихи ойлау дағдысы

*Тарихи концепт

Тарихи талдау мен түсіндіру

Ұқсастық пен айырмашылық


Сабақтың мақсаты

Оғыз мемлекетінің даму ерекшеліктерін түсіндіреді.

Құндылықтар

Ұлттық мүдде:ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Талап:уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау;

Ар-ұят:Отбасының,өз ортасының абыройын асыру; Өзін отбасының,сыныптың,мектептің,қоғамның,Отанның бір мүшесі екенін сезіну

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру




Өткен білімді еске түсіру

7 минут




Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут




БЫМБастапқы ынталандырушы материал ретінде оқушылардың назарына Оғыз мемлекетінің құрылуы туыралы бейнероликті 1 минут 30 секундтан бастап көрсетіңіз. Барлық сыныппен бейнематериал бойынша талқылау жұмысын ұйымдастырыңыз:

  • Бейнебаянда қандай мемлекет жөнінде айтылған?

  • Қалай ойлайсыздар бұл мемлекеттің Қазақстан тарихында маңызы зор ма?

  • Бүгін біз қандай тақырыпты қарастыратын боламыз?

БОқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.

МПрезентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

.

мадақтау

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут













10 минут

































5 минут
























10 минут



Мәтінмен жұмыс

Зерттеу сұрақтары

  • Оғыз мемлекетінің аймағының кеңеюіне не әсер етті?

  • Оғыздардың Қазақстан тарихында алатын орны қандай?

  • «Оғызнама» жыры тарихи дерекөз ретінде қандай ақпарат береді:

ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

МОғыз мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жөніндегі бейімделген материал ұсыныңыз

1-тапсырма. төмендегі тапсырмаларды орындауы қажет:

1:Оғыздардың орналасу аймағын, ордасын және шектесетін көрші тайпалар мен мемлекеттерді сипаттап, кескін картаға енгізеді.

2:Оғыздардың этникалық құрамын және этимологиясының шығу тегін талдап, постерге түсіреді.

3:Сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтап, алынған білімнің негізінде инфорграфика құрастырады.

4:Оғыздардың әлеуметтік құрамын зерттеп, әлеуметтік пирамидаға сәйкестендіреді.

Оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін ортаға салады. Жұмыстарын қорғамас бұрын әрбір оқушыға ақпараттық органайзер таратып беріңіз.

Ақпараттық органайзер

Аймақ атаулары

Маңызды даталар

Тарихи хронология










Кілтті терминдер

Ерекшеліктері

Маңызды оқиғалар










ҚОЛДАНУ

Оқушыларды жеке дара түрінде 2-тапсырманы орындауды өтініңіз. Олар «Оғыз мемлекеті» тақырыбында интернет желісіндегі уикипедия парағын құрастыруы қажет. Уикипедия парақшасын құрастырудың нұсқаулығын және парақшаның үлгісін (Қосымша 3) оқушыларға таратып беріңіз немесе интербелсенді тақтада көрестіп, таныстырыңыз. Парақшаны құрастыру үшін оқушылар өз ұялы телефондарын қолдануы мүмкін.


Тапсырманы орындауға арналған критерилер

- Мемлекеттің географиялық орналасуы мен ордасын көрсету;

- Оғыз мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық саласындағы маңызды3 факторды сипаттаңыз;

- Оғыз мемлекетінің сыртқы саясатындағы маңызды3 факторын келтіріңіз;

- Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы Оғыз мемлекетінің алатын орнына баға беріп, оны 3 дәйекпен бекітіңіз.

Интерпретация

ЖКелесі кезеңте жеке жұмысты ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушыға 3-тапсырманы орындау үшін дерекпен жұмысты ұсыныңыз. Рашид ад-Диннің «Оғызнама» дерегінен үзінді:

Ей, ұлдарым менің
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім.
Талай-талай шайқасты көрдім,
Садақ тартып, оқ аттым,
Дұшпандарымды жылаттым,
Достарымды күлдірттім.
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.
Ел – жұртымды сендерге табыс етем.

Оқушыларға деректегі ақпаратты түсінуіне арналған тапсырманы ұсыныңыз.

Тапсырманы орындау критерилері:

  1. Деректе қандай кілтті сөздер қолданылған және олар нені білдіреді?

  2. Автор қандай идеяны (көзқарасты) ұсынбақ болды? Деректе берілген ақпаратты түсіндіріңіз.

  3. Деректегі ақпараттың құндылығы неде? Қандай оқиғаға байланысты дерек жазылды?

«Оғызнаманың» басты идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады деген қорытынды жасауға оқушыларды жетелеңіз.


Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды






































өз жұмыстарын қорғау барысында қалған оқушылар тыңдап, парақтарды толтырып отыруы тиіс.
















Оқушылар өздерінің қалауы бойынша сыныпқа өз парақшасын келтіруі мүмкін. Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Сұрақ-жауап. Оқушылар бір-бірінің жауабын толықтыруы мүмкін.



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»





«Алақан-жұдырық»












«Жұлдызшалар»





Ақпараттық мәтін


Үлестірмелі қағаздар
















Суреттер





Тірек-сызбалар

Кесте














Карта



















Ақпараттық органайзер












Уикипедия парағын жасау нұсқаулығы



ҚБ парағы

Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс

Мен оны қолданып көремін......

Қызықты болды.....

Мені таңғалдырды....

Қиын болғаны....

Сабақтан өмірге алғаным......

Мен мына тапсырманы орындадым.....

Менің қосарым.....

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект


Үй тапсырмасы

Оғыз мемлекеті туралы оқу .














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі